Бүгінде Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Атап айтқанда, олар: «Nur Otan» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, «Ауыл» ұлттық-демократиялық партиясы, «Бiрлік»
Бүгінде Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Атап айтқанда, олар: «Nur Otan» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, «Ауыл» ұлттық-демократиялық партиясы, «Бiрлік» саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП).
Әрине, осылардың арасында «Nur Otan» партиясының салмағы басым. Партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше ғана партияның саяси кеңесі отырысында өкілеттігін қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруды ұйғарды. «Халықтың сеніміне ие болу, беделі мен саяси салмағы бар, толыққанды, нағыз саяси партия болу оңай шаруа емес: күшті саяси ерік-жігер, қажырлы қайраткерлік, тынымсыз еңбектену керек, ел үшін еңіреп, ұлт мүддесін қорғап, мемлекеттің жоғын жоқтап, халықтың қамын жеп, Отанымыздың мұң-мұқтажы үшін күресе білу қажет» дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану кафедрасының профессоры Сейілбек Мұсатаев.