Көрнекілігі: роликтер, слайдтар Түрі: әдеби-сазды мерекелік кеш Жүрісі



бет1/3
Дата17.04.2023
өлшемі23,33 Kb.
#83360
  1   2   3

Тақырыбы: Ұлылықтың басында ұстаз тұрар
Мақсаты: Ұстаздар күні құрметіне колледж оқытушыларын мерекелік құттықтау.
Адамгершілікке, ізгілікке баулып, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: роликтер, слайдтар
Түрі: әдеби-сазды мерекелік кеш
Жүрісі:
Сахна сыртынан:
Ұстаз сөзін айтып жүрміз ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып?
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетке бас иелік мәңгілік!
1-жүргізуші:
Кеш жарық, қадірменді оқушылар! Бүгінгі мерейлі күнге арналған «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Бүгінгі мереке- ерекше мереке. Неге десеңіз, республика көлемінде тойланып отырған ұстаздар күні.
1-жүргізуші:
Ендеше осы айтулы күні колледж студенттерінің өздеріңізге деген ыстық ілтипаты мен жүрекжарды лебіздерін арнауға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші:
Халқымызда 7 қазына бар. Соның бірі-қыран бүркіт. Құсбегілердің айтуынша, 10 жасқа толған бүркіт «барқын» деп аталады екен. Барқын бүркіттің нағыз кемеліне келіп, толысқан шағы, нағыз жүгірген аңды алмай қоймайтын кезі болып есептеледі екен. Сол секілді колледж өткізген 10 жылында аяғынан тік тұрып, кемеліне келді, іргетасын нығайтты, қабырғасын қатайтты.
1-жүргізуші:
Ал 10 жастағы ұл баланың жасын қазақтар «қозы жасы » деп атайды екен. Бұл – еңбекке баулудың алғашқы басқышы. Бұл жаста бала еңбектің қиындығын көріп, дəмін татады екен. Мінеки, сол секілді біздің колледждегі ауданның маңдайалды оқытушылары 10 жыл ішіндегі түлектерінің мектептер мен балабақшалардағы жақсы маман екендіктерін көріп, марқайып отыр.
2-жүргізуші: 10 жыл аз да, көп те уақыт емес, бірақ осы жылдар ішінде мұнда білім алған мыңнан астам білікті мамандар бұл күнде елімізді өркендету жолында қызмет етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосып келеді.
1-жүргізуші:
Ауылдық жерден колледж ашудың өзіндік қиындықтары болғаны сөзсіз, әрине. Дегенмен, мамандардың жергілікті жерден дайындалуы және оралман қандастарымыздың балаларының үй іргесінен кәсіби білім алуына мол мүмкіндік туғанын баса айта кету керек.
2-жүргізуші:
Аудан әкімінің бастамасынан бастау алған осынау зор міндетті 10 жыл бойы абыроймен атқарған Жаңбыров Сұлтан Талпақұлына ерекше ықыласымызды білдіреміз. Шаршамай –шалдықпай осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды қос мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбекте табыстар тілейміз!
1-жүргізуші:
Ажырамай колледжден бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз!-деп колледж директоры Қаныбек Әбдібекұлын қошеметпен ортаға
шақырамыз.
2-жүргізуші:
Ұстаз. Иә, оның негізгі мәні жақстылықта, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуді үйретуге тәрбиелейді. Ұстаздық ұғымының астары адамгершілікпен, әдеп - инабаттылықпен, ізет - құрметпен, білім - парасатпен байланысып жатыр.
1 - жүргізуші:
Демек, кең мағынада нәрестенің дүниеге келіп, толысқанша өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйренген адамы ұстазы болады да, сол үшін, меніңше, шәкірт ұстаз алдында қия өтпей, өмір бойы өзін қарыздармын деп, саналы ұстаздың өзін, сөзін ардақтап өтуге тиіс.
2 - жүргізуші:
Дұрыс айтасың, біздің колледждегі әрбір оқытушы,осында отырған баршаңыз да біздер үшін әлемдегі ең асыл да ардақты, үлгі тұтар тұлғаларсыздар! Мерекелік тартуымыз ретінде өздеріңізге арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар !


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет