Баяндамаңызды жоспарламас бұрын өз-өзіңізге қандай сұрақ қоюыңыз керек?



Дата15.11.2023
өлшемі7,07 Mb.
#122418

  1. Баяндамаңызды жоспарламас бұрын өз-өзіңізге қандай сұрақ қоюыңыз керек?

  1. Тыңдаушыларыңыз кімдер?

  2. Слайд қолданамын ба?

  3. Сөзімді қалай бастаймын?

  4. Олар не біледі?

  5. Әзілден бастасам қайтеді?

  6. Қандай артықшылығыңыз бар?

  7. Сіздің баяндамаңыздың контексті қандай?

  8. Қандай киім кигенім жөн?



  1. Баяндаманың көлемі қаншалық болу керек?

  1. 2-5 минут

  2. 5-12 минут

  3. 20-30 минут

  4. 1 сағат



  1. Сөйлер сөзіңізді жоспарлауды бірқалыпты процесс деуге болады. Тақырыпты зерттеңіз, жазыңыз, оқып жаттығыңыз. Содан кейін ғана аудитория алдына шығыңыз.

  1. Қате

  2. Дұрыc



  1. Мына мақсаты толыққанды емес баяндамаға көз салыңызшы.

Сиэтл аудандары туралы ақпараттық баяндамамда мен:

  • бұл аудандардың қалай пайда болғаны туралы айтамын. әр ауданның ерекшелігін.

  • Сиэтлдегі ағаш дайындау өнеркісібінің тарихы мен оның аудандарды дамытудағы рөлі туралы айтқым келеді.

Бұл мақсаттардың негізгі проблемасы – сабақ кезінде атап өткеніміздей, олар ________нәтижесіне көңіл БӨЛМЕЙДІ.

  1. Аудитория

  2. Күрделі

  3. Спикер

  4. Тақырып



  1. Жанко – кітапханашы. Ол қарттар үйінде кітапханадағы жаңа қызмет түрі жөнінде 5 минуттық баяндама оқуы керек. Бұған дейін бірнеше рет осындай баяндама оқыса да, презентациям жақсы болды деп ойлап көрмепті. Жанко қарттар үйіндегі тұрғындардың көпшілігі жергілікті кітапханаға өз бетімен бара алмайтындықтан, онлайн материал көрсеткісі келеді. Қолданушылар ұсынылатын түрлі қызмет түріне байланысты кітапхананың веб-порталын жақсы көреді. Аталған оқырмандар оқырман куәлігі бола тұра, онлайн материалдарды ұната бермейді. Алайда Жанко қарттар үйі тұрғындарының көпшілігіне веб-бетті қалай пайдалануға болатынын үйреткен. Қарттарға ұнаған, тұрақты қолдана бастаған. Тұрғындардың кітапхананың веб-бетін көп пайдалануы үшін Жанко көмектесуден тартынбайды.

Берілген үш нұсқаның қайсысын Жанко баяндамасының негізгі мақсаты деуге болады?

  1. Кітапхананың онлайн қызметіне қанағаттану.

  2. Онлайн резерв (оқырман куәлігі барларға тегін) пен тегін оқу материалы (оқырман куәлігі бар және жоқ адамдарға да тегін) ара-жігін айыра білу.

  3. Кітапты онлайн шолып үйрену.

  4. Кітаптарды ротациялаудың (шағын кітапханалардағы бір жерге қойылған бірнеше кітап) ауқымды кітап қоры сақталған кітапхана жүйесіне (бір жерге көп кітап қойылған) қарағанда анағұрлым жақсы екенін екенін түсіндіру.

  5. Кітапты онлайн іздеу мен ескі, карточка катологы жүйесі арасындағы айырмашылықты айтып беру.

  6. “Көпшілікке арналған іс-әрекет” бетіне бағдарлану

  1. Баяндамаңыздың дайындық нұсқасына бөлінген уақыт баяндаманың өзіне бөлінетін уақыттан ___________ болуы керек.



  1. Ұзақ

  2. Қысқаша



  1. Хорхе өзінің маркетинг фирмасына қарасты клиенттерді классификациялаудың жаңа жүйесін ойлап тапты. “Ерте тұрғанның ырысы артық” деген тәмсілге сүйенетін ескі жүйенің орнына клиентті департамент және кеңесшімен байланыстыратын бірнеше көрсеткіші бар жаңа жүйе ойлап тапты. Бірқатар сұрақтар мен категориялардан тұратын бұл жүйе клиентті қажет адаммен тез байланыстыра қояды. Жүйе – әрине, инновация, алайда өте қарапайым.

Жүйенің артықшылығы анықталған соң, кеңседегілер оны енгізе бастады. Ескі жүйе мәселелерін жақсы білетін кеңседегілер жаңа жүйе туралы естігенде қатты қуанды. Дегенмен көпшілігі жаңа жүйенің қалай жұмыс істейтінін білмейді. Осыған байланысты кеңседегілердің бәрі қатысатын келесі жиналыста Хорхе жүйе туралы 10 минуттық баяндама жасауға тиіс. Оның жағдайды ескеріп, уақытын қалай тиімді қолданғаны жөн?

  1. Адамдарға классификациялауға арналған жаңа жүйені қалай қолдану керегін үйрету.

  2. Классификациялауға арналған жаңа жүйе неге қажет екенін айтып беру керек.

  3. Жаңа классификалау жүйесінің пайдасын талқылау.



  1. Баяндама мақсатының қандай негізгі үш түрін талқыладық?

  1. Этос

  2. Қызуғушылық

  3. Қабілет

  4. Сенім

  5. Дағды

  6. Тартымдылық

  7. Мазмұн

  8. Көзқарас



  1. Баяндама мақсатын жазуға арналған талқыға сүйеніп, төменгі мақсаттардың қайсысын ең жақсысы дер едіңіз?

  1. Қашықтан оқыту тарихы туралы презентациямда мен аудиторияның:

  • Поштамен тапсырыс беру тақырыбының Америка жоғары білім саласына ықпалын түсінгенін

  • Қашықтан оқу туралы пайымдарын зерделегенін

  • МООК-тың артықшылығы мен кемшілігі туралы айта білгенін қалаймын.

  1. Қашықтан оқыту тарихы туралы презентациямда мен аудиторияның:

  • Пошта арқылы тапсырыс беру тақырыбының Америка оқулық шығару өндірісіне ықпалын түсіндіріп бергенін

  • Кешкі сабақтар мемлекеттік университеттердің миссиясын қалай өзгерткенін тізімдеңіз

  • MOOК жеткізушілерін олардың миссиясына сәйкес ажыратыңыз

  1. Қашықтан оқыту тарихы туралы презентациямда мен аудиторияның:

  • Қашықтықтан оқыту американдық жоғары білімге қалай әсер еткенін сипаттаңыз

  • Олар онлайн курсқа қалай жазылуды білетіндерін сезінеді

  • Білім берудің өзгеретін сипатын сезініңіз



  1. Мына мақсаты толыққанды емес баяндамаға көз салыңызшы.

Сиэтл аудандары туралы ақпараттық баяндамамда мен:

  • бұл аудандардың қалай пайда болғаны туралы айтамын. әр ауданның ерекшелігін.

  • Сиэтлдегі ағаш дайындау өнеркісібінің тарихы мен оның аудандарды дамытудағы рөлі туралы айтқым келеді.

Бұл мақсаттардың негізгі проблемасы – сабақ кезінде атап өткеніміздей, олар ________нәтижесіне көңіл БӨЛМЕЙДІ.

  1. Аудитория

  2. Күрделі

  3. Спикер

  4. Тақырып



  1. Қорытындыда не туралы жазғымыз келеді?

  1. Негізгі идеяны қайта шолып шығыңыз

  2. Қорытындыңыз нақты болсын

  3. Алғыс айтыңыз

  4. Негізгі мәселелерді қайта қарап шығыңыз

  5. Барлық бөлімшеге қысқаша тоқталып, шолып шығыңыз



  1. Ақпараттық баяндамада біз тақырыпты баяндаманың басында анықтап кетуге тырысамыз.

  1. Жоқ, бұл құпия сырды ашады

  2. Иә, бұл контексті қамтамасыз ете алады



  1. The New York Times деректеріне сүйенсек, жазылған студенттердің 10%-ға жетер-жетпесі ғана МООК-ты аяқтайды екен.

Бұл қандай дерек?

  1. Куәлік

  2. Метафора

  3. Мысал

  4. Статистика



  1. Идрис онлайн оқытуда қазіргі өзгерістер туралы айтып отыр. “Онлайн курс провайдерлеріндегі өзгерістер” деп аталатын негізгі бөлімде “МООК модульдік сипатқа ие болуда” деп аталатын кішкентай бөлімше бар. Бұл бөлімше мазмұны таяуда жарық көрген зерттеу мақаласы деректеріне сүйенеді. Мақаланың қысқаша мазмұнын төменде бердік.

Kizilcec, R., & Schneider, E.(2015). Motivation as a Lens to Understand Online Learners:
Toward Data-Driven Design with the OLEI Scale. ACM Transactions on Computer-Human
Interaction (TOCHI), 22(2), 1-24.
Қысқаша мазмұны:Онлайн оқытудың ашық платформасы құрылымдық курстарда оқудың түрлі тәсілін қолданатын, мотивациясы әртүрлі тыңдаушыларға өте қызық. Білім алушылардың мотивациясын жүйелі сипаттап беру үшін “Онлайн білім беру курсына жазылу интенциясы (OLEI)” деп аталатын шкала дайындадық. 13 бөлімнен тұратын бұл сауалнамада білім алушылардың көзқарасын білдіретін ашық сұрақтар берілген.
Білім алушылардың мотивациясы әр курста әртүрлі болғанына қарамастан, әр мотивация білім алушылардың негізгі бихевиористік мінез-құлқын аңғартатынын байқадық. Мотивациялық және бихевиористік мінез-құлық үлгілерін зерделей отырып, білім алушылардың жаңа адаммен танысу, ағылшын тілін үйрену сияқты курстарға жазылу арқылы қажетін өтегісі келетінін түсінеміз.
Бұл қажеттілікке жауап беру үшін біз нақты бір курсқа қатысы жоқ виртуал әлеуметтік кеңістік, жергілікті білім алушыларға жан-жақты қолдау көрсету, мүмкіндіктерін арттыру және курс мазмұнын құрастыруды модуляризациялау сияқты түрлі дизайн бағытын алға тартамыз.
Олай болса, мотивация білім алушылардың қажетін өтеу үшін онлайн білім алушылар қажетін анықтауға, онлайн курстар құрастыруға септеседі.
Төмендегілердің қайсысы мақаланың “МООК модульдік сипатқа ие болуда” деген бөлімін жақсы қорытындылап бере алады?

  1. МООК модульдік сипатқа ие болуда. Модульдік бақылау көп болған сайын білім алушының қанағаттануы да арта түседі. Стэнфорд университетінің зерттеушілері Рене Кизилцек пен Эмили Шнайдер 14 онлайн курсқа қатысқан 70 білім алушыны зерттеп көрді. Олар қандай нәтижеге қол жеткізді дейсіз ғой? Мотивация мінез-құлыққа тікелей әсер етеді екен.“Білім алушылардың мотивациялық және бихевиористік мінез-құлық үлгілеріне сүйене отырып, жаңа адаммен танысу, ағылшын тілін үйрену сияқты курстарға жазылу арқылы түрлі қажетін өтегісі келетінін түсінеміз. Олар виртуалды кеңістік жасау сияқты онлайн курсқа арналған бірқатар ұсынысты алға тартады. Соның бірі - онлайн курс аясында адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа ене алатын жерлерді бірнеше бөлікке бөлу. Адамдар талқылау форумына мысалы түрлі себепке байланысты барады. Онлайн курс кезінде түрлі әлеуметтік қарым-қатынас жасау адамдардың мотивациясының да түрлі екенін білдіреді. Олар сондай-ақ курсқа бірге келген адамдарға онлайн қолдау көрсету керегін де баса айтады. SДемек, клубтар немесе бизнес өкілі бір уақытта бір курсқа жазылып, курсты бірге өте алады. Онлайн курстар бұған көмектеседі, топтағылардың өз орнын табуына, курс барысында басқалармен тез тіл табысып кетуіне жағдай жасайды. TОлар сондай-ақ түрлі контентті ұйымдастыра білу үшін модуляризацияны көбейтуге шақырады. Яғни, бір ғана, 1 сабақтан кейін 2 сабақ дегеннің орнына, осылай түрлі тәсіл қолданады. Олар сабақ беруде түрлі тәсілге жүгінген жөн деп есептейді. Білім алушылар онлайн сабақтарға түрлі себепке байланысты келетіндіктен, МООК модульдік болу керек.

  2. МООК модульдік сипатқа ие болуда. Стэнфорд университеті зерттеушілері 14 онлайн курсқа қатысқан 70 білім алушыны зерттеп көрді. Олар қандай нәтижеге қол жеткізді дейсіз ғой? Мотивация мінез-құлыққа тікелей әсер етеді екен. Зерттеу онлайн курс түрлі мотивацияға жол ашады деген қорытындыға келіпті. Пән модульдік сипатта болуына көңіл бөліңіз. Зерттеушілер, мысалы, мотивациясына қарай түрлі қолданушы түрлі курсты түрліше қолдануы үшін, оны бірнеше бөлікке бөлуді ұсынады. Білім алушылар оны қажетіне қарай рет-ретімен, тақырыпқа сай ұйымдастыра білуі керек.

Модульдік бақылауға деген қажеттілік МООК-тың модульдік сипатта болуын талап етеді.

  1. МООК модульдік сипатқа ие болуда. Басқаша айтсақ, олар курсты ұйымдастырудың бірыңғай стандарт жүйесінен шығады. Басынан аяғына дейін бір ғана бағыт емес.

Керісінше, білім алушылар түрлі тәсілмен жұмыс істей білуі үшін пәнді бірнеше модульге бөлеміз.
Әдетте білім алушылар қажетін өтеу үшін пәнді қалайша қажетіне жарату керегін жақсы біледі.Стэнфорд университетіндегі зерттеушілер 14 онлайн курсқа қатысқан 70 білім алушыны зерттеп көрген. Нәтижеге қандай болған дейсіз ғой?
Мотивация мінез-құлыққа тікелей әсер етеді екен. Жаңа адаммен танысу үшін курсқа жазылған болсаңыз, пікірталас форумына да көбірек атсалысасыз. Сізге сертификат керек болса, көбірек видео көріп, тапсырма орындар едіңіз.Олар онлайн курстар әртүрлі мотивацияның пайда болуына септеседі деген қорытындыға келіпті.
Тақырыптың модульдік сипатта болуы – осы нәтижеге жетудің бір тәсілі. Зерттеушілер оны бірнеше бөлікке бөлуді ұсынады. Себебі қолданушылар мотивациясына байланысты әртүрлі курсқа әртүрлі мақсатпен қатысуы мүмкін. Яғни материалдың бірізділігінің, 1 сабақтан кейін 2 сабақ дегеннің орнына.
Олар сабақ беруде түрлі тәсіл пайдаланған жөн деп есептейді. Курсты енді бастаған адам материалды рет-ретімен меңгергенді қалайтын шығар. Ал курсты бұрын бастаған адам курсты анықтамалық нұсқаулық ретінде қажет етуі мүмкін. Демек, курсқа енді келген адам оны қажетіне қарай рет-ретімен, тақырыпқа сай ұйымдастыра білуі керек. Модульдік бақылауға деген қажеттілік МООК-тың модульдік сипатта болуын талап етеді.


  1. Александр университеттің қабылдау комиссиясында тоқсандық жүйе бойынша жұмыс істейтіндіктен, болашақ студенттерге (олардың ата-аналарына да) АҚШ тоқсандық және семестрлік жүйелері арасындағы айырмашылықты үнемі түсіндірумен болады.

АҚШ мектептерінің шамамен 60%-ы семестрлік жүйе бойынша жұмыс істесе (15 апта), 20%-ы тоқсандық жүйе (10 апта) бойынша жұмыс істейді. Александрға келетін аудиторияның көбі семестр дегеннің не екенін білсе, тоқсандық жүйені білетіндер аз.
Осындай баяндамаларының бірінде ол әр жүйеде студенттер қанша сабаққа баратынын, күн тәртібі қалай екенін және түрлі кредиттік жүйені түсіндіріп береді.
Кішкентай бөлімдерінің бірінде ол айырмашылыққа қарамастан, бір сабақты өткізуге жұмсалатын уақыт шамасы бірдей екенін түсіндіруге тырысады. Бұны төмендегі талқылаудың қайсысы жақсы түсіндіріп бере алады?

  1. Тоқсанда да, семестрде де сабақ өтетін уақыт бірдей. Бұл таңқаларалықтай көрінуі мүмкін. Тоқсандық жүйені бастаған кезде мен де таң қалған болатынмын. Алайда мәселе минутта. Әр сабақ пен пәнге қанша минут жұмсайсыз? Семестрлік жүйеде бір сабақ аптасына екі рет, 75 минут немесе аптасына үш рет 50 минуттан өтеді. Бір семестрдегі 15 аптаға көбейтсек, барлығы 2250 минут немесе 37 жарым сағат болады. Тоқсандық жүйеде бір сабақ аптасына екі рет, 110 минут немесе дүйсенбіден жұмаға дейін 50 минуттан өтеді. Бір тоқсандағы 10 аптаға көбейтсек, барлығы 2200 минут немесе 36 жарым сағат болады. Семестрлік жүйеде де, тоқсандық жүйеде де сабақ уақыты бірдей.

  2. Айырмашылықтарға қарамастан, бір тоқсан мен семестрге жұмсалатын уақыт көлемі бірдей. Яғни Индиана университетінде (семестрлік жүйе) де, Вашингтон университетінде де (тоқсандық жүйе) Статистикаға кіріспе пәніне бөлінетін сағат саны бірдей. Ол қалай? Сіз Индиана университетінде оқисыз деп көрелік.

Статистика пәніне жазыласыз. Ол сейсенбі және бейсенбі күндері күніне бір сағат 15 минут, яғни 75 минут өткізіледі. You do that for 15 weeks. Осылайша 15 апта жалғасады. Семестр жүйесі: Аудиториялық 37 сағат. Енді Вашингтон унисерситетіне келсек.
Тура осы пәнге жазыласыз. Ол да сейсенбі және бейсенбі күндері болады. Бірақ пән ұзақтығы күніне 100 минут, яғни бір сағат отыз минут.Осылайша барлығы 10 апта, 36 аудиториялық сағат.
Тоқсанық жүйе: Аудиториялық 36 сағат. Семестрлік жүйеге қарағанда бұл пәнге сіз бір сағат кем жұмсайсыз. Екі сабақта да өтетін материал бірдей. Біреуі аз уақыт жұмсағанымен, көбірек апта өтеді. Келесісі көп уақыт жұмсаса да, аз апта өтеді. Семестрлік жүйеде де, тоқсандық жүйеде де сабақ уақыты бірдей.

  1. Тоқсанда да, семестрде де сабаққа бөлінетін уақыт саны бірдей. Бұл мен үшін таңданарлық жай. Университетке алғаш келген кезде мен семестрлік жүйемен 10 жыл бойы жұмыс істеген болатынмын. Басында бір қалыпқа түсе алмадым. Олар бір-біріне мүлде ұқсамайды. Олардың айырмашылығын есептеп, түсінгеннен кейін, тоқсандық жүйені жақсы көріп кеттім. Мені шатастырғаны - сабаққа бөлінетін уақыттың бірдей екендігі. Сабақ күнде бола ма, жоқ па дегенге қарай ол өзгеріп тұрғанымен, жалпы сабаққа бөлінетін уақыт өте ұқсас еді. Мемлекеттік мейрамдар да оларға әсер етпейді. Негізі кей мейрам тоқсанға дөп келеді. Яғни бұл күні сабақ болмайды. Семестрлік жүйеде сіз бір аптаны көктемгі каникул сияқты каникулдарға кетіресіз. Тоқсандық жүйедегі ең ұзақ демалыс - Алғыс айту күні. Оның өзі екі күнге ғана созылады. Демек, көктемгі каникул сияқты нәрселер түрлі тоқсан арасындағы үзіліске айналады. Сабаққа бөлінетін уақыт өзгеше сияқты көрінгенімен, олар ұқсас.



  1. Аника конференцияға қатысушыларға онлайн оқыту туралы 15 минуттық баяндама оқып жатыр. Конференцияда білім беру саласындағы технологиялар туралы да бірқатар мәселе көтеріледі. Демек, оның аудиториясы онлайн оқыту туралы білгенімен, оларды сарапшы деуге келмейді. Ол аудитория оның зерттеуін түсіндіріп бергенін қалайды. Ең бастысы, ол аудиторияның онлайн сабақты жақсы өткізу үшін қандай ұсынысқа иек арту керегін білгенін қалайды.

Ол төмендегі жоспардың қайсысын қолданғаны жөн?

  1. outline 3

  2. outline 4

  3. outline 1



  1. outline 2



  1. Кейси Канаданың кірісі төмен ауылдарындағы кәсіпкерлік пен түрлі жобаларды қаржыландыратын Harrison Foundation деп аталатын коммерциялық емес ұйымда қаржы бөлімінің директоры. Ол қордың директорлар кеңесіне соңғы төрт айға қатысты есеп беруі керек. Бұл кезде олар жаңа бағдарлама енгізген болатын. Бүгін барлығы да жаңа деректі бірінші рет естиін деп отыр. Кейси жоспарына сай үш маңызды мәселені көтереді.

  1. Қордын инвестициялық портфелінің тиімділігі туралы соңғы ақпарат.

  2. Қордың қолданыстағы үш жобасы туралы соңғы жаңалықтар.

  3. Қордың жаңа тікелей инвестиция бағдарламасына қатысты алғашқы дерек.

Айтылғандарды ескерсек, үш кіріспенің қайсысы жақсы?

  1. Бастайық. Портфеліміз былтыры жақсы нәтиже көрсеткенін білетін боларсыздар. Бұл мәселеге көп көңіл бөле алмағандықтан, біз қатты қуаныштымыз.Жолымыз болған сияқты. Біз ұйым миссиясына сай қаржыны басқару ісімен айналысатындықтан, қызметкерлеріміздің көбінде фидуциарлық тәжірибесі бар екенін де айта кеткен жөн. Ол мысалы өнер саласы сияқты көптеген коммерциялық емес ұйымдарда жоқ. Олар тақырыптық саладан қызметкер тартады да, портфельді басқаруға келгенде не істерін білмей аласұрады. Олай болса, сандарға көз салайықшы.

  2. Директорлар кеңесінің мені шақырғанына қуаныштымын. Қаржы тұрғысынан алып қарасақ, өткен айлар жаман болған жоқ. Өздеріңізге мәлім, өткен айда Canadian Living газетінде қор туралы керемет мақала жарық көрді. Оның мұқабасы менің бүгінгі мәселеммен тікелей байланысты. Қаржыландыру Ньюфаундленд пен Лабрадорда қызықты да үлкен жоба бастауға жол ашып отыр. Шындығында, Ньюфаундлендтегі негізгі жобамызға Bill and Melinda Gates Foundation қосымша бір миллион доллар бөлді. Харрисон үшін бұл өте жақсы жыл болды. Олай болса, бүгін мен сіздерге инвестициялық портфельдің бүгінгі жайы туралы айтып бергім келеді. Содан кейін бұрыннан келе жатқан үш жобамыз туралы айтамыз. Олардың бүгінгі жай-күйі туралы айта кетем. Соңында жаңа мәселелер туралы айтып берем. Сіздерге басқа агенттіктерге барып жүрместен, кәсіпкерлермен тікелей жұмыс жасайтын жаңа тікелей инвестициялық бағдарлама туралы айтып бергім келеді.

  3. Harrison Foundation-нің басты миссиясы - ауылдық жерде тұратын кірісі төмен канадалықтар ауданын көркейте алуы үшін кәсіпкерлікпен айналысуы мүмкіндігін ұсыну. Біз бұл іспен 35 жыл бойы айналысып келеміз. Тоқтап қалайық деген ниетіміз жоқ. Менің мұнда келген себебім де қордың миссиясымен байланысты. Менің мұнда келген себебім де қордың миссиясымен байланысты. Қалай болғанда да біз бүгін Harrison Foundation-нің қаржы жағдайы туралы сөйлесеміз. Бас қаржы директоры ретінде мен бухгалтерлік есеп-қисапты ойлап, түнімен көз ілмеймін. Қаржы жағдайымызды түземей біз Канаданың ауылдық жерін көркейтуге көмектесе алмаймыз. Сол үшін инвестициялық портфель соңғы бірнеше жылда қандай жағдайда болғанын біліп алуымыз керек.

  1. Слайд туралы ойластырған кезде бірінші сұрақ қандай болуы керек?

  1. Маған слайд керек пе?

  2. Презентациядағы слайдтың аудиторияға тарататын слайдтан айырмашылығы қандай?

  3. Қанша слайд болғаны дұрыс?

  4. Слайдта жазып алуды қажет ететін ақпарат бола ма әлде ол жай көрсету үшін ғана ма?

  1. Жанаки мектеп ұжымына оқуға түскен бала саны туралы мәлімет беріп жатыр. Ол соңғы бірнеше жылда оқуға түскен бала саны тұрақты өсіп келе жатқанын көрсету үшін слайд қолданады. Жалпы, соңғы үш жылда мектептегі бала саны 25%-ға артыпты. Қарапайымдық, мәтін, суреттер туралы талқылауымызды ескергенде, оның қандай слайд қолданғаны дұрыс?













  1. Мұндай құранды суреттерді.

  1. Суретті төменнең жоғары-ға қарай орналастырыңыз.

  2. Суретті жоғарыдан төменге қарай орналастырыңыз.

  3. Бірнеше слайдқа бөліп берген абзал.



  1. “Дәйек – дәлел” слайдында сіз ___________.

  1. Мәтінмен дәйек беріп, мәтінмен дәйекті дәлелдеп бекіте түсіңіз.

  2. Мәтінмен дәйек беріп, мәтінмен дәйекті дәлелдеп бекіте түсіңіз.

  3. Біз есте қаларлықтай ақпарат беріп, ақпаратымызды бекітіп нақтылау үшін сурет қолданамыз.

  4. Ақпарат дәйегін мәтінмен дәлелдеп бекіте түсіңіз.



  1. Жессика қарапайым шатырмен салыстырғанда жасыл, экологиялық таза шатырдың қоршаған ортаға әсері туралы баяндама жасамақшы. Төмендегі слайдтардың қайсысы жасыл және қарапайым шатырлар арасындағы айырмашылықты нақты көрсетіп бере алады? Бұл жөнінде http://www.assertion-evidence.com/ сайтынан біле аласыздар.







(Суреттерді қолдану үшін http://www.assertion-evidence.com/ сайтының рұқсаты керек.)


  1. Phronesis деген не?

  1. Мәселеге сендіре білу қабілеті

  2. Қызығушылығыңызды көрсету

  3. Біліміңізді көрсету

  4. Ниетіңіздің ізгі екенін көрсету

  1. Сөйлер алдында микрофонды ұрып немесе үрлеп тексеріңіз.

  1. Дұрыс

  2. Қате



  1. Үнемі мінбердің артында тұрыңыз.

  1. Қате

  2. Дұрыс



  1. Этосты спикердің өзіне деген сенімінің

  1. Эмоция

  2. Логика

  3. Көрініс табуы деуге болады.

  4. Әзіл



  1. Этостың негізгі құрамдас бөлігі:

  1. білім, басымдық және ізгі ниет

  2. Логос, пафос және мифос

  3. Жақсы ілмек сөйлем, өзектілігі және бағыт-бағдар

  4. Шығармашылық, ұйымдастыру және стиль



  1. Жонатан 20 округтағы мемлекеттік мектептерге жауапты. Ол аудиторияға балалардың қай мектепке бара алатынын түсіндіріп беруі керек. Аудитория - қарапайым адамдардан құралған. Көбі оқушылардың ата-аналары. Көбі өздеріне тиесілі мектеп туралы білмейді. Концептіге берілген төменгі түсіндірмелердің қайсысы phronesis туралы талқылауға сай келеді?

  1. Басқа округтер сияқты 20 округтің те мектепке бару шекарасы бар. Бұл қай студент қай мектепке барады дегенді білдіреді. Мысалы, Rampart және Air Academy орта мектептерінің әрқайсысы 1300 оқушыдан қабылдай алады. Олай болса, бұл мектептегі бала саны шектен шығып кетпес үшін, балалар басқа қай мектепке бара алатынын атап көрсетуіміз керек. Яғни 2,000 - Air Academy-ге, тек 800 - Rampart-қа. Уақыт өте келе бұл сан сәл ғана өзгеруі мүмкін. Бұл қаланың бір ауданындағы бала саны шектен тыс көп болса ғана. Алайда, бұл шек қаншама жыл бойы еш өзгеріссіз қала береді.

  2. Мектепке бару шекарасы деген не? Бұл қай оқушы қай мектепке баратынын көрсететін шек. Қажет болса уақыт өте келе бұл шек өзгеруі мүмкін. Алайда, көбінде өзгере қоймайды.

  3. 10 және 200 күнгі сауалнамаға сүйене отырып қол жеткізген мектепке баратын оқушылардың ықтимал санына сәйкес 20 округ мектептері осы округтың кез келген оқушысын қабылдай алады. Қандай да бір мектепке қатысты өзгеріс енгізу үшін бірнеше жыл керек. Өйткені, оған дейінгі өсу шегіне қатысты қабылданған оқушылар мектепті бітіріп кетуі керек.



  1. Чинве конференцияға қатысып жатыр. Одан басқа спикерлер мінберге шығып, микрофон қолданды. Чинвеге мінбердің артында қатып қалмай, ары-бері қозғалып, аудиториямен қарым-қатынасқа шыққан ұнайды. Кабинет өте кішкене болғандықтан, аудитория дауысымды ести алады деп ойлайды. Конференцияны видеоға жазып, сосын ұйымның сайтына салады. Чинве не істегені жөн?

  1. Мінберден алыстап, аудиториямен сөйлесемін.

  2. Мінберге шығып, микрофон қолданғаны жөн.



  1. Төмендегілердің қайсысы ауызша баяндамаға сай келеді?











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет