Белсендіру сипатындағы массаж



бет1/3
Дата07.02.2023
өлшемі35,25 Kb.
#65789
  1   2   3

Белсендіру сипатындағы массаж
(нақты осы тақырыпта таппадым осыған сәйкес келетін тақырыптар)
Массаж – француз сөзінен шыққын, ысқылау деген мағына білдіреді, оның түпкі тамырын араб тілінен алған (арабша «мас» - жақындау, сипалау)
Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған, оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы Санхерибаның (б.з.д. 705 – 681 жж. ) дүниесі де. Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден үйренген екен. Ежелгі Грекия халқының спортшылары сайыстың алдында және соңынан денелерін майлап, артынан Ніл өзенінің жағасынан әкелінген ұсақ құммен ысқылатқан екен. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың илеу - жұмсарту – мыжу тәсілдерін кеңінен қолданады. Массаж ертеде Грекиядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (б.з.д. 156 – 128 жж) массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «медицина туралы» кітабының бір тарауын массажға арнаған. Массаждың өрлеуіне үлкен көмегін тигізген дәрігредің бірі Гален (б.д.д. 131 – 120 жж) итальяндықтар массажды тек тұрмыс жағдайында ғана емес, тіпті әскери жағдайда кең қолданған. Массаждың етек алып, дамуына дүние жүзіне әйгілі ғалым, жазушы, астроном, орта ғасырдағы үлкен тұлға Әбу Әли – Ибн Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әрбір түрін талдап берді. Мәселен, күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз – босатады, ұзақ – адамды арықтатады, орташа – құлпыртады, даярлық – дене тәрбиесіне икемдейді. Ғалымның берген осындай анықтамалары – емдік, спорттық массаждың негізін құрады. Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ол қолменнһ емес, аяқпен де жасалады. Массаж халық медицинасының үлкен бір бөлігі. Қазіргі кезде Шығыс және Батыс массажы деп 2 – ге бөлінеді. Батыс массажына нүктелі (1 нүктеге қадап) және жүйелі дененің бөлігіне жасау) массаждар жатады. Мәселен емшектегі балалар мектеп жасына дейінгі балалар тіпті әлсіз тітіркенудің өзін қатты сезеді, ал 15 жастан 30 жасқа дейінгі адамдар өздеріне күштірек массажды керек етеді. 31 жастан 50 жасқа дейінгі адамдар орташа күш түсетін жеңілдеу массаж жасаған дұрыс. Дене еңбегімен айналысатын адамға қарағанда ой еңбегімен шұғылданатын адамдар массажға әлдеқайда сезімтал келеді. Жалпылама жасалатын массаж 10-20 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Массажды күнде немесе күнара жасайды. Ауырған адамға емдеу курсы кезінде жалпы 10-20 массаж жасалады. Егер емдеуші дәрігер қажет деп тапса, онда жылына массаждың 2-3 курсын қабылдауға болады. Қазіргі кезде массаж батыстық, шығыстық болып екіге бөлінеді. Батыстық массаж классикалық және сигментарлық ал шығыстық массаж нүктелі, жүйелі болып бөлінеді. Нүктелі – дененің бір жеріне, жүйелі дененің бір бөлігіне жасау. Организмде тітіркендіру кезінде функционалды өзгерістер байқалады. Массаж орындалуына қарай 2-ге бөлінеді: Қолымен, Аппаратпен Массаждың жалпы және жергілікті түрлері бар. Олар: Емдік массаж, гигиеналық косметикалық массаж, спорттық массаж, рефлекторлы массаж. Емдік массаж – ағза ауырғанда, жарақаттанғанда емі нәтижелі болу үшін қолданылады. Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторий – профилакторий сияқты медициналық - мекемелерде, аурудың жағдайын тыңғылықты қалағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрылымына кіреді. Мысалы, дәрі – дәрмекпен, фозоитерапиялық емдік – гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек қан тамырлары ауруларына бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда басқа түрі, отаның не щеткері жүйке – жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай алады. Емдік массаждың келесі түрлері ажыратылады: Классикалық-дененің жарақатқа ұшыраған аймағына немесе жарақат үстіне жасайды. Оның рефлекторлық әсер етуі есепке алынбайды.Сегменттік-рефлекторлық-жүйелермен ішкі ағзаларға рефлекторлық әсер ету. Бұл массаж тері рецепторларын қоздырады. Периосттық-сүйек қабыңғында өзгеріс тудырытын массаж. Нүктелік-терінің шектелген аймағына, яғни қандайда бір ағзамен немесе жүйемен байланысы бар рефлексогенді аймақта орналасқан биологиялық белсенді нүктелерге механикалық әсер ету. Гигиеналық массаж. Массаждың бір түрі сау адамадардың денсаулығын сақтау үшін аурудың алдын алу үшін, ерте қартайып – тері созылып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеде немесе жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім өз – өзіне жасай алады. Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде жасасада оның артықшылығы жоқ, деенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі адам организмі бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін) біртіндеп таратылады. Әсіресе, қан қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі массаждың көмегі өте қажет - ақ. Гигиеналық массаждың бір түрі-косметикалық массаж, оны терідегі әртүрлі косметикалық ақаулардан арылтатын ем-шара ретінде қарастырылады. Спортшыларды физикалық жетілдіру, олардың спорттық формасын қалыпты ұстау үшін жаттығу кезінде және спорт жарыстарында шаршағандықты жылдам басу, күшті тез қалпына келтіру мақсатында қолданылады. Өзіне-өзі массаж жасау. Бұл массаж су ем-шараларымен, таза ауада болумен және сәйкес емдік жаттығу амалдарымен үйлестірілсе, адамның жұмысқа қабілеттілігін едәуір жақсартып, денсаулығын нығайтады. Орталық нерв жүйесіне әсері Массаж заттек алмасуына, минерал, ақуыз алмасуына елеулі әсер етеді. Организмнен натрий хлоридінің,несеп зәрдің, органикалық емес фосфаттардың бөлінуі артады. Осының бәрі организмнің бұзылған функциясының қалпына келуіне жағдай туғызады және гемостазды қалпына келтіреді. Массаждың бұлшық еттерге, буын апаратына әсері. Массаждың әсерінен бұлшық еттің ширатылу қызметі жақсарады, күші және жұмысқа қаблеті артады, тонусы қалпына келеді. Теріге әсері. Массаждан кейін теріде гиперемия дамып,тері мен тері асты тіндерінің температурасы жоғарылайды. Терідегі трофикалық процестер жақсарады, май, тері бездерінің функциясы ширықтырылады, қан айналым жіне лимфа айналымы қарқындайды, қанның оттегімен қанығуы артады. Жүрек-қан тамыр және лимфа жүйесіне әсері. Массаж жүрек функциясын стимуляциялайды, артериялық қан қысымын төмендетеді, перифериядағы қан, лимфа тамырларын кеңейтеді, үлкен және кіші өан айналым шеңберінде іркілістерді жояды, миокардтың қоректенуін жақсартады, тыныс алу процесін қалпына келтіреді. Буындармен бұлшықеттерге әсері: Бұлшық ет қызметі – жиырылу, қозғыштық, эластикалық қасиеттерін жоғарылатады, оттегі сіңуін жоғарылатады. Массаж жасаған кезде бұлшық ет босаңсиды. Бұлшық еттің жақсылап босаңсуы физиологиялық қалыпқа байланысты белгілі бір бұрышты бүгілу болса физиологиялық қалып деп аталады. Физиологиялық қалыптағы кезде массаждың әсері жақсы болады. Массажды ұйымдастыру және оған қойылатын талаптар. Массаждың мақсаты-ауруға шалдыққан немесе жарақатқа ұшыраған организм ағзаларының функциясые қалпына келтіру, науқасты оңалту. Массаж бөлмесі және оның құрылғылармен жабдықталуы. Массажбен емдеуді дұрыс жолға қою үшін массажға арналған жеке бөлме-кабинет болғаны жөн. Ол бөлме жарық, құрғақ әрі жылы болғаны дұрыс. Кабинеттің көлемі адам жататың кушетканың санына байланысты. Әр кушеткаға 6 шаршы метр жер бөлінеді. Оған әрі-бері жүретін жол, массаж жасайтын адамның отыратын жұмыс орныда кіреді. Кабинетте бір ғана кушетка болса, онда оның көлемі 12 шаршы метрден кем болмауы керек. Кабинеттің едені тақтай болғаны жөн. Бөлме желдеткішпен тазартылып тұрады. Үгу кезінде үгушінің көп күш жұмсауы мен жүйкесінің шаршауы байқалатындығы белгілі. Үгушінің шаршауы көп нәрсеге байланысты: үгу столының биіктігі және жағдайына, бөлменің желдетілуіне, үгу жүргізуге құрал жабдықтармен қамтамассыз етілуі Массаж жасау үшін ауданы 8-10 метр квадрат жақсы жарықтандырылған, жылы, ауасы жаңартылып отыратын жеке бөолме жабдықталады. Бөлме температурасы 20с° градустан төмен түспеуін іші құрғақ болуын қадағалау керек. Көршілес массаж бөлмелері өткелдермен жалғастырылады. Егер бір бөлмеде бірнеше массаж жасаушы жұмыс істесе, онда әрбірінің жұмыс орны оқшауланады. Үстелдің биіктігі 70-90 см, ені 50-60 см, ұзындығы 180-190см беті дермантинмен қапталады, маңдайды тіреуге арналған жастықшасы болады, аяқты қоюға арналған диаметрі 20 см, ұзандығы 50-60 см болатын білекше жастықшалары қажет. Дәрі-дәрмектерге арналған қобдиша болуы қажет, мақта, мата, йод, спирт, бриллиант жасылы, мүсәтір спирті, майлар, себетін ұнтақтар, термометр сақталады. Массаж бөлмесінде суық, ыстық су келіп тұрған қол жуғыш, сабын, дезинфекция жасайтын ерітінді, айна, қол өңдейтін заттар болуы керек. Нақасқа қойылатын гигиеналық талаптар. Массаж алдында науқас душ қабылдайды,душ жоқ болса аяқ-қолын,денесін сулы орамалмен сүртеді. Массаж жасайтын аймақты спирт ерітіндісімен немесе иіс сумен сүрту қажет.тері ауруында массаж жасауға болмайды. Массаж тиімді болу үшін науқас ыңғайлы жатып,бұлшық еттерін босаңсытуы қажет. Шалқасынан жатқан науқастың аяғын физиологиялық қалыпта орналастыру үшін аяқты 35° алшақтатып, тізе буынында 40-45°, сирақ басы буынында 10° бүгеді. Қода 45° алшақтатады, білекті шынта буынында 110 градусқа бүгеді, қол басын білезік буынында 100 градусқа бүгеді. Массаждаушығы қойылатын талаптарМассаждаушының жұмыс орны ыңғайлы болуы қажет. Ол өз жұмысын тұрып және отырып атқара алады. Массаждаушы асептика және антисептика ережелерін, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы қажет.Массаждаушы қол күтіміне назар аудару қажет, егер қол терлесе 1% формалин ерітіндісімен сүртеді. Массаждаушы ұзақ тұрып жұмыс істеуіне байланысты радикулит, жалпақ табан ауруына шалдығуы мүмкін, әрбір массаждан кейін 5-7 минут демалу қажет. Массаж жасалатын аймаққа қарау жүргізу . Тері жамылғысы: терінің түсі терідегі қан тамырдың дамуына қан айналымға пигменттер саны мен терінің қалыңдығына байланысты. Тері қабығында, екйбір тері ауруларында тері жаиылғысы қызарады. Анемияда, инфекциялық ауруларда және тағы басқа тері жамылғысының түсі бозарса гепатит, сары ауру, сарғыш реңге боялады. Тері қалыпты жағдайда иілгіш, қалың. Тері жамылғысы ылғалды болады, алайда терінің шектен тыс немесе әлсіз ылғалдылығына массаждаушы көңіл аудару керек. Шектен тыс ылғалдылық неврастения, невроз ауруларында байқалса, терінің кебуі жасы ұлғайған адамдар, организм сұйықтығы көп жоғалтқанда жиі кездеседі. Қалыпты жағдайда терідегі лимфа түйіндері көрінбейлі, сипағанда анықталмайды. Олардың көлемі қабыну кезінде үлкейелі, сипағанда науқас ауырсынады, лимфа түйіндері қабысып ісінгенді массаж жасауға болмайды. Массажға дайындық, емшараның ұзақтығы. Массаж тиімді орындалуы үшін найқасты массаж жасатйын орындыұұа отырғызады немесе кушеткаға сондай – үстелге жатқызады. Осы қалыпта дене бұлшық еттерінің толық босаңсуын қадағалау керек. Алдымен массаж жасалатын аймақтағы киімді шешеді, науқастың денесі таза ешқандай бөртпесі болмау керек. Массаж жасалатын аймақ пен массаждайшының қалпы орнықты болуы керек. Науқасқа жалпы массаж әдетте, тамақ ішкен соң 1 – 2 сағаттан кейін жасалады. Массаждың 1 емшарасының ұзақтығы сырқаттың сипатына немесе оның сатысына, науқастың жасына, жынысына және дене бұлшық еттерінің көлеміне байланысты. Бір емшараның ұзақтыңы жергілдікті массажда 5 - 15 минут құрайды. Массаж алдындағы дайындық емшарасы 5 – 20 минут, оңалту массажы 15 - 35 минутты қажет етеді, гигиеналық массажға 5 – 15 минут қарастырылған. Оңалту массаж аатасына 2 – 3 рет жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет