Бесінші сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалімдердің жадынама



Дата15.12.2022
өлшемі12,2 Kb.
#57531
түріСабақ

Бесінші сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалімдердің жадынама
1. Оқу процессінің ұйымдастырылуына ерекше мән беру:
a. Сабаққа дайындық (оқу-жазу құралдарының толықтығы, партадағы ұқыптылық);
b. Түрлі жұмыс түрлері мен дәптердің сыртын толтырудың дұрыстығы; үй тапсырмасын күнделікке жазуын қадағалау.
2. Бірыңғай тәртіптік талаптарды жолға қою: сабаққа қоңырауда дайындалып, қоңырау соғылысымен сабақты бастап кету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, мұғалімнің, сыныптастарының сөзін бөлмеу; қол көтеру-бұл сұрақ қою немесе жауап беру белгісі; партадан шығып жауап береміз, толық сабақ айтуға тақта алдына шығамыз.
3. Сабақты қоңырау соғылысымен аяқтаймыз, балаларды бөгемейміз.
4. Үй тапсырмасын сабақтың соңына қалдырмаймыз-оны түсіндіріп,орындалуы туралы мәлімет беруіміз керек.
a. Мына ережені ұмытпаңыз:үй тапсырмасы оқушыға қанағаттану сезімін туғызуы, жетістікке ұмтылдыруы керек. Балаларға тапсырманы өте көп бермеңіз.
5. Пән мұғалімдері 5-сыныпта сабақтар іс-әрекет түрінің ауысуымен ерекшеленуі керек және физминутканы кіргізуді ұмытпаңыздар.
6. Оқушылар өздерінің міндеттері мен құқықтарын білуі керек, кабинетте өзін ұстауы, қауіпсіздік ережесі, кезекшілік ережесі туралы.
7. Оқушы күнделігін тәртіпке байланысты ескертулер жазуға пайдаланбаңыз (отбасымен, баламен жұмыс жасаудың жекелеген түрлерін табыңыз).
8. Күнделікті сабақтың соңында келесі күнгі тапсырманы тексеруді ұмытпаңыз.
9. Мұғалімнің міндеті-оқу материалдарын меңгерудегі қиындықтарды біліп, дер кезінде көмекке келу.
10. Ұмытпаңыз: «Оқушы және оқытушы-одақтастар. Оқыту конфликтісіз болуы керек».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет