Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет235/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   269
Сары  ұн  жегіш  (Placonotus testaceus F.) – таттың  түсіндей 

сары  кішкентай  ғана  қоңыз,  ұзындығы 1,5-2,5 мм,  мұрты  ұзын, 

жақсы  ұшады,  тартылған  дəндер  өнімдерінде,  көбінесе,  өңдеуші 

кəсіпорындарда  тіршілік  етеді.  Басқа  ұн  жегіштермен 

салыстырғанда  қолайсыз  төменгі  жəне  қолайлы  жоғарғы 

температураға  аса  сезімтал. 0

0

С  температурада  қоңыз 112 



тəулікке  дейін, – 5

0

С  температурада 32 тəулік  тіршілік  етеді. 



Өнімдерде  қоңыздар  топтарымен  бірге  жиналып  орналасады  да, 

дəндердің өздігінен қызуына себепші болады. 



Суринам  ұн  жегіші  (Oryzaephilus surinamensis L.)  кең 

тараған.  Табиғатта,  ағаш  қабығының  астында  кездеседі,  астық 




 

450


 

кəсіпорындарында,  қоймаларда  тіршілік  етеді  жəне  кондитер, 

макарон өндіретін мекеме орындарында кездесіп отырады. 

Денесінің ұзындығы 3,5 мм, пішіні жапырылған секілді, қара 

қоңыз  түсті,  мұрты  қысқа.  Қоңыздың  кеудесі  денесінің  өзге 

бөлігінен  бунақталып  бөлініп  тұрады,  үсті  бұдырмақ.  Алдыңғы 

кеуденің екі бүйірінде алтыдан тістер болады. Қоңыздар денесін 

түк басып жатады, ол оған жібек секілді рең береді. 

Ұрғашысы 800-ге  дейін  жұмыртқа  салады.  Суринам  ұн 

жегіші  үшін  қолайлы  температура 25-27

0

С.  Еліміздің  оңтүстік 



аудандарында  ол  жылына 4-5 ұрпақ,  орталық  аудандарда 2-3 

ұрпақ,  ал  жылу  беретін  орындарда  жетіге  дейін  ұрпақ  береді. 

Температура 16

0

С-тан  төмен  болса,  қоңыз  жетілмейді.  Ол  ұн, 



жарма,  кепкен  жеміс,  сондай-ақ  ұсатылған  жəне  дымқыл 

дəндермен қоректенеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет