Тақырып: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару Қарастырылатын сұрақтар



бет1/7
Дата21.12.2022
өлшемі69,2 Kb.
#58863
  1   2   3   4   5   6   7

Тақырып: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Қарастырылатын сұрақтар
1.Мектепшілік басқару жүйесі ұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде. Басқару жүйесін дамыту мен әрекеттестіру шарты мен қағидалары. Басқару жүйесінің мақсаты мен негізгі міндеттері.
2.Мектептегі рухани-психологиялық климат. Басқарудың негізгі қағидалары.
3.Еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу. Басқару жүйесінің құрылымы. Жұмыскерлердің лауазымы бойынша қызметтері. Басқару формасы.
4.Педагогикалық кеңес, оның мақсаты мен міндеттері, қызметі және өкілеттілігі. Басқарудың әдістері мен құралдары. Басқару қызметінің түрлері (қызметі) және оларға сипаттама.
5.Жобалау, ұйымдастыру, бақылау, ақпаратты жинау және талдау жасау, міндет қою. Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың түйіні. Басқару жүйесін құрастыру моделіне қойылатын талаптар.
Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Басқарушешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті.
Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйеге ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйелері жатады. Бұл жердегі білім жүйесі ретінде ҚР білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе болып саналады, оның нысаны мектепішілік басқару болады. Біз мектепті басқару жайында айтқанда, оның жалпы жүйесінің бөліктерін қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық процесс, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіби бағдар беру жүйесі және т.б. жатады.
Мектепішілік басқару дегеніміз – біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың бәрін жоғары нәтижеге жетуін көздейді және сапалы өзара әрекеттесуі. Мектепішілік басқару теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет