Білім беру жүйесіндегі менеджменттің ерекшелігі



Дата04.02.2023
өлшемі15,62 Kb.
#65191

Білім беру жүйесіндегі менеджменттің ерекшелігі
Ақтөбе қаласы
№67 ЖББ орта мектебі
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Ыбыраева Айнагүл Науқанбайқызы

Менеджмент (мanage ағылшын тілінде – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.


Мағынасы бойынша "менеджмент" термині "басқару" терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша "басқару" ұғымынан "менеджмент" ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады.
Бүгінгі уақытта педагогика ғылымында педагогикалық процесті басқару ғылымы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады. Менеджмент ғылымында басқару дегеніміз– мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Білім беру ұйымындағы менеджмент кешенінің құрамы келесі компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржылық менеджмент, материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, инновациялық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.
Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшелігі бар, өйткені ол педагогтардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты. Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Осы анықтамаға сүйенсек, әр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үдерісінің менеджері. Педагогикалық менеджмент көптеген мүмкіндіктер береді: Вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады; Әр тұлғаға даму мүмкіндігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни, ұйым дамиды; Білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.
Білім беру саласында менеджерлерді кәсіби дайындау үшін келесі міндеттер бар: Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі басқарудың жағдайына менеджмент теориясы көзқарасынан талдау жасау. Білім жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін менеджменттің қажеттілігін негіздеу. Білім салсындағы өз ісінің маманы ретінде менеджердің моделін құру. Менеджерді кәсіби дайындау үрдісінің мазмұнын ұсыну. Менеджерді кәсіби дайындау үрдісінің технологиясын сипаттап жазу.
Заманауи білім беру менеджменті - Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басымдығы білім беру саласын дамытуды басқару, мониторинг жүргізуді жетілдіру болып табылады.
Білім берудегі менеджменттің мағынасы “Менеджмент белгілі міндеттерді орындау үшін адамгершілік, тиімділік және үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару”
Менеджмент ғылымында басқарушылық еңбек функцияларының бірнеше классификациялары бар. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Бұл функциялар коммуникация және шешім қабылдау үдерістерімен біріктіріледі. Аталған менеджмент функциялары барлық салаларда қолданылады.
Білім беру менеджментінің аталған функциялары орындалған жағдайда оқу орнының білім беру еңбегінің тиімділігі артып, нәтижесі көрінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М. Менеджмент негіздері. Астана-2007

  2. Төлеубекова Р.К. Білім берудегі менеджмент: оқу құралы / Р.К.Төлеубекова, Е.Жұматаева. – Алматы: «ССК» баспасы, 2017.

  3. Симонов В.П. Педагогический менеджмент. М.,2004


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет