Бауыржан бабажанұЛЫ



Pdf просмотр
бет4/7
Дата27.01.2017
өлшемі2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
ІІ
«Көретін жан бар ма екен ақ Алланың дидарын?»
Осы сауал жаның жеп, өзіңді-өзің қинадың.
Кір фәниден бір сәтте басыңды алып қашқың кеп,
Құл Қожа Ахмет секілді бұ дүнияға сыймадың.
Шыққыр көзің көрген-ді, дүние үшін, мал үшін
Ағайынның бір-бірін өлімге де қиғанын.
Шебер-құдай ондайдың жазасын да берген-ді,
Басқаларға бұйыртып ғұмыр бойы жиғанын.
Біле тұра осыны, бағытыңнан жаңылып,
Шайтанға еріп бір сәтте, қу нәпсіңді тыймадың.
Әй, ақыным, есіңе ал, бұрынғыдан қалған сөз:
«Алла алдыңа барғанда жалғыз жолдас — иманың!»

139
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ҚИЯЛ
ҚИЯЛ
ҚИЯЛ
ҚИЯЛ
ҚИЯЛ
Маған төгіп күллі дүние жарығын,
Қиратты да көн-тірліктің қалыбын,
Сарайыма күн көтеріп күлкі енді,
Сары уайым жоғалтып ап сабырын.
Қуанышқа босатты да мұң төрді,
Қайғы жылап, қара шәлі бүркенді.
Менің жаным ұшып шығып кеудемнен,
Қызыл гүлдер арасынан жыр терді.
Қайыр тілеп пенделікке қол жайған,
Пасық ойдан сананы езіп жайланған,
Бек тазардым, ғайып ерен қырық шілтендей,
Қарақшыдан періштеге айналған.
Айта жүріп, мәңгіліктің әнін мың,
Жаным жырмен арулады тәнімді.
Жаным қалмай шаттандым кеп тұрғандай
Адалдығым қолын алып Тәңірдің.
Пенде-ғұмыр аяғымда тапталып,
Сорлы басқа бір-ақ сәтте бақ дарып,
Қиялымның кемесімен мұз жарып,
Жұмақ жаққа бара жаттым аттанып...
1993 жыл.

140
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
АСПАН  МЕН
АСПАН  МЕН
АСПАН  МЕН
АСПАН  МЕН
АСПАН  МЕН
ЖЕРДІҢ
ЖЕРДІҢ
ЖЕРДІҢ
ЖЕРДІҢ
ЖЕРДІҢ
АРАСЫ...
АРАСЫ...
АРАСЫ...
АРАСЫ...
АРАСЫ...
Сағи  Әшімовтің  аруағына
Сағи  Әшімовтің  аруағына
Сағи  Әшімовтің  аруағына
Сағи  Әшімовтің  аруағына
Сағи  Әшімовтің  аруағына
Аспан мен жердің арасы,
Тым қашық емес шамасы.
Сағи Асанәліұлы
Отыз сегіз-ақ жыл жол жүріп,
Жұлдызға жетті, қарашы...
Тұлпардай келген таң асып,
Дос түгіл дұшпан санасып,
Жүрген бір сәтте бағы асып,
Күнді іздеп бара жатты да,
Бұлтқа еніп кетті адасып.
Егесіз қалып сарайы,
Аңырап қалды маңайы.
Көк аспан жаққа көз салып,
Ажал барын бір еске алды,
Жиналғандардың талайы.

141
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Қойнына алып Жер-анасы,
Арулап қойды Алашы.
...Тіріде сыйлас, ағайын,
Тым қашық емес қарашы,
Аспан мен жердің арасы.

142
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
ЖАЛҒАН
ЖАЛҒАН
ЖАЛҒАН
ЖАЛҒАН
ЖАЛҒАН
«Өмір» дейді,
сол өмірдің өзі түс,
Көрге кіріп оянармын, сірә, мен...
Батырболат
Батырболат
Батырболат
Батырболат
Батырболат
— Жүгіреді, еншімді алып қалам деп,
Күйкі күндер түріп алған балағын —
(Мен бірдеңе білетіндей... маған кеп),
Өмір не? — деп сұрайсың ғой, қарағым.
Маңдайының бақ пен соры бес елі,
Қособада жолын Ажал торитын.
Өмір деген... көрген түсің кешегі
Хақ-Тәңірдің өзі ғана жоритын.
Мен білетін пәлсапа осы...
бара бер,
Мырс ететін болсаң бұған ақырын.
Жүрегіңмен тыңдар болсаң, ал егер,
Мынау айтар ақылым:
— Әлсіз жанның маңайынан табылдым,
Көп нәрсеге болмағанмен ептірек.
Мен түсімді жорытар күн, Тәңірдің
Қас-қабағы дұрыс болғай! — деп тіле.

143
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ЖАЗМЫШ
ЖАЗМЫШ
ЖАЗМЫШ
ЖАЗМЫШ
ЖАЗМЫШ
Салтанатқа
Салтанатқа
Салтанатқа
Салтанатқа
Салтанатқа
Келді, кетті бір ғұмыр,
Талтүсте күн тұтылды.
Фәни жапты түндігін,
Көкке бір ән жұтылды.
Пенде алдында ақталмас,
Ажал деген — қарау ұл.
Тағдыр домалатқан тас
Түскен жерге ғана ауыр.
Жүрді, күлді, өкінді,
Ілесіп ап дүрмекке.
Күндер өтті не түрлі,
Қуантып һәм мұңды еткен.
Бозда, асыл жар — бозінген,
Арманы оның көп еді.
Атқа мінген кезінде
Жан-жағы да мол еді...
Соның бәрі бос екен,
Аз күн көңіл хошы екен.
Шолақ қасқыр құйрығы —
Өмір деген осы екен.

144
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Жыла, жыла, жылап қал,
Жауабы жоқ сұрақтар.
Аздан кейін ел кетер,
...Тірі адамда мұрат бар.
Өтеді өмір арманмен,
Өзегіңді өрт есіп.
Бетке қолың салғанмен,
Жауап қатпас төмпешік.
Одан қалған бір шыбық,
Ауық-ауық күрсініп,
Жыласа жел жұбатар,
Жалғасады тіршілік.
Аллаға мың шүкір де!

145
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ӨМІРЗАЯ
ӨМІРЗАЯ
ӨМІРЗАЯ
ӨМІРЗАЯ
ӨМІРЗАЯ
Өмірзая жұлдыз болып келем мен,
Жарық жыр боп аспаныңда жылт етем.
Салыстырсаң маған біткен өлеңмен,
Тіршілігің тек әншейін қырт екен.
Әділ  Ботпанов.
Әділ  Ботпанов.
Әділ  Ботпанов.
Әділ  Ботпанов.
Әділ  Ботпанов.
Тағдырың кеп байланды ма сөзіңе,
Аспан жаққа аңсары ауған саяқ ұл.
Басқа жұлдыз түспегендей көзіңе,
Сол жұлдызда нең бар еді, әй, Әділ?!
Су аяғы сіңгендей кеп құрдымға,
Ай-жағалы қамқа-түнге оранып.
Сол жұлдыздай сәл жарқырап тұрдың да,
Аяқ асты кеттің бір күн жоғалып.
Қос қабағың жауар бұлттай түнеріп,
Жігеріңді жасытқанда қырт тірлік.
Ай-ару қыз нөкерлерін жіберіп,
Әлде сені әкетті ме тұтқын ғып?
Жыр елінде көш бастасаң көсемдей,
Шіркін, мен де табылмас па ем сол маңнан.
Енді, міне,.. бағы тайған шешендей,
Қайран сөзім Әмірханға қор болған.

146
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Ертегіге ішім менің жылиды,
Жақсылықпен аяқталар ақыры.
Арлан-көңіл  Айға қарап ұлиды,
Жанындағы жұлдызда қап жақыны.
Бір өзеннің бұрып кеткен арнасын,
Өмірзая!
Сен ұрладың күлкімді.
Жек көремін... Әділ сенде болғасын...
Тағы сұмдық жақсы көрем біртүрлі.
Өйткені сен —  Әділсің!..

147
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ӨҢ  МЕН  ТҮСТІҢ  АРАСЫ
ӨҢ  МЕН  ТҮСТІҢ  АРАСЫ
ӨҢ  МЕН  ТҮСТІҢ  АРАСЫ
ӨҢ  МЕН  ТҮСТІҢ  АРАСЫ
ӨҢ  МЕН  ТҮСТІҢ  АРАСЫ
«Түгінбай  әулие  дүниеден
«Түгінбай  әулие  дүниеден
«Түгінбай  әулие  дүниеден
«Түгінбай  әулие  дүниеден
«Түгінбай  әулие  дүниеден
озды...» — деген  хабар
озды...» — деген  хабар
озды...» — деген  хабар
озды...» — деген  хабар
озды...» — деген  хабар
жеткенде,   әйгілі  Жаныс  би
жеткенде,   әйгілі  Жаныс  би
жеткенде,   әйгілі  Жаныс  би
жеткенде,   әйгілі  Жаныс  би
жеткенде,   әйгілі  Жаныс  би
қапелімде: «Түгінбайдың
қапелімде: «Түгінбайдың
қапелімде: «Түгінбайдың
қапелімде: «Түгінбайдың
қапелімде: «Түгінбайдың
өлгені  ұят  болған  екен...» —
өлгені  ұят  болған  екен...» —
өлгені  ұят  болған  екен...» —
өлгені  ұят  болған  екен...» —
өлгені  ұят  болған  екен...» —
депті.  Күнара  телефонмен
депті.  Күнара  телефонмен
депті.  Күнара  телефонмен
депті.  Күнара  телефонмен
депті.  Күнара  телефонмен
сөйлесіп  отырған    Талғат
сөйлесіп  отырған    Талғат
сөйлесіп  отырған    Талғат
сөйлесіп  отырған    Талғат
сөйлесіп  отырған    Талғат
Бакушевтің  қазасы    туралы
Бакушевтің  қазасы    туралы
Бакушевтің  қазасы    туралы
Бакушевтің  қазасы    туралы
Бакушевтің  қазасы    туралы
естігенде  мен  де  сондай  күй
естігенде  мен  де  сондай  күй
естігенде  мен  де  сондай  күй
естігенде  мен  де  сондай  күй
естігенде  мен  де  сондай  күй
кештім...
кештім...
кештім...
кештім...
кештім...
Тым ерте тарқады ма базар біздің,
Есітіп, естен тандым қазаңды,  ізгім.
Мен деген мың жігіттің арасынан,
Таңдауы саған түсті-ау Ажал-Қыздың...
Сүю-күю...
Арпалыс...
Жиі «аттандау...»
Өмір деген — өзіңді сияқты алдау.
Қамал бұзар қырықтан енді асқанда,
Сенің өліп қалғаның ұят болды-ау.
Білем, білем, «Бұл өмір — сынақ қана»,
Тым ерте аттандың-ау, бірақ, бала.

148
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Ақсиып,  ылғи күліп жүруші едің,
Жайраңдап жүр ме екенсің жұмақта да?!
Сәл қуанып, көңілім көктегенде,
Бір нәрсеге қолым не жетпегенде,
Іздеймін де...
Біртүрлі сене алмаймын,
Сені мына өмірде жоқ дегенге.
Зіл қара тас кеудемді жаншығандай,
Қысыламын кей сәтте жан шығардай.
...Әйнегінен пойыздың қарай берем,
Қарсы алдымнан күлімдеп сен шығардай.
Әй, бірақ, жазудан кім құтылар-ды,
Рас шығып тағдырдың үкімі әлгі,
 Оралдың вокзалынан, міне, тағы,
Сен емес, інілерің күтіп алды...

149
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ДЕРТ
ДЕРТ
ДЕРТ
ДЕРТ
ДЕРТ
Бір сәт мігір таба алмай,
Жан секілді жын қаққан.
Біреу келіп қалардай,
Кететіндей бір жаққа...
Мазам қашып күнімен,
Қарағаным жол кілең...
Телефонға үңілем,
Терезеге телмірем.
Бір орында тұра алман,
Атқақтайды жүрегім.
Сыртқа асығыс шығам да,
Үйге қайта кіремін.
Күл ғып сенім-тіреуді,
Қол созғанда түн — көрдей.
Құтқаруға біреуді,
Қалатындай үлгермей...
Хәл бұл, адам сенгісіз,
Күлсең, маған күл, мейлің.
Қайда барам, белгісіз,
Кімді күтем...
Білмеймін.

150
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Жан ба әлде кірлеген,
Құзға сүйреп дүйім дау?
Жынды дейтін жынды емен,
Саумын деу де қиындау...
Аяғына қан түскен,
Тұлпардайын дерегі.
Тәңірім-ау, тал түсте,
Дедектеткен не мені?
Қолыңды соз тағы да,
Қиналдым-ау бір,
Алла-ай.
Аласұрған жаныма,
Не керегін біле алмай...
6.04.2014

151
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ЗАПЫРАН
ЗАПЫРАН
ЗАПЫРАН
ЗАПЫРАН
ЗАПЫРАН
Әмірхан  Балқыбектің  қазасына
Әмірхан  Балқыбектің  қазасына
Әмірхан  Балқыбектің  қазасына
Әмірхан  Балқыбектің  қазасына
Әмірхан  Балқыбектің  қазасына
Егіле берем, егіле берем,
Есімді бір сәт жия алмай.
Көзімнен жас боп төгіледі өлең,
Арнасын тауып құя алмай...
Білемін, ертең түрегелем ептеп,
Нән сойыл тиген жаным қан...
—Жылауық өлең кімге керек? — деп,
— Ұрсушы едің ғой, Әмірхан.
«Етегін жасқа толтыра қалатын,
Ақын ба ақын  қыз-кеуде?
Керексе, кісі өлтіре алатын
Шайырлар керек  біздерге!
Ұмытпайықшы, біз  — тарпаң жұртпыз,
Жаратқан Алла ақын ғып,
Қара өлеңдегі «спартандықпыз»,
Біріміз жүзге татырлық.
Найзадан тапты мұрат бабамыз,
Бүктіріп тізе бар елді.
Батысқа біз де,  түбі,  аттанармыз,
Жаулауға жырмен әлемді!

152
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Шыңдарға сүйреп биік, мықты арман,
Даңқы үшін Патша-Өлеңнің,
Хас ақын, әсте, қиындықтардан,
Қорықпауы керек!»  —  деген кім...
Жүрген бір жерің жиын, көкем-ай,
«Лайық ұл ең ғасырға!»
Өле салу да  қиын ба екен-ай,
Өмір ғой  —  қиын, расында...
Өр ағыс едің, байқалмай  тындың...
Күрмеліп тілім, уай,  Алла-ай.
«Жақсы өліпсің...»  —  деп айта алмай тұрмын,
Атамыз  хакім Абайдай...
       9.04.2014

153
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ҚОРҚЫТ  ЖЫРЫ
ҚОРҚЫТ  ЖЫРЫ
ҚОРҚЫТ  ЖЫРЫ
ҚОРҚЫТ  ЖЫРЫ
ҚОРҚЫТ  ЖЫРЫ
  Маралтайға
  Маралтайға
  Маралтайға
  Маралтайға
  Маралтайға
Үміт жібі ыдырап,
Болмаса да, түк таныс,
Айға қарап ұлып ап,
Әмір жолға шықты алыс...
Бебеулейді жан құрғыр...
Қалдың ба, дос, торығып.
Бізді де Ажал аңдып жүр,
Анадайдан көрініп.
Сетінеген  сеніммен,
Ішімізде жортып күз,
Қашып жүрген өлімнен,
Біз де бір-бір Қорқытпыз...
Жә, жә, сабыр, үндеме,
Сірәғасы сөздің бұл.
Түсті ме екен бірдеңе,
Жасаурайды көз құрғыр...
...Асу көп біз асатын,
Көз тігейік қашыққа.
«Қырық бесте хас ақын
кетеді...»  —  деп, асықпа.

154
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Өлеңіңді зор тұтқын,
Жазбай кетсек, сол — қайғы.
Қобызындай Қорқыттың,
 Бізді  қалам қорғайды!
Кірші әсем баққа, ана,
Аймаласын арай-нұр.
Тек қана анау жаққа да,
Бір көзіңмен қарай жүр...
Ажал бағып тұр,  әне,
Арамызда алаңқай.
Шақпасын кеп жыланы,
Қалғып кетпе, әй, Маралтай!
                          13.04.2014

155
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ІІІ  БӨЛІМ
ІІІ  БӨЛІМ
ІІІ  БӨЛІМ
ІІІ  БӨЛІМ
ІІІ  БӨЛІМ
БІЗДІҢ  АУЫЛ,
БІЗДІҢ  АУЫЛ,
БІЗДІҢ  АУЫЛ,
БІЗДІҢ  АУЫЛ,
БІЗДІҢ  АУЫЛ,
СҰРАСАҢ...
СҰРАСАҢ...
СҰРАСАҢ...
СҰРАСАҢ...
СҰРАСАҢ...

156
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
ТӨЛЕГЕН  АЙБЕРГЕНОВКЕ
ТӨЛЕГЕН  АЙБЕРГЕНОВКЕ
ТӨЛЕГЕН  АЙБЕРГЕНОВКЕ
ТӨЛЕГЕН  АЙБЕРГЕНОВКЕ
ТӨЛЕГЕН  АЙБЕРГЕНОВКЕ
І. АТТАНАРДА
Бауырынан жаратып Өлең-Керді
Ықыласына ел-жұрттың бөленген-ді.
Жібек-Жырдың дабысын естігесін
Ақ Жайыққа асығыс жөнелді енді.
Ақбозға ер салғанда жылып өңі,
Бір сайтан, Тәңір атқыр, күліп еді...
Жанына еретін дос таппағасын
Елінен бұ да жалғыз шығып еді.
Тәңір тегін жаратпас есті де өр ғып
Мінеки, Жібегі бар көшті көрдік...
— Апыр-ай, бұл қай ер?! — деп жалт қарасты,
Дүбірін ақ боз аттың естіген жұрт.
Жалған-ай, екі айналып келмес, түге,
Адымын сөз... кесті ме, көз... кесті ме?
Түбінде Қособаның бұ да қалды
Тағдыры Бекежан боп кездесті де...
Содан соң атқа мінген мен бір ермін,
Дүние, жанарыңда мөлдірермін.

157
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
...Жесірін іздеп шыққан Сансызбай ем,
Жеңге-өлең, сені ырқыма көндірермін.
ІІ. НАЙЗАҒАЙ
Ата-ана жүрегінде жарылыс мың,
Жасаған
Жалғыз ұлы ең ... Сағыныштың.
Уызына жарыдың Мейірімнің,
Алапат Жыр мұхитын қанып іштің.
Толғанда запыранға кеуделері,
Жыр деген  —  шал-кемпірдің «ермегі» еді.
...Қолтығыңнан демеді Жақсылық-жыр,
Құдайберген, Құтбайдың
1
 термелері.
Құшақ жайып қарсы алып, кеңгір белдер,
Көз төңкеріп қарады мөлдір көлдер...
Дауыл тұрып,
Бұлт көшіп,
Жасын ойнап,
Дүбірге айналды ылғи сен жүрген жер.
Бітіміне  сүйсініп  хас береннің,
 — Ай, мынау, соқпағы екен басқа өлеңнің,  —
деп мәз боп қарт Алатау еміреніп,
Тасы да жырға айналды Қаскелеңнің.
Семейде жырың қанат жайып қалды...
Түркістан кеудеңдегі байытты әнді.
1. Қарақалпақстан, Өзбекстандағы қазақ жыраулары.

158
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Мұнаралар аспанға  жырыңды оқып,
Қолын бұлғап ақ ерке Жайық қалды.
Күркіреп бере қоймай жол шораға,
Ұстап ап, өлең оқып, көрші ағаға.
Өттің сен...
Іште кеткен жырларыңды,
Тыңдайды бұл күндері Сорша
2
 ғана...
...Жазу ғой (Алла жазса, қатал деме),
Бұйрықпен су түбіне батар кеме...
Жұлдыздарды жамылып қала бардың,
Кіндігің қаны тамған... жат өлкеде.
Кездерде аспанын бұлт-наза құшқан,
Естілердей етене саз алыстан.
Наурыздағы найзағай күркіресе,
Елеңдеп, сені іздейді Қазақстан.
Сен болып құйып өтсе, ақ жаңбырлар,
Дүркіреп,  гүлге толар тоғжан-қырлар.
Жүректерге от берер,
өзің, аға
Найзағайды қалам ғып жазған жырлар.
Құйрықты жұлдыз болып түстің де ағып,
Талайдың кеудесіне ұшқын дарып...
Жарқ ете қалған сенде арман бар ма?
Өткендер қанша бізде бықсып жанып...
2. Төлеген аға жатқан қорым

159
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ІІІ. ТӨЛЕГЕННІҢ АУЫЛЫ
«Бас зеңіді,  —  деймісің — денем ауыр...»,
Бір серпіліп қайтпаймыз, неге, бауыр?!
Анау қырдың астында бір ауыл бар,
«Төлегеннің ауылы»  — деген ауыл.
Бұл ауыл — жеткен ауыл Хаққа өлеңі,
Үйіне кісі келсе, Бақ көреді.
«Қыз қуатын жігітке ат береді,
Жанам деген жүрекке от береді».
Қиял қосар ауыл бұл, қиялыңа,
Пайдаң болып шығады зияны да.
(Неге сонша қарайсың жан-жағыңа,
Бұл ауылда кіл жастар тұрады, иә...)
Ауылдың патшасы — Жыр, басқасы — құл,
Көктегі Нұр суарар бақшасы —  гүл.
Ақан келсе, жайылып жастық болар,
Батырашты қондырмас қастасы  — бұл.
Беретұғын жастықтың базарына әр,
Ән-күйі бар, өлең-жыр, ғазалы бар.
Бірін-бірі аяқтан тартатұғын,
Үлкендердің «дертінен» таза бұлар.
Жігіті бұл ауылдың  — дөненшығар,
«Қонақкәде» —  деп сізден өлең сұрар.
Қой асығы...» —  деп оны қомсынбаңыз,
Мүмкін, ол  —  әлдеқайда терең шығар...

160
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Қыздары бұл ауылдың  — ай маңдайлы,
Жыр тыңдамай көңілі жайланбайды.
Ұрдажық, көкірегінің сәулесі жоқ,
Жігіттің қазығына байланбайды.
Жағасында ду болар айнамкөлдің,
Мінезі де көрінер  «майданда» ердің...
 — Ай, мынауың қайтеді...  — деп қалдың-ау,
...Тентегі жоқ ауылды қайдан көрдің?
Ай туды. Сен де ақсүйек лақтырғайсың,
— Қайтайық,  —  десем, тіпті, жақтырмайсың.
...Жүрегің сәл қарайып баратқанда,
Аулына Төлегеннің кеп тұрғайсың.

161
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
*  *  *
Біздің ауыл сұрасаң, Қоңыратта,
Өліп-өшіп қайтейін, сені мақтап.
Бар сырым тұр көзімде.
Сенбейсің бе?
Саған деген бәрібір көңіл аппақ.
Жансусарым,
жарығым,
маңдайлы әнім,
Сен деп жидым сөзімнің балқаймағын.
Көз алдымнан сылаңдап күнде өтесің,
Маған бұйырғаны тек таңдай қағу.
Жамалыңнан жап-жарық нұр еседі,
(Шыдамсыздың тағатын түгеседі).
Күн-көзіңнен бір ұшқын жалт еткенде,
Жүрегімде әп-сәтте гүл өседі.
Түрің жоқ қой, құрбыңның халін білер,
Сорым күлер немесе бағым күлер.
Қос ішегін домбыра-жүрегімнің,
Кірпігіңмен, қалқатай, қағып жібер.

162
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
АУЫЛҒА  ХАТ
АУЫЛҒА  ХАТ
АУЫЛҒА  ХАТ
АУЫЛҒА  ХАТ
АУЫЛҒА  ХАТ
Ай, Күнге ұлын балаған,
Арманы биік, еңселі,
Жанымның нұры — жан анам,
Сағынып жүрмін, мен сені!
Шалыңның жүзін жібітіп,
Бар істі жайғап ақылмен.
Күндердің көзін жылытып,
Аналық махаббатыңмен.
Ұл жайлы сөзді тірілткен,
Танытып елге оң қабақ.
«Кеп қалар», деген үмітпен,
Жүрсің бе күнде жол қарап?
Шақырып алдан сан арман,
Алыстап кеткен құсың ем.
Өмір боп сенен жаралғам,
Өмірді жалғау үшін мен.
Бесігін Ардың тербедің,
Сананың көзін жарық қып.
Жұтаңдау, жарлы дүниені,
Қанағатыңмен қарық қып.
Талайсыз мұңға бағынбай,
Жылдарға жазған әз үнін.

163
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Мейірімнің жылғаларындай,
Маңдайыңдағы әжімің.
Киесі қолдап даланың,
Жер басып жүрсе өлеңім.
Жаныңның нұрлы жамалын,
Жыр қылып өтсем деп едім.
Сол арман жанға от берер,
Темірқазық қып алғам шын.
Мұратқа мені жеткерер,
Жолдарда барлық сен барсың.

Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет