Бауыр циррозы - бауыр паренхимасының фиброзды дәнекер ұлпамен қайтымсыз алмасуымен сипатталатын бауыр ауруы. Бауыр циррозы кезінде құрылымы аномальды регенераторлы түйіндер пайда болады.
Белгілері: Цирроз гепатит сияқты басталады, адам әлсізденіп, тамаққа тәбеті жойылады, асқазаны бұзылады, оң жақ қабырғаның асты ауырады.
Ауру қатты асқынған кезде адам күннен-күнге жүдей береді. Қан аралас құсық пайда болады. Ауыр жағдайларда табан ісінеді, іші сұйыққа толып сыртқа кернеп кетеді. Көз бен тері сарғаяды.
Емдеу жолдары: Асқынған циррозды емдеу қиын. Бұл дертті емдеп, жазатын әсер-күші мықты дәрі жоқ. Көптеген адамдар асқынған цирроздан қайтыс болады. Егер сіз өмір сүргіңіз келсе, бауыр циррозы білінісімен бірден мынаны орындаңыз:
Енді ешқашан ішімдік ішпеңіз. Ішімдіктің бауырды бұзатынын мықтап ескеріңіз.
Мүмкіндігінше жақсы тамақ ішіңіз: көкөністер мен жеміс-жидектер, аздап протеинді пайдалануға да болады. Бірақ протеинді тамақтармен: ет, жұмыртқа, балық, т. б. көп әуестенбеңіз, себебі бұлар ауру бауырдың жұмыс істеу қызметін қиындатады.
Циррозбен ауырып жүрген кезде ісік пайда болса, тұзды тамақтан мүлдем аулақ болыңыз
Статистика: Жер бетінде жыл сайын 300000 ға жуық адам бауыр циррозынан қаза табады, соңғы 10-20 жылдың ішінде бұл аурудың саны көбеюде, Мәселен германияда 2 есе, Швецияда 2,5 есе жиілеген. БДҰ бойынша бауыр циррозынан өлім көрсеткіші 65-74 жастағы ер адамдарда 49:100000, 75-84 жастағы әйел адамдарда 26:100000 құрайды.
Алкаголдік цирроздан өлу 42,8-63,4 , гепатит салдарынан дамыған бауыр циррозынан өлу көрсеткіші 8,6- 11
Алдын алу:
Цирроздан сақтану оңай: арақ-шарапты көп ішпеу керек.