Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік – Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы
МӨЖ Тақырыбы: «Басқару» және «менеджмент» ұғымдарының мағынасын ашып жазыңыз
Орындаған: Молдабек А.М
Тобы: МНК-211
Қабылдаған:Шалабаева Ж
Түркістан
Мазмұны Кіріспе I Негізгі бөлім Менеджмент ұғымы мен мәні
Глоссарий Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Басқару- реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі.
Басқару процесі- мақсатқа жетуге бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру.
Сапаны басқару- нарықтық бәсеке жағдайындағы фирманың бәсекеге тұрақтылығын қолдау.
Қаржыны басқару- кәсіпорынның өндірісті- шаруашылық қызметі, қаржыны таратуды тиімділікпен қамтамасыз ету.
Материалдық-техникалық жабдықты басқару- шикізатты, материалдарды, құрал- саймандарды қажетті өнімдермен жабдықтауды қамтамасыз ету.
Басқару теориясының нәтижесi – практикалық іс- әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Жүйе – нақты мақсатты көздейтін және қоршаған ортамен байланысы бар анықталған толықтық пен бірлікті құрайтын элементтердің (олардың бөліктерінің) өзара қатынасы.