Оқу жұмыс бағдарламасы «Балалар әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Құрастырушы: Лектор – аға оқытушы Бейсенбаева Б.С.. ____________
Ассистент – Бейсенбаева Б.С. _____________
Кафедра мәжілісінде (2020 ж. _____ №___хаттама) қаралды.
Кафедра меңгерушісі _______________________________Алпейсова Н.А.
Кафедра бойынша ОӘЖ жауапты ________________________Мамаева А.Е.
Факультетінің әдістемелік кеңесінде (2020 ж. ________№ ___ хаттама) мақұлданды.
ФӘК төрайымы ________________________________________ Д. Тавбаева
1. Мақсаты, міндеті мен оқу жоспарындағы алатын орны Пәнді оқытудың мақсаты - балалар әдебиеті нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу жолдарын анықтауға және де бүгінгі таңда әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты қазақ балалар әдебиетінің де тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық жекелеген мәселелері зерттеуді қажет етеді. Осымен байланысты балалар әдебиеті мен ғылымының тарихы кезеңдерін білу және қазіргі кезеңдегі балалар әдебиетінің эстетикалық деңгейлерін студенттерге таныту пәннің негізгі мақсаты болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері - Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін таныту;
- Ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
- Балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен қаруландыру;
- Балаларға арналған фольклор үлгілерінен, классикалық поэзия жанрларынан хабардар ету;
-Әр түрлі жанрлық шығармаларды мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
- Прозалық жанрлардың алуан тақырыптарға дамығанын көрсету;
- Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгерту.
2. Білім бағдарламасы құрылымындағы пәннің орны «Балалар әдебиеті» пәні жоғары оқу орнының кәсіптендіру компоненті базалық пәндер циклына кіреді және мамандыққа кіріспе және практика модульіне енеді.