Бастауыш сыныптарда мәтіндерді оқыту мәселелері
169
3) Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару.
4) Белгілі ақын шығармасына еліктеп өлең жазу.
Бұл оқушылардың сөйлеу тілін, ой-қиялын дамытуға, сөз қадірін білуге, ана
тілін ардақтайға тәрбиелейді.
Әдебиет:
1.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. - Алматы: Мектеп, 1982.
2.
Нұрғанова 3. Ертегілер еліне саяхат.//Бастауыш мектеп, №10, 2002, 43-44 б.
3.
Табылдиев Ә. Халық тағылымы. - Алматы: Қазақ университеті, 1992.
ӘОЖ 372.3
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Бекмұханбет С.С.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың
болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Тіл - баланың жеке
тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой – өрісін, ақыл – парасатын,
адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең
басты құралы. Ал сол тілді дамытуда ойынның орны ерекше. Мектепке дейінгі
балаларды оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті
өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым –
қатынаста қолдана білуге жаттықтыруда, сонымен қатар, айналасындағы заттарды
таныстырып, атын атай білуде, қасиеті мен сапасын, түр – түсін және пішінін
ажырата білуде, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,
түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасауда –
ойын технологиясының маңызы зор.
Ұлы педагог А.С. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да
жоқ және болуы мумкін де емес. Ойын дүниеге ашылған жарық терезе сияқты. Ол
арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге деген құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Ойындар арқылы балалардың жан –
жақты дамыта отыра, болашақ бейнесін қалаптастыруға болады.Ойын
жаттығулары арқылы баланың ойлау қабілеті, сөздік қоры, тіл мәдениеті
қалыптасады [1].
Ойын технологиясы арқылы баланың тілін дамыту жеңіл. Ойын баланың
оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік,
спорттық, ұлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды.
Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай – ақ ойын
жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың
тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған
Бекмұханбет С.С.
170
дұрыс. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы
ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып –
біледі. Көрген – білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі
оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне
себеп болады. Ойын– баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой –
өрісін, ақыл – парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру
міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.
Балабақшаға оқыту – тәрбиелеужұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, одан әрі күнделікті іс –
әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне
ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысын жүргізу ісі тіл
дамытудың негізі бір міндеттері болып есептелінеді [2].
сөйлеу қабілеті ойлау қабілеті фантазиясыақыл-ой қабілеті
Сурет 1. Ойын арқылы баланың төмендегідей қасиеттері дамиды
Әсіресе, ойынның тіл дамытуда орны ерекше.Мектепке дейінгі балалардың
тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдаланудың өзіндік мәні бар. Ойындар
қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды
сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым – қатынастарда сөйлеуі жақсы дами түседі.
Топпен біріге жұмыс жасау қабілеттері арта түседі. Балалардың тілдерін
дамытуда көптеген өлең - тақпақтар жаттату, ата – анасын құрметтеуге,
отансүйгіштікке баули отырып, тілдерін ары қарай дамытып, оқу іс – әрекетіне
сай бағдарлама бойынша жаңа технологиялармен жұмыс жүргізген абзал.
Балалардың сөздік қорларын дамытуда ойын технологиясының қолдану үлкен
нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу
машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл – ойы өсіп
жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Бала ойын арқылы
қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен,
кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп
ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы
бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап
алады.Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігі мен тілдік
қорының дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала
табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір
Ойын арқылы
Бастауыш сыныптарда мәтіндерді оқыту мәселелері
171
сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық
дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың
білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды
дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.
Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру,
саяхат, ойын сабақтарын ұйымдастыру арқылы балалардың сөздік қорларын
дамытады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.
Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге,
ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың
атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып
зейінін, қиялын дамытады [3].
Ойын технологиясы балаларды оқу жұмысымен қызықтыруға, әртүрлі қарым
– қатынас режимдерін, жұппен және топпен жұмысты ұйымдастыруға
көмектеседі. Ойынның шартты әлемiнің қызықтылығы есте сақтау, қайталау,
бекiту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бiр қалыпты қызметінің
эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетiнiң эмоционалдылығы
баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады [4]. Ол
бiлiмді жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардың меңгеретін материалдарын
өзіндік тәжiрибеден өткізуге, оқу процесiнде әр түрлiлiктi және қызығушылықты
тудыруға мүмкiндiк беретін ойынның екінші жағымды жағы болып табылады.
Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен
психологтардың негізі мақсаты – ойын процесінде баланың жан – жақты дамуы,
танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын арқылы тілін дамыту
әдістері мазмұнына қарай төртке бөлінеді:
Кесте 2. Ойындардың балаларға әсері
Ойын түрі
Баланың тілін дамытуға әсері
Рөлдік ойындар
Рөлдік ойын арқылы балалар бір –бірімен қарым-
қатынасқа түсіп сөйлеседі. Рөлде ойнап тұрған бала
өзін сол кейіпкерлерге теңеп, кейіпкердің жақсы
қасиеттерін
бойына
сіңіреді,
мақал-мәтелдерді
пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады,
сөздік қоры молаяды, халқымыздың асыл, маржан
сөздерін меңгереді. Ойынның осы түрі баланың тілін
дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл-ойын,
дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді.
Драматизациялық
ойындар
Бұл ойын түрі балаларға керекті сөздер мен
сөйлемдерді
меңгеруді,
интонацияны
дұрыс
пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп сөйлеуге
үлкен әсер етеді.
Ұлтттық ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті,
батылдықты, сөз шеберлігін, дененің шынығуын
қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген
орамал», «Ұшты-ұшты» сияқты ұлттық ойындар
баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін
кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін
тигізеді.
Бекмұханбет С.С.
172
Дидактикалық ойындар Ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту
жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге
асады. Ол – сұрақ – жауап, баламен сөйлесу,
әңгімелесу, көрнекілік, суретпен жұмыс жасау.
Балабақшаларда ойынды тиімді пайдаланса, онда тәрбиеленушілердіңтілін
дамытуға, білімге деген құштарлығын дамытуда және қазақ халқының мол
мұрасын бойына кішкене кезден сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
Қазақтың біртуар ғалым – ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов,
Ыбырай Алтынсарин ұлттық ойындардың балаға білім беруде тәрбиелік мәнін,
өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік
қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа,
біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастар қайнар
көзі, тілдік тәрбиенің ажырамас бөлшегі ретінде тұжырымдайды. Тіл дамыту
мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізі болуға тиіс, өйткені
баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана –
сезімін кеңейтеді [5].
Көп балалар кейбір «р, л, с, ш» сияқты дыбыстарды айтуға тілдері еркін келе
бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш – ойындарды пайдаланудың мәні зор.
Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай
дұрыс айтуға үйренеді. Баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне мән беріп, оларды
дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап, анық сөйлеуге
үйретуді мақсат еткен. Балалардың көбінесе дұрыс айта алмайтын дыбысы «р»-
ның орнына «и» немесе «л» дыбыстарын қолданады.
Тілдің жетілуімен бірге балалардың ойлау, қоршаған ортаны бағдрлау қабілеті
дамиды, жеке заттар жайындағы нақты ұғымдарының молаюына және тілдік
қабілетінің дамуына қарай өмірінің бірінші жылының соңында-ақ бала алғашқы
қорытандыларын жасайды. Алдымен олар заттар мен құбылыстардың сыртқы
белгілеріне негізделеді. Мысалы: «алма» деген сөзді үйренген соң балалар допты
да, шарды да осылай атайтын жағдай жиі кездеседі. өздерінің іс – әрекеттері
барысында және үлкендердің ұғымдарының ықпалымен қорытындылау қабілеті
біртіндеп жетіле түседі: заттар енді сыртқы емес, мәндік белгілері бойынша
біріктіріледі. Көптеген іс-әрекеттерінің атаулары да жалпыландырылады.
Үш жастан асқан, мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын одан әрі
дамытуға:
1) айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді – келер шақты, өткен шақты
түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ одан
да тыс түсіне білуді қамтамасыз ету;
2) балалардың актив сөзін жетілдіру – сөздікті байыту, сөйлем құрып сөйлеуді
үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және
эмоциялық әсерлілігін жақсарту;
3) сөзді пайдалануды кеңейту — өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға
сұрақтар қойып, жауап бере білу, үлкендермен балалармен белсенді тілдік қарым-
қатынас жасау себептерін ұлғайту;
4) айналадағыға қарап бағдарлауды ұлғайту;
5) қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат құбылыстары
туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар
туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар
қызметі және т.б. туралы аса қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
Развитие орфографической зоркости
у младших школьников на уроках русского языка
173
6) сөзді қабылдауды және құлақ қойып тыңдауды – үлкендердің айтқанын
жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;
Жоғарыда айтылғандардың бәрін ойын түрінде жүзгізсе, баланың тілі тез
дамып, қалыптасатын еді.
Қорыта келе,ойын баланың барлық жақтарын ашатын, яғни тілін де
дамытатын бүкіл жақсы қасиеттерін ашуға көмектесетін, басқа балалармен қарым
– қатынас жасаудың бірден – бір құралы.«Ойында озған, өмірде де озады» деген
аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген
құлқы, қарым – қатынасы, мінез – құлық көріністері арқылы олар өсіп, есейгенде
де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін үлкендер сияқты, өзінің сүйікті
әңгімелер мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,солардың сөйлеу мәнерін
қолданып, эмоцияға беріп, әрекет жасайды.Ойынды қолданумен бірге ойлауға,
тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Мектепке дейінгі
топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану бағытдағы
атқарылатын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығы белгілі. Мен болашақ
тәрбиешімін. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын
технологияларын маңызын айта келіп, менде болашақта балалардың тілін
дамытуда осы әдіс бойынша жүргізетін боламын.
Әдебиет:
1.
Сагиев Г.Ч. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту // Мектепке дейінгі білім. - 2014. -
№3. - Б. 10-11.
2.
Магрупбекова Б.Ш. Мекткепке дейінгі балаларды дамытуда ойын маңызы // Мектепке
дейінгі білім. - 2013. - №5. – Б. 7-8.
3.
Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана: Фолиант, 2008. - 332 б.
4.
Меңжанова Ә. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы. - 2002. – 205 б.
5.
Ядэшко В.И. Мектеп жасына дейінгі педпгогика. - Алматы: Мектеп, - 2002. – 158 б.
УДК 372.881.161
РАЗВИТИЕ ОРФОГРАФИЧЕСКОЙ ЗОРКОСТИ
У МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА
Бубуц А.А.
(СКГУ им. М.Козыбаева)
Из практики обучения в начальных классах известно, что орфографическая
грамотность учащихся не достигает достаточно высокого уровня. Такое качество
грамотности вызывает тревогу у учителей, родителей и, наконец, у
общественности.
Одна из причин недостаточно высокой орфографической грамотности
младших школьников - это несформированность их орфографической зоркости,
т.е. неумение « видеть» орфограммы. В связи с этим актуализируется проблема
развития орфографической зоркости у младших школьников. От того, как будут
Достарыңызбен бөлісу: |