Білім беру бағдарламасы: В10104 «Фармация» Курсы: Пән атауы: Жалпы және өндірістік токсикологияның өзекті мәселелері



бет1/4
Дата26.03.2023
өлшемі82,17 Kb.
#76179
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
РК 1 АКОИПТ без ответа КАЗ


«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
БЕКІТЕМІН
Кафедра жетекшісі
_______________ аты-жөні
Хаттама № _____
«____»___________ 20___ж.
1 МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
білім алушылардың білімін, шеберлілігін және дағдыларын бағалаудың
БАҚЫЛАУ- ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ
Білім беру бағдарламасы: 6В10104 – «Фармация»
Курсы: 3
Пән атауы: Жалпы және өндірістік токсикологияның өзекті мәселелері
Пәннің коды: UBT 2220
Кредит саны: 3
Тест тапсырмаларын құрастырған:
Аға оқытушы ________ Шаяхметова К.Н.

Бақылау сұрақтарын құрастырған:
Аға оқытушы ________ Шаяхметова К.Н.

Тәжірибелік дағдыларды бағалауға арналған


тапсырмаларды құрастырған:
Аға оқытушы ________ Шаяхметова К.Н.


Ақтөбе, 2022
Пән бойынша білімдерін, біліктерін және дағдыларын бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдары
(тізімдеме)

1. Пән бойынша тест тапсырмалары


2. Бақылау сұрақтары
Пән: Жалпы және өндірістік токсикологияның өзекті мәселелері
Білім беру бағдарламасы: 6В10104 – «Фармация»
Пәннің коды: UBT 2220
Кредит саны: 3
Курсы: 3


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ 1 Вариант 1

1. Аэрозольдік әсерді зерттеу үшін оларды енгізуге қолданылатын әдіс:


А. Ингаляциялық
В. Көктамыр ішіне
С. Іш қуысына
D. Асқазан ішіне
Е. Пероральді
2. Уыттылық және қауіптілікті мөлшерлі бағалау үшін қолданылатын зерттеу әдістері мен амалдардың жиынтығы:
А. биотехнология
В. токсикометрия
С. Зат қауіптілігі
D. Интегралдық көрсеткіштер
Е. канцероген
3. Кәсіби ауру дегеніміз ..
А. Еңбек процесі және демалыс бұзылыстарынан болатын ауру.
В. Зиянды еңбек жағдайларының әсерінен болатын ауру
С. Тағамдану режимі бұзылысы мен зиянды еңбек жағдай әсерінен пайда болатын ауру
D. Тағамдану мен демалыс режимдері бұзылысының нәтижесінде пайда болатын ауру
Е. Көп рет және ұзақ әсерлерден кейін пайда болатын ауру.
4. Қауіпті өндірістік факторлар – бұл:
А. белгілі бір жағдайда денсаулықтың күрт нашарлауына және организмнің өлуіне әкелетін факторлар.
В. жұмыс істеу қабілетін төмендететін немесе кәсіптік ауруларды шақыратын және т.б. жағымсыз жағдайларды туғызатын факторлар.
С. белгілі бір жағдайларда денсаулықтың созылмалы бұзылыстарын тудыратын факторлар.
D. жұмысшылардың денсаулығына кері әсерін тигізетін және кәсіптік ауруларды туғызатын факторлар
Е. адам денсаулығына және жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер ететін факторлар.
5. Өндірістік токсикология - бұл:
А. организмге өндіріс ортасымен еңбек процесінің басқа факторлары әсер етуінің заңдылықтарын зерттейтін еңбек гигиенасының бөлімі
В. өндірістік жұмыс негізінде адам организмінің функциональдық жағдайының өзгерістерін зерттейтін еңбек гигиенасының бөлімі
С. өндірісте зиянсыз және қауіпсіз еңбек жағдайын туғызу мақсатында организмге химиялық факторлардың әсерін зерттейтін еңбек гигиенасының бөлімі
D. адам және оның жеке еңбек процесіндегі психикалық қызмет ерекшеліктерін зерттейтін психологиялық ғылымның тармағы
Е. адам және оның жеке еңбек процесіндегі психикалық қызмет ерекшеліктерін зерттейтін психологиялық ғылымның тармағы
6. Заттың қауіптілігі – бұл:
А. нақты өндіріс жағдайында денсаулыққа әсер ететін зиянды заттардың болжамды көрінісі. зиянды заттардың...:
В. улкен концентрациясының көп ретті әсері
С. аз концентрациясының бір ретті әсері
D. аз концентрациясының ұзақ жүйелі әсері
Е. улкен концентрациясының бір ретті әсері
7. Отандық өнеркәсіптік токсикология негізін қалаушы кім болды?
А. Н.С. Правдин және Н.В. Лазарев
В. Н.И. Пирогов
С. С.В. Симашко
D. О.Н. Елизарова
Е. Н.Ф. Измеров және А.А. Летавет.
8.Уыттылықтың жоғарғы параметрін орнату үшін қолданылатын эксперименттік жануарлардың ең көп таралған түрін көрсетіңіз?
A. егеуқұйрық
В.тышқан
C. теңіз шошқасы
D. қоян
Е. маймыл
9. Улардың уыттылығын және қауіптілігін сандық бағалауға және зерттеулердің әдістері мен тәсілдерінің бірегейлігін көрсететін токсикология бөлімін көрсетіңіз:
A. Токсикометрия
B. Токсикокинетика
C. Токсикодинамика
D. Клиникалық токсикология
E. Профилактикалық токсикология
10. Органикалық, бейорганикалық, элементоорганикалық номенклатурасына негізделген өндірістік улардың жіктелуін көрсетіңіз:
A. Уыттылық дәрежесі
B. Ағзаға ену жолы бойынша
C. Байланыстардың химиялық классы бойынша
D. Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша
E. адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша
11. Функционалдық кумуляция үшін негізгі шешуші көрсеткіш:
А. әсер ету уақыты
В. зат дозасы
С.Молекулалық массасы және оның жартылай ыдырауы
D. Зерттелген заттарға инертті заттың концентрациясы
Е. заттарды енгізу жылдамдығы.
12.Ағзадағы химиялық қосылыстарды детоксикациялау және трансформациялау маңыздылығы бар органдар:
А. Бүйрек және бауыр
В. Бауыр және жүрек
С. Ішкі секреция бездерінің
D. Жеңіл және көзге көрінетін шырышты қабат
Е. Ас қорыту жүйесі және тері.
13. У-ға үйренушілік байқалады …… улануда :
А. Жедел
В. Жеделдеу
С. Созылмалы
D. Арнамалы
Е. Бейарнамалы
14. Суда жақсы еритін улы заттың организмнен негізгі шығарылу жолы:
А. Өкпе арқылы
В. Бүйрек арқылы
С. Ас қорыту жолы арқылы
D.Тері арқылы
Е. Шырышты қабат арқылы
15.Қандай аргегаттық күй тері арқылы еңгенде ең қауіпті болып табылады?
A. Газ
B. Бу
C. Сұйық
D. Шаң
E. Пастатәрізді
16. Асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін токсиндер қайда сіңіріледі?
A. асқазан
B. аш ішек
C. тоқ ішек
D. 12-елі ішек
E. өт жолы
17. Материалдық жинақтау үшін маңызды болып табылады ...
A. концентрация
B. іс-әрекеттің ұзақтығы
C.молекулалық массасы
D. ерігіштік қасиеті
E. үлес салмағы
18.Қай организм өнеркәсіптік улардың әсеріне аса сезімтал?
A.Жүрек-қан-тамыр жүйесі
B.тыныс алу жүйесі
C.асқазан-ішек жолы
D.нерв жүйесі
E.бұлшық ет
19. Өнеркәсіптік улардың біріккен әсері дегеніміз –бұл:
A. организмге түсу жолдары бірдей, әр-түрлі улар әсері
B. бірдей улардың организмге әр-турлі жолмен түсуі
C. әр-түрлі улардың организмге әр-турлі жолмен түсуі
D.тыныс алу және асқазан-ішек жолдары арқылы түскен удың әсері
E.тыныс алу жолдары және тері арқылы түскен удың әсері
20.Өнеркәсіптік уларды аддитивті әсері - бұл:
A.қорытынды әсердің феномені
B. қорытындыға қарағанда артық әрекет
C. қарапайым қорытындыға қарағанда әсері аз
D. тәуелсіз әрекет
E. әрекеттің дәйектілігі
21. Созылмалы кәсіптік аурулар дамиды:
А. зиянды факторлардың біріншілік деңгейі концентрацияда немесе гигиеналық қалыптардан аспағанда
В. зиянды факторлардың біріншілік деңгейде және гигиеналық нормалардан белгілі деңгейде жоғары болғанда.
С. қайталамалы, бірақ та ұзақ емес зиянды факторлардың концентрациясында немесе қалыпты нормадан асқанда.
D. көпретті және зиянды факторлар концентрацияда немесе қалыпты нормадан асып ұзақ әсер еткенде
Е. зиянды факторлардың шектеулі рұқсат етілген деңгейден немесе концентрациядан аспай көпретті және ұзақ әсер етуінен
22. Жедел кәсіптік аурулар дамиды:
А. Зиянды факторлардың гигиеналық нормативтерден аспаған концентрацияда немесе деңгейде бір реттік әсер етуі кезінде.
В. Зиянды факторлардың гигиеналық нормативтерден едәуір көп концентрацияда немесе деңгейде бір реттік әсер етуі кезінде.
С. Зиянды фактордың көпретті емес, бірақ қайталамалы түрде шамадан аспаған концентрацияда немесе деңгейде әсер етуі кезінде.
D. Зиянды фактордың шамадан асқан деңгейде немесе концентрацияда көпретті және ұзақ әсер етуі кезінде
Е. ШРЕКтен аспайтын факторлар ұзақ уақыт және көпретті әсер еткенде
23. Кәсіби аурушаңдың дегеніміз:
А. осы жылда 1 рет ауру анықталған адамдар саны
В. жұмысшылар қатарына жататын, ағымдағы күнтізбелік жылда алғаш рет ауру анықталған адамдар саны
С. емханаға қаралған адамдар саны
D. еңбек процесінің бұзылуымен байланысты аурулар
Е. осы күнтізбелік жылда диагноздары қойылған адамдар саны
24. Әрбір жедел кәсіби улану (ауру) жағдайында дәрігер толтыратын құжат:
А. Жолдама № 385/е
В. амбулаторлық науқастың медициналық картасы № 025/е
С. жедел жолдама
D. жолдама N 388/е
Е. жолдама N 038/е
25. Жедел кәсіби ауру (улану) туралы жолдама жіберілетін уақыт:
А. Санитарлық эпидемиологиялық станцияға (СЭС) —қа 10 сағ. ішінде
В. СЭС—қа 12 сағ. ішінде
С. СЭС—қа 18 сағ. ішінде
D. МВД мекемесіне, прокуратураға және СЭС—қа 20 сағ. ішінде
Е. СЭС—қа 36 сағ. ішінде
26. Созылмалы аурулар (улану) туралы жолдама толтырылады:
А. дәрігерлік денсаулық пуктінде, амбулаторияда, поликлиникада
В. жоғарғы оқу орындары, еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми зерттеу институты клиникаларында, медициналық -санитарлық бөлімнің арнайы бөлімшелерінде
С. барлық типтегі стационарларда
D. медициналық жоғарғы оқу орындарында
Е. стационарда, амбулаторияда
27. Созылмалы аурудың (уланудың) әрбір жағдайында толтырылады:
А. аурудың медициналық амбулаториялық картасы № 025/е
В. жолдама ф. № 038/е
С. жедел жолдама ф №058/е
D. жолдама ф. № 317/е
Е. жолдама ф № 388/е
28. Созылмалы ауру жағдайларының жолдамасы соңғы диагнозы қойылған соң 24 сағ. Ішінде бақылау жүргізетін мекемеге жіберіледі:
А. 24
В. 48
С. 3 күн
D. 10 күн
Е. 1 ай ішінде
29. Еңбек жағдайының санитарлық гигиеналық сипаттамасын жасайтын:
А. емдеу-профилактикалық мекеме
В. цех дәрігері
С. дәрігерлік пункт дәрігері
D. санитарлық эпидемиологиялық станция (СЭС)
Е. арнайы емдеу мекемесі
30. Ауру (улану) жағдайында арнайы тексеру актісі тотырылады:
А. 1
В. 2
С. 3
D. 4
Е. 5 данада
31. ӨШ50 түсінігіне дұрыс анықтама беріңіз - топтағы жануарлардың :
А. 50 % мөлшерін өлтіретін шама
В. түгелдей өлтіретін шама
С. 50 % мөлшерінен артығын өлтіретін шама
D. 50 % мөлшерінен азын өлтіретін шама
Е. 50 % мөлшерін өлтіретін статистикалық әдістермен алынған шама.
32. Химиялық заттардың орташа өлім дозасы –бұл топтағы әрбір жануарға бір рет енгізгеннен кейін …… % жануарлардың өлімін туғызатын доза
А. 80
В. 60
С. 50
D. 40
Е. 70
33. У-ға үйренушілік байқалады …… улануда :
А. Жедел
В. Жеделдеу
С. Созылмалы
D. Арнамалы
Е. Бейарнамалы
34. Жедел улылықты сипаттайтын көрсеткіш:
А. DL50
В. LimaccLimch
С. Limch
D.Ccum
Е. Zac.
35. Созылмалы әсер ету аймағы - бұл қатынас:

  1. LD50 -ң Limac- ге

  2. 2.Limac -ң LD50 ге

  3. 3.Limch -ң Limac ге

  4. 4.Limch -ң CL 50 ге

Е.Limac -ң Limch ге
36. Жедел әсер зонасы – бұл:
А. бір реттік әсер ету кезінде орташа өлім тудыратын концентрацияның табалдырық концентрациясына қатынасы
В. адам ағзасының жеке органдары мен жүйелерінің биологиялық функциясының өзгерісін тудыратын минимальді концентрация
С. қоршаған орта объектілеріндегі зиянды заттардың минимальді концентрациясы
D.белгілі бір әсер тудыратын удың жиынтық дозасының қатыстық көлемі
Е. ауадан үздіксіз және кезеңді сынама алу кезіндегі концентрация
37. Өндірістік улардың аддитивті әсерінің механизмі негізделген:
А. қосынды әсерінің феноменіне
В. қосындыға қарағанда әсер көп
С. жай қосындыға қарағанда, күтілетін әсер аз
D.әр удың оқшауланған әсерінен айырмашылығы жоқ
Е. қосындыға қарағанда әсері аз
38. Материалдық жинақтау үшін маңызды болып табылады ...
A. концентрация
B. іс-әрекеттің ұзақтығы
C.молекулалық массасы
D. ерігіштік қасиеті
E. үлес салмағы
39. Өнеркәсіптік улардың біріккен әсері дегеніміз –бұл:
A. организмге түсу жолдары бірдей, әр-түрлі улар әсері
B. бірдей улардың организмге әр-турлі жолмен түсуі
C. әр-түрлі улардың организмге әр-турлі жолмен түсуі
D.тыныс алу және асқазан-ішек жолдары арқылы түскен удың әсері
E.тыныс алу жолдары және тері арқылы түскен удың әсері
40.Өнеркәсіптік уларды аддитивті әсері - бұл:
A.қорытынды әсердің феномені
B. қорытындыға қарағанда артық әрекет
C. қарапайым қорытындыға қарағанда әсері аз
D. тәуелсіз әрекет
E. әрекеттің дәйектілігі
41. Жедел улылықты сипаттайтын көрсеткіш:
А. DL50
В. LimaccLimch
С. Limch
D.Ccum
Е. Zac.
42. Созылмалы әсер ету аймағы - бұл қатынас:
А. LD50 -ң Limac- ге
В.2.Limac -ң LD50 ге
С.3.Limch -ң Limac ге
D 4.Limch -ң CL 50 ге
Е.Limac -ң Limch ге
43. Жедел әсер зонасы – бұл:
А. бір реттік әсер ету кезінде орташа өлім тудыратын концентрацияның табалдырық концентрациясына қатынасы
В. адам ағзасының жеке органдары мен жүйелерінің биологиялық функциясының өзгерісін тудыратын минимальді концентрация
С. қоршаған орта объектілеріндегі зиянды заттардың минимальді концентрациясы
D.белгілі бір әсер тудыратын удың жиынтық дозасының қатыстық көлемі
Е. ауадан үздіксіз және кезеңді сынама алу кезіндегі концентрация
44.Функционалдық жиынтығы бойынша шешуші болып табылатын параметрді таңдаңыз:
A. заттардың концентрациясы
B. әрекет уақыты
C. молекулярлық масса
D. ерігіштік қасиеті
E. үлес салмағы
45. Жұмыс аймағындағы ауаның және терідегі зиянды заттардың мөлшерін шектеулі рұқсат етілген концентрация тағайындау арқылы шектеу талап етілді. Осы талапты орындау үшін өндірістік токсикологияның қандай міндетін таңдау қажет:
A. Гигиеналық сараптама
B. Гигиеналық нормалау
C. Токсикологиялық сараптама
D. Өнімдерді гигиеналық стандарттау
E. Шикізатты гигиеналық стандарттау
46.Шикізатты гигиеналық стандарттан өткізу қажет. Қай әрекетті таңдаған жөн:
A. Өлім дозасын анықтау
B. Алыс әсерін зерттеу
C. Кумуляциялық қасиетін анықтау
D. Шекті рұқсат етілген деңгейін бекіту
E. Өндірістік шикізат құрамындағы токсикалық қосылыстарды шектеу
47.Органикалық, бейорганикалық және элементоорганикалық номенклатураға негізделген өндірістік улардың жіктелісін көрсетіңіз:
A. Ағзаға ену жолы бойынша
B. Токсикалық дәрежесі бойынша
C. Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша
D. Адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша
E. Байланыстардың химиялық классы бойынша
48.Тез жазылумен өтетін улану түрі:
А. Баяу
В. Жедел
С. Жеделдеу
D. Созылмалы
Е. Ұзаққа созылған
49.Зертханада жаңа химиялық байланыс жасалынуда. Алғашқыда қандай гигиеналық нормативті негіздеу қажет?
A. ШРЕК
B. ШРЕД
C. ШРЕШ
D. ШРЕКоа
E. ӘШҚД
50.Ағзада айналымда жүрген, бірақ әлі интоксикация жүрмейтін удың санын анықтау қажет. Қандай нормативты негіздеу қажет?
A. Шектеулі рұқсат етілген деңгей
B. Әсер етудің шамамен қауіпсіз деңгейі
C. Шектеулі рұқсат етілген концентрация
D. Максималды рұқсат етілген концентрация
E. Биологиялық шекті рұқсат етілген концентрация

Пән: Жалпы және өндірістік токсикологияның өзекті мәселелері




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет