Батыс,Шығыс Түрік қағанаттары 1.Алтайдан Қара Теңізге дейінгі кең – байтақ аумақ аталады : « Ұлы Дала» 2.Батыс түркілерінің өз мемлекетін құруының саяси себебі – қаған әулеттерінің дербес билікке ұмтылуында еді, экономикалық себебі - әр өлкенің шаруашылық ерекшелігінен туындады. 3.Батыс Түрік қағанатына бағынған отырықшы аймақ тұрғындары мекендеген аймақ : Жетісудан Қара Теңізге дейін. 4.Қағанат халқы ............. бірікті : «он оқ тайпа одағына» (он оқ елі) 5.Қытай деректерінде 100 мың адамдық әскері бар « он тайпа қағаны» аталған қаған кезі – Иштеми 6.Л.Н Гумилевтің зерттеуінше, Иштеми өлгеннен кейін , билікке кім келді ? Тардуш ( Дато) 7.Қағанаттың негізі алып жатқан аймақ : Қаратау тауларынан Жоңғарияға дейінгі аралық 8.Батыс Түрік қағанатының территориясы : шығысында Алтай тауынан, солтүстік – батысында Каспий теңізіне дейін 9.Батыс Түрік қағанатында үстем еткен тайпалар : дулулар мен нушебилер 10.Қағанаттағы ұлы әмірші,билеуші,әскери қолбасшы және барлық жердің иесі – қаған 11.Қағанаттың аумақтық өзегі – Жетісу. 12.Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар : ябғу, шад және елтебер 13.Сот қызметін атқарғандар : бұйрықтар мен тархандар 14.Қағанаттың негізгі халқын ерікті малшылар қауымы – қара бұдұндар 15.Түркілер отырықшы бағынышты халықты ..... - тат, яғни тәуелді алым – салық төлеушілер деп атады. 16.Батыс Түрік қағанаты VII ғасырдың ортасында өркендеді – Шегу мен Тон –ябғу қағандар тұсында 17.Қағанаттың қысқы ордасы - Шу өзені алқабындағы ірі сауда, қолөнер орталығы Суяб қаласы болды. 18.Қағанаттың жазғы ордасы - Испиджаб маңындағы Мыңбұлақта ( Түркістан маңы) 19.Тон – ябғу тұсында Орталық Азия мемлекеттеріне қағанаттың қатаң бақылауы орнықты.Оның қол астындағы барлық иеліктерге жіберілген қағанның өкілдері – Тұдұндар 20.Тон – ябғу туралы « Батыс варварлары ешқашан дәл осындай қуатты болған жоқ» деп жазылған дерек : Қытай шежіресі 21. «Он тайпа» - «он оқ бұдұн» жүйесін енгізген қаған – Ешбар Елтеріс 22. Әр оқты ( тайпаны) басқарғандар – шад. 23.Батыс Түрік қағанатының орнына құрылған мемлекеттер - Хазар,Оғыз,Қимақ,Түргеш. 24.Батыс Түркілерді басып алды – Таң империясы (Қытай)Жетісуға басып кіреді 25.Шу алқабында түркі,соғды,сириялықтар мен парсылар қоныстанған 20 –ға жуық ірі қалалар мен қоныстар болған кезең – VI - VIII ғасырлар. 26.VII ғасырдағы Қытай саяхатшысы Жетісу өңірінде кімдердің көптігін жазады : жер өңдеушілер мен қолөнершілер. 27.Қытаймен соғыс барысында шығыс түркілер өздерінің мемлекетін қалпына келтірген кезең - 682 жыл. 28.Қалпына келген Шығыс Түрік қағанаты құрылды – Қазіргі Моңғолия территориясында. 29.Шығыс Түрік қағанаты кімнің тұсында Орталық Азияны бағындырды – Қапаған. 30.716 жылы Шығыс Түрік қағаны кім болды – Білге 31.Білге қағанның інісі – Күлтегін. 32.Білге мен Күлтегінге арналып құлпытастар орнатылған өзен – Орхон өзені. 33.Күлтегін дүние салған жыл – 731 жыл. 33.Біріккен ұйғыр және қарлұқ күштері Шығыс Түрік қағанатын талқандаған мерзім – 744 жыл.