Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл



Дата16.04.2022
өлшемі18,65 Kb.
#31215
Байланысты:
Сынып сагат


1866 – 2021: Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл

Жасынан зерек, алғыр өскен, баспасөз беттерінде өзін «қыр баласы» деп таныстырған, көпшілік жұрт оны «ұлт көсемі» деп білген, қазақ ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, «тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп, ақтық демі қалғанша еліне адал қызмет еткен Әлихан Бөкейхановтың туылғанына биыл міне 155 жыл толып отыр.

1-оқушы


Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылғы наурыз айының 25-і күні бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал қарасты елді мекен .Қазіргі таңда бұл мекенге Әлихан Бөкейханов есімі берілді.

2-оқушы


Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады.

3-оқушы


Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады

4-оқушы


Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.

Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.[

Әлихан Бөкейханов атамыздың ұйымдастыруымен 1913ж 2 ақпанда «Қазақ» газеті жарыққа шықты.Газетте рәмізді бейнелеитіндей киіз үйді ұсынды.

Бұл « қазақ ұлты» дегенді білдірді.«Қазақ» газетінің ең басты мақсатының бірі қазақ зиялыларының бастарын қосу және біріктіру болды.Алаш арысының саяси белсенділігімен көзге түсуі Кеңес үкіметінің көңілінен шықпай ,жалған интернационалист,жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып,түрме азабын тартты.Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады.

Қорытынды: Ә.Н.Бөкейханов 1955 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты халықтан 34 жыл бойы жасырып келді. 1989 жылы қайта отырыс өтіп, ақталады. Шығармаларын зерттеу қолға алынды. Өйткені ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Қазақстан тарихын жазу ісінде Алаш қозғалысы мен Ә.Бөкейхан қызметін айтпай кету мүмкін емес. Ұлт көсемі деген атақты зерттеушілер емес өз замандастары берді. Әлихан Бөкейханов артына өшпез із қалдырған,қара басының қамынан гөрі ұлтының тағдырын биік қойған ,халқының келешегін ойлаған ,әрі сол жылдары басын бәйгеге тіккен аяулы тұлға.



Қайтыс болуы 27 қыркүйек (яғни 71жас)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет