«бедеулік кезіндегі репродуктивті технологиялар» элективі акушерия және гинекологиядан интернатура және резидентура кафедрасы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#6060

 

«БЕДЕУЛІК КЕЗІНДЕГІ 

РЕПРОДУКТИВТІ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР» элективі 

 

акушерия және гинекологиядан интернатура 

және резидентура кафедрасы 

*

Өзектілігі 

 

Бедеулік  отбасындағы   



Бедеулік  жоғары  мамандандырылған 

медициналық  көмекті,  соның  ішінде  қосымша  репродуктивті 

технологияларды талап ететін отбасындағы  әлеуметтік, физикалық және 

психикалық  саулықтың  мәселесі  екені  белгілі  (ҚРТ).  Соңғы  30  жыл 

ағымында  адам  репродукциясы  мәселесі  әлемдегі  барлық  тәжірибелік 

дәрігерлердің  басты  назарында  болып  отыр.  Бедеулік  көптеген 

әлеуметтік  факторларға  теріс  әсер  етіп,  солардың  ішінде  ажырасуларға, 

күйзелулерге, еңбектің өнімділігін төмендетуге, бедеулі некені емдеудегі 

анғұрлым  экономикалық  жоғалтуларға  алып  келеді.  Әлемде  бедеуліктің 

жиілігі 8 ден 29%-ға дейін. Қазақстанда 16-17% асады, бұл критикалық 

деңгей  деп  есептеледі.  Бұл  жыл  сайын  15-16  мың  отбасы  жұптарының 

бедеулікпен зардап шегетінің және олардың 30% қосымша репродуктивті 

технологияларды талап ететінін көрсетеді.  

 


*

Элективтің мақсаты: 

 

заманауи 

қосымша 

репродуктивті 

технологиялармен(ҚРТ)таныстыру, 

бедеулігі 

бар 

әйелдерді 

жүргізудің 

оптималды 

тактикасы 

және 

ҚРТ 

көрсеткіштерді  анықтау  үшін  бедеуліктің 

диагностикасына үйрету. 

*

Пәнді меңгерудің 

тапсырмалары: 

 

*

Бедеуліктің негізгі себептерін оқыту.  

*

Бедеулі жұпты тексеру алгоритмін меңгеру. 

*

Репродуктивті технологияның заманауи 



теориялық жағдайларымен таныстыру. 

*

Қосымша репродуктивті технологияларға 



көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді меңгеру.  

*

Нақты бір науқасты емдеу кезінде жеке қарау 



жолын қамтамасыз ету үшін білім мен ептілік 

интеграциялары бойынша дағдыларды дамыту 

*

Оқытудың регламенті: 

 

*

Оқыту 2 аптаны құрайды – 90 сағат. Жұмыс 



аптасы 45 академиялық сағаттан тұрады(1 

академиялық сағат - 50 мин.). 

*

- 60  сағат оқытушының басшылығымен,  

*

- 30 сағат (оқу уақытында өзіндік жұмыс),  

*

Дәрігер-интерннің жұмыс уақытының 



ұзақтығы 08.00 ден 17.00 дейін (8 

астрономиялық немесе 9 академиялық 

сағат)  

*

Түскі үзіліс 13.00 ден 14.00 дейін.  

 


*

Оқытудың түрлері: 

 

*

Оқытушының 



басшылығымен 

жұмыс.   

*

Оқу  уақытында  интерннің  өзіндік 



дәрігерлік жұмысы.   

*

Дәрігер-интерннің 



аудиториядан 

тыс өзіндік әрекеті. 

 


*

1



Оқытушының басшылығымен 

интерннің тәжірибелік әрекеті: 

*

 Таңертеңгілік дәрігерлік,  ғылыми-тәжірибелік, патолого-анатомиялық конференцияларға,  



ана өлімі және перинаталды патология клиникалық  талдауларына қатысу 

*

Арнайыланған клиникалық бөлімдерде емдік жұмыс (гинекологиялық науқастары бар 



бөлімдерде, гинекологиялық науқастарды қабылдау бөлімдерінде, операцияларға асситенция 

және т.б.).  

*

Диагностикалық кабинеттер мен бөлімдерде жұмыс (УДЗ, ЭКГ, лаборатория, рентген 



кабинеттер, ем қабылдау бөлмесі және басқалар.). 

*

Тәжірибелік дағдыларды және ептілігін оқытушы көмегімен меңгеру. 



*

Оқытушының басшылығымен медициналық құжаттарды жүргізу. 

*

Факультативті дәрістер. 



*

Семинарлар*. 

*

Науқастардың клиникалық талдауларына, консилиумдерге, профессорлар мен доценттердің 



қарауларына қатысу.  

*

Әйелдерді алдын ала тексерулерге, гинекологиялық науқастарды диспансеризациялауға 



қатысу. 

*

Дәрінер-интерндермен курацияланған науқастардың ауру тарихын эксперттік бағалау және 



медициналық құжаттарды толтыруды бақылау. 

*

Тәжірибелік дәрігер үшін міндетті бағдарлама көлемінде санитарлық-ағарту жұмыстарын 



орындау. 

*

Әр түрлі клиникалық және психологиялық жағдайларда дәрігердің тактикасын дамыту үшін 



ролді ойындарды жүргізу. 

 


*

2. Оқу уақытында дәрігер-

интерннің өзіндік жұмысы: 

*

дәрігерлік бригаданың тәуліктік кезекшілігінің есебін таңертеңгілік конференцияда баяндау; 



*

дәрігер-интерндердің арнайы клинико-диагностикалық бөлімдер мен кабинеттерде  жұмысы; 

*

медициналық  құжаттарды жүргізу(эпикриздерді , стационарлық науқастың мединалық картасын 



жазу және т.б.); 

*

науқасты клиникалық талдауға, профессордың (доценттің) қарауларына дайындау;   



*

дәрігерлік конференцияларға тақырыптық  хабарларды дайындау; 

*

презентацияларды дайындау; 



*

фантом мен муляждарда оқу-клиникалық орталықтарында дағдыларды бекіту;  

*

ғылыми жол мен кәсіби әрекетін сараптауға және ақпаратқа баулу; 



*

СҒҚ қатысу; 

*

акушер-гинекологтар қоғамының жұмысы және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу; 



*

бөлімдердің есебін беру дайындығына қатысу; 

*

тәжірибелік дәрігер үшін міндетті көлемде санитарлық-ағарту жұмыстарын орындау; 



*

портфолио құрастыру 



*

3. 

Аудиториядан тыс өзіндік әрекеті  

(оқудан тыс уақытта): 

*

арнайы отандық және шетел әдебиетін оқу; 



*

өзекті тақырыптарға баяндама және рефератты хабарламалар 

жасап шығу; 

*

медициналық математикалық статистиканың негіздерін 



меңгеру; 

*

дербес компьютермен жұмыс жасай білу



*

медициналық ақпараттандыру көздерімен жұмыс 

(«библиотека күндері»библиотекада, Интернет-залдарда); 

*

жобаларды дайындау (аналитикалық матрица, виртуалды 



жоба); 

*

клиникада түнгі кезекшілік. 



 

 


*

Бақылау түрлері: 

*

Ағымдағы: 

*

– 

күнделікті чек- парақ бойынша 



*

Бақылаулық: 

*

– 



емтихан - тестілеу 

*

– 



Қорытынды: 

*

– 



Қорытынды аттестация   

*

Таңдау  бойынша компоненттен емтихан 



тапсырмаған адамдар қорытынды 

аттестациялауға жіберілмейді . 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет