Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет46/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   333
Ботабайұлы Қанай – Халық батыры

Төлесұлы Байсейіттің алты баласының ішінде Малдыбай деген баласынан Ботбай, Сәтбай, Жетібасар, Жетіген, Жидебай, Шоқтерек деген балаларының Ботбай атадан Қонай, Жанай, Жабай 1940-1920 жылдар арасында өмір сүрген. Ер жете бастағаннан туған жерін, елін, балалары Бәйсейіт батырдың жолын қуып, Нарынқол, Байынқолды мекен еткен қалмақтармен 1860-1870 жылдары соғысып Байынқолдан Қытайға қарай асатын Алаайғыр Жиенбек сайындағы асулардан қалмақтар асып кетпек болғанда Тескентастағы бекініске бекініп Қонай, Жанай бастаған халық


қалмаққа ойсырата соққы беріп, қалмақтар жеңіліп, Қытайға қарай қашып өтуге әрекет жасаған. Осы Тескентастағы жеңілістен кейін қалмақтар бір жолата Байынқолды тастап кеткен. Осы Тескентастағы жеңістен кейін осы жерді Қонайдың Сары текшесі деп бүгінге дейін аталып келеді. 1984 жылы 90 – ға келген Бұғыбаев Қайыпбай кәрия атаның ержүрек, батыр атақты мергенші болғанын және қорқу дегенді білмейтін, бірде аң аулап қалың орман ішін аралап келе жатқанда алдынан ұйықтап жатқан қасқырдың екі құлағынан ұстап ұрып алғанын және бір аю үңгірді қазып жатқанда үңгірдің бас жағында аңдып отырып аю үңгірден бір тасты шығарып келе жатқанда басынан шоқпармен ұрып алғаны туралы айтты.


1910 жылы Асутөрде отыратын Диқанбай деген байдың бір мың жылқысын қалмақтар түнделетіп айдап Қытайға кетпек болғанда осы Қонайдың Сары текшесінде қалмақтармен соғысып Диқанбайдың жылқысын бәрін аман алып қалған.
1916 жылы Қарқарадағы Албан көтерілісіне елмен бірге қатынасқан.
Қонайұлы Мұса 1890-1828 жыл арасында Үкіршіде кәзіргі Қаратоған қыстағын жанына балаларды оқыту үшін мектеп салдырып, 1918 жылы сонда мұғалім болып істеген.
1920 – 1928 жылдар арасында Көкбел ауылында ауылдық Совет председателі болған. Мұсадан – Зейнезайып, Шоғанбай.
Інісі Қонаев Аусофия 1930-1956 жыл арасында Қаратоған колхозында бастық болған. Аусофиядан – Төкен, Есен, Несіпхан, Жеңіс, Гүлжақан.
Өмірзақов Нұрбопа – қоғам қайраткері

1907 ж. Нарынқол /қазіргі Райымбек/ ауданы Кемертоған елді мекенінде туған. Осы ауданда алғаш "Қаратұмсық" деген жерде ашылған. Кеңестік мектептен сауатын ашқан. 1918 – 20 ж. және 1923-


26 ж. Жаркент қаласындағы мектеп – интернатта оқып білімін жетілдіреді. 1927 ж. Алматы губерниялық партия мектебіне қабылданады. Партия мектебін бітіргеннен кейін Жаркент уезі Ақтоғай болысының кеңестік комитетін басқарды. 1930 ж. Еңбекшіқазақ ауданында Комсомол комитетінің бірінші хатшысы

болып сайланады. 1931 ж. Өзбек Республикасы Ташкент қаласындағы В.И.Ленин атындағы Орта Азиялық Коммунистік университетке оқуға жібереді. Университетті үздік бітірген Нұрбопа Алматы облыстық шекаралық аудандағы көшпелі және жартылай көшпелі халықтарды қоныстандыру бөліміне меңгеруші болады. 1934 ж.


/Талдықорған облысы /Ақсу аудандық партия комитетіне 1937 ж. Еңбекшіқазақ аудандық партия комитетіне бірінші хатшы болды.
1937 ж. 28 қаңтарда Шымкент сайлау округі бойынша Кеңестер Одағының Жоғарғы Кеңесіне депутат, Қазақстан Орталық Атқару Комитетіне төраға болып сайланды.
1938 ж. Бүкіл Одақтық Кеңестік 1- сессиясында Одақтық Кеңестің 1- сессиясында төрағаның орынбасары болды.
Н. Өмірзақов соғыс жылдары Башқарияда, Ставрополь, Краснодар өлкелерінде, Өзбек республикасында, СОКП Орталық Комитетінің жауапты жұмыстарын атқарды.
1947 ж. 20 мамырда көлік апатынан қайғылы қазаға ұшырады.
Н. Өмірзақов есімін ардақтаған жерлестері туған жері Жамбыл кеңарындағы орта мектепті Нұрбопа Өмірзақов атымен атайды. Мектеп алдына 1981 ж. ескерткіш бюсть орнатты.
Нарынқол кеңшарынан көше атын қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет