Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы және практикасы



Дата01.11.2022
өлшемі223 Kb.
#46675
Байланысты:
диссертацияға қосымша




Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы және практикасы

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі
Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкесті өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.
Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы қазақстандық білім сапасын арттыру. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға болады. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арнап қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қазіргі талап пен әлемдік стандартқа сәйкес келетін ұлттық білім жүйесін жасақтаудың проблемаларын шешуге арналған. Аталған проблеманың көкейкестілігі сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан. Атап айтсақ, қазақстандық жоғары оқу орындарына қойылған мақсат - әлемдік стандарт деңгейінде білім беру. Бұл аталған бағдарлама мен жолдаудың басты құндылығы- бұл еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік деңгейге көтерілетіндей баспалдақтардан өтуге бағыт беруімен қатар, оқушының бастауыш сыныптан бастап қоғам талабына сай біліммен қаруланып, оны кейінгі сатыларда терең деңгейде жетілдіріп, әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне жол ашуы. Сондай-ақ бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы ролінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызуы.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде. Педагогтарға программалау саласынан маман болу міндетті емес, өйткені оны сол мамандыққа сәйкес кәсіби дайындықтан өткен маман атқарады, алайда педагогтан программалаудан негізі түсінігі мен программист еңбегінің мәнін түсіне білу талап етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі кәсіптегі мамандардың өзара тікелей және шығармашылық байланыс орната отырып жұмыс істеулеріне себепші болмақ. Қоғамға қажеттісі - кәсіби іс-әрекетке функциональды дайындығы бар ғана емес, сонымен бірге шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасқан маман.

Компьютерлендіру мен ақпараттандыру проблемасына А.Бешенков, Б.С.Гершунский, А.Л.Денисова, В.А.Извозчиков, В.А.Каймин, А.А.Кузнецов, Э.И.Кузнецов, М.П.Лапчик, Н.В.Макарова, Е.А.Мащбиц, Ю.А.Первин, И.В.Роберт, Ю.А.Шафрин, А.А.Әдіқадыров, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева және т.б. еңбектері арналған. Компьютерлерді білім жүйесінде қолданудың психологиялық аспектілері Т.В.Габай, В.В.Давыдов, Б.Ф.Ломов, В.Я.Ляудис, Е.И.Машбиц, В.В.Рубцов, Н.Ф.Талызина, О.К.Тихомиров, Н.А.Шаломова және т.б. еңбектерінде орын алған.


ҚАТ-ны білім беруде қолдану мен студенттердің жаңа ақпараттық технологияны қолдануға дайындығы, сондай-ақ оқушылардың, студенттердің ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыру мәселелері И.М.Богданова, С.А.Хузина, Н.С.Астафьева, И.Г.Овчинникова, И.В.Марусева, А.В.Смирнов, Г.А.Кручинина, С.Кариев, Б.Б.Баймұханов, Т.О.Балықбаев, Д.М.Джусубалиева, К.С.Абдиев, М.Кеңесбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.


Бастауыш мектептің оқу үрдісінде компьютерлерді пайдалану, бастауыш сынып мұғалімдерін оларды қолдануға үйрету, информатика пәнін бастауыш мектепте оқыту проблемаларына В.А.Буцик, Огурцов, Н.В.Ладыженская, И.Б.Мылова, И.М.Богданова,Ю.А.Иванов, Т.В.Добудько, Т.Ф.Сергеева, Г.Г.Брусницына, И.В.Ряхинова, Т.К.Смыковская, С.А.Хузина, В.В.Варченко, И.О.Ивакино, В.И.Пугач, Т.Ильина, С.А.Зайцева, И.В.Левченко және т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары арналған .


Бүгінгі күні республика көлемінде білім беруді ақпараттандыру проблемасы төмендегі басты ғылыми мектептер негізінде жан-жақты және нақты зерттелу үстінде:


- профессор Г.К.Нұрғалиеваның білім беруді ақпараттандыру жағдайында электронды оқулықтарды дайындаудың педагогикалық мәселелері мен түрлі оқыту мақсатындағы программалық құралдарды жасау проблемалары (Ш.Т.Абишева, Г.Б.Ахметова, А.С.Кадырова, Г.Кудебаева, А.Х.Накпаева, Н.М.Сагитова, А.И.Тажигулова, Н.Даумов);


- профессор Ж.А.Қараевтың ақпараттық технологияны (компьютерді) жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта пайдалану және орта, жоғары оқу орындарында информатикаға оқыту проблемалары (М.Б.Есбосынов, С.В.Рах, К.З.Халикова, Ж.С.Сардарова, С.Т.Мухамбетжанова, Б.К.Тульбасова, Г.Г.Бегаришева, Б.Абықанова, О.К.Ахметова );


- профессор Е.Ы.Бидайбековтың студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері (Ш.Шекербекова, Г.А.Абдулкаримова, Е.А.Вьюшкова, А.Ибашова және т.б.).


Соның ішінде республикамызда қазақ тілінде оқытылатын бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі мен бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттарын негіздеу мәселелері Д.С.Байғожанованың және А.Б.Медешованың ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттелген.


Ұсынылып отырылған зерттеу жұмысының көкейкестілігі сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімінің барлық пәндерден сабақ беретін ерекшелігімен және бастауыш мектепке информатика мұғалімінің қазіргі таңда арнайы дайындалып жатпауымен, сондай-ақ математика және информатика мамандықтарын бітірген мамандардың бастауыш әдістемесі мен соған сәйкес қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану ерекшелігінен бейхабар екендігімен де анықталады.


Бастауыш мектепті ақпараттандыру үрдісін тек жалпы орта білімді ақпараттандыру деңгейінде ғана емес, сонымен бірге өзіндік нақты ғылыми және практикалық проблема есебінде қарастыру қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктері мен кез-келген жаңалықтарды қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Сонымен аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әдебиеттерге, озық тәжірибелерге жасалған талдау жұмысы білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыру проблемасының ғылыми тұрғыдан негізделмегенін дәлелдейді. Осы тұрғыдан алғанда келесі қарама-қайшылықтар туындап отыр:


- бастауыш мектепті ақпараттандыруға деген қоғам сұранысы мен оның бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында жүйелі түрде зерттелмеуі;


- бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтары негізін қалыптастыру қажеттігі мен оған негіз болатын тұжырымдаманың және оны жүзеге асыру моделінің жоқтығы;


- білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыруды тиімді жүзеге асырудың психологиялық - педагогикалық шарттарының анықталмауы;


- бастауыш сынып оқушыларына нәтижеге бағдарланған білім беруде ақпараттық біліми ортаның дидактикалық мүмкіндіктерінің зерттелмеуі.


Көрсетілген қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындауға және тақырыпты «Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы және практикасы » деп таңдауымызға негіз болды.


Зерттеудің мақсаты - білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыруды ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу, тиімді жолдарын анықтау.


Зерттеудің объектісі - жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныбындағы оқу-тәрбие үрдісі.


Зерттеудің пәні – білім беруді жаңарту жағдайындағы бастауыш мектепті ақпараттандыру үрдісі.


Зерттеудің ғылыми болжамы - егер білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, оны тиімді түрде жүзеге асыру жолдары анықталса және ақпараттық сауаттылық қалыптастыру тұжырымдамасы жасалып, моделі құрылса, онда бастауыш сыныптан бастап қазіргі ақпараттық құралдарды өз қажетіне еркін қолдана алатын, ақпараттық сауаттылықтары қаланған жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік артады. Ал ол өз кезегінде, бүгінгі толассыз ақпарат ғасырында өз бетімен кез-келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдап, әрекеттенетін іскер де шығармашыл болуға баулиды.


Зерттеудің міндеттері:


1. Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың әдіснамалық және теориялық негізін анықтау.


2. «Бастауыш мектепті ақпараттандыру», «қазіргі ақпараттық технологиялар», «ақпараттық сауаттылық», «ақпараттық-технологиялық компетенция», «ақпараттық-біліми орта» ұғымдарының мәнін нақтылау.


3. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау, бастауыш мектепті ақпараттандыруды тиімді жүзеге асыратын педагогикалық шарттарды айқындау.


4. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру.


5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық-технологиялық компетенттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарының өзара байланысын ашу.


6. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын тиімді қалыптастыруға ықпал ететін ақпараттық-біліми орта құру және дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу жұмысына қатысты тәжірибелік- эксперимент жұмысын жүргізу.


Жетекші идея: ақпараттық сауаттылық-бүгінгі ақпараттық қоғамда кез- келген әрекетті сапалы орындаудың кепілі, сондықтан ол сәйкес келетін педагогикалық шарттар негізінде бастауыш сыныптан бастап қалыптасуы қажет.


Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып ізгілендіру идеяларына құрылған философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамалар, ақыл-ой іс-әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы; білімді ақпараттандыру тұжырымдамасы; тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, дамыта оқыту тұжырымдамасы, педагогикалық технологияларды жасау бойынша педагогика мен психологиядағы теориялық қағидалар, оқытудың дидактикалық заңдары мен принциптері; білім саласындағы мемлекеттік қаулылар (ҚР «Білім туралы» Заңы), оқыту тұжырымдамалары мен маңызды құжаттар жиынтығы саналады.


Зерттеудің көздері: философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтар мен психологтардың, информатиктердің еңбектері; ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және көпсатылы оқу орындарының оқу- тәрбие үрдісіне байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқу құралдары), педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми материалдар мен құжаттар ( ҚР «Білім туралы» Заңы, «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»), ҚР білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (бастауыш білім стандарты, есептер және т.б.); бастауыш мектеп оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері, жоғары оқу орындарының бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі (БОПӘ) мамандығы бойынша оқу жоспарлары, бағдарламалары, бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жинақталған дүниежүзілік озық тәжірибелер және диссертанттың өзінің көп жылғы педагогикалық, зерттеу тәжірибесі.


Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік стандарттарға, оқу бағдарламаларына және оқу әдебиеттеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау; мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу; мектептік білім мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.


Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:


1. Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың әдіснамалық- теориялық негізі айқындалды.


2. «Бастауыш мектепті ақпараттандыру», «қазіргі ақпараттық технологиялар», «ақпараттық сауаттылық», «ақпараттық-технологиялық компетенция», «ақпараттық-біліми орта» ұғымдарының мәнін нақтыланды.


3. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау, бастауыш мектепті ақпараттандыруды тиімді жүзеге асыратын педагогикалық шарттары айқындалды.


4. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың құрылымдық моделі жасалды.


5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиялық компетенттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарының өзара байланысы ашылды.


6. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын тиімді қалыптастыруға ықпал ететін ақпараттық-біліми орта құрылып, оның дидактикалық мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу жұмысына қатысты тәжірибелік- эксперимент жұмысы жүргізілді.


Зерттеудің практикалық мәні жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныбы мен жоғары оқу орындарының «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы студенттеріне арнап:


- нәтижеге бағытталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі;


- орта білім беретін 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарына арналған Информатика пәнінің әдістемелік нұсқауы;


- «Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негізі», «Қазіргі ақпараттық технологияларды бастауыш мектепте кәсіби-шығармашылық бағытта қолданудың әдістемелік аспектілері» атты арнайы курс бағдарламалары жасалды.


Зерттеу нәтижелерін жоғары және кәсіби орта педагогикалық оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.


Қорғауға ұсынылатын қағидалар:


1. Бастауыш мектепті ақпараттандыруды әдіснамалық және теориялық тұрғыдан негіздеу оқушылардың ақпараттық дүниетанымдарын кеңейтуге деген қажеттіліктерін арттырып, ақпараттық мәдениет негізінің қалануына септігін тигізеді.


2. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың құрылымдық моделін ынталық, танымдық, әрекеттік- технологиялық, құндылықты-бағалау компоненттері бірлігі мен көрсеткіштер, өлшемдер құрайды.


3. Бастауыш мектепті ақпараттандыру тиімді түрде педагогикалық шарттар арқылы (педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологияны өзара байланыстыра қолдану, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-технологиялық компетенттілігі, ақпараттық-біліми орта, Информатиканың бастапқы курсы) жүзеге асады.


4. Бастауыш сынып оқушысының ақпараттық сауаттылығы мен болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық-технологиялық компетенттілігін біртұтас кешенде қарастыру жалпы орта білім беретін мектеп пен жоғары мектептің сабақтастығын сақтай отырып, бүгінгі қоғам қажеттілігіне сәйкес келетін жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруға ықпал етеді.


5. Педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологиялардың өзара байланысы оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырып, нәтижеге бағдарланған білімді сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Зерттеу кезеңдері


Бірінші кезеңде (1998-2000 ж.ж) зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік басылымдарға, ғылыми әдебиеттерге салыстырмалы талдаулар жүргізілді; бастауыш сыныптарға арналған Информатика пәнінің авторлық бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері, факультативтік сабақтар мазмұны анықталып, іс-тәжірибелері талданды; зерттеу жұмысының ғылыми аппараты құрылды; Информатика пәнінің бастапқы курсының байқау нұсқасының бағдарламасы талданып, сұрыпталды; эксперимент жұмысының материалдары жүйеленіп, дайындалды.


Екінші кезеңде (2000-2002 ж.ж) Информатика пәнінің бастапқы курсының бағдарламасы өңделіп, толықтырылды; бастауыш мектепті ақпараттандырудың алғы шарттары анықталды; жоғары оқу орындарының БОПӘ мамандықтарының типтік оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары талданып, сұрыпталды және арнайы курс бағдарламасы дайындалды; бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы, оның құрылымдық моделі жасалды; анықтау эксперименті ұйымдастырылды;


Үшінші кезеңде (2002-2005 жылдар) бастауыш сыныптың оқу үрдісіне «Информатика» пәнінің бастапқы курсының өңделген, толықтырылған бағдарламасы эксперимент жүзінде мектеп практикасына енгізілді; тұжырымдама, арнайы курс бағдарламалары сынақтан өтіп, толықтырылып, өңделді; анықтау эксперименті қорытындысы негізінде қалыптастыру эксперименті ұйымдастырылып, жүргізілді; оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруға арналған ақпараттық біліми орта бастауыш мектеп практикасына енгізіліп, эксперимент барысында түзету енгізіліп, толықтырылды.


Төртінші кезеңде (2005-2007 жылдар) қорытынды эксперимент жүргізілді; эксперимент қорытындысында алынған нәтижелер талданып, қорытылды; диссертация мазмұны толықтай өңделіп, рәсімделді; ғылыми-әдістемелік бағытта берілетін әдістемелік ұсыныстар нақтыланып, жүйеленді.


Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен; зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сай келуімен; кешенді әдістерді пайдалануымен; тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен; олардың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерумен дәлелденеді.


Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмысы Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша (БОПӘ) бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты, Атырау қаласының № 19, 30, 22, 13, орта мектептерінің, Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының бастауыш сыныптары және Атырау облысы, Махамбет ауданы Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясының, Сәтпаев атындағы Геолог орта мектебінің, Қызылқоға ауданы № 1 негізгі мектебі, Индер ауданы Қ.Абаханұлы атындағы орта мектептің және Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектептің бастауыш сыныптары. Зерттеу жұмысына аталған жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ( барлығы – 30 оқытушы, 312 студент, оның ішінде күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша), бастауыш мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатыстырылды. Экспериментке 820 оқушы, 78 мұғалім қатысты.


Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру:


Диссертацияның негізгі қағидалары мен нәтижелері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғалымдары мен практик- мұғалімдерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясында (Атырау қаласы, 2003 жыл), Ресей ғалымдарымен бірлескен халықаралық ғылыми конференцияда (Атырау, 2004 жыл) және халықаралық, республикалық ғылыми- тәжірибелік конференцияларда (Атырау, 2005, 2006 жыл; Тараз, 2005 жыл; Жезказган, 2005 жыл; Алматы 2005; Алматы, 2006; Алматы, 2007), Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Алматы, 2005, 2007 жылдар), 6-шы халықаралық форумның конференциясында (Самара, 2005 жыл), Астрахань педагогикалық университетінің халықаралық ғылыми конференциясында (Астрахань, 2005 жыл), Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV халықаралық форумында (Алматы, 2006 жыл), педагог кадрлар біліктілігін көтеру курстарында (2004-2007) оқыған дәрістерінде баяндалды.


Диссертацияның құрылымы

Диссертация кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.


Кіріспе бөлімінде тақырыптың таңдалуы, оның көкейкестілігі негізделеді, зерттеу проблемасы, мақсат-міндеттері, объектісі, пәні анықталған, болжам ұсынылып, қолданылатын әдістер мен зерттеу кезеңдері сипатталған; зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі ашылған, қорғауға ұсынылатын қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.


«Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негізі» атты бірінші бөлімде білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негізі айқындалып, білімді ақпараттандыруға қатысты ақпараттандыру, ақпараттық қоғам, бастауыш мектепті ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологиялар ұғымдарының анықтамалары нақтыланады және бастауыш білім беруді ақпараттандырудың психологиялық - педагогикалық негіздері, бастауыш мектепті ақпараттандырудың қазіргі жағдайы мен даму бағыттары мәселелері қарастырылады.


«Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың тұжырымдамалық негізі» атты екінші бөлімде нәтижеге бағдарланған білім беруде компетенттік тұрғыдан оқыту мен тұлғалық - бағдарлы оқытуға негізделген технологиялардың білім беруді жаңартудың басты құралы болып табылатыны баяндалады және бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың тұжырымдамасы, моделі ұсынылады.


«Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың педагогикалық шарттары» атты үшінші бөлімде Информатиканың бастапқы курсының бастауыш мектепті ақпараттандыру мен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудағы әлеуетті мүмкіндігі ашылып, бүгінгі нәтижеге бағдарланған білім беруде педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологияны өзара байланыстыра қолдану тиімділігі, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық - технологиялық компетенттілігінің бүгінгі таңдағы мәнділігі, ақпараттық біліми ортаның бүгінгі ақпараттандыру жағдайындағы бастауыш мектепте алатын орны баяндалады.


«Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру әдістемесі» атты төртінші бөлімде ақпараттық-біліми ортада оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруға арналған оқу үрдісін жобалаудың әдістемелік мәселелері қарастырылып, тәжірибелік – эксперимент жұмысын ұйымдастыру, жүргізілген жұмыс түрлері, алынған нәтижелер қорытындылары талданып, мазмұндалады.


Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, қағидалары тұжырымдалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Бүгінгі күнгі қоғам талаптарына байланысты демократиялық құндылықтарға көшуге қарай, Ресейде, Қазақстанда және т.б. ТМД елдерінде білім жүйесінің жаңа парадигмасына нақты бет алу байқалады: елдер білім саласында тұлғалық-бағдарлы оқытуға және ізгілендіруге көшуде және бұнда шешуші роль ақпараттандыруға берілген. Осыған орай, ақпараттандыру қазіргі білім жүйесінің басты бағытттарының бірі болып қарастырылуда және біліми салада ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану түрлі дидактикалық және педагогикалық міндеттерді шешу жолында зор құрал болып отыр. Қазіргі ақпараттық әдебиеттерде ақпараттандыру білім жүйесін әдіснамалық және практикалық талдауларды, сондай-ақ оқытудың және тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін шешуге бағытталған қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдануды қамтамасыз ететін үрдіс есебінде қарастырылады.


Ақпараттандыру – бұл оқыту мен тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін жүзеге асыруда білім беру жүйесінде қазіргі ақпараттық технологияларды (ҚАТ) қолданудың теориясы және практикасымен қамтамасыз ету.


Білімді ақпараттандыру – біліми жүйелерді реформалаудың барлық негізгі бағыттарын қамтитын маңызды механизмі болып табылуда. Оның басты міндеттері ақпараттық технологияның келесі артықшылықтарын тиімді қолдану болып отыр:


- әрбір индивидке өз бетімен білім алу, өзіндік даму траекториясын қамтамасыз ететін ашық білім жүйесін құру мүмкіндігі;


- таным қызметін жүйелі ойлауға нақты бағыттау арқылы оны ұйымдастыру қызметімен бірге түбірімен өзгерту;


- білімнің ақпараттық-әдістемелік қамтамасыздандырылуы нәтижесінде басқарудың тиімді жүйесін жасау;


- оқу үрдісі барысында үйренушілердің танымдық әрекеттерін тиімді ұйымдастыру;


- ақпараттық технологиялардың өзіне тән қасиеттерін қолдану, оның ішінде маңыздылары: оқу үрдісінің барлық буындарында (қажеттілік-ынта-шарт-құрал-әрекет-операция) жиынтығында әрекеттік тұрғыдан қарауды қолдайтын тану үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігі;


- автоматтандырылған оқу бағдарламаларының бағдарламалау (программалау), серпінді бейімделуі арқылы оның тұтастығы сақтай отырып оқу үрдісін дербестендіру, мүлдем жаңа танымдық құралдарды қолдану және ұйымдастыру мүмкіндігі.


Қазіргі компьютерлік технологиялардың ерекше белгілері оның жүзеге асатын өзіне тән ортасы және онымен байланысты компоненттері болып табылады, олар:


- техникалық (қолданылатын техника түрі);


- бағдарламалық-технологиялық (жүзеге асатын оқыту технологияларын қолданудың программалық құралдары);


- әдістемелік-ұйымдастырушылық (оқушылар мен мұғалімдерге нұсқау, оқу үрдісін ұйымдастыру);


- пәннің білімдік саласы.


Қай елде болмасын қазіргі ақпараттық технологиялар қолдану мен дамыту деңгейі, материалдық базасының дамуымен қатар, ең алдымен, қоғамның интеллектуальдық деңгейімен, жаңа білімді жинақтау, меңгеру және қолдана білу қабілетімен анықталады. Барлығы сайып келгенде, елдің білім жүйесінің даму деңгейімен және білімді ақпараттандыру проблемасымен байланысты. Осыған орай, білім беруді ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның және мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын түйінді шарты болып табылады.


Біздің зерттеуімізде қарастырылатын бастауыш мектеп кезеңінің маңызы мен қызметі - оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтастықта болуы. Сондықтан білім берудің басты міндеттері:


- оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе - оқушы мәртебесінің қалыптасуы;


- оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас, т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруі;


- айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету.


Бастауыш сатыдағы білім мазмұнын жаңарту біліми кеңістікті оқушыға жеке тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейдегі өзгертумен қатар, оқу пәндерінің кіріктірілуінің басымдылығына берілетін білім мазмұнының да өзгерісін қажет етеді.


Жалпы орта білім беретін мектептерді жаңарту құжаттарындағы басты мақсат - бұл баланың оқытудың бірінші кезеңінен бастап қоршаған адамдармен, тұтас әлеммен, өз-өзімен қарым-қатынаста субъект ретінде дамуы. Бұл мақсаттың практика жүзінде жүзеге асуы біліми үрдісті ұйымдастырудың әдістері мен формаларын өзгертуді, әрекеттік тұрғыдағы және тұлғалық-бағдарланған оқытудың жүзеге асуын, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды және соған сәйкесті негізделген педагогикалық технологияның, онымен жұмыс істеуге қажетті мұғалімдердің дайындығын талап етеді.


И.С.Якиманскаяның ұсынған «тұлғалық-бағдарлы оқыту» ұғымын А.А.Леонтьев үш негізгі тезисте қарастырады: мектеп «бәріне бірдей мектеп», мектеп «әрбір адам үшін мектеп», мектепте болған кез оқушыға жағымды да жайлы болу керек. Автордың тұжырымдауынша, басты міндет - оқушыны, оның ойлауын дамыту ғана емес, ең алдымен, тұлға ретінде тұтастық дамуын және келесі дамуға, яғни мектеп қабырғасынан тыс дамуға дайындау. Сонымен қатар бұндай мектепте оқыту бастапқыдан-ақ дамытушы мазмұнда болуы тиіс. Ал бұл әрбір оқушының өзін, жеке қабілеттерін, ынталарын, әлеуметтік бағдарларын, өз тұлғалық бағыттылықтарын толықтай жүзеге асыруы үшін жағдай жасау қажеттігін дәлелдей түседі.


Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайындағы орын алып отырған басты бағыттарды ескере отырып, білім берудің өзіне тән сипатын былайша көрсетуге болады (сурет 1 )


БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨЗІНЕ ТӘН СИПАТЫ


компетенттік тұрғыдағы білімнің басым мәнге ие болуы;


білімді ақпараттандырудың басты бағыт алуы және оның білім берудің барлық буынын қамтуы;


жеке тұлғаның ролінің өсуі және оған жаңаша көзқарас;


білімнің жаңа парадигмасының (нәтижеге бағдарланған білім моделінің) жасақталуы;


12 жылдыққа негізделген үздіксіз білім беруге көшу;


мәдениет түсінігі аясының кеңеюі;


жаратылыстану және гуманитарлық пәндердің жақындасуы;


ҚАТ және педагогикалық технологияның өзара байланыстыра қолданылуы


Сурет 1 – Білім беруді жаңарту жағдайындағы білім берудің өзіне тән сипаты

Біздің зерттеуіміздің басты әдіснамалық негізі болып тұлғалық- бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, біліми үрдістің барлық компоненттерін ізгілендіру идеясы болып табылады.


Білімді ізгілендіруді шешу проблемасы оқушылардың белсенді шығармашылық мүмкіндіктерін, оның интеллектуальдық және адамгершілік бостандығын дамытуға көмектесетін жағдай жасақтаумен байланысты. Ал бұл өзгерістер мәдениеттану, аксиологиялық, тұлғалық-әрекеттік, полисубъектілік (диалогтік) және жеке шығармашылық тұрғысынан қарастыру негізінде жүзеге асады.


Мәдениеттану тұрғысындағы бағыт білімнің тұлғалық-бағдарлы парадигмасы негізінде дамиды және біліми үрдіс оқушының қоршаған әлем мен ақпараттық іс-әрекетте толық мәнді тіршілігін қамтамасыз ететін мәдениетті оқушы тұлғасының қалыптасуына, оқушыны жалпы және ақпараттық мәдениетті таратушы ретінде қалыптастырумен сипатталады.


Аксиологиялық тұрғыдан қарастыру білімді оқушының қоршаған әлемге, өз әрекетіне, адам ретіндегі өзіне деген көзқарасын анықтайтын жалпы адами құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағыттайды. Адамның құндылық қатынасы оның психологиялық жағдайын, қанағаттанғандығын және өмірінің толықтығын, оның мәнін анықтаса, ал құндылық жүйесі тәртібі мен әрекетін, ынталық қажеттілік саласын, бағыттылығын, оларды өз әрекетінде басшылыққа алу дайындығымен анықталады.


Тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарастыру білім мақсатына сәйкес қажетті білім, білік және дағды жүйесін меңгертуден оқушының жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағыттайды. Тұлғалық-әрекеттік бағыт оқушының оқу үрдісінде, кәсібінде өз өмірлік әрекеті мен жеке мүддесін жүзеге асыратын белсенді субъект ретінде қалыптасуымен сипатталады. Сондықтан да біздіңше, тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылатындар: - өз әрекетінің ынтасын, мақсатын, құралдары мен жағдайларын өз бетімен анықтауға және сезінуге жағдай жасайтын оқу-тәрбие үрдісінде оқушының субъектілік ұстанымын қамтамасыз ету;


- олардың тұтас субъектілік тәжірибесінің өзектенуі мен түрленуін талап ететін оқу проблемаларының оқушылардың өмірлік маңызды проблемаларына ауысуы;


- оқушыларға тапсырмалар мен оларды орындау тәсілдерін, формаларын таңдауға мүмкіндік беру;


- қабілетті балаларға мүмкіндік деңгейлердегі тапсырмалар бойынша жұмыс ұйымдастыру;


- жоба әдісі негізінде оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу;


- мұғалім мен оқушының арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, диалог негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік ашылуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау.


Жеке шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тұлғалық даму механизмін іске қоса отырып, ақпараттық сауаттылық қалыптастыру үрдісінде оның ынтасын және серпінділігін есепке алуды болжайды. Бұл бағыт оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін анықтауды, осыған сәйкес оқыту әдістері мен формаларын таңдап, оларды оқушылармен педагогикалық өзара әрекет үрдісінде ескеруді талап етеді. Екінші жағынан, жеке тұлғалық бағыт оқушының ерекшелігін, жеке тұлғалық бірегейлігін, тұтас психикасының қайталанбайтын өзіндігін қабылдауға бағыттайды. Бұл аспектіде түсінілетін жеке тұрғыдағы бағыт педагогикалық үрдістің оқушылардың тұлғалық дамуына жеке тұлға ретінде бағытталуын: өзінің «Мендігінің», өз мақсаттары құндылығын, мәнділігін сезініп, олардың көрініс табуына жағдай жасау; өзінің жеке тұлғасына сәйкес оқу және кәсіби іс-әрекеттерді таңдау және т.б.


Теориялық-әдіснамалық тұрғыдағы бағыттар практикалық педагогикалық үрдісті жобалаудың және оны жүзеге асырудың негізі болып табылады. Теориялық мағлұматтарды практикамен байланыстыратын өзіндік көпір - бұл оқыту қағидалары. Олар оқу үрдісінде мектептің алдында тұрған оқу мақсаттары мен міндеттеріне жетуді, мұғалімге қандай нормативті ережелерді басшылыққа алу қажеттігін анықтайды.


Оқытудың ақпараттық технологияларына қатысты әдебиеттерде «ақпараттық технология» ұғымына мәндес «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялар» (ОЖАТ), «оқытудың қазіргі ақпараттық технологиясы» (ОҚАТ), «компьютерлік оқыту технологиясы», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «электронды-коммуникативті жүйелер, құралдар және оқыту технологиясы (ЭКЖҚОТ)» және т.б. терминдік сөз тіркестері кездеседі. Алайда бұл аталған терминдер күні бүгінге дейін педагогикалық әдебиеттерде және практикада толық ашылып, нақты анықталған жоқ. Бірақта олар мазмұндық жағынан Н.Александров, В.Н.Апатова, Н.М.Бойко, В.Гузеев, А.А.Кузнецов, В.А.Латышев, Д.Ш.Матрос, В.М.Монахов, В.В.Попов, Т.А.Сергеева, А.В.Соловьев, Е.К.Хеннер сияқты белгілі ғалымдардың еңбектерінде талданған.


Кейбір ғалымдар шатастыруларды болдырмас үшін тек «оқытудың ақпараттық технологиясы» (ОАТ) сөзтіркесін ғана қолдануды ұсынады. Бұнда ол оқытуда компьютерлерді және аудиовизуальды құралдарды, дидактикалық материалдарды жаңа педагогикалық тиімділікті меңгеруге бағыттап (оқыту мерзімін қысқарту; оқу-тәрбие үрдісін жеделдете отырып, жеке тұлғаға бағыттау; оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру; оқушылардың интеллектуальдық қабілеттерін дамыту және пәнді терең түсінулеріне қол жеткізу) қолдану есебінде қарастырылады.


Біздің пікірімізше, бүгінгі ғылым мен техниканың жетістіктері, қоғамды жаппай ақпараттандыру бізге XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында қолданылған «ақпараттық технология» терминін бүгінгі XXI ғасырда, яғни ақпараттандыру мен коммуникация ғасырында бірдей деңгейде қарастыруға жол бермейді. Сондықтан да біздіңше, қазіргі ақпараттық қоғамның ғылым мен техника саласындағы соңғы жетістіктерін негізге алатын және олардың жаңарып, жетілдіріліп отырылуын ескеретін «оқытудың қазіргі ақпараттық технологиясы» (ОҚАТ) терминін қолдану тиімді.


«Оқытудың қазіргі ақпараттық технологиясы» (ОҚАТ) - жаңа педагогикалық нәтижеге жету мақсатында компьютерлерді ақпараттық технологияның құрамдас бөлігі ретінде оқытуда қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану.


«Бастауыш мектепті ақпараттандыру» деп бастауыш мектеп оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, дамыту және олардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру, сонымен қатар біліми үрдісті басқару мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін қамтамасыз ету құралы есебінде оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануды түсінеміз.


Білім беруді ақпараттандыруды дәстүрлі әдістемеден ерекшелейтін басты белгі – бұл білім мазмұнына, оқытудың құралдарына, әдістеріне және формаларына, оқыту мақсатындағы электронды өнімдерді жасақтауға, қазіргі үйретуші және үйренушілер іс-әрекетіне деген басқаша амал-әрекетті талап етеді. Сонымен қатар міндетті шарт болып педагогтың оқытудың қазіргі ақпараттық технологиялар (ОҚАТ) саласынан белгілі деңгейде білімдер мен іскерліктерді және ақпараттық мәдениеттіліктерді (медиамәдениеттілікті) меңгеруі болып табылады. Сол себепті де бүгінгі күні ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану ұлттық білім жүйесінің бәсекелестік қабілеттерін дамыту мен оны әлемдік білім ортасына кіріктіру үшін шешуші мәнге ие.


Қазіргі ақпараттық технологияларды бастауыш әдістемесінде қолдану және соған сәйкесті информатиканың бастапқы курсын оқытуға қатысты зерттеулерге талдау жасау, бізге оны зерттеген авторлар мен зерттеу жұмысының негізгі бағыты, яғни зерттелу деңгейі туралы келесі мазмұнда көрсетуге мүмкіндік берді ( сурет 2 ).


Даниленко О.В

компьютерлік технология - оқу үрдісінің тиімділігін арттыру құралы


Попова П.В.


Дидактикалық ақпараттық орта - оқыту тиімділігін арттыру факторы


Компьютерлік технология - интеллектуальдық шығармашылық дамыту факторы


Ларских З.П.


Жаңа ақпараттық технология - орфографияға оқыту құралы


Оқу әрекетінде кіші мектеп оқушысының ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру


Даниленко О.В


Компьютерлік технология - оқу үрдісінің тиімділігін арттыру құралы


Исакова Л.С.


Компьютерді қолдану арқылы бастауыш мектепте оқытудың кешенді жүйесін жасақтау


Королева Н.Л.


Информатикаға ерте жастан оқыту үрдісінде оқушылардың дамуы


Протодъякова Г.Ю.


Бастауыш сынып оқушыларында информатиканың негізгі ұғымдарын қалыптастыру


Горячев А.В.


Бастауыш мектепегі информатикаға оқыту әдістемесі – объектілік-ақпараттық тұрғыда жүзеге асырушы


Байғожанова Д.С.


Пәнаралық байланыс негізінде информатикаға оқыту


Ақпараттық технология оқушылардың оқу икемділігін дамыту құралы


Моторин В.В.


Ващук И.Н.


Медешова А.Б


Сурет 2 – Қазіргі ақпараттық технологияларды бастауыш мектепте қолдану проблемасының зерттелу деңгейі


Білім беруді ақпараттандыру дамуының жаңа кезеңінің ерекшелігі-бұл проблеманың инструментальдық емес, мазмұндық аспектілерінің басымдылығында және олардың шешілуінен білім сапалығы, оның әлеуметтік мәнділігінің орны анықталады.


Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ оқушыларда жете қалыптаса бастайды. Осыған сәйкес бастауыш мектеп бағдарламасында оқушылардың ойлауын дамытуға ықпал ететін іргелі математикалық ұғымдардың орын алуын түсіндіре аламыз. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда базалық негіз болатын информатиканың негізгі ұғымдарының бастауышта орын алуын да осы себеппен байланыстыра аламыз. Информатиканың негізгі ұғымдарын оқытуды ерте бастау қажеттілігін сонымен бірге оқушылар оқу кезеңінің бастапқы сатысында информатиканың әдістерін меңгере отырып, мектептегі кейінгі оқу сатыларында қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті дағдыларын игеріп үлгеруге мүмкіндік


берумен түсіндіре аламыз.


ОҚАТ қолдануға негізделген қазіргі біліми парадигма өз бетімен дамып, өз-өзін тежей алатын шығармашыл, жан- жақты біліммен, мәнді қызығушылықпен және стандартты емес жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алатын үздіксіз дамыған ақпараттық қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға түріндегі нәтижеге бағдарланғандығында. Сол себепі де ОҚАТ негізделген оқу үрдісін бастауыш сыныптан бастап қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Бұған қоса бүгінгі күнгі практикаға және өз тәжірибемізге сүйене отырып, бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш сынып оқушыларына берер басты тиімділігін келесі сұлбадан көре аламыз (сурет 3).


Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі

Кіріктірілген оқыту-ды сапалы деңгейде жүзеге асыруы


Бастауыш мектептің базалық курсы пәндерінің оқытылу сапасын арттыруы


Оқыту іс-әрекеті-нің жаңа құралын меңгер-туі


Ақпараттық қоғамда өз бетімен білім алып, өзін-өзі жүзеге асыруға бейімдеуі


Оқыту-дың дамыту-шылық ахуалын артты-руы


Сурет 3 - Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі


Осыған орай, қазіргі ақпараттық технологияларды бүгінгі ақпараттық қоғам, білімді жаңарту жағдайында бастауыш мектептегі оқыту әдістемесіне сәйкес қарастыру бізге оның келесі педагогикалық мақсаттары мен мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік берді (кесте 1):


Кесте 1– Бастауыш мектеп әдістемесіндегі қазіргі ақпараттық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері мен мақсаты


Рет

саны Мүмкіндіктері Мақсаты


1 Қазіргі ақпараттық технология оқушының ынтасын арттырады. Жұмыс істеу жаңалығы ғана емес, сонымен қатар оқу тапсырмаларын қиындық деңгейіне қарай реттеп беру, дұрыс орындалған тапсырмаларды көтермелеу оқушылардың ынтасына жағымды әсер етеді, Сонымен қатар оқуға деген жағымсыз қарым-қатынастың басты себебін - сәтсіздікті, яғни оқудағы түсініксіздікпен, мәнді де түйінді мәселелермен сипатталатын келеңсіздіктерді толық жоюға жағдай жасайды. Компьютерде жұмыс жасай отырып, оқушы есептің шешуін қажетті көмекке сүйену арқылы соңына дейін орындай алады. Қазіргі ақпараттық тех-нологиялар арқылы бастауыш сынып оқушы-ларының оқуға, оқу іс-әрекетіне деген ынта-сын қалыптастыру арқы-лы, өзіне деген сенім-ділігін арттыруы.
2 Қазіргі ақпараттық технология оқушыны белгілі ойын жағдайына ендіре отырып, оқу материалын көрнекі суреттермен, графикалар негізінде баян-дайды. Оқушыға нақты көмек формасын сұрай білуге мүмкіндік беру арқылы оқу іс-әрекетін басқару тәсілін нақты өзгерте алады. Қазіргі ақпараттық техно-логиялар жағымды көңіл-күйге құрылған ақпараттық оқу ортасында жаңа оқу

іс- әрекетін басқару құралы


3 Қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен оқу үрдісін икемді басқара отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылауды сапалық жағынан өзгертуге болады. Барлық жауаптарды тексеруге, көп жағдайда жіберілген қателіктерді есепке алып қана қоймай, сипатын анықтап, дер кезінде оның пайда болуына себепші болған себептерді жоюға көмектеседі. Қазіргі ақпараттық техно-логиялар - тиімді бақылау құралы
4 Қазіргі ақпараттық технология оқушыларда өз іс-әрекеттерінің рефлексиясын қалыптастырып, іс-әрекет нәтижесін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік жасайды. Қазіргі ақпараттық техно-логиялар арқылы өз іс-әрекетінің нәтижесін көре білуге, өз-өзіне сыни көзбен қарай білуге

дағдыландыруы


5 Бастауыш мектеп жасындағы балаларға тән сипат – бұл қызығушылық, белсенділік, жаңа жағдайға, жаңа талаптарға тез үйрену жылдамдығы мен икемділігі. Олар оқушы тұлғасының көпжақты дамуының алғы шарттары болса, қазіргі ақпараттық құралдар осы шарттарды жүзеге асырудың бүгінгі таңдағы негізгі құралы болып табылады. Қазіргі ақпараттық техно-логиялар арқылы бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасын дамыту

Кесте 1 жалғасы


6 Мұғалімнің сабақ жоспарын, конспект жазу, көрнекі-әдістемелік құрал дайындау, оқушылардың өткен материалды меңгеруін тексеру, қатысты есепке алу және есеп жүргізу үшін мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет құралы; Қазіргі ақпараттық техно-логиялар бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің жаңа әмбе-бап құралы
7 Шығармашылық елестету, жағдайға байланысты тез шешім қабылдау, қоршаған ортаны тану қабілеттерін дамытып, қалыптастыру үшін бастауыш сынып оқушылары үшін интеллектуальды дамыту құралының жаңа түрі Қазіргі ақпараттық техно-логиялар - оқушылардың интеллектуальдық даму-ларын қамтамасыз ететін зор танымдық құрал
8 Ақпарат көздерінен ақпарат алмаса отырып, өз құрбыларымен, әріптестерімен Интернет арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгерту көзі. Қазіргі ақпараттық құрал-дар арқылы коммуни-кативтік қабілеттерін да-мыту, тілдесу мәдениетін меңгерту
9 Сауатты түрде іріктелген компьютерлік программалардағы, электрондық оқулықтағы ойындық және оқу тапсырмаларының, оларды шешу құралдары мен тәсілдерінің вариативтілігі ойынды таяудағы даму аймағында орналастыруға мүмкіндік беріп, оқушының жұмыс істеуіне игі әсерін тигізеді. Қазіргі ақпараттық техно-логиялардың орасан зор мүмкіндіктері арқылы білімді сапалы да маз-мұнды деңгейде меңгерту
10 Қазіргі ақпараттық технологиялар ұжымдық іс-әрекетке құрылған оқыту да, жеке оқыту түрін ұйымдастыру негізінде өзара тәжірибе алмасу, мақсат қоя білу, оны жоспарлау, жетудің тиімді жолдарын таба білу, өз-өзін тәрбиелеу мүмкіндігі Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың өз-өзін ұстай білу мәдениетін, өзін-өзі жүзеге асыра білу қабілетін дамыту
11 Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы шексіз көлемде түрлі ақпарат көздерінен керекті ақпаратты алып, өңдеп, сақтап, тарату мүмкіндігі, ақпараттық іс- әрекеттің жаңа түрін меңгертуі Қазіргі ақпараттық техноло-гиялар негізінде оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру, ақпараттық қоғамда еркін әрекеттене білуге баулу
12 Электрондық оқулықтарда, компьютерлік программаларда оқу тапсырмаларын деңгейлік негізде құру арқылы барлық оқушылардың өз қабілетіне, білім деңгейіне қарай дамуын қамтамасыз ету арқылы олардың мүмкіндіктерін, даму деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берілуі Қазіргі ақпараттық тех-нологиялар арқылы оқу-шылардың өз мүмкіндік деңгейлерін көре біліп, өз-өзіне деген сенімділілігін арттыру, өзіндік «менінің» қалыптасына ықпал ету
Бұл аталған қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері мен мақсаттары бізге бүгінгі таңда оны бастауыш мектеп әдістемесіндегі қолданылу бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді, олар:
оқу үрдісін жаңа мазмұнда құруға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа педагогикалық технологиялық құралы ретінде;
өзін-өзі тануға және шығармашылық жұмысқа баулитын танымдық құрал ретінде;
ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыра отырып, ақпараттық қоғамда еркін әрекеттенуге баулитын әмбебап құрал ретінде.

Халықаралық тәжірибеде мектепке дейінгі білім мектепке ғана дайындық (оқу мен санауға үйрету) деген тар түсініктен, баланың дара тұлғалық дамуының жалпы оқу дағдылары мен шеберліктерінің қалыптасуының міндетті кезеңі деп түсіндіреледі. Сондықтан оқу үрдісінде білім, білік және дағдыны меңгертуден компетенцияларын дамытуға, оқытуда оқу ақпаратын беруден оқушыларға күтілетін нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беру қажеттілігі туындап отыр.


Бүгінгі күні оқытуды ұйымдастыруда компетенттік тұрғысынан белсенді қолдану бірқатар себептермен сипатталады: әлемде бәсекелестік күрестің күшеюімен және осыған байланысты ұлттың, мемлекеттің біліми ахуалын дамытуға талпынуымен; қоғам талаптарының азаматты тәрбиелеуге ерекше күш салуымен; мектеп түлектерінің өзгермелі әлемдегі жағдайға бейімделуге дайындықтарының жоқтығымен. Соның ішінде мектеп түлектерінің өзгермелі әлемдегі жағдайға бейімделу дайындықтарын қамтамасыз ету қажеттігі мүлдем жаңа философиялық түсініктемені қажет етеді: XIX ғасырдың ортасына дейін адамзат объектілер әлемінде (яғни жас буын бәріне бірдей еңбек құралы жағдайында өмірге келіп және кетіп жатты, бұл барынша тұрақты оқу үрдісін ұйымдастыруға сәйкес келді). Кейін ғаламдану үрдістер әлеміне енді (яғни адам қазіргі уақытта практикалық тұрғыда үнемі үйреншікті емес еңбек құралдарын және стандартты емес әлеуметтік жағдайларды меңгеруге мәжбүр болып отыр).


Қазіргі кезде «компетенция» ұғымы төрт мағынада (хабардарлық, құзыр, білік, құзырет) аударылып, қолданыс табуда. Сол себепті де қазақ тіліндегі осы төрт ұғымның қолданылуы әрқайсысының астарындағы мән-мағынасына, атқарар әрекетіне және қолдану аясына байланысты болуы керек деген пікірді қолдаймыз. Алайда көптеген зерттеу жұмыстарында бұл ұғымды біліктілікпен байланыстырып қолдануда. Біз өз зерттеуімізде біліктілік ол квалификация сөзінің аудармасы болып табылатындықтан және бұл терминнің кірме сөз екендігін ескере отырып, сол қалпында пайдалануды жөн көрдік.


Компетенция латын тілінен аударғанда, competentia адамның жақсы хабардарлығымен, танымдылығымен және тәжірибесімен сипатталатын мәселелер шеңберін құрайды. Белгілі салада компетентті адам бұл сала бойынша оған негіздеп айтуға және әрекет етуге мүмкіндігі болып, соған сәйкес білімдермен, қабілеттермен қаруланады.


Компетенцияның басты ерекшелігі – оқытудан тікелей туындамайды. Ол – жеке тұлғаның өзіндік даму, жеке тұлғалық даму, өзіндік тәжірибе қорытындысы, сондай-ақ білімнің, біліктің, дағдының және тану тәжірибесінің, пәндік практикалық түрлендірудің, субъективті тұлғалық тәсілі. Сондықтан да компетенцияға қатысты теориялық материалдарға, зерттеулерге сүйене отырып, біз компетенттік тұрғыдағы оқыту мен дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде төмендегіше көрсете аламыз (кесте 2):


Кесте 2 - Компетенттік тұрғыдағы оқыту мен дәстүрлі оқытуға салыстырмалы сипаттама


Дәстүрлі оқыту Компентенттік тұрғыдағы оқыту
Оқушының ұстанымы
Мен жақсы баға алу үшін оқимын және білім дайын күйінде берілу керек. Басты қағида: «мені оқыту керек, оқытпаса маған да қажеті жоқтығы» Мен алған білімімді күнделікті өмірде, проблемалық жағдаятта қолдана білу үшін және соған сәйкес білік, дағдыны игеру мақсатында оқимын. Мен кез-келген шешім қабылдауда, түрлі іс-әрекеттерде әрекеттенуде өз тәжірибеме сүйенуім керек, соның ішінде орын алған түрлі жайттарды ескеруім қажет.
Мұғалімнің ұстанымы
Берілетін білімді тиімді, қолайлы формада беру, пікір-талас тудыратын проблемаларды қозғамау. Оқушы- дайын берілетін білімді қабылдаушы объект Кез-келген объект, құбылыс туралы берілетін білімді әр бағытта жан-жақты қарастыру қажет. Ғылыми білім және өмірлік тәжірибе, деректер, болжамдар, пікір көзқарастарға қатысты пікір-талас, сондай-ақ ақпараттың жеткіліксіздігі жағдайында жауапты шешім қабылдай білу. Оқушы-өзіндік тәжірибесі мен әлеми тұрғыда дүниетанымдық қөзқарасы бар және осы тұрғыда әрекеттенуші жеке тұлға.
Оқу іс- әрекетінің мақсаты
Ақпараттандыру, нұсқау беру, үлгі көрсету Оқушының өз бетімен білім алуына негіздей отырып, білім беру. Оқушының тапсырманың шешімін іздеу барысындағы өзбетіндік әрекетін қалыптастыруды проблеманы тұжырымдай білуден оның шешімінің дұрыстығын тексеруге дейінгі сипатта ұйымдастыру.
Оқытудың бірізділігі
Қарапайымнан күрделіге қарай, алдыңғы және келесі кезеңдер ескерілмейді Өтілетін материал алдыңғы материалды оқыту қорытындысына сүйенеді. Өз тәжірибесінен сабақ алу көзделеді.
Оқытудың проблемалылығы
Көбінесе проблемалылық орын алмайды, ол проблеманы көрсетумен және оның шешімін мәлімдеумен орын алмасады. Проблемалылық проблеманы тудыратын жағдаятты елестетуден басталады, оқушы қарама-қайшылыққа (тапсырма, сұрақ) тап болады.
Тапсырманың пәнділігі
Көптеген тапсырмалар бір пәнге негізделген(ол білімнің әр түрлі салаларынан ақпаратты қажет ететін күнделікті өмір шындығына қайшы келеді)

Тапсырмалар пәнаралық байланысқа құрылған


Сұрақ мазмұны
Сұраққа жауапты оқулықтан табуға болады. Жауапты жаттанды түрде, мәнін түсінбей, оқулықтағы дәйексөздерді қайталау арқылы айту мүмкіндігі бар. Материалды түрлендіру, өзіндік өңдеу қажет етілмейді. Сұрақ қосымша ақпаратты қажет етеді, жауаптың бір бөлігі оқылған материалдардан, оқулықтан табылса, екінші бөлігі өз бетімен меңгеріледі.
Мазмұнның пікірталастығы (полемикалығы)
Әр түрлі көзқарастың болуы тарихи аспектіде баяндалады (бұрын қалай есептеген және қалай есептеледі) Пікірталас жағдаяты әдейі ұйымдастыралады, оқушыға өз пікірін, ұстанымын дәлелдеу, қорғай білу мүмкіндігі беріледі

Бұл кесте бізге анық түрде компетенттік тұрғыдағы оқытудың бүгінгі өзгермелі күн талабына сай жеке тұлғаны дайындауда орны ерекше екенін дәлелдей түседі.


Біз өз зерттеуімізде бастауыш сынып оқушыларында ақпараттық сауаттылық бойынша қалыптастырылатын түйінді компетенцияларды былайша тұжырымдадық:


- ақпараттық қоғамда ақпараттың алатын орнын біліп, онымен сауатты жұмыс істей білу;


- күнделікті қоршаған ортадағы түрлі проблемаларды қазіргі ақпараттық технология құралдарының көмегімен шеше білу;


- меңгерілген білім және ақпарат негізінде жаңа анық, нақты білімдер мен түсініктер құрастыра алу;


- өз пікірімен, көзқарасымен айналасындағылармен бөлісу және өз ақпарат көзін жасақтай білу;


- ақпаратпен жұмыс істеуде қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді қолдана біліп, шығармашылық жұмысқа ұштастыра білу.


Осы аталған түйінді компетенциялар негізінде пәндік компетенциялар келесі мазмұнда анықталды:


- ақпарат көзі бола алатын деректерді анықтай білу және оны іздеу стратегиясы мен оны қабылдай алу білігі;


- қандай ақпарат қажет екенін және оны қайдан іздеу керектігін түсіну;


- алынған ақпаратты салыстыру, сұрыптау, талдай алу, ақпарат қорытындыларын тіркеуде түрлі кесте, сызба т.б. қолдана білу;


- ақпаратты берілген проблеманы шешуге қатысты шындыққа сәйкестігі, дәлдігі, жеткіліктігі жағынан бағалай білу;


- қосымша ақпарат қажеттігін сезіне білу және мүмкін жағдайда оны алдын-ала білу;


- шешім қабылдауда ақпаратты іздеу, қабылдау және бағалау үрдістерінің қорытындыларын қолдана алу;


- қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білу және соның негізінде объектілер мен үрдістердің жаңа ақпараттық моделдерін құрастыра білу;


- әр түрлі салада өзіндік іс-әрекет үшін қажетті болып табылатын өзіндік мәнді ақпараттар негізінде жеке білім банкін жасақтай алу;


- ақпаратпен жұмыс барысында қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке, топпен жұмыс істей алу.


Бұл жүйе негізінде 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында тұжырымдамаға сәйкес қалыптастырылатын өзін-өзі жүзеге асыру, ақпараттық, коммуникациялық компетенциялар топталды.


Біздің пікірімізше, біліми салалар бойынша қарапайым сауаттылықтың функционалдық сауаттылыққа, яғни компетенцияға және компетенциялардың өмірлік дағдыларға ауысуында ерекше тиімді де бүгінгі күн талабына жауап бере алатын құрал - бұл ҚАТ. Бұл пікірімізді біз қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктерімен, соның ішінде әсіресе, ақпаратпен жұмыс істеу мәдениетіне негізі болып табылатын ақпараттық сауаттылықты қалыптастырудағы ерекше мүмкіндігімен түсіндіре аламыз.


Педагогика ғылымында «компетенция» терминін көптеген зерттеушілер оның психологиялық-педагогикалық терминология саласында жеткілікті дәрежеде нақты ұстанымы болмағандықтан, өз деңгейінде қабылдамауда. Әрине, бұл сынның өзіндік шындыққа сәйкес келетін жақтарын жоққа шығара алмаймыз. Алайда бұл ұғыммен бүгінгі күні білім жүйесіндегі оң өзгерістер, әсіресе, нәтижеге бағдарланған оқытуды ұйымдастыру мәселелері байланысты болғандықтан, оның оқытудың әрбір сатысында оқытылатын әрбір біліми салалары бойынша түйінді, пәндік компетенцияларды анықтау, соның ішінде, бастауыш мектеп сатысына қатысты бұл өте көкейкесті, кезек күттірмейтін мәселе екені сөзсіз.


Бүгінгі таңда «сауаттылық» халықаралық деңгейде жаңа тұрғыда «өмірлік дағдылар» ұғымымен байланыстырылып, ол адамның бүкіл өмір бойында қоғамның әрбір мүшесі үшін өмір сүру және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің құралы есебінде қарастырылуда. Ал өмірлік дағдыларды тар мағынада түсіну «компетенция» ұғымына сәйкес келеді, компетенция оқушының жеке біліми салалар бойынша пәндік білім, білік және дағыларды кіріктіре білу қабілеті болып табылып, ол функционалдық сауаттылықтың мазмұнды негізі болып есептеледі.


Бүгінгі таңда бастауыш сыныпта ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру қажеттігін және оның мақсатқа сәйкестілігін келесі себептермен түсіндіре аламыз:


1. Бүгінгі іргелі жаңалықтар мен ақпараттық технологияға толы ақпараттық қоғамда маңызды әлеуметтік мақсат – бұл жаңа ойлау стилін қалыптастыру болып отыр. Интеллектінің аса үдетпелі дамуы бастауыш мектеп жасында жүзеге асады және зейін ерікті болып, ойлаудың көрнекі-бейнеліктен сөздік логикалыққа ауысуы жүреді, қабылдау талдамалы, дифференциалды сипатқа ие болады. Соған сәйкес бастауыш сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларына қарағанда қазіргі ақпараттық технологияларды тез және жеңіл меңгереді, өйткені олардың ойлауының стереотипі қалыптаспаған.


2. Оқушыны қазіргі оқу ақпаратының қуатты ағымында бағдарлануға үйрету, оның негізгісін айыра білу, ақпараттың бағыттылығын түсіну, қайта өңдеу, олардың заңдылықтарын таба білу және қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен кез-келген практикалық іс-әрекетте, түрлі жағдаятта сауатты қолдана білу талабы жылдан-жылға күшеюде.


3. Бүгінгі күні бала компьютермен мектепке дейін-ақ танысады, яғни оқу дағдысын меңгермей тұрып-ақ ол компьютерден ақпарат алады. Сол себепті де бастауыш мектепке келген бала компьютермен жұмыс нәтижесінде өзіне пайдалы нәрсе ала білуі өте маңызды.Соның ішінде керектісін алып, керек емесін алып тастай білу дағдысына ие болуы аса қажет.


4. Білім беруді жаңарту құралы есебінде компьютердің ролі ұдайы өсуде, ал ол өз кезегінде оқушыларды оның сауатты қолданушысы болуға мәжбүр етіп отыр.


ЮНЕСКО-ның «сауаттылық» ұғымын қарапайымнан күрделіге қарай даму кезеңдеріне сәйкесті берген ұстанымына сүйене отырып және ҚАТ осы сауаттылық кезеңдеріндегі орнына қатысты қарастыра келе, біз келесі сызбаны ала аламыз:


компьютерлік сауаттылық → ақпараттылық сауаттылық → ақпараттық мәдениет


Ақпараттық мәдениет біздің зерттеуіміз мәнмәтінінде оқушылардың жалпы мәдениетін құраушы болып табылады. Соған орай, ақпараттық мәдениет ұғымы мәдениеттану тұрғысынан қарастырылады. Мәдениеттану тұрғысынан қарастыру ақпараттық мәдениетті жеке тұлғалық жаңалық ашу, өзінде мәдениет әлемін жасақтау, мәдени диалог идеяларын дамыту үрдісі ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді және бұнда негізге салынған мағынаның жеке, өзіндік өзектенуі жүреді. Сондықтан да біз «ақпараттық мәдениет» ұғымын адамның жалпы мәдениетінің бір элементі, ақпараттық ресурстарды тұтынумен және жасақтаумен байланысты білім, білік, дағды, құндылықтар нормасы жиынтығы және ақпараттық іс-әрекетті қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен репродуктивті деңгейден шығармашылық деңгейге дейін орындай білу қабілетімен байланыстырамыз.


«Ақпараттық сауаттылық» ұғымын біз ақпараттық мәдениетке негіз болатын құрамдас бөлшегі бола отырып, ол қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктері мен түрлі салада қолдану аясын білуге қатысты білімдерін қамтумен қатар, ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге (компьютердің көмегімен ақпаратты жасақтау, жинау, сақтау, өңдеу, тарату) және практикада алуан түрлі оқу тапсырмаларын орындауға, оқу-танымдық іс- әрекеттің өз бетіндік түріне негізделе отырып, өзін-өзі жүзеге асыруға қажетті біліктер жиынтығы деп анықтадық.


Бүгінгі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысындағы білім мазмұнына, жоғары педагогикалық оқу орындарының стандарттарына, оқу жоспарларына жасаған талдау оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру жалпылама түрде жүйесіз жүзеге асатынын және бұл саладан болашақ маманның дайындығының өз деңгейінде еместігін дәлелдеді.


Біз өз ғылыми-зерттеу жұмысымызда жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру тұжырымдамасын» жасадық. Бұнда бастауыш сыныпта оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі, мақсат-міндеттері мен қағидалары, мазмұны, оларды жүзеге асырудың әдістері мен формалары беріледі. Тұжырымдаманы практикаға ендіру шарттары (материалдық база, оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы, педагог мамандарды даярлау) анықталады.


Тұжырымдаманы практикаға тиімді ендіру мақсатында біз жоғары оқу орындарының «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне даярланған «Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негізі», «Қазіргі ақпараттық технологияларды бастауыш мектепте кәсіби-шығармашылық бағытта қолданудың әдістемелік аспектілері» атты арнайы курс бағдарламалары меңгертілді. Оның мақсаты - студенттер мен мектеп мұғалімдерін қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктерін бастауыш сынып әдістемесінде тиімді қолданудың теориялық-әдістемелік негіздерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу. Бағдарламада сабақтардың тақырыптық жоспары, мақсаты, мазмұны ұсынылады (лекциялық сабақ - 24 сағат, лабораториялық практикалық сабақтар -12 сағат).


Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруда біз осы бағытта орын алған зерттеу жұмыстарына, практик-мұғалімдердің озық тәжірибелерін және өз практикамызға сүйену негізінде оны төмендегі мазмұнда қарастырдық, олар: ынталық, танымдық, әрекеттік- технологиялық, құндылықты – бағалау. Осы компоненттердің өзара байланыстылығы мен тұтастығын ескере отырып, біз осы құрылымның келесі өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік алдық (кесте 3).


Кесте 3 - Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері


Компонент Өлшемдер Көрсеткіштер
Ынталық Қазіргі ақпараттық технологияларға деген ұмтылыс, қажеттілік Қазіргі ақпараттық технологиялардың мәнін түсінуі; оларды жағымды көзқараспен қабылдауы; компьютермен жұмыс істеуге деген ынта-ықыласы; ақпараттық сауаттылықты меңгеруге деген қызығушылығы, талпынысы
Танымдық Қазіргі ақпараттық технологиялар саласынан білімі Бүгінгі ақпараттық қоғамда ақпараттық іс-әрекетті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат, қазіргі ақпараттық технологиялар туралы білімдері мен мағлұматтары; олардың дидактикалық мүмкіндіктерін түсінуі;
Әрекеттік-технологиялық Қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың әрекет– тәсілдері Қазіргі ақпараттық техноло-гиялар көмегімен ақпаратпен жұмыс істеудің қарапайым әрекет түрлерін білуі; негізгі формаларын мен әдістерін меңгеруге қажетті оқу-танымдық, әрекеттік, ақпаратты-коммуникативтік, құрыл-ымдық-жобалау біліктерін пайдалануы;
Құндылықты- бағалау Қазіргі ақпараттық технологиялар көмегімен өзін-өзі анықтауы, бағалауы Ақпаратты толықтығы, анықтығы, мәнділігі жағынан сыни тұрғыда бағалай білу; ақпараттың берілу формасына қарай ажырату және оларға тән негізгі қасиеттерді анықтай алуы; дәл, дәлелді деректер негізінде керекті ақпаратқа немесе өз пікіріне қатысты нақты да мазмұнды тұжырым жасай білуі.

Таңдалған өлшемдер жүйесінен шыға отырып, біз бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарының келесі деңгейлерін қарастырамыз : көшірмелі қайта жаңғырту (төменгі деңгей); қайта жаңғырту - зерттеушілік (орташа деңгей); шығармашылық (жоғары деңгей).


Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қал-ыптастырудың құрылымдық моделін келесі мазмұнда бере аламыз (сурет 4 ).


Біз өз зерттеу жұмысымызда бүгінгі таңда негізделген оқыту қағидаларының жүйесі жоқтығын, соған сәйкес қазіргі іргелі педагогикалық еңбектерде, оқулықтарда қағидалар саны әр түрлілігін ескере отырып, А.Б.Трофимовтың ұсынған оқытудың келесі қағидалар жүйесіне сүйендік, олар: жүйеқұраушы қағидалар, оқытудың мақсатын, мәнін және мазмұнын ашатын қағидалар; білімді меңгерудің ішкі шарттарын сипаттайтын қағидалар; жаңа ақпараттық технологияларға тән қағидалар.


Ақпараттық сауаттылық құрылымы

Ынталық компонент


Танымдық компонент


Әрекеттік-технологиялық компонент


Құндылықты -бағалау компоненті


Ақпараттық сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық шарттары


Информатика пәнінің бастапқы курсы


Тұлғалық -бағдарлы оқыту негізіндегі нәтижеге бағдарланған педагогикалық технологиялар


Ақпараттық –технологиялық компетенттілігі қалыптасқан бастауыш сынып мұғалімі


ҚАТ - мен педагогикалық технологияның өзара байланысқан ақпараттық біліми ортасы


Ақпараттық сауаттылықты қалыптастырудың негізгі кезеңдері


Анықтау

Қалыптастыру

Қорытынды


Ақпараттық сауаттылықты қалыптастырудың деңгейлері


Көшірмелі қайта жаңғырту


Қайта жаңғырту зерттеушілік


Шығармашылық


Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыру қажеттілігі


Әлеуметтік (қоғам, жанұя, жеке тұлға қажеттіліктері)


Педагогикалық (оқушы жеке тұлғасы дамуы, оқу үрдісі қажеттілігі)


МАҚСАТ

Бастауыш сынып оқушысының ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

Нәтижесінде: ақпараттық қоғамда еркін әрекеттенетін, ақпаратты сауатты пайдалана алатын шығармашыл тұлға


Сурет 4- Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың құрылымдық моделі


Зерттеуіміздің міндетіне сәйкес бастауыш мектепті ақпараттандыруды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарын анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар негізінде біз келесі педагогикалық шарттарды анықтадық: педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологияны өзара байланыстыра қолдану; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық -технологиялық компетенттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылығының өзара байланыстылығы; ақпараттық біліми орта, Информатика пәнінің бастапқы курсы.

Біз өз зерттеуімізде болашақ педагог-маманның, соның ішінде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің компетенттілігіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдай келе, бүгінгі бастауыш білім мазмұнының жаңару, соған сәйкесті ақпараттандырылу жағдайында бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын сапалы деңгейде қалыптастырудың басты шарты ретінде мұғалім ақпараттық-технологиялық компетенттілікке ие болу керек деген пікірді қолдаймыз. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінде ақпараттық-технологиялық компетенттілікті қалыптастырудың мақсатқа сәйкестігі оны екі аспектіде қарастыруға мүмкіндік береді:


техникалық тұрғыдан (ОҚАТ түрлері, олардың құрылымы және әрекет ету ұстанымы, олармен негізгі жұмыс істеу тәсілдері, техникалық қызмет көрсету ережелері және т.б.);
біліми тұрғыдан (олардың дидактикалық негізі мен әдістемелік қызметтері, құрылу қағидалары, ОҚАТ қолдану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшелігі).

Сол себепті де «Ақпараттық-технологиялық компетенттілік - жеке тұлғаның (индивидтің) қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқу, тұрмыстық, кәсіби міндеттерді сауатты деңгейде шешуге қабілетілігі мен дайындығы» деп анықтадық.


Студенттердің ақпараттық-технологиялық компетенттіліктерін қалыптастыруға арналған жұмыс төрт блоктен тұрды: ынталық, танымдық (когнитивті), әрекеттік, шығармашылық және әрбір блоктің өзіне тән мақсаты, мазмұны, формасы мен әдістері анықталды және олар технологиялық картада көрсетілді (кесте 4 ).


Кесте 4 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық- технологиялық компетенттіліктерін қалыптастырудың технологиялық картасы


АТ-тық компетенттілік қалыптастыру кезеңдері
Дайындық мазмұны
Негізгі ұйымдастыру формалары
Оқыту әдістері мен құралдары
Ынталық Бастауыш білім мазмұнын жаңарту мен ақпараттан-дыру жағдайында кәсіби педаго-гикалық әрекетке дайындақтарын қалыптастыру Факультативтік сабақтар, тәрбие сағаттары, конфе-ренцияларға, семинарлар-ға қатысу, мұғалімдер бі-ліктілігін арттыру институ-тындағы курстармен таны-су, педагогикалық прак-тика Инновациялық әдістер, қазіргі ақпараттық құрал-дар, компьютерлік про-граммалар, электронды оқу-әдістемелік кешендер
Танымдық Ақпараттық-техно-логиялық компе-тенттіліктің теория-лық негізін оқыту Арнайы курс, семинар, факультативтік сабақ «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын-дағы стратегиялар, сөз-дік, практикалық, видео-әдістер,өз бетімен жұмыс.
Әрекеттік Ақпараттық-техно-логиялық компе-тенттіліктің практика-лық мазмұнын мең-герту (құрылымдық, ұйымдастырушы-лық, коммуника-тивті, гностикалық білік, дағды) Тренингтер, студенттердің өз бетімен жұмысы, педагогикалық практика
Инновациялық әдіс-тер, қазіргі ақпараттық құрал-дар (интернет, электрон-ды пошта,мультимедиа) компьютерлік програм-малар, электронды оқу-әдістемелік кешендер
Шығармашылық Ақпараттық-техно-логиялық компе-тенттіліктің теория-лық практикалық мазмұнын түрлен-діре отырып, өз бетімен шығарма-шылық жұмыста қолдану Сабақтан тыс жұмыстар, педагогикалық практика Инновациялық әдістер, қазіргі ақпараттық құрал-дар (интернет, элек-тронды пошта, мультиме-диа) компьютерлік про-граммалар, электронды оқу-әдістемелік кешендер,
Зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне сәйкес тәжірибелік-эксперимент жұмысы 2000-2007 жылдар аралығын қамтыды. Зерттеу жұмысына жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары

(барлығы – 30 оқытушы, 312 студент, оның ішінде күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша), бастауыш мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатыстырылды. Экспериментке 820 оқушы, 78 мұғалім қатысты.


Эксперимент жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді, олар: анықтау, қалыптастыру, қорытынды кезең.


Эксперимент барысында біз бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, соның ішінде олардың ойлау, есте сақтау, зейіні қабілеттерінің дамуы тұрақты деңгейде қалыптаспағанын және олардың кез келген танымдық үрдістің негізі екенін ескере отырып, жалпы олардың интеллектуальдық дамуының бағытын және жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше мәнге ие қабілеттің бірі бұл өзін-өзі бағалай білу деңгейін анықтауға байланысты жұмыс түрлерін жүргізуді жөн санадық. Сол себепті де анықтау эксперименті кезінде төмендегі мазмұндағы жұмыстар орын алды:


а) жүйелі ойлауды диагностикалау (Н.И.Поливанова, И.В.Ривина);


б) ақыл- ой дамуын зерттеу (Э.Ф.Замбациявич ұсынған);


в) өзін- өзі бағалауды анықтау.


Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптасу деңгейлерін анықтауда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, біз өз зерттеуімізде бақылау әдісін басшылыққа алумен бірге ауызша және жазбаша сұрақтар беру, «сөйлемді аяқта» әдістемесі, «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту » бағдарламасындағы стратегияларі, шығарма жазу, аралық, қорытынды срездер, эксперттік бағалау әдістері кеңінен қолданылды.


Осыған орай, оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін келесі көрсеткішерге сай анықтадық:


1.Ынталық (қазіргі ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеуге деген ынта-ықыласы, қызығушылығы);


2. Танымдық (білім деңгейлеріндегі сапалық өзгерістер);


3. Әрекеттік - технологиялық ( меңгерген білім, білік, дағды негізінде қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен оқу-танымдық, күнделікті өмір қажетіне, өз мақсатына қарай пайдалана алуға қатысты білік дағдысының қалыптасуы);


4. Құндылықты - бағалау ( өз бойындағы сапалық өзгерістерді байқауы, өз қабілетін бағалауы, өзіне деген сенімділік ).


Осыған көрсеткіштерге сәйкес бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарының қалыптасу динамикасын келесі мазмұнда бере аламыз (кесте 5, 6, 7, 8, сурет 5, 6, 7, 8).


Кесте 5 - Ынталық компоненттің қалыптасу динамикасы


Деңгей
Көрсеткіштер Анықтау Қалыптастырушы Қорытынды


Көшірме-лі қайта жаңғырту Қазіргі ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге деген ынтасы төмен, ауытқымалы, тек мұғалімнің берген тапсырмасына орай қолданады, бақылау, басқару нәтижесінде ғана жұмыс істейді. 20,5 10 0
Қайта жаңғырту-

зерттеуші-лік Қазіргі ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу-ге ынтасы жоғары, ком-пьютердің орасан зор мүмкіндіктерін өз бетімен қолдана алу бағытында өзіндік зерттеулер жүргізеді, олардың себеп сал-дарын ашуға тырысады.. 45,5 50 41,2


Шығармашы-лық Қазіргі ақпарат құралдарының мүм-кіндіктерін өз бетімен орындалатын шы-ғармашылық жұмыстарға пайдала-нуға деген ынтасы, құлшынысы өте жоғары 34 40 58.8
С

Сурет 5 - Ынталық компоненттің қалыптасу динамикасы


Кесте 6 - Танымдық компоненттің қалыптасу динамикасы


Деңгей
Көрсеткіштер ДАнықтау Қалыптастыру Қорытынды
Көшірмелі қайта жаңғырту Қазіргі ақпараттық технологиялардың түрлері, компьютердің негізгі құрылымы, соған қатысты негізгі ұғымдар, мәтіндік, графикалық редакторлар, ақпарат, оның түрлері туралы мағлұматтары бар. 72,2 60.5 40.2
Қайта жаңғырту-

Зерттеушілік Ақпараттың негізгісін таңдай біліп, оны дәлелдей алады, олармен жұмыс істеу операция-лары қалыптасқан және қазіргі ақпараттық техно-логиялардың көмегімен оқу танымдық тапсыр-маларды орындай алады, қоршаған ортадағы құбылыстарды ақпараттық үрдіс тұрғысынан түсіндіре алады. 18,5 26.8 34


Шығармашы-лық Информатика пәнінде алған білім, білік дағдыларын басқа пәндерге еркін тасымалдай алады, қазіргі ақпараттық технологияларды өз бетімен жұмыста, өз мақсатына қарай шығармашылықпен қолдана алады 9,3 12.7 25.8
Сурет 6 - Танымдық компоненттің қалыптасу динамикасы

Кесте 7 - Әрекеттік компоненттің қалыптасу динамикасы


Деңгей
Көрсеткіштер ДАнық-тау Қалыптастыру Қоры-тынды
Көшірмелі қайта жаңғырту Ақпаратпен жұмыс істеудің барлық операция-ларын жете түсінбейді, оларды қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегі-мен тек қатаң түрде үлгі бойынша орындай алады 20.7 18 11
Қайта жаңғырту-

Зерттеушілік Ақпаратпен жұмыс істеу-дің негізгі операция-ларын меңгерген, қазіргі ақпараттық технология-лардың мүміндігін тиімді қолдану негізінде олардың кейбіреуін ғана түрлендіре отырып қолдана алады 45.8 41.9 34.5


Шығармашы-лық Ақпаратпен сауатты жұмыс істеу білігінің, онымен жұмыс істеу операцияларының маңыздылығын түсіне огтырып, оларды қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктерін (электронды пошта, Интернет) ұтымды түрде еркін қолдана алады 30.5 40.1 54.5
Сурет 7 - Әрекеттік компоненттің қалыптасу динамикасы

Кесте 8 - Құндылықты–бағалау компонентінің қалыптасу динамикасы


Деңгей
Көрсеткіштер ДАнық-тау Қалыптастыру Қоры-тынды
Көшірмелі қайта жаңғырту Дерек, ақпарат көздерін ажырата алады, ақпарат-тың маңыздылығын ұғы-нады , қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкін-дігін өз мүмкіндігімен байланыстыра қолдануы, сенімі төмен деңгейде 18 15.5 10
Қайта жаңғырту-

Зерттеушілік Ақпаратты толықтығы, шындыққа сәйкестігі, маң-ыздылығы тұрғысынан терең талдай алады, өз мүмкіндігін практика жүз-інде зерттеуге ұмтылысы басым және қазіргі ақпараттық технологияларды осы бағытта тиімді қолданады, өзіне деген сенімі тұрақсыз 60.2 45 34.9


Шығармашы-лық Ақпаратқа, ақпараттық үрдістерге қатысты өз пікірін, көзқарасын айта алады, өзіндік ұстанымы қалыптасқан, өзіне деген сенімі тұрақты, өзін-өзі бағалауы жоғары 21.8 30.5 55.1
Сурет 8 - Құндылықты – бағалау компонентінің қалыптасу динамикасы

Бұл ақпараттық сауаттылықтың бастауыш сынып оқушыларында қалыптасу деңгейлерін салыстыру негізінде байқайтынымыз бұл эксперименттің әрбір кезеңінде ілгері басушылық бар екенін байқай аламыз, атап айтсақ, танымдық компонентте төменгі деңгейдің 72,2 пайыздан 40,2 пайызға, ал орта деңгейде 18,5 пайыздан 34 пайызға артқандығын, жоғары деңгейде 9,3 пайыздан 25,8 пайызға дейін көтерілгенін байқаймыз. Сол сияқты әрекеттік компонентте де төменгі деңгей 20,7 % -тен 11 % - ке төмендегенін, ал орта деңгей 45,8 –ден 34,5 % - ке төмендегенін, ал жоғары деңгей 30,5 % -дан 54,5% - ке артқанын көрсек, құндылықты-бағалау компонентінде төмен деңгейдің 18 % -тен 10% - ке төмендегінін, орта деңгейдің 60,2% -тен 34,9 % -ке төмендегенін, ал жоғары деңгейдің 21,8 % -тен 55,1-ке % артқанына көз жеткізе аламыз.


Бұл алынған қорытынды нәтижелер бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының және соған сәйкесті құрылған моделдің тиімділігінің көрсеткіші бола алады.


Қорытынды


1. Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негізі тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, біліми үрдістің барлық компоненттерін ізгілендіру идеясы болып табылады. Зерттеу жұмысымыздың дидактикалық негізін дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, В.В.Давыдов және т.б.) ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және т.б.), педагогикалық технология теориясы (В.П.Беспалько, В.М.Монахов, білім беруді ақпараттандыру теориясы (Б.С.Гершунский, А.П.Ершов, В.М.Монахов, Ж.А.Қараев, Г.Қ.Нұрғалиева, Д.М.Жүсіпәлиева), білімнің пәнаралық байланысы интеграциясы теориясы (О.С. Гребенюк, А.Я. Данилюк, М.В. Кларин, Ю.С. Тюнников, А.А.Бейсенбаева және т.б.), болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындық теориясы (И.Н.Нұғыманов, А.Е.Абылқасымова, М.А.Құдайқұлов және т.б.) құрайды.


2. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы бүгінгі ақпараттық ғасырда қазіргі ақпарат құралдарын өз қажетіне қарай сауатты деңгейде қолдана алуларына септігін тигізумен қатар, ақпараттық дүниетанымдарын кеңейтеді.




3. Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері олардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруда келесі механизмді: компьютерлік сауаттылық - ақпараттық сауаттылық - ақпараттық мәдениет анықтауға көмектеседі. Оқу үрдісінде қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мұғалім мен оқушының өзара қарым- қатынасы сипатын өзгертіп, оның ынтымақтастық, өзара түсіністік, бірлескен шығармашылық жұмыс, өзара тәжірибе алмасу сипатына ие болуына себепші болады. Ал ол ең алдымен, бұл жас шамасындағы оқушылар арасында кең тараған мазасыздану, үрей, өз-өзіне деген сенімсіздік, сияқты жағымсыз жайларды болдырмауда ролі зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет