Биіктік (шырақ биіктігі) һ – аспан денесінен вертикаль жанындағы көкжиек сызығына дейінгі бұрыштық арақашықтық. Биіктік градуспен, минутпен, секундпен өлшенеді. Азимут А



Дата18.10.2022
өлшемі4,5 Mb.
#43933

Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі Оқу мақсаты: 9.7.2.3 – аспан сферасының негізгі элементтерін атау; 9.7.2.4 – жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау
Аспан сферасы - центрі бақылаушы тұрған жерде, ал радиусы кез-келген болатын және бетіне аспан шырақтары бақылаушыға қалай көрініп тұрса, солай проекцияланған ойша алынған сфера.
Қарастыруды жеңілдету үшін аспан сферасының радиусын әдетте 1-ге тең деп алады.
Аспан сферасының негізгі элементтері: Зенит (Z) нүктесі бакылаушының дәл төбесінде, ал Надир (Z) — сфераның қарама-қарсы нүктесінде орналаскан. Осы екі нүктені қосатын түзу вертикаль сызық немесе тік сызық, оған перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық математикалық немесе нақты көкжиек жазықтығы деп аталады. Ол аспан сферасын қиып, үлкен дөңгелек (орталығы аспан сферасының орталығымен сәйкес келетін шеңбер мағынасында) — нақты көкжиек (немесе жай ғана көкжиек) түзеді. Көкжиек аспан сферасын көрінетін және көрінбейтін екі бөлікке бөледі. Зениттен М шырак аркылы надирге дейін өтетін үлкен дөңгелек шырақ вертикалі деп аталады.
Аспан Координаталарының экваторлық жүйесі және көкжиектік (горизонталь) жүйесі деп аталатын екі түрлі жүйесі бар.
  • Көкжиектік (Горизонталь) жүйенің координаталары: биіктік (шырақ биіктігі) және азимут.
  • Биіктік (шырақ биіктігі) һ – аспан денесінен вертикаль жанындағы көкжиек сызығына дейінгі бұрыштық арақашықтық. Биіктік градуспен, минутпен, секундпен өлшенеді.
  • Азимут А – аспан денесінің тәуліктік қозғалыс бағытымен оңтүстік нүктесінен вертикальға дейінгі бұрыштық арақышықтық. Азимут градуспен, минутпен, секундпен өлшенеді, 0-тан 360-қа дейін өзгереді.

Экваторлық координаталар жүйесінде еңістік және тік шарықтау (тура көтерілу) координаталары арқылы анықталады.
  • Еңістік – еңістік дөңгелегі маңындағы жұлдыздың аспан экваторы жазықтығынан бұрыштық қашықтықтығы. Слтүстік жартышар жұлдыздарының еңістігі 0-ден 90градусқа дейін, ал оңтүстік жартышар жұлдыздарының еңістігі 0-ден -90градусқа дейінгі мәндерде болады.
  • Тік шарықтау – көктемгі теңелу нүктесінен жұлдыз орналасқан еңістік дөңгелегіне дейінгі бқрыштық қашықтық. Тік шарықтау аспан сферасының тәуліктік айналуына қарама-қарсы экватор сызығының бойымен анықталады. Ол сағат, минут, секундпен өлшенеді.

Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы (ЖАЖК) кез келген уақын мезетіндегі жұлдызды аспан көрінісін анықтауға мүмкіндік береді. Ол екі бөліктен тұрады: картадан және қондырма дөңгелектен тұрады.
Эклиптика деген Күннің Батыстан шығысқа қарай жылдық қозғалысының жолын айтады.
  • 9-тақырып оқу, бақылау сұрақтарына жауап жазу;

Тапсырмалар:
The 5 most common sports in Kazakhstan are football, boxing, hockey, basketball, cycling I think they are more spectacular and more interesting than other sports Probably frequent coaching and a lot of physical activity

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет