1-бөлім. Мектептің іс әрекетінің негізгі мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары. Мектептегі оқыту-тәрбиелеу үрдісінің тақырыбы: Ақпараттық озық технологиялар арқылы оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдердің шығармашылығын жетілдіре отырып, жеке тұлғаны заманауи талабына сай жан-жақты тәрбиелеу
Жаңа оқу жылының мақсаты: 1. Оқу және тәрбие үрдісінде озық педагогикалық іс-тәжірибелерді қолданып, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін жетілдіру;
2.Оқыту және тәрбие беру процесінде жеке тұлғаның функциональдық қабілетін жетілдіру;
3.Мектеп өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу,оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
4.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы,гуманды-тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.
5.Мәңгілік ел-қазақ халқының ұлттық идеясын насихаттау
Міндеттері: 1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;
2.Білім беру сапасын үздік әлемдік стандарт деңгейіне көтеру;
3.Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
4.Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасының көрсетілуіне ықпал ету;
5.Оқушылардың пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.
6.Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында,материалдық-техникалық базаны жақсарту.
7.Мұғалімдердің педагогикалық мамандығын жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру.
8.Педагогикалық жаңа, озық технологияларды оқып үйрену және тәжірибеге енгізу.
9.Оқушылардың танымдық ой-өрісін дамыту, саяси және құқықтық қатынастар жөнінде бастапқы түсінігін, олардың адамгершілік ізгі қасиеттерін қалыптастыру мақсатында іс-тәжірибеге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде кіргізу.
10.Әдістемелік жұмыстың әдіс-тәсілдерінің жаңа түрлерін іс-тәжірибеде кеңінен қолдану.
11.Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру.
12.Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау,жинақтау,тарату.
13.Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін іс-шаралар, үйірмелер ұйымдастыру.
14.Үлгерімі төмен оқушылардың үлгеру деңгейін көтеру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастыру.