Беттің алдыңғы аймағы



Дата13.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#82552

Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті
Орындаған:Достарбай М.А
Курс:2
Топ:203-Б
Факультет:стоматология
Қабылдаған:Сайлаубек Қ.Х
«Иммунология» пәні бойынша БОӨЖ тапсырмасы
Алматы 2023ж
Жоспар:
І.Кіріспе
1.Жергілікті иммунитетке түсінік
ІІ.Негізгі бөлім
2. Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті
ІІІ.Қорытынды
VІ.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.
Жергілікті иммунитетке түсінік


Жергілікті иммунитет – организм тұрақтылығын сақтап тұратын,əсіресе ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді,бөтен биологиялық антигендердің енуінен сақтайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті иммунитеттің факторы болып антидене деп саналды. Антидене барлық сыртқы секреция бездерінде: жас,сілекей,орталық құлақтың сұйықтығы мен сүтте кездеседі. Жергілікті иммунитет организдмді ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды жəне залалсыздандырады. Адам мен жануарларда автономды қызмет атқарады.

Ауыз қуысының иммундық қорғаныс жүйесі, жалпы шырышты қабықшаның жүйесінен айырмашалығы жоқ.Спецификалық және бейспецификалық факторлар қатарласып іс атқаруымен ауыз қуысын тіс жегі,қызылиек қабынуы және де т.б. аурулар қоздыратын түрлі патогенді микробтардан сақтауды қамтамасыз етеді.


Негізгі бөлім.
Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті
Периодонтит
Кариес
Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті
Сілекейдің қорғаныс қасиетінің ерекше орны бар. Бір тәулікте ересек адамдың ағзасының сілекей бездері 2 литрге дейін ферменттік белсенділігі бар сілекей бөліп шығарады. Сілекей, патогендер өте алмайтын кедергі болуымен қатар, айқын бактериоцидтік қасиетке ие.

Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті


Сілекейдің басты факторлары
Лизоцим
Лактоферин
Лактопероксидаза
Имонаглобулиндер

Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті


Сілекейден әр уақытта полиморфты лейкоциттер мен моноциттерді табуға болады. Бір мезгілде ауыз қойнауында 100 000 –нан астам фагоциттоздаушы жасушалар табылады.
Ауыз қуысының дәнекерлеу тінінде бейспецификалық төзімділік жасушалары орналасқан: көшпелі тін макрофагтары, фибробластар, гранулоциттер мен тін базофильдері.

Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті

Ауыз қуысы тиімді спецификалық иммундық қорғаныс жүйесімен қамтамасыз етілген. Анатомиялық құрылысына сәйкес онда жұтқыншақ шеңберінің қуатты бадамшалары, аса дамыған лимфойдтық өзектер орналасқан. Тінде лимфойдтық жыйнақтар табылса, сілекейде лимфоциттер мен А,М,G және Е изотипті иммундыглоублинер табылады.


Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті


Сілекейде секреторлық IgА-ның концентрациясы басым болады. Оның өлшемі кан сарысуындағыдан да жоғары. Иммундыглобулиндердің басқа түлерінің концентрациясы сарысудағыдан төмен. Иммундыглобулиндердің концентрациясы төмендеген кезде ауыз қуысының шырышты қабықшасы іріңді ісік пен аллергиялық ауруларға тап болуы мүмкін.
Қорытынды
Қорытындылай келе,әрбір адам ауыз қуысының гигиенасын ұстану қажет. Адамның ауыз қуысы жеке гигиенасы-тіс пен ауыздың шырышты қабығын жұмсақ қақтарынан және ас қалдықтарынан тазарту жолмен, сол сияқты, ауыз қуысын үнемі таза ұстау арқылы, стоматологиялық аурулардың және ағзаның ішкі мүшелерінің әр түрлі ауруларының дамуын және күшеюін алдын алу болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

  • Б.А Рамазанова «Медициналық микробиология,вирусология және иммунология»
  • А.А Шортанбаев «Жалпы иммунология»
  • www.Wikipedia.ru
  • https://present5.com/
  • https://studopedia.org/

НАЗАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет