Сабақжоспары Кіріспе. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі Модуль /пән атауы: Цифрлық сауаттылық
Дайындаған педагог:Халмуратов Анвар
Күні :2023 жылғы 09.09.2023ж
1.Жалпы мәліметтер Курс:3-1
Топ:МДО-211/Б; КБК-232/Б
Сабақ типі:теориялық
2. Мақсаты, міндеттер Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
3. Сабақты жабдықтау 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, компьютер, белсенді тақта, арнайы бағдарламалық жасақтама. Кітапхана құралдарын қолданаду.
Кіріспе. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі Техникалық қауіпсіздіктің жалпы талаптары: 1. Тәртіпті, аңғарымды болу.
2. Өндірістік оқыту шеберінің ғана тапсырған жұмысын орындау.
3. Орындау тәсілін білген жағдайда ғана жұмысқа кірісу. Күдікті жағдайда жұмыс берушімен кеңесу.
4. Жұмыс кезінде өзінің де, өзгенің де көңілін бөлмеу.
5. Жарық жоқ және оның нашар кезінде жұмыс істемеу.
6. Компьютерді рұқсатсыз қоспау және қосылған компьютерді иесіз қалдырмау.
7. Дымқыл немесе су қолмен жұмысқа отырмау.
8. Монитор экраның желі жалғағыштарды, сымдарды қолмен ұстамау.
9. Қондырғыларды рұқсатсыз орнынан қозғамау.
10. Жұмыс орнынан қажетсіз кетпеу.
11. Компьютерді қатты қозғамау.
12. Компьютерлердің үстіне бөгде заттарды қоймау.
13. Жұмыс орнында және бөлмеде тазалық сақтау.
Техникалық қауіпсіздіктің арнаулы талаптары. Жұмыс алдында: 1. Жұмыс киімдерін тәртіпке келтіру.
2. Жұмыс орнындағы артық заттарды алып тастау.
3. Бөлмедегі жүретін жолдарды алып қою.
Жұмыс кезінде: 1. Компьютерді қосып, ақаулықтың жоқ екеніне көз жеткізу.
2. Ақаулықтар бар болса, компьютерді тоқтан айырып, өндірістік оқыту шеберіне хабарлау.
3. Техникалық үзілістер кезінде саусақтарға арналған жаттығулар орындап отыру.
4. Жүйелік блок қораптары ашық жағдайда жұмыс істеуге, өз бетімен компьютерді ашып қарауға, ақауларды жөндеуге тыйым салынады.