Білім беру мекемелері мен ұйымдары үшін Мұғалімдер күніне орай



Дата08.10.2023
өлшемі14,99 Kb.
#113392

Білім беру мекемелері мен ұйымдары үшін
Мұғалімдер күніне орай
«Ұстазыма мың алғыс» челленджін ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 5 қазан – Мұғалімдер күніне орай этнос балалары мен жастары арасында «Ұстазыма мың алғыс» челленджінің ұйымдастыру тұжырымдамасын әзірледі.


Челлендж 2-5 қазан аралығында жүргізіліп, әлеуметтік желілерде кеңінен таралуы қажет.
Челлендждің мақсаты – мұғалімнің кәсіби мәртебесі мен имиджін көтеруге ықпал ету, ұстаз еңбегіне құрмет көрсету негізінде жас ұрпақ санасында халық бірлігі, ынтымақтастығы идеяларын нығайту, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен эмпатиясын дамыту, мұғалімге, Отанына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, руханият пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу және дамытуға ықпал ету.
Челленджге қатысушылар әлеуметтік желілерде қарапайым мысалдар арқылы мұғалімнің әр адамның өміріндегі рөлін, сіңірген еңбегінің ерекше мәнін айта отырып («Facebook», «Instagram», «TikTok», «Telegram» мессенджері және т.б.), #ұстазымамыңалғыс, #ustazymamynalgys, #сүйіктіұстазым, #suiktiustazym, #арамыздағыбатырлар, #aramyzdagybatyrlar хэштегімен жариялануы тиіс.
Әр жарияланымда Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ресми krmo_gov.kz Instagram және TikTok парақшаларын белгілеу маңызды.
Ұстаздар күніне арналған «Ұстазыма мың алғыс» челленджінің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


Өткізу мерзімі: 2023 жылғы 2-5 қазан.
Мақсаты: Қоғамдағы мұғалімнің кәсіби мәртебесі мен имиджін көтеруге ықпал ету, ұстаз еңбегіне құрмет көрсету негізінде жас ұрпақ санасында халық бірлігі, ынтымақтастығы идеяларын нығайту, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен эмпатиясын дамыту, мұғалімге, Отанына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, руханият пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу және дамытуға ықпал ету.
Челлендж кезеңдері және қатысушылар санаттары:
1-кезең – челлендждің басталуы (а.ж. 2-3 қазан): Республика бойынша білім беру ұйымдарының әртүрлі этнос оқушылары әлеуметтік желілерде мұғалімдерге, педагогтарға, тәрбиешілерге қазақ тілінде алғыс сөздерімен челленджді бастайды.
Челлендж аясында қарапайым мысалдар арқылы мұғалімнің әр адамның өміріндегі рөлін, сіңірген еңбегінің ерекше мәнін көрсете отырып бейнероликтер түсіріледі.
Бейнежазбалар автордың әлеуметтік желідегі парақшаларында тиісті оқу орнын, алғыс жолдаған тұлғаның парақшасын белгілеп, нақты хэштегпен (төменде көрсетілген) орналастырылады.
2-кезең (3-5 қазан): қоғамда челлендждің жаппай таралуы.
Осы кезеңде челленджге барлық ниет білдірушілер қосыла алады. Білім, ғылым, мәдениет, кино саласындағы танымал тұлғалар, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА және ЭМБ мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, түрлі этникалық топтардың өкілдері, ҮЕҰ, «Ассамблея жастары» РҚБ, БАҚ және ҚХА журналистер клубының өкілдері, қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар, медиаторлар, еріктілер және т.б. балалар мен жастар бастаған челленджді алып, оны одан әрі жолдайды.
Челленджге қатысушылар:
- жаңа жетістіктерге шабыт бергені үшін әртүрлі салалар мен бағыттардағы (спорт, мәдениет және өнер) тәлімгерлері мен сүйікті тұлғаларына;
- ерлік жасаған азаматтарға;
- ата-аналарына, туыстарына және жақындарына алғыс білдіре алады.
3-кезең (6 қазан): челленджді қорытындылау және оның нәтижелерін әлеуметтік желілерде жариялау.


Өткізу форматы:
- нақты уақыт режимінде интернет кеңістігінде онлайн челлендж.


Хэштегтер:
- #ұстазымамыңалғыс, #ustazymamynalgys,
- #сүйіктіұстазым, #suiktiustazym,
- #арамыздағыбатырлар, #aramyzdagybatyrlar.


Күтілетін нәтижелер:
1) қоғамдағы мұғалімнің кәсіби мәртебесі мен имиджін арттыру;
2) мұғалімнің еңбегіне құрмет білдіру негізінде өскелең ұрпақтың санасында халық бірлігі идеяларын нығайту;
3) балалар мен жастардың бойында отансүйгіштік, белсенділік пен азаматтық, руханият пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
4) оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен эмпатиясын дамыту;
5) барлық қазақстандықтарды бейбітшілік пен келісім идеясы төңірегінде шоғырландыру, Қазақстан халқының бірлігін нығайту;
6) алғыс айту дәстүрін одан әрі ілгерілету және қоғамда отанға, мемлекетке, батырларға, мектеп пен ұстаздарға, ата-аналар мен туған-туыстарға, достар мен көршілерге және т.б. ризашылық сезімін кеңінен тарату.
Жалпы, челлендж ұстазға алғыс білдіру негізінде Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді дамытуға, қазақстандық әртүрлі этностары арасында жалпыұлттық сананы біріктіруге ықпал етуі тиіс.


______________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет