Бастауыш сынып мұҒалімдеріне арналған республикалық «алтын тұҒЫР» математикалық олимпиадасының ережесі жалпы Ереже Осы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын Тұғыр»



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі55 Kb.
#133484
  1   2   3
Байланысты:
Алтын-тұғыр-Ережесі-2021


БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЛТЫН ТҰҒЫР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ


Жалпы Ереже

1. Осы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын Тұғыр» математикалық олимпиадасының (әрі қарай - Олимпиада) өткізу Ережесі оның ұйымдастыру тәртібі мен өткізілу форматын, әдістемелік жағынан қамтылуын, Олимпиадаға қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді. Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген.


2. Олимпиада жылына бір рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) өткізіледі.
3. Олимпиадаға білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады.
4. Олимпиадаға қатысу ерікті болып табылады.
5. Олимпиада мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, математиканы оқыту процесін жетілдіруге; жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдауға, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.


Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

6. Олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.


7. Олимпиаданың міндеттері:

  • бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру, сол арқылы мұғалім деңгейін көтеру;

  • қабілеті жоғары оқытушыларды анықтау және ынталандыру;

  • оқытушылардың математикалық ұғымдарды талдау қабілетін жоғарылатып, оқушы алдында өз ойын сауатты жеткізе білуге жетелеу;

  • бастауыш мұғалімдерінің маңыздылығын айқындау;

  • республика көлеміндегі мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет