Байланысты: Білім берудегі менеджмент және цифрландыру 3 л
Білім берудегі менеджмент және цифрландыру
3-дәріс
Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары, ұстанымдары
Жоспар:
Менеджмент негізінде мектепті басқару қызметінің мазмұны.
Менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері (ұстанымдары).
Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін инновациялық тұрғыда ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарын қайта ұйымдастыруды қажет етеді. Басқару ұстанымдарын басқарушылық қызметтерді жүзеге асыруда басшылардың жүріс-тұрыс ережелері мен заңдылықтарының негізін қалаушы идеялары ретінде ұсынуға болады.

Басқару үрдісінде менеджер-мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын айқындайтын сипаттар алуан түрлі және олар өзгеріп отырады.
эмпатия (балаға жанашырлық сезім);
қабылдау (қандай бала болса да қабылдай алу, түсіну арқылы оның өзін-өзі қабылдай алуына жағдай жасау);
конгруэнттілік (ішкі және сыртқы дүниесінің сәйкес келуі, өзі айтып тұрғанын өзі мойындауы);
шығармашылық (әр оқушының бойындағы мүмкіндік пен қабілетті ашу, дамыту);
суггестивтілік (бала үшін эмоциялық қолайлы орта туғызу, өз табиғатына сай өзін еркін ұстай білуіне жағдай жасау); сонымен қатар, оқушымен гуманистік қарым-қатынаста
рефлексиялық қабілетті дамыту маңызды.
Инновациялық басқару жүйесінің құрамындағы бөліктер өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа өзгерістерге түсе алады. Ол мыналарды қамтиды:
басқарудың мақсаты мен мазмұны;
педагогикалық үрдістің технологиясы, әдістері мен құралдары;
оқыту мен тәрбие беру әрекеттерінің формасы;
басқару жүйесі;