Дарынды балалармен жұмыс Дарынды бала – бұл белгілі бір



Дата26.09.2022
өлшемі241,53 Kb.
#40414
Байланысты:
Дарынды балалармен жұмыс.

Дарынды балалармен жұмыс

«Дарынды бала – бұл белгілі бір

«Дарынды бала – бұл белгілі бір

салада жетістіктері айқын

көрінетін немесе сондай жетістіктер

әлеуеті мол бала»

Н.С.Лейтис

Жобаның мақсаты

  • дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту және оларға қолдау көрсету.
  • дарынды тұлғаны дамытуда инновациялық технологияны қолдана отырып, озық жұмыс тәжірибесін қолдану

«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н.Ә.Назарбаев

Жобаның жоспары


Дарынды балалар дегеніміз кімдер?
Дарындылық дегеніміз не?
Бала дарындылығын қалай анықтауға болады?
Дарындылықты анықтаудың әдістері
Дарынды балалармен қалай жұмыс істеу қажет?

Дарынды баланың сипаттамасы


1. Тілінің ерте жетілуі
2. Қиялының жақсы жетілуі,ұғымға тез әрі жылдам сөздік ассоциация жасай білуі
3. Жылдам оқуы
4.Ерекше ойлау қабілеті ,есте сақтауының жоғарлығы
5.Танымдық қажеттілігінің жан-жақтылығы
6.Тұлғалық құндылық жүйесінің кеңдігі
7.Ойлау тәуелсіздігі

Дарынды бала –

  • Жаңа технологияларды ойлап табушы
  • Сауатты саясаткер
  • Сенімді дәрігер
  • Керемет музыкант
  • Қайталанбас суретші
  • Ұлы ғалым, жазушы
  • Ұлтымыздың мақтанышы

Дарындылық дегеніміз не?

  • «Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалык энциклопедияда төмендегіше анықтама берілген.
  • «Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі».
  • Американдық педагог Дж. Рензулли дарындылыққа мынадай түсініктеме береді: «Дарындылық - үш сипаттаманың үйлесуінің нәтижесі: орта деңгейден арттыратын интеллектуалдық қабілеттілік, шығармашылық тәсіл және тапсырма орындауға жоғары себеппен және табандылықпен қызығу. Бұл ерекшелік ересек жастағы дарынды балаларға тән. Дегенмен, ересек адамдардың дарындылығы бала кезіндегі көрген тәрбиесіне, тәжірибесіне байланысты».

Дарындылық түрлері


Көркем
Әлеуметтік
Психомоторлық
(спорттық)
Академиялық (бір салаға ғана қатысты)
Интеллектуалдық (жалпы)

Бала дарындылығын қалай анықтауға болады?


Сіз мұнда өз текстініңізді енгізіңіз.
Бақылау
Анкета 
Психодиагностика 
Психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау. 
Социометрия 
Әңгімелесу
Интервью

Бала дарындылығын қалай анықтауға болады?

  • Аталмыш жұмыстар негізде психологиялық ерекшеліктерін айқындап, психологиялық зерттеу жұмысының қорытындысын (темперамент,зейін,ес,қабылдау,ойлауы, т.б.) және басқа мәліметтерді салыстыру арқылы, баланың әлсіз жақтарын дамытуға бағыт – бағдар беріп отыру. 

Дарындылықты анықтаудың әдістері

  • балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер және т.б.) мамандар тарапынан сараптау;
  • түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б. ұйымдастыру;
  • белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиагностикалық зерттеулер жүргізу.

Дарынды тұлғаны дамытудың әдістер кешені


Шығармашылық сайыс, ән,
би театр үйірмелері
Интеллектуалды ойындар
Академиялық дарындылық
Көркемдік дарындылық
Ғылыми практикалық конференциялар, жобалар
.
.
Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар
Шығармашылық дарындылық
Интеллектуалдық дарындылық

Дарынды балалармен қалай жұмыс істеу қажет?


-Дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін жетілдіру.
-Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру.
-Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып,шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасау.
.
-Дарынды баланы бақылап, дұрыс бағыт беріп, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызу:
.

Қорытынды


Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық — бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық— бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекеті әлеуметтік сферада көрініс табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет