91 жалпы орта білім беретін мектебі кмм «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!»



бет1/3
Дата25.05.2023
өлшемі36,86 Kb.
#96980
түріСценарий
  1   2   3

91 жалпы орта білім беретін мектебі КММ


«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!»


2022-2023 оқу жылы



«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі
Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туын енгізу, ҚР әнұраны
4. Мектеп директорының құттықтауы
5. Қонақтардың құттықтауы
6.1 - сынып оқушыларының тақпақтары
7. Алғашқы қоңырау салтанаты
8. 1 сынып жетекшісінің құттықтауы
9.ҚР мемлекеттік туын шығару
10.Қорытынды сөз 
11.Оқушыларды мектепке кіргізу
Өтетін күні: 01.09.2018 Уақыты: 10.00
Сыныптар:барлық сыныптар
9.30 – Музыка жіберу
9.50 – Сапқа тұрғызу
10.00 – фанфар жіберу
Мектеп алаңын дайындау, шарлар, жалаушалар ілу


Жүргізуші 1
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Жүргізуші 2
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!
Фанфары қосылады
1 -Жүргізуші:
-Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
2 -Жүргізуші:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің арқасында гүлденіп келеді. Тәуелсіз Қазақстанымыздың мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндері үшін бүгін ерекше күн болмақ. 
2-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп 
табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне
арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет