Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері



Дата15.05.2023
өлшемі20,03 Kb.
#93187

2.1 Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері

Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2-5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады. Қабілеттің бірінші байқалуы түрлі іс-әрекет түрлеріне еріксіз ұмтылудан байқалады. Сондықтан, шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы арадан іздеу керек. Ата-ана, тәрбиеші, мұғалімдердің басты міндеті - баланың осы ұмтылыстарын қолдау.


Дарынды балаларды ақпаратты және тәжірибені әрі жалпылай білу қабілеттілігі ерекшелендіреді. Бұл балалар жинақталған білімді кең қолдана біледі. Кішкентай «вундеркиндтер» үлкен сөздік қорға бай болады, сұрақ қоя біледі. Олар үлкен ниетпен сөздіктер мен энциклопедияларды оқиды, сөдер ойлап табады, ақыл-ой қабілетін белсенді ететін ойындарды ұнатады.
Дарынды балалар зейіні бір нәрсеге аса шоғырланғыш болады әрі қызыққан іс-әрекетінің нәтижесіне жетуде өте табанды болады. Дарынды балаларда әділеттілік сезімі өте ерте байқалып, әділеттілік сезімі өте күшті дамыған. Олар өздеріне және айналадағыларға жоғары талаптар қояды, әрі шындыққа өте тез, жылдам үн қосады, әділдік, үйлесімді, табиғатты ұнатады. Кішкентай таланттардың айқын, ашық қиялы әлемде жоқ жануарларды тауып, оларды жолдас етеді, және фантастикалық өмірді ойдан ойластырады. Дарынды балалар үшін аса жоғары қорқыныш тән, себебі олар түрлі қауіпті оқиғаларды қиялдап ойдан шығаурға қабілетті. Бұл балалар аса сезімтал, эмоционалды тәуелді, шыдамсыз.
Дарынды балалар үшін танымдық процестерінің озыңқы дамуы тән болады. Қабылдауларының кеңдігімен ерекшелене отырып, олар айнала әлемдегі болып жатқанды тік әрі тез қабылдайды, сол немесе өзге заттың қалай құралғандығына орай аса сұқтанып көп нәрсені құмартып білгіш болады. Олар бір мезгілде бірнеше процесті бақылауға қабілетті және барлық өзгерісті белсенді түрде зерттеуге бейім.
Олар заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты қабылдауға қабілетті әрі соның негізінде қорытындылар жасай алады; оларға өз қиялдарында балама жүйелеер құрау ұнайды.
Дарынды балалардың ерекше есі тілдік дамумен ерекше жетіле отырып, ақпараттың едәуір үлкен бөлігін жинақтауға бейім. Әрі оны қарқынды қолдана біледі. Дарынды балалардың сөздік қоры бай, әрі олар оны еркін әрі нақты баяндай біледі. Дегенмен, жеке қанағаттануы үшін олар жиі жағдайда өздерінің жеке сөздерін ойлап табады. Бұл балалардың зейіндерінің шоғырлануы ұзаққа созылады және міндетті шешуде үлкен табандылық танытады.
Дарынды балалардың психоәлеуметтік сезімталдығы.
Дарынды балалар әділ шешімге жақын болады; адамгершілік дамуы озыңқы дамиды.Бұл балалар өзіне, айналадағыларға жоғары талаптар қояды. Дарынды балаларға шығармашылық, ойлап тапқыштық, бай қиял мен фантазия тән. Бұл балалар әзіл сезімге өте бай, қалжыңдарды ұнатады.
Дарынды балаларға эмоционалды баланс жетіспейді, себебі ерте жас кезеңінде олар өте-мөте шыдамсыз әрі шайпау болады. Кейде оларға аса қорқыныш және жоғары сезімталдық тән. Бұл кезеңде эгоцентризм де байқалады. Кей жағдайларда дарынды балаларда жағымсыз өзін-өзі қабылдау, құрбылармен қарым-қатынаста қиындықтар пайда болып тұрады.
Дарынды балалардың тағы да кейбір сипаттамалары. Дарынды балаларды жоғары энергетикалық деңгей ажыратады, әрі олар әдеттегідей аз уақыт ұйықтайды. Олардың қол бұлшық еттерінің координациясы және қолдарын меңгеруі жиі жағдайда танымдық қабілеттерінен артта, яғни кеш дамиды.
Талай және дарындылық түрлі интеллектуалды және жеке ерекшеліктерде байқалуы мүмкін.
Н.Б. Шумакованың зерттеулері балалардың жаңа объектімен танысқан кезеңдегі пайда болатын қабілеттердің дамуында екі кезеңнің пайда болуын көрсетеді.
Осы бастауыш жас кезеңіндегі ең бір маңызды проблема - дарынды балаларды анықтау. Біріншіден, жанұяда дарынды балалар өз дамуларының бастапқы кезеңінде көпшілік арқылы түсінбейтін болады да, жиі жағдайда ата-аналардың өз балаларының белсенді танымдық қабілеттеріне жағымсыз реакция танытуы байқалады. Екіншіден, белсенді шығармашылық қабілеттер балаларда аса жоғары жүйке – психикалық қозғыштықпен қатар жүзеге асады, әрі бұл шыдамсыздықта, тәбеттің бұзылуында бас ауруы, ұйқының бұзылуымен бірге байқалады. Дер кезінде көрсетілмеген медициналық психологиялық түзету шаралары невроздың пайда болуына және бірқатар психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.
Үшіншіден, дарынды балалар мектеп ұжымына түсе отырып, айналадағы құрбыларының орташа қабілеттілігін көріп, өздерін қолайсыз сезінеді. Нәтижесінде дарынды балалар өздерін ерекшелеп көрсетпеуге, «ақ қарға» болмауға тырысып бағады.
П. Торренс зерттеулері мынаны көрсетеді: дарынды балалар ақыл-ой дамудың бастапқы деңгейлерін тез бастан өткереді де, түрлі жүйкеге ауырлық тудыратын жұмыстарға қарсылық танытады. Жиі жағдайда шығармашылық ойладың ерекше оригиналдығы айналадғылардың түсінбестігіне әкеліп соғады, әрі олардың бұл әрекетін өзгелер «ауытқу» деп түсінуі мүмкін. Дарынды балалар мектептегі 2/3 уақыт бөлігін құр босқа «интеллектуалды қарсылық» көрсете отырып өткізеді. Дарынды балалар өз құрбыларына қарағанда әлеуметтік бейімделудің бастапқы деңгейлерін тезірек, жылдамырақ өткереді. Қазіргі таңда дарынды балалармен жұмыс істеудің арнайы бағдарламалары құрылып жасалуда, көптеген елдерде даралап, саралап оқытуға көшуде. Арнаулы кешендік - оқу бағдарламалары құрылуда, мұның шеңберінде балалар әдеттегі бағдарламаға қарағанда өздерін еркінірек ұстайтын болады.
Дарынды бала коллекция жасаумен айналысады, сөздік қоры бай, күрделі тапсрымаларды қанағат алып отырып, орындайды, жауап беруде қиын жолдарды қолданады, зейінді шоғырландыруы жоғары, тұтас алғанда интеллект коэфициенті жоғары.
Дарынды баланың психоәлеуметтік аспекттері келесідей сипатта мінезделеді: әділдік сезмінің күшті дамуы; бағалықтың жекелік жүйесі кішкентай балаларда өте кең және негізінен қоршаған ортаға әділдік қарым-қатынас; көбіне шындықпен сәйкес келмейтін қиялының жоғарылығы; әзіл-сықақ сезімінің жақсы дамуы; әлі шеше алмайтын мәселелерді шешуге талпынуы; көп елестету мен қиялдың нәтижесінен қорқыныш сезімінің болуы; экстрасенсорлы қабылдауының дамуы; кейбір дарынды балаларда телепатия, болжау қабіелттілігі болады; мектепке дейінгі жылдары дарынды балалар оқиғалар мен құбылыстарды талқылауда эгоцентристтер болып табылады. Бұл бала қатарларының арасында кейбір әлеуметтік ұнатпаушылықты тудырады.
Психологтар зерттеулерінің көмегімен дарындылықтың табиғаты байытылып, анықталуда. Баланың ақыл-ой дарындылығының “құрастырушыларды” анықтай отырып, В.С. Юркевич және Н.С. Лейтес, бұл - феноменді “құрастыратын” динамиканы бақылаған. Олар дарынды балалар үшін ақыл-ой ізденісіне қажеттілік туылады, - дейді. Ақыл-ой қажтетілігіне ізденіс ғылыми әдебиеттерде мағынасына жақын әр түрлі терминдермен белгіленеді: ақыл-ой белсенділігі, танымдық қажеттілік, зерттеушілік қажеттілік.
Әрі қарай авторлар танымдық қажеттіліктің динамикасын құра отырып, қабілеттіліктің дамуымен байланыстырады. Танымдық қажеттіліктің дамуы ой-өрістің кең болуымен, абстрактілі ойлау және тағы басқа психикалық қызметтермен байланысты. Бұл жерде эмоционалдық факторлардың, яғни қанағаттану сезімі, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы, интеллектуалды шаттық сезімі маңызды. Ақыл-ой қабілетінен қанағат алумен қабілеттіліктің дамуы байқаусыз, тез және жеңіл өтеді.
“Танымға өте күшті білдірілген ұмтылыс - қабілеттілік дамуының бірінші белгісі. Дарынды балаларда бұл қажеттілік басқалардан басым болады: оқушы бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін достарымен кездесуден, теледидардан, тағы басқадан бас тартуы мүмкін”.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. “Ақыл-ой” мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі “интеллект” сөзімен белгйлейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкнідіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне “ақыл-ой дарындылығы” түсінігінің термині ретінде қолданылады.
Интеллект - өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді. Дарындылық - бұл жеке тұлғаның ерекше құрылымы.
Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теоретикалық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық - практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық - Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.
Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аудаурға көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінге және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда - аранйы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе “жасырынды” дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет