Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге ірң қолдана білуге үйрету.
Ойы жүйрік оқушыларды анықтау;
Оқушылардың бәсекеклестік қабілетін арттыру.
Байқаудың өткізілу тәртібі: Интелектуалды ойын 7 кезеңнен тұрады: Кезең: «Таныстыру»
Бұл бөлімде әр топ тобын, ұранын айтып таныстырады.
2-кезең: «Бәйге» бөлімі. Бұнда 2топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап -1 ұпай.
3-кезең: «Сөз шебері»
Бұнда экранға назар аударамыз. Экранда физикалық шамалар берілген. Бұл физикалық шамаларға мақал жазылған. Осы мақалдың 1) Тәрбиелік мәнін ашу; 2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әрбір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.
4 кезең: «Жасырын терезе». Бұл бөлімде тақтада нөмерленген қағаздар беріледі,әрбір топ өздеріне ұнайтын тақырыпты таңдап, соған сәйкесті сұрақтарды аша алады. 10 санында –жеңіл, 20 санында –орташа,30-40 санында –қиын сұрақтар жасырылған. Қай санды таңдаса, сонша ұпай қосылады.
5-кезең: «Қызықты тәжірибе» Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин. Уақыт беріледі, солуақыт ішінде берілген тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу.
6-кезең; «Жұмбақтар» бөлімі. Бұл бөлімде әр топқа жұмбақтар беріледі. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
7-кезең; «Физик бізде қонақта» сайысы. Бұл бөлімде экраннан көрінген
Тақырыптар бойынша әр топ қысқаша өз ойларын ортаға салады. Ең жоғарғы ұпай ұпай. Оны әділқазы алқасы өзі бағалайды.
Байқау комиссиясы: Байқаудың жеңімпаздарын комиссия мүшелері анықтайды. Байқаудың қазылар алқасы: байқауға қатысқан топтардың білімі мен өнерін сараптап сайыстың мазмұнын анықтай отырыпәр топтың өзіндік ерекшелігін бағалайды.
Марапаттау: «Қызықты физика әлемінде» атты ингтеллектуалды ойында ерекше өнер көрскеткен оқушы марапаттау қағазымен марапатталып жүлде иегерлері арнайы сыйлықтармен айлық іс-шараның жабылуында марапатталады.
Жүргізуші: армысыздар кадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құщтар оқушылар. Адам баласы тек білім ғылым арқылы өз орнын табады. «Білегі күшті бірді жығады білімі күшті мыңды жығады «Көптің күші бірлікте» деген екен дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі сүйінші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі «Қызықты физика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Күш өнер білімменен алысуға,
бар өнерді салайық ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға,-дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын ЭЕА0914 және ЗҚТ 0914-2 топ студенттерінен құрылған «Ойыншылар» мен «Тапқырлар» тобын ортаға шақырайық.
Әділ баға беруге,
Шақырайық ортаға
Әділқазылар алқасын-, дей отырып, әділқазыларды таныстырайық.
Сайысымыздыдың шарттарымен таныстырып өтейк, сайысымыз жеті бөлімнен тұрады.
Уа,жарандар, жарандар
Бәрің бері қараңдар
Баріңе жар салайық,
Жылдам шешіп жарысып,
Сұрақ пенен есепті
Приборларды сөйлетіп,
Жасайық тәжірибені
Көңілді ойын жасайық,
Асықпайық, саспайық
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық.
Ойынға қатысушы оқушыларға сәттілік тілеп отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.