Батыс,Шығыс Түрік қағанаттары Алтайдан Қара Теңізге дейінгі кең – байтақ аумақ аталады : «Ұлы Дала»



Дата25.07.2022
өлшемі16,08 Kb.
#37893
Байланысты:
Батыс түрік және Шығыс Түрік


Батыс,Шығыс Түрік қағанаттары
1.Алтайдан Қара Теңізге дейінгі кең – байтақ аумақ аталады : « Ұлы Дала»
2.Батыс түркілерінің өз мемлекетін құруының саяси себебі – қаған әулеттерінің дербес билікке ұмтылуында еді, экономикалық себебі - әр өлкенің шаруашылық ерекшелігінен туындады.
3.Батыс Түрік қағанатына бағынған отырықшы аймақ тұрғындары мекендеген аймақ : Жетісудан Қара Теңізге дейін.
4.Қағанат халқы ............. бірікті : «он оқ тайпа одағына» (он оқ елі)
5.Қытай деректерінде 100 мың адамдық әскері бар « он тайпа қағаны» аталған қаған кезі – Иштеми
6.Л.Н Гумилевтің зерттеуінше, Иштеми өлгеннен кейін , билікке кім келді ? Тардуш ( Дато)
7.Қағанаттың негізі алып жатқан аймақ : Қаратау тауларынан Жоңғарияға дейінгі аралық
8.Батыс Түрік қағанатының территориясы : шығысында Алтай тауынан, солтүстік – батысында Каспий теңізіне дейін
9.Батыс Түрік қағанатында үстем еткен тайпалар : дулулар мен нушебилер
10.Қағанаттағы ұлы әмірші,билеуші,әскери қолбасшы және барлық жердің иесі – қаған
11.Қағанаттың аумақтық өзегі – Жетісу.
12.Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар : ябғу, шад және елтебер
13.Сот қызметін атқарғандар : бұйрықтар мен тархандар
14.Қағанаттың негізгі халқын ерікті малшылар қауымы – қара бұдұндар
15.Түркілер отырықшы бағынышты халықты ..... - тат, яғни тәуелді алым – салық төлеушілер деп атады.
16.Батыс Түрік қағанаты VII ғасырдың ортасында өркендеді – Шегу мен Тон –ябғу қағандар тұсында
17.Қағанаттың қысқы ордасы - Шу өзені алқабындағы ірі сауда, қолөнер орталығы Суяб қаласы болды.
18.Қағанаттың жазғы ордасы - Испиджаб маңындағы Мыңбұлақта ( Түркістан маңы)
19.Тон – ябғу тұсында Орталық Азия мемлекеттеріне қағанаттың қатаң бақылауы орнықты.Оның қол астындағы барлық иеліктерге жіберілген қағанның өкілдері – Тұдұндар
20.Тон – ябғу туралы « Батыс варварлары ешқашан дәл осындай қуатты болған жоқ» деп жазылған дерек : Қытай шежіресі
21. «Он тайпа» - «он оқ бұдұн» жүйесін енгізген қаған – Ешбар Елтеріс
22. Әр оқты ( тайпаны) басқарғандар – шад.
23.Батыс Түрік қағанатының орнына құрылған мемлекеттер - Хазар,Оғыз,Қимақ,Түргеш.
24.Батыс Түркілерді басып алды – Таң империясы (Қытай)Жетісуға басып кіреді
25.Шу алқабында түркі,соғды,сириялықтар мен парсылар қоныстанған 20 –ға жуық ірі қалалар мен қоныстар болған кезең – VI - VIII ғасырлар.
26.VII ғасырдағы Қытай саяхатшысы Жетісу өңірінде кімдердің көптігін жазады : жер өңдеушілер мен қолөнершілер.
27.Қытаймен соғыс барысында шығыс түркілер өздерінің мемлекетін қалпына келтірген кезең - 682 жыл.
28.Қалпына келген Шығыс Түрік қағанаты құрылды – Қазіргі Моңғолия территориясында.
29.Шығыс Түрік қағанаты кімнің тұсында Орталық Азияны бағындырды – Қапаған.
30.716 жылы Шығыс Түрік қағаны кім болды – Білге
31.Білге қағанның інісі – Күлтегін.
32.Білге мен Күлтегінге арналып құлпытастар орнатылған өзен – Орхон өзені.
33.Күлтегін дүние салған жыл – 731 жыл.
33.Біріккен ұйғыр және қарлұқ күштері Шығыс Түрік қағанатын талқандаған мерзім – 744 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет