Ретінде бір отбасф өмірін арқау еткен



Дата22.12.2023
өлшемі17,28 Kb.
#142714
түріПоэма

Үздік шығармалар беріп, әлемдік даңққа бөленген, көп салалы мол сырлы, алуан әуезді қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің алдыңғы қатарында ауызға алынып, құрмет етілетін қаламгерлердің бірі — Әбділда Тәжібаев. Оның шеберлік өрісіндегі елеулі туындыларының бірі – «Портреттер» поэмасы.
Бұнда заманның көкейкесті сырлары, адамның қат-қабат тағдыры, уақыт алдындағы жауапкершілігі суреттеледі.
Ақын поэмаға эпиграф ретінде Абайдың өлеңінен үзінді алған:« Сағаттың сықырлауы емес ермек,Кәмілше өмір сүрмек ол білдірмек ».Поэманың негізгі идеясын осы жолдар ашып тұрғандай. Автор поэманың тақырыбы ретінде бір отбасф өмірін арқау еткен Осы отбасында өтіп жатқан оқиғаларды мысалға ала отырып, бүкіл бір елдегі типтік жағдайды, тарихты нақты бейнелі суреттеген. Шығармадағы әкенің балаға беретін сағаты символдық мәнге ие, жинақтаушылық күші бар көркем бейне десекте болады
«Танимын десең уақыттың ләззат, бейнетін,Сүйе біл, оның сағатын, әрбір минутын».Поэманы оқыған адамда не себепті шойын сағатты арқау ете отырып, философиялық толғам жасады деген сұрақтар туындауы мүмкін. Менің ойымша, ақын ескі сағатты негізге ала отырып, уақытты бағалай білуді, оның қадірін түсінуді және де сағаттың үлкеннен кішіге мұра болып қалуы арқылы өмірдің алма кезек ауысатынын аңғартады. Әкесі мен ағасының өмірден өткені басқа да отбасы мүшелеріне ауыр, айықпас қасірет келгенімен уақыт өте келе оның да жарасы жазылып, тірі адам тіршілігін жасайтынын үйрете отырып, олардың орнын балалары басатынын көрсетеді.
Поэманың „Портреттер” деп аталуында үлкен себеп бар. „Портрет” – ақынның бала күнгі естелігі, автобиографиясы. Ал кейіпкерлері – санада сақталған, тозбайтын портрет иелері. Өмірдің әр белесі – бір естелік. Ондағы әр бейне – бір портрет. Адам жадындағы портреттер шаң басуға тиіс емес. Ақынның айтпағы осы деп ойлаймын. 
Композициялық құрлысына талдау.
Оқиғаның басталуы:лирикалық кейіпкердің отбасының ауыр тұрмыстық жағдайы.
Оқиғаның байланысы,өрбуі:бақытты балалық шағы,отбасының бақытты сәттері.
Оқиғаның шиеленісуі:әкесінің жан түршігерлік күйі,сағатын беріп жатып айтатын ақырғы сөзі.
Оқиғаның шарықтау шегі:есейіп ер жеткен ағасының еткен еңбегі мен оның да мезгілсіз өлімі, одан кейінгі өзінің қызықты отбасылық өмірі, көп ұзамай қарындасының соғысқа кетіп,одан да көз жазып қалуы.
Оқиғаның шешімі:әкеден мұра болып,өмірдің тоқтаусыз өтіп жатқанын көрсетіп тұрған шойын сағатты кейіпкердің өзі өлгеннен кейін,келешек ұрпаққа қалатыны.
Қалады сағат мен өлсем егер,Тоқтамай уақыт тартады алға.Ертеңнің тағы иесі келер,Тапсырдым, сендім жас балаларға.
Түйін: Жалпы күрескер ұрпақтардың төгілген қанымен келген өмірді сақтауға,қадірлеуге үйретуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет