Билеттер 1-билет Белсенді датчиктер


Боялған ерітіндінің концентрациясын фотоколориметрмен анықтау.Тәуелділік графигі



бет6/6
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#23504
1   2   3   4   5   6
2.Боялған ерітіндінің концентрациясын фотоколориметрмен анықтау.Тәуелділік графигі

Фотоэлектрлік концентрациялы КФК-2 колориметрі жарық фильтрінен шығатын толқын ұзындығы 815-980 нм диапозонының әртүрлі аймақтарында сұйық ерітінділер мен қатты денелердің өткізгіш коэффициенті мен оптикалық тығыздығын өлшеу, сонымен қатар шашыратушы қосындылар (смесь) эмульсия коллоидты ерітінділер арқылы жарықтың өтуіне байланысты өткізгіш коэффициентін анықтауға мүмкіндік береді. Колориметрдің жұмыс істеу принципі еріткіш немесе бақылау ерітіндісі арқылы өткен жарық ағынын және белгісіз ерітінді арқылы өткен жарық ағындарын кезек өлшеп, екеуін салыстырып отыруға негізделген. Жарық ағындары Ф және Фо фотоқабылдағыштарда электрлік сигналға түрленіп, құралдың шкаласында өткізгіштік коэффициенті немесе оптикалық тығыздығы ретінде көрінеді.Сол сияқты ерітінділер үшін алдын ала түсірілген градуирленген график арқылы заттардың концентрациясын өлшеуге болады. Колориметр медицинада, химиялық және тамақ өндірісінде қолданылады. Ерітінділердің активтілігін, коллоидты ерітінділермен эмульсиядан өтетін жарықты және олардың өткізгіштік коэффициентін өлшеу үшін қолдануға болады. Ерітінді немесе тексеру ерітіндісі арқылы өтетін жарық ағындарын кезекті өлшеу, колориметрдің жұмыс принциптеріне негізделген. Жарық ағындары және фотоқабылдағыштар электр сигналы ретінде және құралдың шкаласы өткізгіштік коэффициентін және оптикалық тығыздығын көрсететін құрал ретінде пайдаланылады. Колориметр колориметрлік, фотометрлік блоктар және жарықтандырғыштан тұрады. Тексерілетін және эталондық ерітінділері бар кюветтер, кювет ұстағышқа орнатылады. Екеуіне кезек-кезек жарық түсіру үшін тұтқаны оңға және солға бұру арқылы жүзеге асырамыз. Кювет қақпақпен дұрыстап жабылады. Егер қақпағы ашық болатын болса, кюветке түсетін жарық жолына шымылдық жабады.



Боялған ерітіндінің когцентрациясы артқан сайын, өткізгіштік коэффиценті соншалықты кемиді. Өткізгіштік коэффиценті боялған ерітіндінің когцентрациясына тәуелді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет