Баяндама тақырыбы: «бастауыш сынып оқушыларына шет тілін оқыту барысында оқУ ҚҰралдарының РӨЛІ» Білім бағдарламасы 6В01709 «шет тілі: екі шет тілі» Орындаған: Э. Солтанбек Ғылыми жетекшісі: Ф. А. Батаева, ф



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі183,99 Kb.
#128934
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Солтанбек Эльмира баяндама


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Аударма ісі және шет тілі кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»


Кафедра меңгерушісі
______________п.ғ.к.,Н.С.Жумагулова
«____» _________ 2023 ж.

БАЯНДАМА
Тақырыбы: «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РӨЛІ»

Білім бағдарламасы 6В01709 - «ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ»

Орындаған: Э. Солтанбек
Ғылыми жетекшісі: Ф. А. Батаева, ф.ғ.к., доцент

Көкшетау, 2023


Баяндама
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Бастауыш сынып оқушыларына шет тілін оқыту барысында оқу құралдарының рөлі» болып табылады. Дипломдық жұмыстағы мақсатым:: бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жалпы педагогикалық және нақты әдістері мен құралдарын анықтау және құрылымдау. Міндеттеріме тоқталатын болсам, менде негізгі 3 міндет бар. Олар:
1.Оқыту құралдарының жалпы сипаттамасын беру;
2.Бастауыш сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен әдістерін анықтау;
3.Бастауыш сынып оқушыларына шет тілін оқыту құралдарының қолдану бойынша тәжірибелік – іздеу жұмысын жүргізу.
Зерттеу жұмысы барысында көптеген зерттеушілердің еңбектері қаралды. Атап айтар болсам Китайгородская Г.А , Комков И.Ф , Галльская Н.Д , М. Н. Скаткин , Ушинский К. Д, Амандықова Г.Н, Қасенова Д.А және тағы да басқа ғалымдар.
Қазіргі таңда шет тілі қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасау және тану құралдарының бірі ретінде өзінің әлеуметтік, танымдық және дамытушылық қызметтеріне байланысты қазіргі білім беру жүйесінде ерекше орын алады.
Әрбір оқыту әдісі мұғалімнің оқу жұмысын, жаңа материалды таныстыру, түсіндіру және оқушылардың белсенді оқу – танымдық әрекетін ұйымдастыруды қамтиды. Яғни, мұғалім бір жағынан материалды өзі түсіндірсе, екінші жағынан оқушылардың оқу-танымдық іс – әрекетін ынталандыруға ұмтылады, атап айтар болсам ойлауға, өз бетімен қорытынды жасауға және өз пікірін білдіруге жетелейді.
Ал оқыту құралдары – бұл адам жасаған объектілер, сондай – ақ білім беру процесінде оқу ақпаратын тасымалдаушы және мұғалім мен білім алушылардың іс-әрекетінің құралы ретінде қолданылады. Оқыту құралдары білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі және кез келген білім беру мекемесінің оқу – материалдық базасының элементі болып табылады.
Енді оқыту құралдарын топқа бөліп көрейік. Мен негізгі 4 топқа бөлдім.

  1. Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша.

  2. Оқушыға немесе мұғалімге арналған.

  3. Ақпаратты қабылдау түріне байланысты есту, көру, көріп есту.

  4. Техниканы пайдалануына байланысты техникалық немесе техникалық емес.

Негізгі оқыту құралына: оқулық,мұғалімге арналған оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда техникалық оқыту құралдары өте қажет. Мысалы, 3 және 4 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен бірге дыбыстық жазба да бар.
Қосымша оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады. Сонымен катар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша құрал болып есептеледі.
3-сыныптадағы негізгі құралдарга - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, дыбыстық жазбалар. дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта- бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, көрнекілік жинағы. көрнекілік құралдар: суреттер, грамматикалық таблицалар және т.б жатады.5-сыныпта бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинка. көрнекіліктер жатады.
Бағдарлама- бұл мұғалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін ұқыпты оқып оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуіне көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тілді оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдістемесі де өзгеруі тиіс. Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың тақырыптары және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
Екінші маңызды құрал мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын беретін кұрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуі тиіс. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралмен жұмыс жасайтындығын анықталынып алады. Құралдардың керегін таңдап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс. Содан кейін мұғалім кітаптың түгел мазмұнымен түгел танысыуы керек. Онда әр тоқсандағы жоспар құрады. Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі оны толықтырып, сынып оқушыларының ерекшелігі мен кабілетін ескеріп, жоспар жасау.
Оқулық - ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу- әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. Әр сабақтың құрылымы сейлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту ересек оқушыларды оқытуға қарағанда оңай жұмыс емес. Сол себепті бастауыш сынып оқушылары үшін ойын таптырмас әдіс болып табылады. Ойын- ұйымдастыру тәртібі мен сабақ өткізудің әдістемесі болып саналады. Сол арқылы балалар белгілі бір ағылшын лексикасының қорын жинақтайды, көптеген тақпақтар, әндер мен санауларды жаттайды. Осындай сабақтарды өткізу сейлеу дағдысы мен тіл икемділіктерін меңгергенде қолайлы жағдай тудырады. Шет тілін оқытудағы ойын оқу әрекетіне қарсыласпайды, оның өзіндік байланысы бар.
Тәжірибелік-іздеу жұмысы барысында оқушылармен жұмыс бастамас бұрын оқушылардың пәнге деген қызығушылығы қандай екенін білу мақсатында сауалнама өткіздім.
Төменде мен дайындаған сауалнаманың үлгісі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет