Бауырда глюконеогенездің жоғарылауы



Дата19.06.2022
өлшемі40,08 Kb.
#37050
Байланысты:
ТЕСТ 22 жаңа


Бөлімшеге I типті қант диабетімен науқас түсті. Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы аурудың патогенетикалық механизмі болып табылады.
ұйқы безінің бета жасушаларының бұзылысы
инсулинге деген жасушалық резистенттілік
бауырда глюконеогенездің жоғарылауы
ұйқы безінің альфа жасушаларының атрофиясы
бауырда гепарин синтезінің тқмендеуі
Мейіргерлік үрдістің бірінші кезеңіне жатады:
пациент денсаулығы туралы мәлмет жинау және оны бағалау
емделушіні күтудің жоспары
тексеру жоспарын жүзеге асыру
емделушіні күтудің нәтижесін бағалау


Инъекция жасағанда асептика мен антисептика ережелерін бұзу салдарынан дамитын асқыну
Абсцесс
Ауалы эмболия
Аллергиялық реакция
А гепатиті
Дерматит


Перифериялық венозды катетер енгізгенде бұрауды (жгут) салу орнын белгілеңіз
Катетер қоятын жерден 10-15 см жоғары
Катетер қоятын жерден 1-2 см жоғары
Катетер қоятын жерден 10-15 см тқменге
Катетер қоятын жерден 2-3 см жоғары
Шиыршық салу міндетті емес


Тәуелді мейіргерлік араласуға жатады:
мейіргердің дәрігердің тағайындауларын орындау
емделушімен оның мәселелерін талқылау
емделушіге оның табиғи қажеттіліктерін іске асыруына жәрдемдесу
емделушіні өзін-өзі күтуге үйрету
емделушіні зертханалық тексерулерге дайындау


Эндекринология бөлімшесіне 56ж. Науқас қант диабеті 1 типі, орташа ауырлық дәрежесі диагнозымен келіп түсті. Шағыдары: тәбеттің артуы, шөлдеу, түнімен ұйықтатпай мазалайтын тері қышымасы. Көбіне диета сақтамайды. Тері қышымасы салдарынан мазасы кеткен, ашушаң. Терісі құрғақ , көптеген қасыған іздер бар. Науқастың ең басым (приоритетті) мәселесін анықтаңыз:
Тері қышымасы
Шөлдеу
Ұйқысыздық
Беймазалық
Терінің құрғауы


Қимыл – қозғалыссыз қалған науқастың басты мәселесі
ойылудың пайда болуы
пихологиялық адаптация
тыныс алуының бұзылуы
Бұлшықет салмағының төмендеуі
туысқандарының қолдауынсыз қалуы


Ойылудың алдын алу мақсатында теріні өңдеу үшін қолданылатын ерітінді:
камфорлы спирт
этил спирті
құмырсұа спирті
фурациллин ерітіндісі
метил спирті


Аға мейірбике қандай басшылар категориясына жатады:
Орта буын басшысы
Жоғары буын басшысы
Төменгі буын басшысы
Қызмет көрсетуші персонал
Көмекші жұмыскер


Мейіргерлік күтімді жоспарлаудан кейінгі кезең:
жоспарды іске асыру
күтудің нәтижелерін бағалау
қойылған мақсаттардың дұрыстығын бағалау
медбике диагнозын қою
емделуші жайында мәлімет жинау


Пульстік қысым дегеніміз не?
систолалық қысым мен диастолалық қысым айыриасы
систолалық қысым
диастолалық қысым
тамыр соғысы мен систолалық қысымды бір уақытта тексеру
сол және оң қолдағы тамыр қысымы жиілігі айырмасы
Ауруханада емделіп жатқан науқастың дене қызуы күнделікті біртіндеп жоғарылап, біртіндеп қалыпты болғанша төмендейді. Қызбаның түрін анықтаңыз:
Толқын тәріздес
Тұрақты
Гентикалық
Бұрыс
Қайталанбалы


Қалыпты жағдайда ересек адамның тыныс алу жиілігі минутына құрайды:
16-20
14-15
24-26
30-32
40-60


Науқаста түнде кенеттен ауа жетіспеушілік сезім пайда болып, тыныс алудың қиындауымен тұншығуға алмасқан. Сонымен қоса әлсіздік, алғашында құрғақ түсті көпіршікті қақырық пайда болған. Обективті: аяқтарын төмен түсіріп отыр, мазасы кеткен, мойын көк тамырлары шодырайған. Осы жағдайды көрсетіңіз:
Көк тамырға эуфиллин егу
Бумен ингаляция жасау
Вентолинмен ингаляция жасау
Оттегін спирт арқылы ингаляциялау
Амбробенемен ингаляция жасау


35 жастағы пациент жол апаты салдарынан көп көлемді қан жоғалтты, пациентті жақын маңдағы клиникаға жеткізу үшін қандай қалыпта тасымалдау керек:
басын төмен, аяғын көтеріңкі қалыпта
жартылай отырғызып
ішімен жатқызып
басын жоғары, аяғынтмен түсіріп
қырынан жатқызып


Тері астына инъекциясын дененің қай аймағына жасауға болмайды?
иықтың ішкі жағына
иықтың сыртқы жағына
санның сыртқы жағына
жауырын астына
іштің алдыңғы жағына


Қай мақсатта науқасқа дренажды қалып беріледі?
қақырық шығуын жеңілдету
температурасын азайту
ентігуді азайту
ауырсынуды азайту
қан кетуді тоқтату


67 жастағы науқас созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен сырқат. Аяғында ісіктер бар, оң жақ аяғында трофикалық ойық жара. Жараны қандай затпен өңдеу қажет:
сутегі асқын тотығымен, фурациллинмен
спиртпен
қайнатылған сумен
йодпен, спиртпен
бриллиант көгімен


Ақпарат жинау барысында медбикеге науқас мазасыздық, бас ауру, ұйқының бұзылуына, жүрек айну, құсуға шағымданады. Берілген симптом:
жүйке жүйесі
сүйек-бұлшықет жүйесі
ас қорыту жүйесі
қан жасау жүйесі
тыныс алу жүйесі


Тәуелсіз мейіргерлік араласу тұрады:
науқасқа күтім жүргізу
медбикенің дәрігердің тапсырмаларын орындауы
премедикацияны орындау
инфузиялы емдеу жүргізу
зертханалық тексерулер жүргізі


Жедел коронарлы синдромның белгілері:
Бірнеше сағат бойы төс артындағы күйдіретін батып ауырсыну
Төс артындағы қысқа мерзімді ауырсыну, қысатын сипатта
Жүрек ұшында шаншитын сипаттағы ауырсыну
Жүрек аймағындағы тұрақты сыздап ауырсыну
Жөтел кезінде түсетін кеуде торының сол жақ жартысындағы шаншып ауырсыну, қызба


Біріншілік профилактика деген ұғымға кіреді:
ауруды себебін және ауруға әкелетін факторларын жоюға арқылы алдын алу
Организмнің резистенттілігін зерттеу
Ауруларды және функционалдық бұзылыстарды ерте анықтау
Созылмалы аурулары бар науқастарды бақылау
Жедел аурулары бар науқастарды бақылау


Жүрек тоқтаған жағдайда прекардиалды соққыны қайда беру керек?
төс сүйегіне, семсер тәрізді өсіндінің негізінен 2 саусақ жоғары
сол жақ бұғана-ортаңғы сызығымен бесінші қабырға аралығына
төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісіне
төс сүйектің жоғары шетінде бұғана бекітілген жерлерде
сол жақ екінші қабырға аралық


Краш – синдром ұзақ жаншылудың нәтижесінде дамиды:
көлденең – жолақты бұлшық еттердің
кеуде клеткасының
іштің
сүйектер және буындардың
бас миының


39 жастағы беті ісінген, әлсіздігі бар пациент таңертеңге кіші дәретінің түсі “ет жуындысына” ұқсайтынын байқады. Төмендегілердің қайсысы кіші дәреттің түсін осылар мүмкін?
эритроциттер
бактериялар
цилиндрлер
лейкоциттер
оксалаттар


Электрокардиограммада QRS комплексі нені сипаттайды
қарыншалар деполяризациясы және жүректер реполяризациясы
Гис аяқшаларының және Пуркинье талшықтарының реполяризациясы
оң және сол қарынша реполяризациясы
жүрекшелер деполяризациясы және AV түйіннің стимуляциясы
жүрекшелер деполяризациясы және қарыншалар реполяризациясы


ЕПҰ дезинфекцияның қай тәсілі кеңінен қолданылады:
химиялық
биологиялық
термиялық
физикалық
механикалық
Терапия бөлімшесіне ессіз жағдайда науқас жеткізілді. Туыстардаң сөзінен – науқас қант диабетімен ауырады. Объективті: есі жоқ, беті гиперемияланған, ылғалды, бұлшық еттер тонусы жоғары, қол - аяқ бұлшықеттерінің тоникалық тырысулары анықталады. Шұғыл көмек көрсетуге арналған препарат дайындаңыз:
40% глюкоза ерітіндісі к/т тез
диазепам, сибутрамин
дротаверин, метамизол натрия
10% глюкоза ерітіндісі к/т тамшылатып
субитрамин, кеторалак


Сіз хирургия бөлімшесінде мейірбие болып жұмыс істейсіз. Сіз ВГВ және ВГС маркерлеріне тексеруден қаншалықты жасайсыз
әр 6 ай сайын
әр 3 ай сайын
әр 8 ай сайын
әр 10 ай сайын
әр 12 ай сайын


Жүкті әйел кезекті дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілік мерзімі 30-31 апта. Тексеру барысында артериальды Қ/Қ - 170/100мм алдыңғы іш қабырғасында біршама ісігі бар. Зәрдегі ақуыз мөлшері 1,2 г/л. Сәлден кейін әйел басының және эпигастрий аймағының ауырып , көзі қарауытуын шағымданды. Сіздің диагнозыңыз:
преэклапмсияның ауыр дәрежесі
преэклампцияның жеңіл дәрежесі
эклампсиялық кома
гестациялық гипертензия
артериальды гипертензия


Кенеттен жүрек қызметі тоқтағанда, жүрек-қан тамыр жұмысын белсендіретін препарат:
адреналин
изадрин
кордиамин
дропердиол
нитроглицерин


Манту сынамасының нәтижесі бағаланады:
72 сағаттан соң
12 сағаттан соң
24 сағаттан соң
36 сағаттан соң
48 сағаттан соң


Созылмалы бронхитпен науқастың, мейірбике сыртқы тыныс алуын зерттеу кезінде , іш беткейінің алға жылжуын байқады, тыныс алу жиілігі минутына 28 рет. Осылар анықтайды:
кеуделік тыныс алуды, тахипноэны
кеуделік тыныс алуды, брадипноэны
ішпен тыныс алуды, тахипноэны
аралпс тыныс алуды, брадипноэны
әшпен тыныс алуды, брадипноэны


Қабылдау бөліміне АҚ 180/130мм.с.б.б, дейін жоғарлаған, басының ауруына, есінің есеңгіреуімен науқас түсті. Гипертензиялық кризде қандай қосымша бұзылысы
ретинопатия
зәрдің тоқтауы
құсу
брадикардия
естудің төмендеуі


Айқын гемостатикалық нәтиже беретін қан құрамы:
плазма
лейкоцитарлы масса
эритроцитарлы масса
эритроцитарлы қоспа
гамма- глабулин


Жүкті әйелдерді ерте есепке алу деп саналады:
12 апта
23 апта
17 апта
16 апта
20 апта


Жасанды өкпе вентилациясын жалғастырады:
өздігінен тыныс алуы қалпына келгенше
минутына 5 тыныс алу жиілігі
минутына 10 тыныс алу жиілігі
минутына 20 тыныс алу жиілігі
минутына 30 тыныс алу жиілігі


Науқас 25 жаста антибиотик қабылдағаннан кейін ауа жетіспеу сезіміне, тыныс шығарудың қиындауына және ентігуге шағымданады. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, акроцианоз, ТЖ 28 рет минутына, пульс 100 рет минутына, АҚҚ 120/80 мм.сын. бағ. Тыныс алудағы мәселені көрсетеді:
тахипноэ, тахикардия
брадипноэ тахикардия
апноэ, брадикардия
инспираторлы ентіну, брадикардия
тахикардия, апноэ


Қыз баланың үйіне кезекті келген медбике бетінің және аяғының ісінуін байқады. Анасының айтуынша зәрінің түсі “ет жуындысы”тәрізді, сирек зәр шығарады, медбикенің әрекеті:
госпитализациялау үшін жедел жәрдем шақыру
шұғыл госпитализацияның себебін анасына түсіндіру
анасына ауруханаға не алу қажеттігін түсіндіру
анасына тәуліктік зәр жинауды түсіндіру
анасына үйде қалуды айту


Бір рет қолданылатын медициналық бұйымдарды утилизациялау тәртібі:
бөлшектемей және дезинфекцияламай
бөлшектегеннен кейін
ағынды суға шайғаннан кейін
дезинфекциялағаннан кейін
жуғыш ерітіндіге салғаннан кейін


Инфекциялық ауру анықталған немесе оған күдік туған жағдайда жүргізілетін дезинфекция түрін көрсетіңіз
ошақты
уақытша
ауқымды
профилактикалық
аралық


Қуық асты безі аденомасы салдарынан зәр бөлінуінің тоқтауында дәрігерге дейінгі шұғыл жәрдем
қуықты катетрлеу
мұзды мұйық
зәр айдайтын дәрілер
ауырсынуды басатын препараттар
қасаға үсті пункциясы


Хирургиялық бейіндегі, ана мен баланы қорғау ұйымдарындағы сыртқы ортаның эпидемиологиялық маңызы бар объектілерінің жоспарлы өзін-өзі бақылаудың жиілігі
айына 1 рет
3 айда 1 рет
аптасына 1 рет
6 айда 1рет
айына 2 рет


Төс артындағы ауру сезімі сол жақ иығына берілген пациент қабылдау ьөліміне түсті. Анамнезінде ЖИА және артериалды қан қысымының көтерілуі бар. Берілген тасымалдаудың қай түрін қолдануға болады
каталкада
жаяу өздігінен
өздігінен лифтіде
балдақпен сүйемелдеушішің көмегімен
кресло-каталкада


Қызбаның екінші кезеңінде науқасты күту кезінде мейіргер қандай шаралар қолдану керек:
басына суық компресс қою
жылытқышпен қамту
жылылап жауып қою
ыстық шай беру
денесін спиртпен сүрту


Медбике жаңа туылған нәрестені қандай жиілікте қарауы керек?
аптасына 1 рет
аптасына 2 рет
айына 1 рет
айына 2 рет
3 айда 1 рет


Жүрек қан тамыр жүйесі ауруы бар науқас велоэргометриядан кейін бас ауруына шағымданады. Жүрек-қантамыр жүйесін тексергеннен соң медбике анықтады: АҚҚ 150/100мм.сын.бағ. Табылған көрсеткіштерді талдаңыз:
тахикардия, артериалдық гипертензия
брадикардия, артериалды гипертензия
брадикардия, артериалдық гипотензия
тахикардия, артериалды гипотензия
брадикардия, колапс


Сафардың үш әдісі қандай мақсатта қолданылады?
тыныс алу жолдарыны өткізгіштігін қалпына келтіру
өкпенің жасанды вентиляциясын жүргізу
омыртқа мойын бөлігінің күйін бағалау
қан айналымынқалпына келтіру
бөгде затты алып татау


Сіз ОСБ стерильденген таңғыш материалдар бар биксті алдыңыз. Фильтрсіз жабық бикстің ссақталу мерзімін көрсетіңіз:
3 тәулік
21 тәулік
1 тәулік
20 тәулік
7 тәулік
Науқас К – на, 40 жас ауруанаға есін жоғалтумен және тогһниео – клоникалық тырысулармен әкелд. Ең тиімді зерттеу әдісін таңдаңыз:
электроэнцефалография
электромиография
реоэнцефалография
ультрадыбыстық, допплерография
эко – энцефалография


Пискачек белгісі бұл:
жатыр денесінің ассиметриясы
жатыр денесінің жұмсаруы
жатырдың қатаюы және жиырылуы
жатырдың алға ығысуы
жатыр мойнының қозғалуы


Науқасқа скрининг жүргізубарысында диагноз қойылды. Семіздік. Осы ауруда Кетле индексі қандай болу керек?
30-35
18,5-24,9
25-25,9
18,5-15
19-25


Сары дене бөлетін гормон:
прогестерон
эстроген
тестесторен
андроген
пролактин
19 жастағы 1-ші босанатын әйел күшену күшімен перзентханаға түсті. Шат аралығы жоғары орналасқанғ терісі күшену кезінде бозарып, шытынап жыртылды. Сіздің тактикаңыз?
эпизиотомия
амиотомия
лапаротомия
шат аралығын қорғау
кіші кесар тілігі


Жатырдан тыс жүктілікке тән белгі:
іштің төменгі жағында кенеттен күшті тұрақты ауырсынудың тік ішекке берілуі
іштің төменгі жағында кенеттен ауысып отыратын шаншу тәріздес ауырсынудың басталып кетуі
қасаға үстінде тұрақты ауырсынудың біртіндеп дамуы
кіндіктен төмен «кинжалды» күшті аурудың
іштің төменгі қабатында шаншу тәрізді ауырсынудың біртіндеп дамуы


Қозғалыстың бұзылуы, дененің жарты бөлігінде сезімталдықтың бұзылысы сияқты неврологиялық симптомдарды біріктіретін терминді таңдаңыз:
ошақтық
жалпы милық
реттелетін
реттелмейтін
өнімді


32 жастағы жастағы жүкті әйел аймақтық дәрігерге көрінуге келді. Жүктілік мерзімі 24-25 апта тексеру барысында артериальды Қ/Қ – 140\100 мм.сын.бағ. көрсетті. Аяғында ісігі жоқ. Сіздің тактикаңыз?
гестециялық гипертензия
созылмалы гипертензия
эклампсия
ауыр преэклампсия
жеңіл преэклампсия


Науқас табандарын қатарластырып, екі қолын алдына алақанымен созып әуелі көзін ашып, содан кейін жұмып тік тұрады. Бұл – әдіс:
Ромберг кейпінде тепе еңдікті анықтау
өкше мен аралықты тексеру
діріл сезімталдығын тексеру
сезімталдықты тексеру
бұлшықет жиырылу күшін тексеру


Аймақтық мейіргер жүкті әйел жамбасының мықын сүйектерінің қырлары арасындағы арақашықтықты өлшеді. Бұл қандай өлшем болғаны?
dis. Cristarum
шынайы конъюгата
dis. Spinarum
dis. Trochantericae
conjugate externa


Асфиксиямен жаңа туылған нәрестеге жедел көмек көрсету барысында медбикенің алғашқы әрекетін көрсетіңіз
жоғары тыныс алу жолдарын шырыштан тазартудан
оксигенотерапия жүргізуден
өкпенің жасанды вентилациясын жүргізуден
жүрекке тікелей емес массаж жұргізуден
баланы анасынан ажыратудан


Нәрестенің өмірінің 8-ші күні табиғи қатпарларында қабыну белгісі жоқ мономорфты дақты бөртпелер шықты. Сіздің болжамыңыз
Тершеңдік (потница)
нәрестенің флегмонасы
терінің тілмесі
стрептодермия
везикулопустулез


Балада мелена болған кезде медбикенің дұрыс әрекеті қандай болмақ?
дәрігер шақырту, жөргегін сақтау
гемостатикалық терапия жүргізу, дәрігер шақырту
шырыштан тазатру, дәрігер шақыру
асқазанды жуу, дәрігер шақырту
баланы емізу


Акушерлік тәжірибеде геморрагиялық шок кезінде инфузия көлемі жоғалтқан қан мөлшерінен неше есе жоғары болу керек?
3 есе
1,5 есе
2,5 есе
3,5 есе
4 есе

Қызылша кезінде бөртпелер бірінші қай жерде орналасады:
бетте
денесінде
қолдарында
аяқтарында
арқасында


2 жасар балада түнде кенеттен үрмелі жөтел, даусының қарлығуы және стридорозды тыныс пайда болды. Бұл белгілер қандай ауруға тән:
жедел стеноздаушы ларингитке
жедел бронхитке
бронх демікпесіне
жедел тонзиллитке
жедел пневмонияға


Диареяны “Б” жоспары бойынша емдеуге медбикенің қай әрекеті дұрыс болады?
регидрон ерітіндісін 75мл/кг салмағына 4 сағат ішінде беру
регидрон ерітіндісін 50мл/кг салмағына 4 сағат ішінде беру
регидрон ерітіндісін 75мл/кг салмағына 6 сағат ішінде беру
регидрон ерітіндісін 70мл/кг салмағына 4 сағат ішінде беру
регидрон ерітіндісін 100мл/кг салмағына 4 сағат ішінде беру


Сіріспе сары суы енгізіледі:
белсенді иммунитет жасау үшін
қабыну симптомдарын шешу
сепсистің алдын алу
пасствті иммунитет жасау үшін
тән емес иммунитетті белсендіру


Бұлшық етке жасалған инъекциядан кейін науқастың дене қызуы көтеріліп, нъекция орнында қызару, ісік, ортасында флюктуация байқалады. Науқасқа көмек көрсетудің тиімді тактикасы:
хирургиялық ем
жылыту компресін қою
флюктуация маңайын мұзбен қоршау
антибиотикпен емдеу
физиоем


Бұлшықетішілік инъекциядан кейін жағдайы нашарлады: ентігу, салқын тер пайда болды. АҚ 80/40 мм.с.б.б. Науқаста дамыған асқыну:
анафилактикалық шок
квинке ісігі
инфекциялы – токсикалық шок
кардиогенді шок
өкпе артериясының тромбоэмболиясы


Үй төбесінен бояуда жұмыскер құлап түсті, оң санын жарақаттап алды. Жарақаттан алқызыл ұан кетуде. Қан кету түрін және уақытша қан тоқтату тәсілін көрсетіңіз:
артериялыұқ, жгут салу
капилллярлы, қысып байлау
венозды, қатты байлау
аралас, жарақатқа суық қою
паренхиматозды, жедел жәрдем келгенше ештеңе жүргізбеу


48 жасар ер адам жөндеу жұмыстары кезінде биіктіктен құлаған. Жамбас аймағының кез келген қимылдан ауыратынына шағымданады. Аяқтары аздап сырқа қарай бұрылған. Зардап шегушіні тасымалдау тәсілін көрсетіңіз.
«Бақа» қалпында, жатқан күйі
Бас жағын биіктетіп жатқызған күйі
Кресло – арбаға отырғызып
Бір жақ бүйірлеп жатқан күйі
Тізелі – шынтақты қалыпта жатқан күйі


Жамбас сүйегі мен жамбас мүшелерінің зақымдануында көрсетілетін бірінші медициналық көмек:
промедол инъекциясы, асептикалық байлам салу «бақа» қалпында эвакуациялау
анальгетиктер инъекциясы, асептикалық байлам салу, арқасымен жатқан қалыпта ембілде эвакуациялау
ішімен жатқан қалыпта зембілде эвакуациялау
анальгетиктер инъекциясы, Крамер шинасын салу
анальгетиктер мен антибиотиктер инъекциясы, зәрдің кідірісінде – несепқуық пункциясы


Жаңа туған нәрестенің физиологиялық сарғаюының себебі?
жаңа туған нәресте бауырының ферменттік жүйесінің белсенділігінің төмендеуі
Ана және ұрық резус- факторының сәйкессіздігі
Ана және ұрық қан топтарының сәкессіздігі
нәресте бауырларының аурулары
Әкесі мен анасының резус – факторларының сәкессіздігі


Алкогальды делириймен науқаста ерітінділерді тамырішілік енгізу үшін катетер орнатылған. Науқас мазасыз, катетрді жылан деп, жұлып тастағысы келді. Қпбылдаудың бұл бұзылысы қалай аталады?
галлюцинация
делюзия
иллюзия
псевдогаллюцинация
агнозия


Ота/инвазиялық ем шара аяқталғанда өзіңнен ең бірінші нені шешу керек?
қолғаптар
хирургиялық белдемше
бетперде
көзілдірік
хирургиялық қалпақ


Жедел қан жоғалтқан науаста қандай өзгеріс анықталуы керек?
тахикардия
құсу
артериялық қысымның жоғарылауы
жүрек айну
рефлекстердің жоғарлауы


1 жастағы сау баланың тыныс қозғалысы жиілігінің дұрыс көрсеткішін атаңыз?
минутына 25
минутына 18
минутына 20
минутына 40
минутына 60


Науқасқа торакоцентаз (плевральды пункция) шарасын жасауға дайындаудасыз. Науқасты қандай қалыпта жатқызу керек?
кеудесін орындыққа тіреп, аяқтарын жерге тіреп отырғызу
кереуеттің бас жағын 45 градусқа көтеру, науқасты зақымдалған бүйірімен жатқызу
науқасты тегіс жерге зақымдалған бүйірімен жатқызу
екі қолын көтеріп, арқасымен жатқызу
зақымдалған жақтың қолын жоғары көтеріп, ішімен жатқызу
Мұрын-ерін үшбұрышы аймағында шиқан шықан пациентке мейіргердің шұыл тәуелсіз әрекеті:
іріңдікті ашып және оған дренаж ұою
жылу емшараларын қолдану
жедел түрд дәрігерге жіберу
антибиотиктер енгізу
компресс қою


ЖИТС-тің ең жиі клиникалық белгісі:
Капоши саркомасы
Педжета ауруы
Базальды жасушалы эпителиома
Аденома
Фибриома


Қабырға аралық немесе бет, үштік жүйкелер бойында көпіршіктердің орналасуы тән:
Белдемелік теміреткіге
Қарапайым көпіршікті теміреткіге
контагиозды моллюскаға
паилломалар мен қарапайым көпіршікті теміреткіге
көпіршіктерге


Зауыттың денсаулық пунктінде 27 жастағы жұмысшы келесі шағымдармен келді: сол кезіндегі ауыру сезімі, жас ағу, жарықтан қорқу, көздің қызаруы. Анамнезінде болгарка кескішімен жұмыс үстінде, сол көзіне тамыр ұшқыны түскен. Объективті қарағанда: коньюктивалық инъекция, мөлдір қабықта 19-сағат тқсында темір ұшқыны көріеді. Мейіргерлік диагнозыңыз:
сол көздің мөлдір қабығының бөгде денесі
оң көздің мөлдір қабығының термиялық күйігі
екі көздің мөлдір қабығының химиялық күйігі
сол көздің мөлдір қабығының бактериалды қабынуы
көздің мөлдір қабығының вирусты қабынуы


Әйел бұрын екіншілік мерезбен ауырған. Тізімнен алынғаннан 1 жылдан кейін жүкті болды. Туа пайда болған мерездің алдын алу үшін жүкті әйелге не жүргізу қажет?
ем жүргізуді талап етпейді, өйткені есептен шығарғаннан кейін жүкті болған
ем жүргізілмейді, өйткені ем жүкті болғанға дейін жүргізілген
клиника серологиялық бақылау жүргізу керек
алдын ала емдеуді қажет етеді, өйткені қазіргі жүктілік есептен алынғаннан кейін болған
ем жүргізілу керек, өйткені бұрын мерезбен ауырған


10 жастағы балада оң қолы, кеудесінің алдыңғы бөлігінің күйгені байқалады. Күйген қабаттарда – гиперемия, ісік, ауырсынуға шағымданады. Күйіктің дәрежесін анықтаңыз?
I
II
III
IV
V


А гепатиті бар науқастан қорғану мақсатында қандай шаралар жүргізу керек?
бөлімшеде науқасқа қарсы терапия жүргізу
байланыс кезінде қолғап кию
бөлмеге кірер алдында зарарсыздандырылған киім кию
қатаң бетперделік тәртіп
бокс бөлімге жатқызу


Қызамық кезінде қай лимфа түйіндері ұлғаяды?
желке (шүйде) лимфа түйіндері
жақасты лимфа түйіндері
қолтықасты лимфа түйіндері
шат лимфа түйіндері
шынтақ лимф түйіндері


Посттағы медбикені кезекшілік уақытында өкпеден қан кетіп жатқан пациентке шақырды. Қан кеткен жағдайда қолданылатын дәріні таңдаңыз:
дицинон
гепарин
инсулин
дротаверин
цефуроксим
Электр дәнекерлеу кезінде көздің ультракүлгін сәулемен күбі жағадайында мейіргерлік алғашқы көмек көрмету алгоритміңіз:
көздің ауыру сезімін басу үшін 0,5% тетракаин немесе 1-2 % прокаин ерітіндісін тамызу
көзді сумен жуу
қабақтар астына тетрацеклин майын салу көзге таңғыш қою
көзге 0,3% ципрофлоксацин (ципролет) ерітіндісін тамызу
көздің ауру сезімін басу үшін 0,5 % левомецитин немесе тетрациклин ерітіндісін тамызу


Мұрын үстінің жарасына қандай таңғыш салынады:
сақпанша (пращевидная) тәрізді
спирал тәрізді
бидай тәрізді
«чепец»
жорғалайтын


Ересек адаммның катаральды ортаңғы отитке тән симптомдар:
Құлақ түйіндіісін басқан кезде ауырсыну, құлаұтан серозды бөлінулер
құлақта қышыну, естудің төмендеуі
Құлақта ауырсыну, естудің төмендеуі
Құлақта іріңді бөлінулер, ғстудің төмендеуі
Құлақта қышыну


Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз:
10 мг диазепам к/т
40% глюкоза ерітіндісі к/т
дәрумен В1 – 5 мл к/т
дексаметазон 4 мг к/т
2,0-4,0 мл фуросемид к/т


Арнайы құрылғылар және қол арқылы адамның дене беткейі аймақтарына мөлшерленген механикалық әсер көрсету жиынтығын сипаттайтын емдеу және алдын алу:
массаж
ЛФК
физиоем
еңбекті ем
гидроем


32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас Х соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда қандай емдеуді бастау керек.
психофармакотерапия
инелік рефлексотерапиядан
психотерапиядан
эектро – тырысулы терапиядан
психоактивті заттарға мүлдем тиым салудан


Науқас Е. 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарында қақсап ауырсыну, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек:
20-30 минут
30-40 минут
10-15 минут
25-35 минут
15-20 минут


Науқас А. 55 жаста. Науқас құрғақ қиналмалы жөтелге, ентігуге, тұншығу ұстамасына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Жалпы қарауда цианоз бпйқалады, тері қабаты бозғылттанған. Аускультацияда өкпеде ысқырықты сырыл анықталады. ЖҚА – жда лейкоитоз, эозинофия анықталады. Қақырық анализінде – Куршман спиральды, Шарко-Лейден кристалдары анықталады. Физиотерапиялық емнің түрі:
ингаляциялық терапиясы
ультрадыбыс терапиясы
гальванизация
флюктуоризация
дарсонвализация


Науқас 50 жаста фельдшерге келесі шағымдармен қаралды: шынтақ-білезік және қол басы саусақ буындарының сыздап ауырсынуы. Таңғы уақытта буындарының сіресуі, қиын қозғалуы, тез шаршағыштыө, жалпы ілсіздік. Науқас бірнеше жыл көлемінде өзін ауру санайды. Аймақтық дәрігерде «Д» есепте ревматоидты артрит диагнозымен есепте тұрады. Стационарлық деңгейде бірнеше рет ем алған. Аурудың соңғы өршуіне 5-6 ай көлемі болған. Науқаста физиотерапияның келесі түрі тиімді:
ультрадыбыс терепиясы
ингаляциялық әдіс
гальванизация әдісі
флюктуоризация
индуктотермиялық әдіс


Функционалды кереуеттің негізгі көрсеткіші:
науқасқа ыңғайлы әрі қолайлы жағдай туғызады
жеңіл және тез қозғалту
медперсонал үшін науқастарды күту және емдеу қызметін жеңілдетеді
науқасты байқаусыз жарақаттанудан сақтайды
ойылудан сақтайды


70 жастағы науқасты қарау барысында, Сіз іштің кебуін, жиырылудың күшейген дыбысын және «алпыл шуын» байқадыңыз. Клиникалық бейне қандай ауруға тән?
жіті ішек түйілуі
орны толтырылған ойық, жаралы стеноз
бауыр шаншуы
ішек инфарктісі
перитонит


43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй , жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:
Апато-абулиялық
Катоникалық
Депресивті
астеникалық
маниакальды


Апластикалық анемиясы бар науқастарда зертханалық зерттеулерді саралап,сіз қорытынды жасайсыз
жұлында қан туындауының төмендеуі
сарысулық темір деңгейінің жоғарылауы
қан туындауының иегалоцитарлы түрі
жұлында бластты жасушалар санының ұлғаюы
жұлынның жасушалық құрамының сақталуы


Сіреспеге сарысу енгізіледі:
белсенді иммунитет жасау үшін
қабыну симптомдарын шешу
пассивті иммунитет жасау үшін
сепсистің алдын алу
тән емес иммунитетті белсендіру


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет