Бейне контент құруда VideoPad бағдарламасымен жұмыс істеу технологиясы



бет1/2
Дата18.06.2023
өлшемі363,35 Kb.
#102068
түріБағдарламасы
  1   2

Бейне контент құруда VideoPad бағдарламасымен жұмыс істеу технологиясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қа­зақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы аса ма­ңызды 11 басым бағыттан тұрады. Оның ішінде «Цифр­ландыру – барлық реформаның негізгі элементі» атты тоғызыншы бағыттың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында алатын орны ерекше. Себебі, бүгінде әлемнің дамыған елдерінде халыққа қызмет көрсететін барлық сала жаһандану талабына сәйкес электронды форматқа көшірілуде. Сондықтан Қазақстан да бұл көштен қалмауға тиіс.
Президент «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыру сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы екенін атап өтті. Бұл ретте, ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен қамтамасыз ету керектігін айтты.
«Бейне контент» деген не? Ол ақпаратты жеткізетін және тұтынушыларды қызықтыратын ең тиімді құрал ретінде қоғамда қалыпты. Бүгінгі таңда жаңалықтар, фильмдер, телешоулар, жарнама, сыртқы үлкен экрандар күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Бұл бейне контентті қолданудың ондаған түрлері бар.
Ең тиімді бейне контент категориясына төмендегілерді айтсақ болады:

  • Презентациялық роликтер. Қазіргі таңда ең көп қолданылады. Оның мақсаты тауарды, қызметті тұтынушыға жеткізу. Бұл видеоларға дәстүрлі телевизиялық жарнамалар түрін жатқызуға болады.;

  • Имидждік роликтер. бұл видеолар аты айтып тұрғандай, қоғамда белгілі бір идеяны туындатып, тауардың брендін қалыптастырады. Ал егер сізде қызмет саласы болса сіз ұсынатын қызмет түрін, маманның білім деңгейі, біліктілігі мен тәжірибесінің мол екенін көсету мақсатында жасай аласыз. Сондай ақ бұл тұтынушыда эмоционалды кері байланысты туындатады. Сіз бұл видеода тауарды тіке жарнама жасамай, оның беретін құндылықтарын көрсетесіз немесе сіздің қызметіңіз қай мәселеге шешім беретінін жеткізіңіз, біліктілігіңізді көрсетіңіз. Өз тауарыңыздың сапалы екенін, сіздің қызмет профессионалды түрде екенін көрсетіңіз. Сонда, келесі жолы адамда сол тауар не қызмет керек болғанда сіз еске түсетін боласыз;

  • Оқытатын роликтер. Басты мақсаты көріп отырған адамды белгілі іс-әрекет жасауға үйрету. Нақты маманның өз ісін қалай жасайтынын көрсетеді. Қазіргі таңда креатив қосып, графикалық видеороликтер де жасауға болады. Мұндай видеороликтер міндетті түрде өз аудиториясын табары сөзсіз;

  • Вирусты роликтер. Мақсаты интернет қолданушыларының назарын аударту. Видеоға деген негативті не позитивті ой қалыптысуы да маңызды емес. Яғни, басты мақсаты назар аударту және адамды белгілі бір “идеямен улау”, содан кейін ол адамның видеоны өз достарына тарататындай қызықтыра алу. Егер видеоңыз жақсы шықса, онда ол тез тарап, сізді/тауарыңызды/қызметіңізді танымалдыққа алып келеді;

  • Қоғамдық роликтер. Бұл видеолар арқылы қоғамдағы нақты сұрақтардың жауабын, мәселенің шешімін көрсетеміз. Бұл роликтерде өзіңізді тым көп жарнамалауға, не өз қызметіңізді көрсете алмайсыз. Тек қоғамның проблемасы және оның шешімі болуы керек. Бұндай видео түсіруде Вьемнамдықтар мен Тайландтықтар алда. Олардың видеолары көзден жас шыққанша тебірентеді. Ютубта өте көп мысалы бар.

Біз бүгін VideoPad бағдарламасымен танысамыз. Бұл бейне редакторда бейнелер түсіруге, түсірілген бейнежазбаларды сапалы өңдеуге, дыбыс жазуға, сақтауға арналған. Сонымен бірге фото суреттерді де өңдеуге, оларды қолданып бейнежазбалар жасауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды Интернет желісінен тегін жүктеуге де болады http://www.nchsoftware.com/videopad/ru/index.html. Бағдарлама іске қосылғаннан соң төмендегідей терезесі көрінед (1-сурет).




1-сурет.VideoPad редакторының терезесі
VideoPad бағдарламасының құралдар тақтасының қызметі бейнежазбаларға әр түрлі әсерлер, аудиолар, суреттер, мәтін титрлерін енгізуге мүмкіндік береді (2-сурет).

2-сурет.VideoPad редакторының құралдары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет