1.
|
Дид.ойын: «Ағаштарды ата»
Мақсаты: Ағаштар атау, өсімдіктерге кутім жасауға үйрету, олардың
пайдасы және биік- аласа ұғымдарын ажырата білуді үйрету.
Туған жерінің табиғатын қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: орман ағаштарының суреттері.
|
2.
|
Дид.ойын: «Тәулік бөліктерін ата»
Мақсаты: Тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту,тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Көрнекі құралдыр: Суреттер.
Ойын барысы: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
|
3.
|
Дид.ойын: «Дала құстарын ата»
Мақсаты: құстарды атай білуге үйрету. Жабайы құстардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін түсіндіру.
Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету, әңгімелеу дағды-сын жетілдіріп, тілін дамыту.
Құстарды аялауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Дала құстарының суреттері.
|
4.
|
Дид.ойын: «Ою-өрнектерді ата»
Мақсаты: Қазақтың ою – өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру, атай білуге үйрету.
Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамыту. Балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ою-өрнетердің суреттері.
|
5.
|
Дид.ойын: «Өз үйіңді тап»
Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету.
Әр үйшіктің өзі түсіне тән жапырақшаларын шапшаң тауып кіргізе білу қабілеттерін жетілдіру.
Алғырлыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әртүрлі түсті ұйшіктер (қызыл, сары, жасыл т.б.). Үйшіктің түстеріне байланысты жапырақшалар.
|
6.
|
Дид.ойын: «Тазалықтың достарын ата»
Мақсаты: тазалық бұйымдарын атау.
Сүлгі, сабын сөздерін қатыстырып, 4-5 сөзден тұратын сөйлем құрастыра білуге үйрету.
Балаларды таза жүруге үйрету.
Көрнекі заттар: Тазалық бұйымдарының суреттері.
|
7.
|
Дид.ойын: «Көңіл-күйін ата»
Мақсаты: Көңіл-күйін атай, ажырата білуге үйрету. Қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Әр көңіл- күйінің дұрыс-бұрыс жақтарын айтып түсіндіру.
Көрнекі құралдар: Көңіл-күйі бейнеленген балалардың суреттері
.
|
8.
|
Дид.ойын: «Отбасы мүшелерін ата»
Мақсаты: Отбасы мүшелерін атау (ата, әже, әке, ана, іні, әпке, аға, сіңілі, қарындас, т.б.). Өз жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Отбасы бейнеленген әртүрлі суреттер.
|
9.
|
Дид.ойын: «Үлкен-кіші»
Мақсаты: Үлкен- кіші ұғымдарды білуге үйрету, әрі қарай дамыту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қол моторикасын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Көлемдері әр түрлі кірпілердің (үлкен,орташа,кіші), көлемдеріне сәйкес алмаларын, саңырауқұлақтарын тауып орналастыруды үйрету.
Көрнекі құралдар: Көлемдері әр түрлі кірпілер(үлкен,орташа,кіші), алма, саңырауқұлықтар.
|
10.
|
Дид.ойын: «Үй құстарын ата»
Мақсаты: үй құстарын атау. Олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту. Табиғаттың жаршысы - құстарды, қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Үй құстарының суреттері.
|
11.
|
«Қызыл телпек» ертегісі.
|
12.
|
Дид.ойын: «Киімдерді ата»
Мақсаты: Түрлі киім атауларын (пальто, етік, құлақшын т.б.) атап айтуға үйрету, сөздік қорын кеңейту, ұл бала мен қыз баланың киімін ажырата білуге үйрету. Көрнекі құралдар: Әртүрлі киімдердің суреттері.
|
13.
|
Дид.ойын: «Түлкіні құрастыр»
Мақсаты: Түлкі туралы түсінік беру. Түлкінің дене бөліктері жайында түсіндіріп, оны құрастыруда дене бөліктерін жасауда қағазды дұрыс пайдалануға үйрету. Ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдыр: Түлкінің суреті,қиылған түлкінің дене бөліктері.
|
14.
|
Дид.ойын: «Мамандықтарды ата»
Мақсаты: Балалардың мамандықтарды атап, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Мамандықтар бейнеленген суреттер.
|
15.
|
Дид.ойын: «Көліктерді ата»
Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.
Жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру.
Жолда жүрген кезде міндетті түрде ережені сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Көліктердің суреттері.
|
16.
|
Дид.ойын: «Ыдыстар»
Мақсаты: Ыдыстар туралы түсінік беру; заттарды көлемі бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.Ыдыстарды атауға, неден жасалғаны туралы, пайдасы,не үшін керек екені туралы айта білуге үйрету.
Ыдыстарды таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әр түрлі ыдыстардың суреттері.
|
17.
|
Дид.ойын: «Гүлдерді ата»
Мақсаты: Гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің түр – түстерін ажырата білуге баулу.. Сөздік қорын молайту. Гүлдердің түр – түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Гүлдердің, өсімдіктердің суреттері.
|
18.
|
Дид.ойын: «Пойызды құрастыр»
Мақсаты: Балаларға пойыз туралы түсінік беру. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Пойыздың теміржол көлігіне жататынын түсіндіру.
Әртүрлі геометирялық пішіндерден жасалған пойыздың бөліктерін біріктіріп құрастыруға үйрету. Шапшаңдылыққа,ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдыр: Пойыздың суреті. Әртүрлі геометриялық пішіндерден жасалған пойыздың бөліктері.
|
19.
|
Дид.ойын: «Гүлдерді құрастыр»
Мақсаты: Гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы, гүлдің пайдасы туралы мағлұмат беру.
Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Гүлдердің күлтелерін дәнегінің түсі бойынша біріктіріп құрастыруға үйрету, қызығушылықтарын ояту.
Көрнекі құралдар: Гүлдердің күлтелері және дәнегі.
|
20.
|
Дид.ойын: «Кірпінің саңырауқұлақтарын тап»
Мақсаты: негізгі түстерді ажырата,атай білуге үйрету. Шапшаңдылықа, ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ойын барысы: негізгі түстерді қамтыған кірпінің саңырауқұлақтарын,әр қайсысының түсі бойынша жинап, тауып орналастыру.
Көрнекі құралдар: кағаз картоннан қиылған төрт түсті (қызыл,сары,көк,жасыл) кірпілер, көлемі кіші саңырақұлақтар.
|
21.
|
Дид.ойын: «Жиһаздарды ата»
Мақсаты: Үй ішіне қажетті жиһаздарды дұрыс айтуға (дөңгелек үстел, т.б.) үйрету. Әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және жиһаздары күтуге қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Үй жиһаздарының суреттері.
|
22.
|
Дид.ойын: «Киіз үй бөліктерін ата»
Мақсаты: баланың жүрегіне ұлттық сана - сезімді ұялату, танымдық қабілетін және ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту.
Киіз үй және оның жасау – жабдықтары (шаңырақ, кереге, туырлық, маңдайша, сықырлауық т.б.) атай білуге үйрету.
Ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Киіз үй бөліктерінң суреттері.
|
23.
|
Дид.ойын: «Пішіндерді ата»
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту,пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: геометриялық пішідер.
|
24.
|
Дид.ойын: «Үйді құрастыр»
Мақсаты: Әртүрлі геометриялық пішіндерден үйлерді құрастыруды үйрету. Үйдің бөліктері қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын айтуға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Шапшаңдылыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Көлемі әр түрлі геометриялық пішіндер.
|
25.
|
Дид.ойын: «Ертегі кейіпкерлерін ата»
Мақсаты: Ертегілер әлемі туралы танымдарын кеңейту ,ертегі кейіпкерлерін атай білуге үйрету,балалардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту. Ертегінің жағымды кейіпкерлері арқылы адамгершілікке, жаман әрекет иелері іс-әрекеттері арқылы жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
|
26.
|
Дид.ойын: «Нешеу?»
Мақсаты: Атауға және санауға үйрету. Көп заттар мен аз заттарды ажыратуға үйрету. Көп-аз, тең-тең емес ұғымдарын ажыратуға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар: Санауға қажетті заттар,суреттер
|
27.
|
Дид.ойын: «Гүлді құрастыр»
Мақсаты: Гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы, гүлдің пайдасы туралы мағлұмат беру.Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қазақша атауларын атауды үйрету.Гүлдердің күлтелерін дәнегінің түсі бойынша біріктіріп құрастыруға үйрету, қызығушылықтарын ояту.
Көрнекі құралдар: Гүлдердің күлтелері және дәнегі.
|
28.
|
Дид.ойын: «Аққала мен шыршаны құрастыр»
Мақсаты: Дөңгелек пішіннен аққаланы, ал ұшбұрыштан шыршаны құрастыруды үйрету. Үлгіге қарай отырып пішіндердің көлемін әртүрлі етіп (үлкен, орташа, кішкентай) орналастыруға үйрету. Жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру. Шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әр түрлі көлемді (үлкен, орташа, кішкентай) дөңгелек, ұшбұрышты пішіндер. Аққаланың қалпағы т.б.
|
29.
|
Дид.ойын: «Жануарларды құрастыр»
Мақсаты: Жануарларды атауға, әр түрлі суретпен берілген жануарларды,бөлігін тауып құрастыруға үйрету. Жануарлардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттауға үйрету. Ұқыптылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суретпен берілген,қиылған жануарлардың суреттері.
|
30.
|
Дид.ойын: «Рәміздер»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атауға үйрету. Балаларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал еңбек етуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Баланың ой-өрісін іздемпаздыққа, жан - жақтылыққа шақыру, тіл байлығын дамыту.
Көрнекі құралдар: Рәміздердің суреттері
|
31.
|
Дид.ойын: «Кілтін тап»
Мақсаты: Пішіндерді атауға, тануға үйрету. Үйдің терезесі қандай пішін, сондай пішінді тауып орналастыруға үйрету. Түстерін атап, шапшаң қимылдауға үйрету. Аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Терезесі әртүрлі пішіннен жасалған үйлер, пішіндер
|
32.
|
Дид.ойын: «Көкөністерді ата»
Мақсаты: Көкөністер түрін ажырата білу үйрету.Балалардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу. Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Көкөністердің суреттері.
|
33.
|
Дид.ойын: «Жемістерді ата»
Мақсаты: Жемістердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу.
Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету, тәрбиелеу. О йлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекі құралдар: Жемістердің суреттері
|
34.
|
Дид.ойын: «Өз гаражыңды тап»
Мақсаты: Көлемдері әртүрлі (үлкен,кіші,орташа) гараждарға, өз көлемдеріне сәйкес жүк көліктерін кіргізуді үйрету. Көліктерді сипаттап, атап әңгіме құруға үйрету. Жолда жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әртүрлі көлемді (үлкен,кіші,орташа) гараждар, жүк көліктері.
|
35.
|
«Түлкі мен тырна» ертегісі.
|
36.
|
Дид.ойын: «Қай жыл мезгілінде ойнайды?»
Мақсаты: Әр жыл мезгілінде ойналатын ойындарды атап, Неге сол мезгілінде ойналатынын айтып түсіндіріу. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Ойыншықтырды сипаттауға ұйрету, ойыншықтарына ұқыптылықпен, қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әр жыл мезгілінде ойналатын ойындардың суреттері.
|
37.
|
Дид.ойын: «Шыршаны құрастыр».
Мақсаты: Суретте берілген шыршаны бұтақтарына қарай отырып құрастыруға үйрету. Табиғатқа, оның ішінде ағаштарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Шыршаның көп жылдық ағаш екенін айтып түсіндіру.
Көрнекі құралдар:
|
38.
|
Дид.ойын: «Қысқы киімдерді құрастыр»
Мақсаты. Қыс мезгілінде киетін киімдерді атап айтуға үйрету. Неліктен қыс мезгілінде киілетін киімдер екенін атауды, «қалың-жұқа» ұғымдарының мағынасын түсіндіруді жалғастыру. Киімдерді суретке қарап отырып құрастыруға үйрету. Әр киімнің адамның қай дене мүшесіне киілетінін атауды үйрету.
Көрнекі құралдар: Қыс мезгілінде киілетін киімдердің қиындылары, суреттері.
|
39.
|
Дид.ойын: «Тотықұстарды тап»
Мақсаты: Балаларға әр түрлі құстардың ішінен тотықұстарды тауып, оларды атауға үйрету. Тотықұстардың басқа құстардан ерекшеліктерін атауды үйрету. Тілдерін дамыту. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Басқа құстармен араласқан тотықұстардың суреттері.
|
40.
|
Дид.ойын: «Сыңарын тап»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа,
шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Әр шұлықтың түстеріне, сызықтарына қарай отырып ,
өз сыңарын тауып біріктіруге үйрету. Киімдерді атап айтуға үйрету. Тілдерін дамыту.
Көнекі құралдар: Сыңарлары бар шұлықтар.
|
41.
|
Дид.ойын: «Қонжықтың үйін тап»
Мақсаты: Түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Көрнекі құралдар: Түрлі-түсті жейделері бар қонжықтар мен олардың үйлері.
Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті жейделері бар конжықтарды таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар қонжықтың жейделерінің түсі бойынша, өз үйлерін жылдам тауып, тұра қалау керек.
|
42.
|
Дид.ойын: «Көлеңкесін тап»
Мақсаты: Балаларды әр ойыншықтың көлеңкесін тауып орналастыруға үйрету. Тілдерін дамтыу. Ойыншықтарды сипаттап, күтіп, ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі кұралдар: Ойыншықтардың суреттері, көлеңкенің суреттері.
|
43.
|
Дид.ойын: «Балықтарды аквариумге орналастыр»
Мақсаты: Балық түрлерін білуге, аквариумдегі балықты қорғау туралы түсінік беру, білімдерін арттыру. Экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Алтын балық пен жай балықтарды бөлек-бөлек екі аквариумге орналастыруға үйрету.
Көрнекі кұралдар: Аквариумдер, алтын және жай балықтар.
|
44.
|
Дид.ойын: «Электротехникалық тұрмыстық заттарды ата»
Мақсаты. Электротехникалық тұрмыстық заттарды атауды үйрету. Электротехникалық тұрмыстық (кір машина, шаңсорғыш, тоңазытқыш т.б.) заттарды пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтауды еске түсіру. Атап айтуға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі кұралдар: Электортехникалық тұрмыстық заттардың суреттері.
|
45.
|
Дид.ойын: «Әшекейлерді ата»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық әшекейлерінің (сырға, шашпау, шолпы, блезік, алқа т.б.), атауларын дұрыс айтуды үйрету. Әшекейлерді кімдер тағатынын,не үшін тағатынын айтып түсіндіру. Әсемділкке,әдемілкке тәрбиелеу.
Көрнекі кұралдар: Әшекейлердің суреттері.
|
46.
|
Дид.ойын: «Ұлт өкілдерін ата»
Мақсаты: Қазақстанның өзге ұлт өкілдері жайлы, түрлі ұлт өкілдерінің татулығы не үшін қажет екендігін жайлы түсінедіру. Өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі кұралдар: Ұлт өкілдерінің суреттері.
|