Бәйдібек Баба Алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі


Қоңырбөрік Еліңді сыйласаң ер азаматыңды  сыйла!



Pdf көрінісі
бет13/77
Дата06.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#8452
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77

Қоңырбөрік

Еліңді сыйласаң ер азаматыңды  сыйла! 

Дәліұлы Сатай- халық батыры

/1703-1780 ж. шамамен/

Туған елін, жерін Жоңғар басқыншыларынан азат етуде ерлігімен ел 

таныған   сарбаз.   Қабанбай,   Бөгенбай,   Наурызбай,   Албан   Ханкелді 

батырлардың замандасы. 1741 ж. Орыс патшасына Жетісу қазақтары 

ынтымақтасуға хат жазғанда ел бастаған азаматтар қатарында Сатай 

Дәліқлы қол қойған. ҚР. Орталық Мұрахат қоймасында сақтаулы. 

Жомартұлы Айту - Би


/шамамен 1657-1792 ж./

Айту би Шыршық бойындағы қазақ пен өзбек, мына жағы қырғыз 

ағайындарға   танылып,   кембағалға   қамқор,   зорлықшыға   тосқауыл 

болған қоғам қайраткері. Рас, оның халыққа жасаған жақсылығын сол 

кезде   біреу   тәптіштен   жазып,   бізге   -   тек   қағазға   сенетін   қазіргі 

секемшіл ұрпаққа қалдырып кетпепті, жазған да шығар - ау, бірақ, 

байтал   түгіл,   бас   қайғы   аласапырандар   қағаз   түгіл   сүйегімізді 

құладүзде   қалдырмап   па   еді?   Басқасын   айтпағанда,   бізге   хан   мен 

бидің, батыр мен ақынның дуалы аузынан шыққан ғибрат сөздер мен 

өсиеттер, тіпті, шежіре жазбаша емес, ауызша - бабадан атаға, әкеден 

балаға   эстафета   түрінде   жетті   ғой.   Төле   би   бабамыз   "Өсетін   ел 

тарихын   таспен   жазады,   өшетін   ел   жаспен   жазады"   деген.   Халық 

Айту бидің тарихын аңыздар, оған берілген жер аттары арқылы жазып 

кетіпті. Бұған Шыршық бойындағы Жомарт асуы /ЖОмарт - Айтудың 

әкесі/ мен Айту шоқысы, Қырғызстанмен шекараласатын Майдантал 

маңындағы   Айту   шоқысы   куә.   Белгілі   жазушы   Қалаубек 

Тұрсынқұловтың   "Аңды   -   Қарақыз"   деректі   әңгімесіндегі   Айту 

Жомартұлы да осы кісі. 



Құдайбергенұлы Жаңабай - 1916 ж. 

Қарқара ұлт азаттық көтерілісініңжетекшісі

1893 ж. Алматы обл. Жаркент уезі /қазіргі Ұйғыр ауданы/ Тоғызбұлақ 

елді   мекенінде   туған.   Шонжы   Кеңшарына   тұңғыш   ретмектеп 

салдырып, бала оқытқан. 

1916 ж. 12 тамызда ақпатша өкіметі Қырғыз Респуликасының Қарақол 

қаласында атқан. Зираты Қарақол қаласында. 

Алматы   облысы   Ұйғыр   ауданы   Шонжы   кеңшарындағы   қазақ   орта 

мектебіне алғаш білім беруді ұйымдастырушы, Қарқара ұлт - азаттық 

қозғалысы   басшыларының   бірі   Жаңабай   Құдайбергеновтің   есімін 

берді. Мәрмәр ескерткіш орнатты. 



Нұрқаділов Заманбек Қалабайұлы 

1944 жылдың қаңтар айының 15 жұлдызында Алматы облысы Ұйғыр 

ауданы, Кетпен қыстағында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген 

соң   Қазақтың   политехникалық   институттың   өндірістік   және 

азаматтық құрылыс факультетіне оқуға түскен. Сол институтты 1967 

жылы бітіріп шыққан. 



1968 жылы "Алматыотделсторй" тресінің прорабтығынан бастап, аға 

прорабқа дейін өскен. 

1972 жылы Главалмаатстрой басқармасының бөлімінің бастығы. 1977 

жылға   дейін   Алматы   қаласының   басқада   құрылыс   мекемелерінде 

жауапты қызыметтер атқарды. 

1977   жылы   Алматы   облыстың   партия   комитетінің   нусқаушысы, 

Алматы қаласының құрылыс жөніндегі бас басқармасының бастығы. 

Алматы   қаласының   атқару   комитетінің   төрағасының   орынбасары. 

Кейінде Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы. 

1992   жылы   Қазақстан   президенттінің   жарлығымен   Алматы 

облысының әкімі. Осы жұмыста 1994 жылға  дейін атқарды. 

1995   жлы   Қазақстан   Жоғарғы   Советінің   депутаты.   1995-1997 

жылдары   Қазақстан   Республикасының   Парламентінің   Мәжіліс 

депутаты.   1997-   2001   жылдары   Алматы   облысының   әкімі.   2001 

жылдың   мамыр   айынан   бастап   Қазақстан     төтенше   жағдайлар 

жөніндегі   төрағасы.   Құрмет   белгісі   орденімен   марапатталған.   Үш 

баланың әкесі. 

Тәнекеев Сейдәлім - жазушы, көрнекті қоғам қайраткері

1924   жылы   5   тамызда   Алматы   облысының   Ұйғыр   ауданындағы 

Шонжа   селосында   туды.   1942   жылы   осы   аудандағы   Ақсу   орта 

мектебін бітірді. Еріктілер қатарында әскерге алынып полк мектебін, 

сосын Термездегі пулометші- атқыштар училищесін тәмамдады. 61- 

Армияның   78   гвардиялық   дивизиясында   атқыштар   взводының 

командирі   болып   Курск   иініндегі,   Смоленск   бағытындағы 

шайқастарға қатысты. 1944 жылдың шілде айынан бастап танктерді 

жоятын   жеке   взвод   командирі   болған   ол   Белоруссияны,   Шығыс 

Польшаны, Варшава қаласын азат ету ұрыстарында ерлігімен көзге 

түсті.   Соғысты   рота   командирі   болып   жүріп   Берлинде   аяқтады. 

Сондағы   комендатураға   қызмет   етіп   әскерден   1947   жылы   елге 

оралды. Әскерден келісімен қазақ  мемлекеттік университетінің тарих 

факультетіне   түскен   ол   оқып   жүріп   аупартком   нұсқаушысы   болып 

істеді.   Оқуды   сырттай   аяқтап   Жамбыл   аупарткомының   екінші 

хатшысы  болды.  1954-1956  жылдары  Іле  аупарткомының  төрағасы, 

1956-1959 жылдарда Ұйғыр аупарткомының бірінші хатшысы, 1959-

1960 жылдарда Алматы облыстық мәдениет басқармасының бастығы, 

1960-1963   жылдарда   Панфилов   аупарткомының   бірінші   хатшысы, 

1963-1974 жылдары Қызылорда обкомының екінші хатшысы, 1974-



1978  жылдарда   Қазақ   ССР   мемлекеттік  бақылау   комитеті   төрағасы 

орынбасары,   1978-1985   жылдары   Казпотребсоюс   басқармасының 

төрағасы   болып   жауапты   жұмыстарды   істеді.     Осы   жұмыстан   ол 

Одақтық   дәрежедегі   дербес   зейнеткерлікке   шықты.   Бірақ   ол 

жұмыстан қол үзген жоқ - қазір ол Республикалық мүгедектер қоғамы 

басқармасының   төрағасы.   Ол   1963-1986   жылдар   аралығында   Қазақ 

ССР   Жоғарғы   Кеңесінің   депутаты,   Партияның   Орталық 

органдарының   мүшесі   болды.   Сәкең   барлық   қызметте   өзін   іскер, 

білгір басшы, қайырымды, адал азамат ретінде көрсетті. Оның еңдегі, 

соғыстағы ерлігі елеусіз қалған жоқ. Ол 4 рет Еңбек Қызыл Ту, екі рет 

Құрмет белгісі, екі рет бірінші дәрежелі Отан соғысы, бір рет екінші 

дәрежелі   Отан   соғысы,   Қызыл   жұлдыз   ордендері,   жиырмаға   тарта 

медальдар,   ССРО   ғылым   академиясының   үлкен   күміс   медалі, 

Жоғарғы   Кеңестің   бес   грамотасының   иегері.   Жазушылар   одағында 

әдеби қордың мүшесі. 

Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ ғасырлардан жеткен ғажайып 

Адам баласында арман көп, соның бірі-әрине, деннің саулығы, осы 

себепті  де  ата -  бабамыз  "Денсаулық  -  зор байлық"  деген гой. Иә, 

айтқандай - ақ айтқан емес пе?! "Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен 

не пайда" деп аз ғана ғұмырда алқып - шалқып, көзің қара, көкірегің 

сара болып жүргенге не жетсін, шіркін. Осы орайда бүкіл өмірін адам 

баласының   денсаулығы   үшін   арнаған   Өтейбойдақ   Тілеуқабылұлы 

түседі есімізге. Ол кісі бұдан бес ғасыр бұрын ғұмыр кешіпті, қайда 

туды, не істеді, немен шұғылданды, оның бәрін аз ғана сөзбен айтып 

кетіпті   ғұлама   атамыз.   Ол   кісі:   "Атым   Өтейбойдақ,   Тілеуқабыл 

ұлымын. Ататегім - Ұлы жүз, Зарман, Зарман ішінде Албан, мекенім 

Жетісу, ауылымда құрды- құрдас, таныс- білістерім аз емес. Жанында 

Жиренше шешен, Жәнібек ханның Қарашасымын, жылым Ит, сексен 

беске келдім. Бойым қзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, 

қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын" /"Жалын", 1996 ж. 14-б./, 

десе, бізге бәрі де түсінікті, туған жылы, туған жерін, ататегін, ішкі-

сыртқы көрінісін- бәрін аз ғана сөзбен әдемі жеткізіпті. 

Жиреншенің әз Жәнібек ханның шешені екені жайлы Өтейбойдақтың 

өзі   айтады.   Бәз   тағы   да   шипагерге   жүгінеміз:   "былтыр   Жиренше 

шешен сырқаттанып, шипа ем дарып сырқатынан дарымдап сауыққан 

соң, ой тапсырғы /көңіл бөлуге тиісті істер/айтып қайтқалы жатқанда, 

Жиренше   шешеге   әз   Жәнібек   хан   тақай   шақырғыш   /ерекше 

шақырушы/ жасауылын жіберіп шақыртыпты". Жиренше: "Сен қайда 

бармақсың, бірге жүрейік, деп болмаған соң, мен оған ілесіп Ақордаға 



бардым.   Барсам,   Жәнібек   хан   тағында   уәзірлері   ...екіге   жарылып, 

ортасын бос тастап отырысыпты. Хан Жиреншеден: Бізде қара үзген 

шипагер   бар   ма?",   -   дейді.   "Тақсыр...алдыңызда",   -   деп   Жиренше 

ғалымды   нұсқайды   және   біраз   әңгімеден   соң,   назарын   ғалымға 

аударған   хан   шипагерліктің   өзекті   мәселелері   жөнінен,   мәселен, 

сырқат қалай пайда болады, жазылмайтын қандай сырқат бар т.б. бір 

қанша сұраулар қояды. Жауапқа ханның қатты иланып, қол қойғаны 

сонша,   ғалымның   дәлелденген   кейбір   ғылыми   анықтамаларын, 

мәселен, жеті атаға толмай қыз алысса, қандық уылмаға /қан уылу/ 

душарласып,   ұрпақтың   жарымжан,   кемтар   болып   қалатынын   сол 

кездің өзінде - ақ басшылыққа алып, табанда хатшыларын шақырып: 

"Күллі   алаш   ұранды   бұқараларымның   өздерінің   және   ұрпағының 

мінсіз   болмағы   шарты   үшін...Жеті   атаға   толмай   қыз   алысқандар 

бүгіннен бастап болмауы шарт", деген жарлығын жаздырып, алтын 

мөрін басып, қолма - қол шабарман аттандырып, жарлықты атқаруға 

уәзір жарнаманы бұйырды". /Аталған кітап, 15-б/.    

Иә, әз Жәнібектің елім дегенде етегі жасқа, көкірегі шерге толатын 

аса   қасиетті   жан   болғандығы   ескі   құжаттар   мен   жырларда, 

жылнамаларда   там   -   тұмдап   болса   да   жазылған.   Хан   мен   халық 

біртұтас   егіз   ұғым,   ел   жайын   жан   -   жақты   әрі   терең   ойлайтын   әз 

Жәнібек қара үзген шипагерге  табан астында тапсырма да беріпті. 

"Үлгіңді   титтей де  қалдырмай, жасырып  -  жаппай,  бүкпесіз,   толық 

ашық жазып шық. Болғаннан соң ордаға келіп жеке өзіме оқып бер. 

Қазынада сақтармын. Қасырқағанда /қосқан есе/қарай сыйыңды алып, 

мәртебеңді   иелейсің",   депті.   Дәл   осы   мезгілде   Өтейбойдақ 

Тілеуқабылұлының   жасы   жетпісте   екен.   Сол   күннен   бастап   атақты 

"Шипагерлік баянды" жазуға отырады... 

Ғылымның XV-ші ғасырда жазылған лсы қасиетті еңбегі талай- талай 

азапты да машақатты ауыр өткелдерден өтіп, Алланың қолдауымен 

мейірімді адал ұрпақтарының арқасында 1994 жылы "Шынжан ғылым 

- техника, денсаулық сақтау" баспасынан жарық көреді. Енді бүгін 

қазақ   халқының   бағына   бұл   ғажайып   ғылыми   еңбек   "Жалын" 

баспасынан жарық көріп отыр. Бұл кітаптың барлық қадір - қасиеті 

толық   сипаттап,   ғылыми   жүйесін   жан   -   жақты   ашып   беру   мүмкін 

еместігін   еңбекті   жарыққа   шығарушыдлар   шырылдап   айтыпты.   Ол 

үшін ғылыми орта бірлесіп, кеңесіп, талдап, әр тармағын әр тарауын 

жеке- жеке қарап, ақылға салып таразылау керектігін де ескертіпті. 

Өйткені бұл тәуелсіздік алып отырған бүгінгі халқымыздың басына 

қонған бағы десек, артық айтқандық болмас. 

Кітаптың   авторы   тоқсан   бес   жасапты,   күндіз-   түні   осы   жұмыспен 



айналысыпты.   Талай   рет   дәрілік   шөптің   дәмін   татамын   деп   өліп 

тіріліпті.   Өз   жұмысына   берілгені   сонша,   үйленбей,   отбасының 

қызығын көрмей, "Өтейбойдақ" атаныпты. Бір қызығы, қазақ жерінің 

бәрін аралаған, тауын, тасын, өзен, көлін, құмын, шөл- шөлейтін түгел 

кезген,   соның   бәрін   де   ауруға   ем,   дертке   шипа   іздеген   де   тапқан. 

Шипагер   халықтан   тоқыған   ұстассыз   ұстаз.   Сол   себепті   олардың 

айтқан - жазғандары шетінен даналық, басы артық сөз, шашау ой жоқ, 

айтайын   дегенінің   яғни  шындықтың   дәл   төбесінен   түсіп   отырады". 

Бұл жағынан алып қарағанда, Өтекеңнің /ел - жұрты осылай атапты/ 

ұстазы   халық   болған,   сол   өзі   өскен   елден   үйренген,   тәлім-   тәрбие 

алған, тәжірбие жинақтаған қалың жұрттың арқасында ұстаздық ұстаз 

атанған. 

Өтейбойдақ жайлы аталған кітапта бәрі де жазылған, қай жылы туып, 

қай   жылы   дүниеден   озғаны,   немен   шұғылданғаны,   қандай   емді   ел 

арасына қолданғаны жайлы да мол дерек берілген. Тіпті, Өтекеңнің 

ғылыми мұрасын бағалай келіп: "Шынына келгенде, өз алдына толық 

медициналық ғылыми жүйесі, өз алдында ғылыми атауы, өз алдына 

бір төбе дәрі тану ғылымы бар. Қазақ шипагерлік білімінің" үш шың, 

алты   белгісі"деп   аталатын   медицина   салаларының   баршасын 

қамтитын   зор   ғылыми   еңбекті   талдау   арқылы   түсіндіру   мүмкін   де 

емес. Мәселен, Қараүзген шипагер адамнан шығатын тердің өзін" тер 

асаңқы, тер жасаңғы, тер астарлы, тер жасқарлы, тер бастаңғы, тер 

саспалы, тер қышпалы, тер тастаңғы, тер майланғы", - деп тоғыз түрге 

бөлген   екен.   Мұндай   дүниелер   түсіндіруге   қандай   болсын.   Тек 

әркімнің өзі "Шипагерлік баяннан" тікелей оқығанда немесе кәсіп етіп 

әмәлиатына асырғанда ғана ұғына алатын жұмыс", -/кітапта, 19-б/.

Жоғарыда біз" Шипагерлік баянның" соншама жылдан кейін елмен 

қауышқаны   ғажайып   құбылыс   дедік.   Бұл   бір   жағынан   біздің 

халықтың   ата   мұраға   деген   көзқарасының   әбден   қалыптасып,   оны 

сақтауға деген адалдығымен жауапкершігін де танытатын келелі іс. 

Бұл   кітаптың   қадір-қасиетін   бір   мақалда   жеткізу   мүмкін   емес.   Тоқ 

етерін айтсақ, осы қастерлі еңбекті оқыған да арманда, оқымаған да 

арманда, қадірлі қауым, өз көздеріңізбек оқып, көңілге тоқығанға не 

жетсін. 


"Жалын"   баспасы   басып   шығарған   бұл   туынды   әлі   талай-   талай 

ұрпақтың тамсанып оқып, таңырқанып зерттейтін а



Тышқанбаев Бұхара - жазушы

1920 ж. Қарқара ацданы Тоғызбұлақ ауылында туған. 1932 ж. Қытай 

Республикасы Құлжа қаласына қоныс аударады. Үрімші қаласындағы 

Педагогикалық   институтын   1941   ж.   бітіреді.   Оқуды   бітірген   соң 

Синьцзян Ұйғыр автономиясы районында - Жазушы лар Одағының 

секретары.   Мәдени   министрі   болып   істеп   жүріп,   жазушылықпен 

айналысады. Оның туындылары - "Толқынды күш",   "Құлжа"- атты 

кітабы. Б. Тышқанбаевтың кітабының желісінде Пекин Киностудиясы 

-  "Қасен - Жәмила" көркем суретті кинофильм қойылды. 

1959   жылы   өз   елі   Қазақстанға   келген   соң   Бұхара   Тышқанбаевтың 

бірнеше шығарма кітаптары -   "Азамат", "Ару", "Махаббатнамысы" 

кітабы жарық көрді. 

Ұйғыр   жазушысы   Зия   Самедидің   романы   "Маймхан",   "Попирос", 

"Тоқын" кітабын қазақ тіліне аударды, т.б. еңбектері бар. 197-9 жылы 

Алматы қаласында қайтыс болды. Мүрдесі Кеңсай зиратында. 

 

Артықбаев Рыстай Артықбайұлы - ғалым

1947 ж. туған 1.08. Оңтүстік Қазақстан обл. Төле би ауданы /бұрынғы 

Ленгір   ауданы/   Әйту   би   ауылында   туған.   Шымкент   мемлекеттік 

баспаханасының   бас   директоры.   Белгілі   қаламгер.   1965   ж.   "1   май" 

қазақ орта мектебін күміс медальмен бітірген. 

1971   ж.   Алматыдағы   Әл   -   Фараби   атындағы   Қазақ   Мемлекеттік 

университетің   журналистика   факультетіннен   жоғары   білімді 

журналистік мамандығын алған. Сол жылы "Оңтүстік Қазақстан" обл; 

газетінде әдеби қызыметкер, бөлім бастығы, жауапты секретарь, бас 

редактордың   қызыметін   атқарды.   1978   жылдан   басиап   Республика 

бойынша   тұңғыш   құрылған   "Оңтүстік   Қазақстан",   "Южный 

Казахстан"   газеттерінің   баспасының   директоры.   1989   ж.   "Газет" 

баспасының   директоры.   1993   жылдан   "Полиграфия   өндірісі" 

басқармасы   Бас   директорының   орынбасары,   1994   жылдан 

Республикалық   мемлекеттік   Шымкент   баспаханасының   Бас 

директоры. Белгілі сыншы, қарымды қаламгердің очеріктері баспасөз 

бетінде   үемі   жарияланып   тұрады.   2000   жылы   белгілі   Шәмші 

Қалдаяқовтың өміріне жазған "Қазақ вальсінің "атты деректі повесі 

жарық   көрді.   1984   жылы   филология   ғалымының   кондидаты   деген 

ғылыми атаққа ие болды. 



Дастихунов Стамшал - қоғам қайраткері

Стамшал   Дастихунов   1923   жылы   Талдықорған   облысы,   бұрынғы 

Октябрь,   қазіргі   Кербұлақ   ауданындағы   Басши   ауылында   өмірге 

келген. 

Ол   1939   жылы   Басши   ауылындағы   жеті   жылдық   мектепті   бітіріп, 

Жаркент   қаласындағы   педагогикалық   училищеге   түскен.   Сол   оқу 

орнынан 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, майданға аттанған. 

Сонда   ол   алғашында   Калинии   майданында,   1943   жылы   Карелофин 

майданында,   1944-45   жылдары   үшінші   Украина   майданында 

ұрыстарға қатысқан. Екі рет жарақат алған. 

Кеңес Армиясы қатарынан 1947 жылы босатылған соң бейбіт еңбекке 

қызу   араласты.   Ұзақ   жылдар   партия-   кеңес   қызметтерінде   болды. 

Атап айтқанда: 1953 жылдан Октябрь аудандық партия комитетінде 

бөлім меңгерушісі. 1955 жылдан осы аупарткомның екінші хатшысы 

қызметтерін   атқарды.   1959-61   жылдары   Алматы   жоғары   партия 

мектебінде   оқып,   оны   бітірген   соң   Алматы   облысындағы   Жамбыл 

аупарткомының хатшысы, 1969 жылдан осы ауданда атқару комитеті 

төрағасының   бірінші   орынбасары,   1970-75   жылдары   Нарынқол 

аупарткомының бірінші хатшысы болып істеді. Зейнеткерлікке шығар 

алдында облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін басқарды. 

С. Дастихунов "Еңбек Қызыл ту", екі рет "Құрмет белгісі", "Даңқ" 

ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 

Дөңбаев Қалдыбек Мамытұлы - ғалым

22.8.1955   ж.   Шымкент   облысы   Төле   би   ауданы   (бұрынғы 

Ленгірауданы). Бірінші Май совхозы, Қызыл- Әскер ауылында туған. 

Атом энергиясын зерттеген. 1962 ж. Қызыл -Әскер орта мектебінен 

оқуды   бастап,   Шымкент   қаласындағы   №7   орта   мектепті   1972   ж. 

алтын медальмен бітірген. Новосибирдегі мемлекеттік университетің 

физика факультетіне оқуға қабылданған. 

Жоғарғы   мамандық   алған   соң   Қазақ   ҒА   Алматыдағы   Ядролық 

физиканы

 

зерттейтін



 

институтың

 

нейтронографиялық 



Лабораториясына қызметке қабылданған. Ол ядроның гиматиттік /а - 

Ғе

2



  О

3    


/   спин-   переориентациялық   тәсілмен   өту   жайлы   жаңалық 

ашқан.   1990   ж.   Кандидатты,   1995   ж.   докторлық   диссертациясын 

қорғаған.   Үлкен   жетістікпен   физика   -   математика   ғалымының 

докторы атанған. 

1996 ж. Қазақстан Республикасының Курчатов қаласындағы Ұлттық 

атом энергиясын зерттейтін институтына қызметке ауысқан. Институт 



директорының орынбасары. 

Әлімқұлов Қадыр Нұсшақынұлы - ақын.

Қазақстан Республика еңбегі сіңірген қайраткері

1949   жылға   1   қаңтарда   Талдықорған   облысы   Панфилов   ауданы 

қарасты "Басши" кеңшарындағы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 

Жаркент   қаласындағы   Ы.   Алтынсарин   атындағы   орта   мектепті 

бітірген. 

Тынық   мұхит   флотында   /Владивосток   қаласы/   әскери   міндетін 

атқарып   келгеннен   кейін   С.М.   Киров   атындағы   Қазақ   мемлекеттік 

университетінің   журналистика   факультетіне   оқуға   түсіп,   одан   1975 

жылы жоғары білімді журналист мамандығына ие болды. 

"Социалистік Қазақстан", "Білім және еңбек" т.б. республикалық газет 

- журналдарда тілші, редактордың орынбасары, Қазақ теледидарында 

комментатор қызметтерін атқарды. 

Сондай - ақ Алматы облыстық партия комитетінде үгіт және насихат 

бөлімі меңгерушісін орынбасары болды. 

Ондағы   кітаптар   мен   жинақтардың,   аударма   еңбектердің   авторы. 

"Нұрсұлтан   деп   ат   қойдым..."   деген   Президент   хақын   дағы   кітабы 

жұршылықтың жылы лебізіне  ие болды. Одан басқа да Елбасының 

өмірі   мен   қызметі   туралы   бірнеше   кітаптың   құрастырушыларының 

бірі. Іс жүргізу саласындағы соңғы жылдары шыққан сөздіктер мен 

нұсқаулары   әзірлеу   жөніндегі   жұмыс   тобының,   тәржімашылар 

ұжымының мүшесі.

"Тағдыр   көзіндегі   тамшы",   "Жан   тұңғиығындағы   Жауһарлар", 

"Сартап   сағынышым   сағымданған..."   және   "Аспантаулар,   алыстап 

барасың ба?..." жыр жинақтары жарық көрген. Ол кітаптарға Шерхан 

Мұртаза мен Тұманбай Молдағалиев алғысөз жазған. 

Қ. Әлімқұлов әуесқой сазгер ретінде де танымал, отыздан астам ән 

шығарған. Оның "Аманбысың, бауырым" әні "Жаңа ғасырда жаңа ән" 

республикалық  байқауында  дипломант  атанды.  Әрі   ол  -   өз  әндерін 

домбырамен сүйемелдеп, өзі айтатын орындаушы да. 

Нысанбай Сұлтан - ғалым

1934 жылы Ұйғыр ауданы Шонжы селосында 1934 жылы туған 1953 



жылы   Шонжы   орта   мектебін   бітірген.   Сол   жылы   ҚазМУ   -нің 

экономикалық   факультетіне   түскен.   1958   жылы   жоғарғы   білімді 

экономистік   мамандығын   алды.   1958-73   жылдары   Қазақстан 

Республикасы   жоспарлау   комитетінде   қызмет   істеді.   1973   жылы 

Мемлекеттік   Университеттің   аспирантурасына   түсіп,   кандидаттық 

дисертация қорғады. Сол оқу орнында ұстаздық етті. Доцент, кафедра 

меңгерушісі,   профессор   атағын   алды.   1987   жылы   Микро   -   маро 

тақырыбынан докторлық дисертация қорғады. Нысанбаев Сұлтанның 

жетекшілігімен   үш   адам   докторлық   диссертация   қорғап   қазірде 

университетте қызмет атқарады. 



Халықұлы Ғазиз - қоғам қайраткері

1942   ж.   Талдықорған   облысы   Панфилов   ауданы   Басши   селосында 

туған. 1950 ж. Қоңырөлең селосында Қоңырөлең қазақ орта мектебін 

бітірген. 1960 ж. Өскемен қаласындағы жол - құрлысы институтынан 

жоғарғы білімді жол құрлысы инженері мамандығын алған. 1969-84 

жылдары   Талдықорған   облыстық   тұрмыс   қажетін   өтеу 

шаруашылығында қатардағы инженерліктен бастап облыстық атқару 

кеңесінің   осы   бөлімінің   бастығы   болды.   1984-87   ж.   Республика 

Тұрмыс қажеттін өтеу министрлігінде құрылыстағы күрделі жөндеу 

Бас басқармасының бастығы қызметін атқарады. 1987-89 ж Қазақстан 

Республикасы   Министрлер   кеңесінде   жергілікті   тұрғындардың 

тұрмыс   қажетін   өтейтін   бөлімінде   жетекшілік   етті.   1989-91   ж. 

Қазақстан   Республикасы   Тұрмыс   қажетін   өтеу   министрлігінің 

министрі. 1996 жылдан Алматы қаласынның   "Су-торабы" өнеркәсіп 

бірлестігінің Бас инженері. 

Махамбетов Еңбекбай - аудандық кеңес төрағасы

/1935   ж.   10.VII/   Елағасы,зейнеткер.   Қазіргі   Ұйғыр   ауданы   Сүмбе 

ауылында туған. Сүмбе орта мектебін /1950/ оқып, үлкен Ақсу орта 

мектебін /1953 ж./ бітірген. Алматы мал - дәрігерлік институтынан /

1958 ж./ жоғары білімді зоотехник мамандығын алды. Комсомол /1949 

ж./,   партия   /1960-1991   жж./мүшесі.   Сүмбе   қыстағында   /1958   ж./ 

зоотехник.   Ұйғыр   ауданы   коммунист   I-   секретары   /1960-62   жж./, 

ауданы   партком   /1962-64   жж./   нұсқаушы,   Панфилов   ауданы, 

өндірістік партия комитетінде ұйымдастырушылық қызметін атқарды. 

Алматы   Жоғарғы   партия   мектебін   /1966   ж./   бітірді.   Нарынқол 

ауданының   ауыл-шаруашылық   басқармасы   бастығы   /1966-74   жж./, 

Нарынқол   ауд,   атқару   кеңесінің   мемлекеттік   қой   заводының 



директоры /1980-84 жж./ қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы 

ауыл-шаруашылық министрлігінде /1984-95 бас маман/. 1995 жылдан 

зейнеткер. 

"Құрмет   белгісі"   /1979   ж./орденімен,   Ерен   еңбегі   үшін   4-рет 

медальмен   марапатталған.   Кеңестер   Одағының   Жоғарғы   /1978   ж./, 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің /1979 ж./, Кеңестер 

одағы Ауыл -шаруашылық министрлігінің құрмет грамоталарымен /

1980 ж./ марапатталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет