Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет55/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   96
Интернеттен іздеу 

Қазіргі  уақытта  интернет  желілерінде  Сабақты  зерттеу 

топтары 

туралы 


ақпарат 

бар. 


Сабақты 

зерттеу 


қоғамдастықтарымен  байланыс  орната  отырып,  сізді 

қызықтыратын салада іздейтін адамдарды таба аласыз. 

 

Топ нормаларын белгілеу 

Әр  топта  топ  мүшелерінің  бір-бірімен  өзара 

әрекеттесуі  және  топ  мүдделерін  қалай  орындайтыны 

туралы  ережелер  қалыптасады.  Бұл  ережелер  миссияны 

орындау  кезінде  немесе  топтан  тыс  ұйыммен  өзара 

әрекеттесу  кезінде  олар  топ  үшін  тиімді  болып-

болмайтынынан тәуелсіз жасалады. 

Уақыт  өте  келе  ережелер  топтағы  адамдардың           

іс-әрекеттері  негізінде  жасалады.  Еріксіз  қалыптасқан 

кейбір  ережелер  топ  үшін  тиімді  болуы  мүмкін,  бірақ 

көбінесе  керісінше  болады.  Сондықтан,  топтағы  топ  мүшелері  өздері  ұстанатын 

ережелерді,  талаптар  мен  нормаларды  келіскені  дұрыс.  Күтілетін  нәтижелерді  анықтай 

отырып,  топ  мүшелерінің  қатаң  бақылауға  алынғандай  сезімін  тудырмай,  "тәуекелге 

баруға"  мүмкіндік  беретін  негізгі  ережелерді  белгілеу  мақсатында  отырыс  өткізіледі 

(Дадли, 2013). 

Ережелерді  әзірлеудің  тамаша  әдістерінің  бірі  -  топтың  әр  мүшесі  оқытуды 

жетілдіруде қандай жетістіктерге жеткені  немесе қандай істер  сәтсіз болғандығы туралы 

ойланады, содан кейін кәсіби топтың маңызды белгілері туралы өз ойларымен бөліседі. 

Топтың  барлық  мүшелері  топтың  ережелерімен 

танысуы  керек.  Топтың  ережелерін  белгілеу,  оларды 

келісу үшін кездесуді жоспарлау және өткізу қажет. Бұл 

кездесуге топтың барлық мүшелері қатысады, барлығы 

ережелерді бірлесіп қабылдайды. 

Алайда,  бұл  топтың  қабылданған  ережелері  ешқашан  өзгертілмейді  және  үнемі 

қолданылады дегенді  білдірмейді. Уақыт өте келе, Сабақты зерттеу тобы өз ережелеріне 

өзгерістер  енгізіп,  оларды  толықтыра  алады.  Топ  үшін  ең  оңтайлы  ереже  –  бұл  топ 

мүшелеріне  білім  алуда  бір-бірін  қолдауға  мүмкіндік  беретін  топтың  жұмысын 

жақсартатын ереже.  

Сабақты  зерттеу  тобының  ережелерін  әзірлеу 

кезінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  кез-келген  топ 

ұстанатын ережелерді де ескеретін бірнеше жалпы сұрақтар 

бар: 


• Топтың барлық  мүшелері тең. Топтың әр мүшесінің 

пікірі, ұсынысы мұқият қаралады.  




48 

 

• Топтың барлық мүшелері берілген тапсырмаларды, жүктелген міндеттерді уақтылы 



орындайды. 

• Топ  мүшелерінің  қарым-қатынасы:  топ  мүшелері  бір-бірін  құрметтейді.  Бір-бірін 

төмендетпейді. Топтың жұмысына әркімнің қосқан үлесі мойындалады және ризашылық 

білдіріледі. 

• Кездесу кезіндегі топ мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауы: топ мүшелері бір-бірін 

үзбей  тыңдайды.  Дауласпайды.  Кездесудің  барынша  тиімді  өтуіне  ықпал  етеді. 

Жиналыстарға уақытында келеді. Күн тәртібіне сәйкес жұмыс істейді. Жиналыс / кездесу 

уақытында аяқталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет