КІРІСПЕ
Қазіргі әлеуметтік, экономикалық үрдіс тоғысқан күрделі даму кезеңін бастан өткізіп отырған Қазақстан Республикасы зиялы қоғамның талап-тіліктеріне толығымен сәйкес келетін және жауапкершілік сезімі жоғары, шығармашылық белсенділігі мен адамгершілік болмысы бірдей үндескен, бойындағы дара мүмкіндіктерін, интеллектуалдық қабілеттерін өз іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеу мәсе- лесі туындап отыр. Сондықтан басты міндет – оқу-тәрбие жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамыта отырып, әлемдік өркениет пен ұлттық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Осыған орай мектептегі оқу- тәрбие үрдісі мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс.
Оқушылардың бейнелеу және еңбек іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын қалыптастыру мәселесінің өзектілігінің артуы мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны меңгеруі ғана емес, танымдық іс-әрекет және интеллектуалдық, шығармашылық үрдіс ретінде қарастыруды міндеттейді.
Бастауыш білім сатысы орта мектептің ерекше құрамдас бөлігі, алғашқы іргетасы. Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы – табиғи құбылыс. Мұнда тұлғаның санасының қуатты дамитын ерекше құнды қайталанбас кезеңі болғандықтан, оқушылардың шығармашылық қабілеттері әр түрлі оқу әрекеттері негізінде қалыптаса бастайды.
Шығармашылық іс-әрекет - жеке тұлға дамуының негізі
Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да қазіргі мектептің құры- лымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру талаптарын қояды.
Шығармашылық қабілет сапаларының толық жиынтығы: ақыл-ой белсенділігі; тез үйрену жылдамдығы; шығармашылық және көркемөнерлік; нақты практикалық іс-әрекетті орындауға қажетті білім алуға тырысушылық; талпынушылық; тапсырмаларды таңдауда және оларды шешудегі қабілеттік; өздігінен орындаушылық; еңбексүйгіштік; әртүрлі және ұқсас құбылыстардан жалпы және негізгі нәрселерді көре білу, т.б. жатады.
Рухани қызмет – сол өмірдің бейнесін жасайтын, сол бейнені өзгертіп отыратын үрдіс. Бейнелеу – ойлау және практикалық қызметтің өзара іс-қимылынан күрделі де қарама- қайшылықты шешетін адамның сыртқы дүниеге енжар бейімделмей, оған ықпал ететін, оны өзгертетін және өзінің мақсаттарына бағындыратын үрдіс. Идеялық тұрғыда өзгерту өмірде бұрын болмаған жаңа нәрсені бейнелік түрде жасау. Кез-келген нәрсені еңбек әрекеті арқылы өзгерте алады. Адам қиялы өмірінде бұрын болмаған, бірақ болуы мүмкін нәрселерді талғампаздықпен құрастырып, өңдеп, түзеп жатады, әркім даму деңгейіне қарай өзінің өзгеше рухани әлемін дамытады. Тәжірибелік іс-әрекет пен рухани қызметтің өзара байланысының нә- тижесінде танымдық іс-әрекет шығармашылық іс-әрекетке ұласатын үрдіс деп санаймыз.
Адамның шығармашылық әрекетін зерттеуді толығымен қайта бағыттаған Фейербах принципі міне, осындай. Осы принципті жүзеге асыруда Фейербахтың қоғамдық даму үрдісінің идеализмі көзқарасы көрінісін табады. Антропологиялық принцип логикасы шеңберінде қала отырып, Фейербах адамдардың жеке, сезімдік қарым-қатынастары жазықтығындағы қарым- қатынастардың субстанциялық негізін іздейді.
Соңында әлеуметтік өлшеу жоғалып, қарым-қатынас толығымен психологиялық феномен ретінде сипатталады. Шығармашылықты қарым-қатынас түрі құрылымында зерттеу мәселесі Фейербахта адамның өзін-өзі жүзеге асыру идеясымен байланысқан, сондықтанда ол шығармашылық субъектісі ретінде адамның қасиеттерін зерттеуге көңіл аударады. Бұл жерде адамның мәндік күш-тұжырымдамасы ерекше орын алады.
Мәндік күш-жігер – “бұл мәдениет жемісі, адамзат қоғамының жемісі” [159, 126 б.], яғни Фейербах пікірі бойынша шығармашылық әрекеттің мазмұны – адамның мәндік күшжігері жиынтығы жағынан жалпы дамуы. Фейербахтың шығармашылықты адамдардың қарым-қатынас үрдісімен бірлестікте қарастыру қадамы шығармашылық әрекеттерді адамдардың қоғамдық өмірі тарихымен байланыстыра зерттеуге жаңа жолдар ашты.
Бұл мәселе диалектикалық-материалистік шеңберде өз шешімін тапты. Неміс сыныпикалық философиясы шығармашылық мәселесін ғылыми шешудің қажетті теориялық алғы шарттарын даярлап, шығармашылық әрекетке “абстракты анықтама” берді.
Немістің сыныпикалық философиясының басты еңбегі – жаңа білімнің пайда болуын адам әрекетін талқылау барысында түсіндіруі. Шығармашылық мағынасы рухани-практикалық өзіндік әрекет ретінде анықталады. Шығармашылық механизмі рухани-практикалық қарама-қайшылығы шығармашылықты өздігінен іштей дамыту бастамасы ретінде түсіндіріп беріледі. Әрекет принципі адамның әрекетті-шығармашылық мәнін зерттеу мәселесін қоюға ықпал етті.
Сонымен, шығармашылық әрекет кейбір жеке проблемалық жағдайлар негізінде талқыланады, оның шешімдерімен тәмамдалады. Демек, шығармашылықты зерттеуді “есептеу жүйесі” үшін жаңа ізденуді белсендіруде өзінің ашылуын көр- сетумен ерекшеленіп, нәтижесінде кенеттен ашылған жағдай туады. Әрекет тек “жауап” және “шешім” болуын тоқтатқанда шығармашылық басталады. Яғни табылған шешімнен жаңа мәселеге көшу, табылған жауаптан жаңа мәселеге, жеткен нәтижеден-жаңа жол бастамасына көшу.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі болып табылады. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Шығармашылық іс- әрекет – оқушының өзі жеке шығармашылық қажеттігіне және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет деп санаймыз.
Шығармашылық іс-әрекет – бұл өзінің жеке тұлғалық қасиетін тереңірек, жаңа қырынан көрсете білу. Бұрын да шығармашылық іс-әрекеттер аспектілерін психологиялық тұрғыдан қарастыру басым болса, бүгінгі таңда шығармашылықтың философиялық-әлеуметтік теориясын жасауға баса мән беріліп отыр. Даму бар жерде шығармашылық та бар. Іс-әрекет тіршілік етудің әлеуметтік белсенділікті көрсетудің амалы. Шын мәнінде таным субъектінің объектіге қарым-қатынасы, бірақ ол шығармашылық мүмкіншілікті кең көлемде көрсете алмайды. Тек еңбек әрекеті ғана адамның шығармашылық мүмкіншілігінің ауқымын толық аша алады. Еңбек өмірлік кажеттілікке айналғанда ғана адам болып қалыптасады, еңбек шығармашылық сипатқа ие болады. Бұдан біз табиғатында шығармашылықтың әлеуметтік мәнін көреміз, ол жеке бастың жан дүниесімен шектелмейді, оның нәтижесі практика жүзінде қолданылады.
Белгілі философ Ә.Нысанбаев адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық болып саналады. Шын мәнінде, өзіне сеніп тапсырылған техниканың еңбек операцияларын, өндіріс технологиясын ұдайы жетілдіріп отыру ісіне барынша атсалыспау мүмкін емес. Бұдан шығатын қорытынды адамның субъект ретінде қалыптасуына кедергі болатын қайшылықтардан арылудың құралы, оның толық және сенімді ақпарат алып тұруы болып табылады. Сонда ғана бұл ақпараттар адамның өзінің шығармашылық қуатын оятуға, сөйтіп, тұлға ретінде қалыптасуына, сонымен бірге өзінің жаңаша жұмыс істеуіне мүдделілігін арттыруға бағыттайды. Өйткені, осы аталғандар адамның өзін-өзі танытуға ұмтылысымен сипатталады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іс- әрекет түрлерін үйлестіре жүргізгенде ғана мүмкін болады деп санаймыз. Өйткені, біріншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін еңбек шығармашылығы ойында, еңбекте, оқудағы іс- әрекет үстінде көрінеді. Осы әрекеттердің қайсысын болса да оқушылар аса жауапкершілікпен орындайды.
Екіншіден, оқушының өз еңбегіне қанағаттану сезімі оның сабақтағы материалды меңгеруіне байланысты болады. Демек, өткен немесе жаңа сабақ бойынша берілген тапсырманы орын- дауы сапалы болады.
Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етуге талаптанады. Оған балалардың өз шығармашылығымен еркін тақырыпқа құрастырған ертегілерінен, мәтін мазмұнына сәйкес қиялы бойынша салған суреттерінен, өткен тақырыпқа ұқсас өлең, тақпақ шығару, логикалық тапсырмаларды орындауынан, анаграмма, ребус құрастыруларынан көруге болады.
Шығармашылық үрдістің екі сатысы – идеяларды ұсыну мен оларды бағалау – жасанды түрде бір-бірінен алшақтайды. “Миға шабуыл” әдісі әлбетте талданғанға дейін іс жүзінде қолданылған; біз жоғарыда айтып кеткендей, бұл әдіс – ғалымдардың шығармашылық үрдісті жандандыруы бойынша тә- жірибелерінің жиынтығы болып есептелінеді.
Шығармашылық іс-әрекеттің ең негізгі белгілерінің бірі – зерттеуге жататын объектінің құрылымын көре білу. Оқушылардың пән бойынша үлгермеушіліктерінің бір себебі тапсырманы шешумен байланысты, бұл дәл осы белгінің балада дамымағандығы болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет белгілерінің біріне баламалы шешімді көре білуі және оны іздестіре білуге ептілік жатады. Бұл белгінің мәні әртүрлі бірнеше шешім табу, шешімнің әртүрлі жолдарын іздестіру, объектінің әртүрлі және қарама-қарсы жақтарын көру.
Шығармашылық іс-әрекеттің тағы екі белгісін атап өтуге болады. Бұлар түсіндіруді аса қажет етпейді. Олардың біріншісі – проблеманы шешудің бұрынғы танымал тәсілдерін жаңа жағдайға қиыстыру ептілігі.
Шығармашылық іс-әрекеттің екінші белгісі – танымал шешімнің айрықша тәсілін құра білуге ептілігі. Шығармашылық өзінің табиғаты бойынша айрықшалықты, іс-әрекет және білім стереотиптерінен бас тарту ептіліктерін талап етеді. Сондықтан оқыту бір жағынан стереотипті дағды, ептілік, білімді дағдыландыруы қажет, екінші жағынан бірмезгілде басқа білімдерді, іс- әрекеттің басқа тәсілдерін іздестіруді, олардан бас тарту қажеттілігінің мүмкіндігіне даяр болуға үйретуі қажет. Шығармашылық іс-әрекеттің жоғарыда сипатталынып өткен белгілері, өскелең жас ұрпақ меңгеретін ақыл-ой даму мазмұнының бөлігі болып табылады.
Психолог мамандардың пайымдауынша, адамның іс-әрекетінде маңызы бар қиялдың түрі – шығармашылық қиял. Бала қиялының дамуы сөйлеумен тікелей байланысты. Мысалы, балалардың мәтін мазмұнына сәйкес салған суреттерін қарайтын болсақ, олардың өзіндік шығармашылық қиялының дамуын және оның мақсат-мүддесін де айқын аударуға болады. Қысқа өлең мәтіндерін жаттауы, ертегілердің мазмұнын өз сөздерімен айтып беруі – мұның бәрі бала қиялының бағдары мен саналы әрекетінің жемісі. Өз шығармашылығымен әңгіме, ертегі құрастыруы бала қиялының басынан аяғына дейін белгілі мақсаттағы әрекеттерді орындауға бағытталып, оның келешектегі мақсат- мүдделерінің мәнін айқындауға негіз болады.
Оқушы бір жағдайда мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі болып көрінсе, ал білімді меңгеруде жеке субъект. Іс-әрекетте пайда болатын қарым-қатынас педагогикалық үрдісте мазмұнымен, орындалуымен, қатынасатындар, жолдастарымен, мұғаліммен, өзінің іс-әрекеттегі дәрежесіне қарай көп мағыналы байланыс құрады. Оқушылардың және өзінің іс-әрекеттерін
құрастырып, ұйымдастыратын болғандықтан мұғалімді оқу үрдісіндегі іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырамыз.
Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыттап, оны тиімді жетілдіруге жұмылдырады, іс-әрекеттің нәтижесін шығарады. Бірақ та мұғалім қатаң басқару арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыра алмайды.
Мұғалімнің іс-әрекетінің бағыты – оқушының саналы және мақсатты түрде іс-әрекетті іске асыруына көмектесу, оны дербестікке баулу болып табылады. Мұғалім өзінің педагогикалық үрдістегі жетекшілік рөлін іске асыра отырып, әрқашан оқушының іс-әрекетінің субъекті болуына ықпал етуге міндетті. Кейбір жағдайда мұғалім оқушылар іс-әрекетінің объектісі болуы мүмкін, олар еліктейді, бақылайды, топшылайды.
Осындай біріккен іс-әрекет қызығушылық тудырады, оқыту да, білім алу да қызығушылықтың қалыптасуына мүм- кіндік туғызады. Мұғалім оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде қалыптастырушылық, қарым-қатынастық, ынталандырушыл- дық, болжаушылық қызметтерді іске асырады.
Оқушыларға іс-әрекеттің мақсатын ашып, оны түсінуге ықпал етеді; білім мазмұнының түсінікті болуын қамтамасыз етіп, жетекші идеялардың көкейкестілігіне көңіл бөледі; білім- нің құндылығын ашады; оқушылардың оқу іс-әрекетін бірте- бірте күрделендіреді; осыған сәйкес оқушыларды қажетті іс- әрекет амалдарымен, танымдық біліктіліктермен қарулан- дырады.
Мұғалім оқушылар іс-әрекетін дұрыс тиімді қалыптас- тыруға ықпал етеді: қиындықтарды алдын-ала байқап, оны жеңуге көмектеседі, нәтижені бақылап, талдайды, оқушылардың жетістіктерін мадақтайды.
Бұл іс-әрекеттердің барлығы, сөз жоқ, танымдық қызығу- шылықтың қалыптасуына ықпал етеді, себебі мұнда оқушы- лардың танымдық әрекетін жандандыратын механизмдер анық көрінеді.
Орындаушы ретінде оқушы білімді игеру, жүйелі әрекет реттілігі, тапсырмаларды түсіну тәжірибелерін жинақтап мең- гереді. Ең бастысы, мұғаліммен біріккен әрекет барысында
13
дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі, себебі оның оқу әрекетте- рінің міндеттері әрқашан тұрақты күрделенеді.
Дәл осы жерде танымдық қызығушылықты нығайтудың механизмдері жатыр. Танымдық тапсырмаларды орындауда оқушы жағынан көрінетін мақсаттылық, белсенділік, саналылық қалыптасудың берік негізі болып табылады:
– ойлау әрекеті жанданады (шешу, логикалық талқылау, топшылау);
– білімнің көкейкестілігі (жетекші идеялар, айғақтайтын фактілер);
– қажетті амалдар таңдалып алынады, түрлі біліктіліктер тәжірибеден өтеді, әртүрлі жолдар шешімін тауып, нәтижелері таңдалынады.
Бұл жағдайларда баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды, беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді. Өз іс-әрекетінің, жұмысының нәтижесін көріп масатта- нады (үйрендім, білдім, басқаларға көмектестім, қиындықтарды жеңдім).
Мұндай толық дербестікке жеткеннің өзінде де мұғалім әлі де болса оқушының танымдық қызығушылығын бағыттап отырады, себебі ол терең білімнің, шешендіктің, оқу әрекетін қалыптастырудың үлгісі ретінде танылады. Мұғалім мен оқушы бір-бірінің әрекеттерін толықтырып, байытып отырады. Оқу- шылардың белсенділігі мен дербестігіне сүйеніп, мұғалім олар- дың шығармашылық мүмкіндіктеріне сенім артады, нәтижесін болжайды.
Оқушыда оқуға талпыныс күшейеді, белгілі бір стандарт- қа сүйенбей-ақ өз тәжірибесін енгізіп шешім табуға тырысады. Бұдан, сөз жоқ, оқу үрдісінде енгізілген әртүрлі іс-әрекеттер себін тигізеді: еңбек, ойын, таным, және қоғамдық іс-әрекеттер.
Тапсырманы еркін таңдау, өз шешімін ортаға салу, басқалармен пікір алысу оқушылардың танымдық қызығушы- лығының қалыптасуына, оның берік – тең болуына ықпалын тигізеді. Оқу үрдісіне енгізілген оқу әрекетінің құрылымындағы танымдық қызығушылық маңызды рөл атқарады.
Педагогика түсіндірме сөздігінде: “іс-әрекет – адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс-жүзіндегі
14
көрінісі. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына ше- шуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Адам- ның өзге іс-әрекетінің барлығы танымдық, қарым- қатынастық, ойын, оқу, еңбекпен тығыз байланысты.
Адамның әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет құрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне, қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез келген іс-әрекет субъект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеде көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның санасын бейнелейді
Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалдық құндылықтар, ал ой еңбегі рухани құндылықтар жасайды. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды”, делінген .
Іс-әрекет құрамын талдау үшін олардың әрқайсысына берілген анықтамаларға тоқталайық. Мақсат – алда орында- латын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қой- ған мақсаты әрдайым дәлелді себептерден яғни түрткілерден тұ- рады. Әрекет барысында түрткілер мен мақсат, міндеттер өзара байланысты, бір-бірімен алмасып өзгеріске түсіп отырады. Мысалы, бастауыш сынып оқушысы оқуды үздік аяқтауды мақсат етеді дейік. Мұның өзі осы мақсатты алдына қоюға қажетті түрткі болады; ойлау үрдісі нәтижесінде алдын-ала бол- жау арқылы туатын ішкі мұрат, ішкі қозғаушы күш. Мақсатқа жету үшін әртүрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. Мақсаттың мынадай түрлері бар:
15
а) нақтылы мақсат – іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі;
ә) абстракті мақсат – талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеп армандау және соған жету үшін қызмет ету. Р.М.Қоянбаевтың педагогикалық сөздігінде: мақсат-адам әрекеттерінің жетістіктеріне бағытталған, нәтижені алдын ала білудің мағыналы ұғынылу бейнесі. Түрткі (мотив) психоло- гиялық тұрғыда алдыңғы тармақшада талданды.
Оқу іс-әрекетін қалыптастыру түрі – оқытудың әдіс- тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру жекелік, тұтастық, топтық және ұжымдық болып бөлінеді. Бұлардың бәрі өзара байланысты жүзеге асырылады. Жеке оқыту – оқу сабақтарын қалыптастырудың бір түрі. Топтық іс-әрекет – адамдардың іс-әрекетіне, топқа кіретін әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық мақсатына қарай: ұжымдық әрекет, біріккен әрекет, бірге жасалған және бір- мезгілдік әрекет деп бөлінеді.
Қазақстан республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді” делінген. Оқу-тәрбие үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білген мұғалім ғана, субъект ретінде оқушының шығармашылыққа бейімділігін аша алады.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында: “Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдар- ламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын, негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашы- лық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған”, - деп атап көрсе- тілген. Бастауыш саты – мектепте білім берудің алғашқы саты- сы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады.
16
Адамзат баласы шығармашылықты тану арқылы өзін-өзі түсінуге талпынады. Шығармашылыққа байланысты зерттеулер- де мынадай төрт бағыт анық көрінеді:
– шығармашылықтың құрылымы;
– адамның шығармашылық іс-әрекеттегі психикалық жағдайын зерттеу;
– адамның шығармашылық қабілеттерін дамыту және өлшеу жолдарын іздеу;
– шығармашылықтың нәтижесі.
Танымдық қызығушылық оқушыға білім берудің бел- сенділігі мен дербестігінің даму факторы. Оқытудағы қызығу- шылық проблемалары, оның маңызы жөнінде көптеген дидакт- педагогтар жазып кеткені белгілі.
Б.А.Тұрғынбаеваның пікірінше, мұғалімдердің білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай бағытталғанда ғана ұстаздардың өз санасын дамытып, атқарып отырған қызметінің мәнін терең ұғынуы соған сәйкес өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне жетуді қамтамасыз ететін болады. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру жұмысын олардың “дамуының жақын аймағында” қалыптастыру жағдайына көшіруді және сол арқылы әр педагогты жаңа белеске көтеріп, педагогикалық еңбекті шығар- машылық деңгейге шығаруды нәтижелі етеді, деп көрсетеді.
Б.Тұрғынбаева мұғалімнің өзінің шығармашылық тұжы- рымдамасының болуы, оның жаңашылдығы, соған сәйкес әдістері мен технологиясын таңдауы, педагогикалық диагнос- тиканы қолдана білуімен байланыстыра келе, шығармашыл мұғалім – өзінің кәсіби шеберлігін арттырумен тұрақты айналысатын, тәжірибе жасаудан жасқанбайтын, сол мақсатта өзінің ішкі күштерін жұмылдыра білетін, ойы оралымды, қиын педагогикалық мәселелерді өзгеше, ерекше тапқырлықпен шеше алатын адам, деген анықтама берген. Сонымен қатар автор зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, мұғалімнің кәсіби әрекетін шығармашылықпен орындауға қажетті біліктіліктерді көрсеткен. Олар: оқушылардың таным- дық әрекетін және оқу үрдісін ұйымдастыра алу біліктері; оқу- шылардың тәрбие жұмысын жүргізе алу және олардың өзін-өзі
17
тәрбиелеуіне басшылық жасай алу біліктері; озық педагоги- калық тәжірибені оқып үйрену, өз қажетіне шығармашылықпен пайдалана алу біліктері; өзінің жеке тәжірибесіне сыни тұр- ғыдан қарап, баға бере алу біліктері; өз білімін тұрақты көтеріп отыру біліктері. Автор мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудың тұжырымдамалық негіздемесін ұсынған. Біліктілікті арттырудың жаңа тұжырымдамасынан күтілетін нәтиже-педаго- гикалық мәселелерді өзгеше тапқырлықпен шеше алатын, шығар- машылық әлеуеті дамыған, жаңа заманның талаптарына сай мұ- ғалімін қалыптастыру мен дамыту, деген қорытынды жасаған .
Мұғалім мен оқушылардың біріккен шығармашылығының аймағы шексіз: қалыптасқан өмір салты және қоршаған жағ- дайлардың өзгеруі және қайта құру, құндылықтарды жасау, өнертапқыштық және құрастыру іс-әрекеті, оқушының таным- дық іс-әрекеті және мұғалімнің білім берушілік іс-әрекеті. Мұн- да шығармашылықтың ауқымы да өте кең, есеп шығарудан бас- тап оқушылардың өздерінің шығарма жазуына (матрициаларды құрастыру) дейін; жеке дара шығармашылықтан ұжымдыққа дейін және керісінше, оқытудың мазмұнын, әдістерін, форма- ларын өзгертуден құндылық бағдарлардың, өлшемдерінің өзге- руіне дейін көтеріледі.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әре- кетін қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінде олардың дербес ерекшеліктері қабілеттілігі, икемділіктері ескерілуі қажет. Бас- тауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін қалыптастыруда бей- нелеу өнерінің маңызы зор. Бейнелеу өнері арқылы оқушылар- дың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда олар үшін ма- ңызды болып есептелетін баланың өз қолымен жасаған жаңа өнімі, яғни шығармашылықпен салған суреті. Бейнелеу өнері са- бағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға аса назар аудару қажет. Бейнелеу арқылы оқушының көзбен көруін жаттықтырып қана қоймай, бейнелеу іс-әрекеті барысында се- зімі мен қабылдауы да күшейеді. Ал мұның өзі бейнелеу өнері сабағында оқушының бейнелі ойлауына мүмкіндік туғызады.
Ә.Ә.Сағымбаевтың пайымдауынша, бастауыш сынып оқу- шыларының кез-келгені сурет салуда, ермексазбен жұмыс іс- теуде шығармашылық тапсырмаларды табысты орындай алады,
18
тек оқу-тәрбие үрдісінде эмоциональдық тұрғыда олардың қы- зығушылықтарын арттырып, ынталандыру қажет. Бейнелеу өнерінде затқа қарап сурет салу, тақырыптық сурет, сәндік сурет салу жүзеге асырылады. Оқушылардың шығармашылық іс-әре- кетін қалыптастыруда ғалымдар ұсынған төмендегі ережелерді басшылыққа алу қажет деп санаймыз. Олар: оқу-тәрбие үрді- сінде шығармашылық тапсырманы игерген біліміне сәйкес бала өзінің мүмкіншілігін толық қолдана алатындай етіп беруі керек. Тапсырылған жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт.
Ол үшін ережені білу оны іскерлікпен тәжірибеде қолда- нуда дербестігін ескеру қажет. Сонда ғана бейнелеу өнерінде оқушының өзіндік ерекшелігі басым “зат” бұйым жасай алады. Бейнелеу өнері сабағында бірінші сыныптан бастап, ойын-жат- тығулар, қызықты ойын элементтері, қолданған жағдайда оқу- шылардың сабаққа ынтасы артып, шығармашылық әрекетке тү- суіне ықпал етеді. Сурет салу барысында міндетті түрде салыс- тыру, жалпылау, абстракциялау, нақтылау т.б. үрдістері де жү- ріп жатады. Сонымен, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сен- сорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады. Аталған қабілет- терді көз алдына елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды. В.Г.Разумовский: “Шығармашылық үрдістің барлық негізгі сипаттары: өнімнің табыстылығы, болжаудың ке- неттілігі, жаңалық ашудың кездейсоқтығы, оған сезімдік және басқарылмайтын сипат бергенмен бәрі де салыстырмалы болады.
Оқушының шығармашылық қызметін оқу-тәрбиелеуде ұйымдастыруды қалайтын педагогтік көзқарас бойынша, шығар- машылық үрдіс объективті түрде заңды және танып-білуге бо- латын болып табылады, өйткені педагогикалық мақсаттар шы- ғармашылыққа бар болғаны субъективік кенеттен болжау және шығармашылықтың субъективтік кездейсоқтығы тән. Осы ай- тылғандарды мұғалім мектептік пәндерді білуге негізделген шы- ғармашылық тапсырманың туындауы үшін жағдайлар жасай алады”, деп тұжырымдайды. Оқушыларды ұйымшылдыққа, мақ- сатты іске, шығармашылыққа баулуда Еңбек іс-әрекетінің ат- қаратын рөлі зор.
З.Ш.Айдарова сәндік қолданбалы өнердің өзекті тамыры халық шығармашылығында екенін айта келе, ұлттық сананың
19
қалыптасуының негізгі факторы қазақ халқының мәдениеті мен өнері деген тұжырым жасаған. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін меңгеруде біліктілік, шығармашылық дағдыларды қа- лыптастыру талаптарын қойылатынына тоқтала келе, бейнелеу өнерін меңгерудегі басты мақсат – белсенді, шынайы шығарма- шылыққа үйрену, - деп түйіндейді.
Бастауыш сыныптарда еңбек сабағында оқушылардың іс- әрекеттерінің жоспарлау тәртібін және олардың жүзеге асыра- тын құралдарын, өз құралдарын қолмен жасайтын бұйымдарын, заттарын шығармашылықпен орындауына мүмкіндік туғызып, еңбек етуге ынтасын, қабілетін дамытуды басты назарда ұстау қажет. Оқушылардың еңбекке қабілеттілігі негізінен бейімді- лікке байланысты екендігін ескерсек, мұның өзі оқушының кез- келген тапсырманы шығармашылық тұрғыда орындауда жаңа ізденістерге жетелейді. Көркем еңбек сабағындағы шығарма- шылық бастауыш сыныптарда негізінен көркем еңбек сабағында және барлық пәндер арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан да көркем еңбек іс-әрекетінде қарастырылатын еңбек түрлері: тұрмыстық еңбек, техникалық еңбек, көркем ең- бек, дизайн, әр түрлі материалдарды өңдеу, бұйымдар жасау бойынша орындалатын жұмыстарды шығармашылық тапсырма- мен байланыстырып, олардың еңбекке шығармашылықпен ара- ласуына өз ісінің нәтижесін, жауапкершілікпен орындауына мүмкіндік туғызу қажет. Көркем еңбек сабағында оқушылардың байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, ой-өрісі, қол еңбе- гін, практикалық біліктілігін қалыптастыру үрдісінде көзбен мөлшерлеуді дамыту көзделген.
З.Ш.Айдарова сәндік-қолданбалы өнердің өзекті тамыры халық шығармашылығында екенін айта келе, ұлттық сананың қалыптасуының негізгі факторы қазақ халқының мәдениеті мен өнері деген тұжырым жасаған. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін меңгеруде біліктілік, шығармашылық дағдыларды қа- лыптастыру талаптарын қойылатынына тоқтала келе, бейнелеу өнерін меңгерудегі басты мақсат – белсенді, шынайы шығарма- шылыққа үйрену, деп түйіндейді.
Зерттеуші Қ.Әбдібекқызы бастауыш сынып оқушылары- ның шығармашылығын сөз өнері арқылы қалыптас-тырудың
20
негізін салды. Ғалымның пікірінше, бастауыш сынып оқушы- ларының ерекше алғыр, шапшаң, ештеңені жасырмай ашық еркін айта салатын мақтау сүйгіш.Олардың қабылдауы жақсы дамығанымен зейіндері тұрақсыз.Сондықтан көркем әдебиетті оқытула ойын элементтерін қосу, ондағы сөз өнеріне баулу олардың ұшқыр ой-қиялың белгілі мақсатқа бағыттау арқылы ғана шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға мол мүм- кіндік туғызуға болады.
Бастауыш сыныптарда оқытылатын бейнелеу өнері, көр- кем еңбек, әдебиеттік оқу пәндерінде және сыныптан тыс жұм- ыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесі зерделенді. Бұдан шығатын қорытынды, бастауыш сы- нып оқушыларын кез-келген пәндік оқытулар арқылы шығар- машылығын қалыптастыруға болады. Өйткені, базалық пәндер оқушылардың ең алдымен шығармашылық ойлауының дамуына жол ашады.
А.М.Матюшкин ұсынған ойлау актысының толық құры- лымы продуктивті, шығармашылық ой үрдісінің репродуктивті- ліктен айырмашылығын ашып көрсетеді. Сондықтан оқу үдер- ісінде міндетті түрде проблема тудырып отыру тиіс. Бұл әдіс шығармашылық оқытудың бірлігі болу үшін оны білім үрдісі- нің құрамына енгізу қажет. Білім беру үрдісінде оқушылардың шығармашылық қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ашу оқыту технологиясының басты мақсаты болып табылады.
Оқушының шығармашылық ойлау үрдісі екі бағытта жүз- еге асады: индуктивті ашу және дедуктивті дәлелдеу. Индук- тивті үрдіс ұстанымдарды ашуға бағытталған, ал дедуктивті оны зерттеуге, яғни дәлелдеуге бағытталған. Егер осы үрдістер бір- бірімен байланыста жүзеге асырылса, біз нақты ашылған жа- ңалықты немесе «дәлелденген ой» аламыз. Оқушылардың ин- дукция мен дедукциялық ойының өзіндік жетіспеушіліктері бар. Олардың дедукциялық ойлауынан мынадай екі қателік міндетті түрде кездеседі:
Оқушы ортақ идеяларды іздеу барысында өз ойын дә- лелдеу үшін сол ойды жүзеге асыратын және өздігінен шын- дыққа жанаспайтын идеяларды қолданады.
21
Оқушы өз ойын дәлелдеу үшін өздігінен шындыққа жана- сатын, бірақ өз ойымен өте әлсіз байланыстағы идеяларды қол- дануы мүмкін.
К.Урбан ұсынған мектептегі шығармашылыққа тәрбиелеу мен дамытудың ұсыныс тізімдері топтағы айтуға, ойлауға, стре- ссіз жұмыс жасауға мүмкіндік беретін шығармашылық атмос- фераны қолдау және реттеу қажеттіліктерінен басталады. К.Урбан «ақыл-ойға шабуыл» әдісі үшін ортақ ереже қабылдау- ды, жедел бағалаудан және уақытты шектеуден бас тартуды ұс- ынады. Ең бастысы, «мұғалім – ұйымдастырушы ретінде баға- лаушы ролінде ғана емес, өзін серіктес, көмекші тұлға, эксперт рольдерінде де көрсете білуі тиіс». Сондықтан К.Урбан, шына- йы тіл табысудың негізгі шарты – «тең құқылы» қатысушылар екендігін атап айтады. Соның ішінде, егер ересек адам – мұғалім болса, баланың ересек адамдармен қарым-қатынасын серіктес- тер ретінде қамтамасыз етудің қиындықтарын ашып көрсетеді және оқыту үрдісіндегі жұмыстың топтық формада ұйымдас- тырылуы аса құнды екендігін түсіндіреді.
И.Я.Лернер шығармашылық ойлауды оның өнімі бойын- ша сипаттайды. Шығармашылық үрдісінде оқушылар өздерінің даралығын көрсете отырып, жаңа субъективті құрайды.
И.Я.Лернердің пікірінше, шығармашылық ойлаудың негі- зін мынадай қасиеттер құрайды:
- білім мен іскерлікті өзбетімен жаңа жағдайға әкелу;
-белгілі, күнделікті жағдайда жаңа проблемаларды көре білуі;
- зерттеуге арналған объектінің құрылымын көре білуі;
- шешудің альтернативті жолдарын көре білуі;
- бұрын шешілген проблема жолдарын жаңа жолдарға
араластыра білуі;
- шешудің тиімді жолдарын таба білуі.
Кез-келген іс-әрекеттің, әсіресе, шығармашылық бағытта-
ғы іс-әрекет «ойша» әрекеттенусіз іске аспайтыны анық. Сон- дай-ақ, адамның «ойша» әрекеттенуі, ойша талқылауы, сара- лауы, жоспарлауы – бұл адамның ақыл-ойының айырықша көр- сеткіші болып табылады. Ойлау іс-әрекеті арқылы нәтиженің бейнесі көрінеді. Жоғарыда аталған ғалымдардың пікірлерін са-
22
ралай келе, шығармашылық ойлау туралы төмендегідей тұжы- рым жасалынды.
шығармашылық дамуы үшін ең алдымен оқушыда пайда болатын ішкі кедергілерді жоюға күш жұмсалады. Бұл оқушы- ның өзіне деген күдік пен сенімсіздігін болдырмауы. Ол үшін мүндайда мұғалімнің көмегі арқылы оқушының сенімін күшей- ту қажет. Сен істей аласың! Қолыңнан келеді, ойлансаң шешімін табасын деген қолдауының атқаратын рөлі күшті.
оқушының алдына нақты мақсат қойылғанда ғана ол бүк- іл зейінін, ақыл-ойын шоғырландыра алады. Яғни, оқушы нені, қандай мәселені шешуі керектігін айқын ұғынуға тиіс. Осы ар- қылы оқушының қиялына жол ашылады. Қиялдануы жоғары ба- ла ғана өз ісінің нәтижесіне жетеді.
шығармашылық оқушының білім деңгейінің жоғарылы- ғына, өмір тәжірибесінің болуына негізделсе, сонымен қатар мұ- ғалімнің оған беретін бағыт-бағдарының да мәні зор. Бұл шы- ғармашылық іс-әрекетте жүзеге асады.
Шығармашылық іс-әрекет – оқушының білімге, нәтижеге жетуге деген өте белсенді, дербес танымдық іс-әрекеті. Оқушы- лардың шығармашылық дербестігі – оны танымдық іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастырумен, оқу жұмысына шығармашылық мақ- сат қою, оны жүзеге асыруда көптеген қасиеттерді: іздемпаз- дық, шабыт, шығармашылық біліктерді талап етеді.Ол білім мен іскерлік, біліктілік тәжірибесінен көрінеді. Ғылыми еңбек- терді талдай келе, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті құ- рылымын былай көрсетуге болады: қажетсіну, қызығушылық, белсенділік, іздемпаздық, шығармашылық дер-бестік. Мұны мұ- ғалімнің педагогикалық іс-әрекеті құрылымы-ның іргетасы ре- тінде қарауға болады. Себебі, бұл құрылым мұғалімнің бағыт- таушылық, педагогикалық іс-әрекеті негізінде ғана нәтижеге же- теді және оны аталған іс-әрекеттен бөліп қарастыруға болмайды.
Қызметінің сан қилы салаларында (ғылымда, техникада, өнерде) – адамның жасайтын жаңа, тың дүниелері шығармашы- лық қабілетке байланысты. Сондай-ақ, оқу мен ойын іс-әрекеті- нің нәтижесі де шығармашылық қабілетінің объектісі бола ала- ды. Шығармашылық қабілеттер идеалистік теорияларда жеке- леген адамдарға тән түсіндіруге келмейтін құбылыс деп қарал-
23
ды; Еңбек іс-әрекетінің немесе кез-келген қызметтің, оның ішінде ойлаудың маңызы жоққа шығарылды; жаңалық ашу өз- дігінен немесе түсініктің ғайыптың күшімен туындайды деп есептелінді. Материалистік теорияларда шығармашылық қабі- леттер кезінде санамен түсіндіруге келмейтін әрекеттің орны жоққа шығармайды, бірақ жетілген формадағы шығармашы- лықты Еңбек іс-әрекетінің нәтижесі деп қарайды.
Қоғам қажеттіліктерінен шығармашылық қызметтің себебі мен мақсаты туындайды, ал ғылым, өнер салаларындағы қайсы- бір шығармашылық мәселелерді шешудің мүмкіндігі қоғамның даму барысында осылар үшін қолайлы жағдайлар туындағанда табылады.Алайда, шығармашылық деп, көбінесе бұған дейін, заттар мен құбылыстардың қасиеті мен байланысында белгісіз болып келген жаңа тәсілді, амал қолдануды, әрекеттік әдісті ашу деп келді. Шығармашылық қабілет адамнан барынша табанды- лықты, білімді, қабілетті талап етеді.
Шығармалышық қабілет – қабілет түрлерінің ең жоғарғы формасы, субъективті жаңа өнімнің жасалуымен және оны жа- сау жөніндегі танымдық іс-әрекеттің өзіндегі жаңа түзілімдер- мен сипатталады. Бұл жаңа түзілімдер мотивацияға, мақсаттар- ға, бағалауларға, мағына мәндерге қатысты. Шығармашылық қабілет дайын білімдер мен біліктерді қолдану үрдісінен, реп- родукциялық қабілет деп аталатындығымен ерекшеленеді.
Сонымен, шығармашылық – оқушының танымдық қабі- леттеріне мотивациялық тұрғыдан басшылық жасау нәтижесінде туындайды. Қабілетті дамытуға немесе толық дамытпауға немесе мүлдем өшіріп тастауға болады. Оқушының қабілетін кең түрде мақсатқа бағытталған дамытуды тек мектеп ғана жү- зеге асыра алады. Шығармашылық қабілеттің дамуы тек ны- шанмен, оқумен шектеліп қоймай, оқушының шығармашылық күш жұмсауымен, оның шығармашылық ойлауының жүзеге ас- уына сыртқы түрткінің әсерімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен де сипатталады.
Белгілі ғалым И.Д.Левитановтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейім-
24
діліктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып таб- ылады дейді.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратын- дығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қасиет- тердің біртіндеп жоғалтып отыратындығын түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға керектігін ескертеді. Шығармашылық қа- білет әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғаты- ның өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді. Шығармашылық қабілет оқушы іс-әре- кетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік ту- ғызады. Шығармашылық қабілет адам өмірін жаңа деңгейге кө- теріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоционалдық көңіл-күй орнатады. Шығарма- шылық қабілет жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік жігерінің, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.
А.Н.Лук шығармашылық қабілет компоненттерінің құра- мына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады:
1.Ынтамен байланысты қабілеттер: қызығушылық, икемділік – оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нә- тиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекетке, қабілетке деген қызығушылығы, ынтасы бол- маса оның нәтижесінің де төмен болатыны сөзсіз.
2.Темпераментпен байланысты қабілеттер: сезім, көңіл- күй – бұл кез-келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың іс-әрекетке деген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ көңіл-күйдің оқушы жұмыстарының нтижелігіне әсер етуі.
25
3. Ақыл-ой қабілеттері: шығармашылық, ізденіс – кез- келген іс-әрекет ақыл-ой қабілеттерінің негізінде ғана іске аса- ды. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттта жұмыс істеулері ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарланып, іске асырылады.
Ғалымдардың шығармашылық қабілет туралы айтқан құн- ды пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері олардың өздігінен меңгерген білім, білік, дағдыларына сүйене отырып, бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтижеге ие болуы деп түсінеміз.
Шығармашылық үрдістің ғылыми негізінің құрылымы- жаңа мәселені шешуге дайындық, мәселені іске асыру актілері, үрдістің сол кездегі, оны дамыту сияқты кезеңдерді анықтау ар- қылы жүзеге асады. Осы құрылым П.Энгельмейердің еңбегін- де: Интуиция, білім, ебдейлік,- деп көрсетсе, Ал көрнекті фран- цуз математигі Ш.Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:
- дайындық;
- инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі;
- интуицияның жарқ етуі;
- тексеру кезеңі.
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетін зерделеген отан-
дық
Ә.Алдамұратов, Ж.Намазбаева т.б. болды.
психолог-ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, Т.Тәжібаев,
Бүгінгі күні жаңаша ойлау, жаңаша жұмыс істеу негізі та- лапқа айналып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру процесін көп жағдайда жаңаша құруды талап етіп отыр. Осыған байланысты адам баласының өзіндік санасын қалыптас- тыруда шығармашылықтың алатын орны ерекше. Өйткені, шы- ғармашылық – бұл жаңа сапалы рухани және материалдық құн- дылықтарды тудыратын әрекет болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде бастауыш сынып оқушыларының көркемдік шығармашылығын қалыптастырудың сипаттамасын айқындау үшін ең алдымен философиялық, психологиялық, пе- дагогикалық әдебиеттер жан-жақты сараланып, оларға ғылыми- теориялық тұрғыдан талдау жасалынды.
26
Философиялық сөздікте: «шығармашылық – бұл қайта- ланбайтын қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі. Философия терең ой- ланбай, жадағай жаттап алуға қарсы ілім болғандықтан оның тұғыры – шығармашылықты дамыту болып табылады [4].
Әйгілі философтар С.Л.Франк, Г.Спиркин, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ә.Тұрғынбаев т.б. шығармашылық ұғымын си- паттай келе, оның әрбір ғылымның негізі, өзекті мәселесі екенін, бүкіл адамзатқа тән ойлаудың жолдарын көрсете отырып, шы- ғармашылық процеске жол ашатынын, философия мен басқа ғылымдардың өзара байланыстылығы осыдан келіп шығаты- нын дәлелдеді.
Кез-келген адам ең төмен дәрежеде де жасаушы. Іс-әрекет мақсаты адам рухының тереңінен туындаса, сол жерде шығар- машылық орын алады. Кез келген қолөнер шебері өз ісін аса жа- уапкершілікпен және сүйіспеншілікпен істесе, жұмысқа өз бол- мысын салса, одан шығармашылық бұйым шығады және ша- бытпен жасаушы болып есептелінеді.
Қабілеттіліктің сензетивті түрі жаңа ой-сана ұғымымен байланысты өсу процесінің негізі ретінде сипатталады. Қабыл- дауда қарапайым қайталаумен шектелмей, белгілі бір мақсат қойып, болашақ операциялардың сипаты мен ретін сезінумен байланысты болатындығы тұжырымдалған.
Адамзат объективті дүниенің заңдылықтарын тануда қо- ғамдық сұранысты қанағаттандыра алатын күш–жігерін жұм- сай отырып, жаңа өнімді еңбек процесінде шығарады. Шығар- машылық – осы еңбек процесінде пайда болатын адам ерекше қабілеті, ол бүкіл болмыстың, дамудың негізі.
Философиялық теорияларға сүйенсек, шығармашылық процесіне адамның шығармашылық ойын жүзеге асыру үшін, практикалық шеберлікте де, оқытуда да қажетті қабілеті мен барлық рухани күші қатысады. Шығармашылық адам санасы-
27
А.Г.Спиркин шығармашылық – нәтижесінде жаңа факті- лерді, жаңа құбылыстар мен заңдылықтарды орнататын, қайта- ланбайтын мәдени, әлеуметтік маңызды құндылықтарды құра- тын рухани-практикалық іс-әрекет болып табылады, - деп тұ- жырымдайды [5].
ның жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлігі, шеберлігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Шығармашылықты заттар мен құбылыстардың адам сана- сында бейнеленуі және оның қайта өңделіп жарыққа шығуы бо- лып табылады. Соның негізінде адамың білімінің ауқымы кеңе- йе түсіп, айнала қоршаған ортаны игереді.
Белгілі философ Ә.Нысанбаев адамның шығармашылық мүмкіндігін оятуда еңбектің маңызының зор екендігін айта келіп, еңбек процесі кезіндегі шығармашылық өндірістегі адам- ның жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Мұнда адамның қашанда еңбек етуге көңіл-күйінің болуын қамтамасыз ету керектігін айтады. Себебі, өз кәсібіне көңілі толып, жасаған еңбегінен рахат сезімге бөле- нетіндей болса, оның жасаған өнімі де сапалы болмақ. [6,78- 79 б.]. Ғалымның бұл пікірінен біз мынадай қорытынды шығара- мыз. Еңбек – адамның толыққанды жеке тұлға болып қалып- тасуына кедергі болатын қайшылықтардан арылудың құралы. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру, олардың жас ерекшеліктеріне сай еңбек түрлерін қызықты етіп, үйлестіре жүргізгенде ғана оң нәтижеге қол жеткіземіз. Өйткені, бастауыш сынып оқушылары үшін еңбек ойын түрінде басталып, шығармашылыққа ұласады. Олар оқу процесіндегі еңбек іс-әрекетін аса жауапкершілікпен сапалы етіп орындауға тырысады.
Зерттеудің әдіснамалық ұстанымының бірі – зерттелетін мәселені жан-жақты қарастыру болғандықтан, зерттеу мәселе- сіндегі философиялық ой тұжырымдар одан әрі дамытыла оты- рып, психологиялық тұрғыдан қарастырылды.
Шығармашылықта адамның жеке тұлғасы үлкен орын алады. Шығармашылық және тұлға – бұл бөлінбейтін біртұтас- тық. Тұлғалық сапалары қалыптасқан адам ғана жаңалыққа жаны құмар. Адам – табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға. Жеке адам қоғамдық өмірде тір- шілік етеді, белгілі бір іс- әрекеттер орындайды осыған бай- ланысты жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады.
28
Психологиялық сөздікте: жеке тұлға – саналы сөйлеу, шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы табиғи тірі ағза ретінде көрсетіп, жеке тұлға атауын кез-келген саналы адам және өзін-өзі басқара алатын психикасы жоғарғы деңгейде дамыған адам,-деген екі бағытта қолданады. Индивид түрінде дүниеге келіп, адам өзінің ерекше әлеуметтік қасиеттерге ие болу арқасында жеке тұлға атанады. Демек, егер индивид адам қоғамынан тыс өссе, онда ол жеке тұлға болып қалыптаса ал- майды, мұндай жағдайда оның тұлға болуға тек қана табиғи ал- ғышарттары бар деп саналады. Сондай-ақ, шығармашылық әре- кет жасау негізінде тұлғалық сапалары қалыптасады.
Оқушының психологиялық ерекшеліктері туралы психо- логтар С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Б.М.Теплов, А.Н.Тугаринов, Н.С.Лейтес, Я.А.Пономарев, П.М.Якобсон, Н.Ф.Талызина, т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Бұл еңбектерде әрбір жаста баланы шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілетті бейімділіктері болатындығы айтылады. Орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдар беріп, бақылап отырмаса жоғарғы сыныпқа келгенде көбісінің шығармашылық мүмкіндіктері шектеліп қалады. Олай болса біз алдымен жеке тұлғаның қабілеті ұғымының ма- ғынасын әдіснамалық тұрғыдан анықтап көрелік.
Оқушы тұлғасының қалыптасу мен жан-жақты даму мә- селесі туралы көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына айнал- ғаны белгілі. Психолог С.Л.Рубинштейннің пайымдауынша, жеке тұлға өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүм- кіндік беретін психикалық даму деңгейі қалыптасқан адам, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адам- ның мәнді белгілері [7].
Психолог А.Н.Леонтьевтің пікірінше, шығармашылық жеке тұлғаның - қоғамдық өмірден туындайтын тәжірибені қолдануда ерекше көзге түсетін психологиялық сапа ретінде қарастырады [8]. Б.М.Теплов қабілетті белгілеріне қарай:
- қабілет - бұл адамдарды бір адамды екінші адамнан өзгешелейтін даралық, психологиялық ерекшелік;
29
- бір немесе бірнеше іс-әрекеттің нәтижелі орындалуына қатысы бар ерекшелік;
- білім, ептілік, дағдыны тез әрі жеңіл меңгеруге қатысы бар ерекшелік, -деп жіктейді [9].
Жеке тұлғаның шығармашылығы жауапкершілік пен са- налылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданудан туындайды, - деп көрсетеді. Н.С.Лейтес қабі-летті балаларды зерттей келе, олар еңбекке бейімділігімен өзгеше- ленетін және еңбектен қанағаттануды сезінетін нағыз кішкентай еңбексүйгіштер деген тұжырым жасайды. Бұл тұжырым маңыз- ды ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейім болудың негізінде шығармашылыққа жол ашылады. Яғни, еңбекке баулу арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруға мол мүмкін- дік болады [10].
Барлық адамда қабілеттің даму мүмкіндіктері бірдей емес, нақты бір іс-әрекеттен тыс пайда болмайды. Оның қалыптасуы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында өтеді. Белгілі бір іс-әрекетке деген қабілет барлық уақытта ерте балалық шақта көріне бер- мейді. Бұл туралы әйгілі қоғам қайраткері, психолог Жүсіпбек Аймауытов былай дей-ді: өмірде ешбір икемсіз, қа- білетсіз адам сирек болады. Сол қабілет қандай іске керектігін біліп алу керек. Бір іске олақ адамды ешнәрсеге икемсіз, мүлдем топас деуге болмайды. Рас, адамның көбісі іске тұр- лаусыз табансыз келеді. Әр адамның өмір ағымын зерттесек, түрлі қабілеті түрлі мезгілде дамитынын байқаймыз. Адам- ның талабы тез іске асу үшін сыртқы шарттардың жағымды- лығы мен сүйегіне біткен қасиеті керек болады.
Ә.Алдамұратов адамға – табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл-ойы дамыған қоғамдық тұлға,- деп анықтама береді.
Айналасындағылардың берген бағасын оқушының дұрыс қабылдауы, оның білімділігін көтереді, ал өзіне талап қойып сынмен қарау қабілеттілігі оның интеллектуалдық дамуына жағ- дай туғызады. Соңғысы өзінің жақсы мүмкіндіктерін бөліп ал- ып, өзіне шек қоя білсе, осының барлығы жеке тұлға болуына әсерін тигізеді, -дейді.
Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтиже- лі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті, - деп пайым-
30
дайды. Академик Т.Тәжібаев: “...Балалардың психилогиялық іс- әрекетінің мазмұны және оның өсіп-даму заңдарын білуге сүйе- не отырып, оқу-тәрбие жұмысын ғылыми жолмен ұйымдасты- рып, дұрыс жолға қоюға болады. Себебі, әр жастағы балалардың ғана емес, тіптен бір жастағы балалардың әрқайсысының жеке өзгешеліктерін, әсіресе психикалық іс-әрекетінің өзгешеліктерін білмейінше,оқу-тәрбие жұмысын да көңілдегідей жүргізуге бол- майды”,-деп мектептегі сабақты оқытылуы, оның нәтижесі – білімдік,тәрбиелік, оқушының іскерлік дағдыларын дамыту негі- зінде жүргізілуін талап етеді.
Қабілет екі түрлі болып келеді: 1. Репродуктивтік – адам білім игеруге, іс- әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икем- ділік көрсетсе, 2. Шығармашылық – жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Қабілетті дамытудың ең негізгі факторы - еңбек. Адам неғұрлым еңбекқор болса, ойлаған ісін ешбір жалықпай орындайтын болса, оның соғұрлым қабілеті жақсы дамитын болады.
Адам қабілетінің әр түрлі болып келуі оның сигнал жүйе- сінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Сигнал жүйесінің типтік ерекшеліктері психикалық әрекеттің кез-келген түрінен байқалады және олар өмірде бір-біріне ауысып, өзгеріп отыра- ды. Осы типтің кез-келгенінің негізінде қабілетті жан – жақты дамытып отыруға болады. Қабілеттің қандай түрі болмасын, өл- шеусіз ерен еңбектен туындайды. Маңдайдан тері төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие бола алмайды. Осыдан келіп, бел- гілі бір қабілетті қалыптастыру үшін кез-келген адамға еңбек ету қажет.
Қабілетке ең жақын қасиет бейімділік. Қабілет пен бейім- ділік көп жағдайда бірге болады, - дейді. Адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Әсіресе, мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.
Ал бейімділік - адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған ерекше көңіл аударуы оянып келе жатқан қаб- ілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да баланың кішкентайынан көзге көрінген бейімділік – болашақта қабілеттің көрсеткіші еке-
31
нін ескере отырып, баланың бейімділігін дер кезінде байқап, ан- ықтап соған сәйкес қабілетті дамыту қажет.
Педагогика ғылымында жеке тұлғаны әлеуметтік қатынас- тар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде индивид, жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнімен бағаланады дейді. Педагогикалық энциклопедияда: - жеке адам ұғымына адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзі- не топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығы, - де- ген түсінік береді. Көптеген педагогтар жеке тұлғаның қалып- тасуы оның қоршаған ортамен қарым-қатынасына, алған білімі- не тәуелді екендігін дәлелдейді. Ғалымдардың көпшілігі адам, тұлға, индивид ұғымдарына анықтама беріп, оларды салыстыр- малы түрде индивид болып туылады десе, бірқатар ғалымдар «жеке тұлға» ұғымын жеке адам, дара тұлға, жеке тұлға, адам т.б. тұрғыда қарастырады.
Соңғы жылдары елімізде бастауыш сынып оқушылары- ның шығармашылық қабілетін дамытумен айналысып жүрген ғалымдар қатары жыл сайын көбейе түсуде.
Қазақстандық ғалым Б.А.Тұрғынбаева «Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін да- мыту» атты кандидаттық диссертациясында шығармашылық үрдісті келесі кезеңдерге топтастырды:
- жаңалықпен бетпе-бет келу;
- шығармашылық белгісіздік, екіұштылық;
- шешімнің жарқ етуі;
- шығармашылық акт;
- шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Зерттеуші-ғалым Оқушының шығармашылық қабілетін
ұйымдастыру үшін төмендегі екі шарттар қажет болады. Бірін- шіден, оқушының толыққанды дамуын қамтамассыз ететін ди- дактикалық шарттардың орындалуы; екіншіден, оқытушының әдістемелік мазмұнының болуы,- деп атап көрсеткен. Шығарма- шылық үрдістің әрбір кезеңдерінде бала бойында әр түрлі сапа- лық қасиеттер қалыптасады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, таным-
32
дық ой-қиялды қалыптастырса, Еңбек іс-әрекетінің нәтижесі ба- ланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады.
Н.Н.Телепнева өз зерттеуінде дарынды балалардың қа- білеттері әсіресе, шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негізін жасады. Ғалым бастауыш сынып оқушысының ақыл-ой дарындылығының құрылысын төменде- гіше:
- зейінділік, жинақылық, ылғи да еңбек етуге дайын бо-лу;
- еңбекті қажет ету, жоғарғы еңбек етуге қабілетінің жо- ғары дәрежеде болуы, қызғушылық ауқымының кеңдігі;
- ойлау ерекшеліктері, ойлау үрдісінің жылдамдығы, тал- дау және бекіту мүмкіндіктренің жоғары болуы, ақыл-ой іс-әре- кетінің өнімділігі жоғарғы болуы, деген ерекшеліктермен жік- тесе, зерттеуші-ғалым А.С.Әмірова өзінің докторлық диссерта- циясында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс- әрекетін қалыптастырудың жүйесін, негізгі бағыттарын, ұста- нымдары мен технологиясын айқындау мақсатында шығар- машылық іс-әрекеттің тұжырымдамасын жасап, оны теориялық- әдіснамалық тұрғыдан негіздеді .
Сондай-ақ, шығармашылық іс-әрекетінің құрылымын тө- мендегіше жіктейді:
- іс-әрекет – қажеттілік, түрткі, қызығушылық, мақсат- міндеттер, ізденіс;
- жаңа нәтиже - әрекет, амалдар, құралдар, нәтиже, реф- лексия.
К.Қ.Базарбаева бастауыш мектеп оқушыларының бас- тапқы техникалық шығармашылығын сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негізін жасады. Автордың пайымдауынша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың еңбек іс- әрекеті үлгілеу, құрастыру және жасампаздық комоненттері ар- қылы ұйымдастырылған жағдайда бастауыш сынып оқушыла- рының бастапқы техникалық шығармашылығын қалыптастыру- дың мүмкіндігі мол болатынын дәлелдеді.
Бұл еңбекте бастауыш сынып оқушыларының көркем еңбек іс-әрекеті арқылы шығармашылығын қалыптастыру мәсе- лесін көздейміз. Мұның себебі, бастауыш сыныпта оқытылатын көркем еңбек сабағында еңбек іс-әрекетіне баса көңіл бөлінеді.
33
Сонымен қатар оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әр уақытта олардың шығармашылықпен әрекет етуін талап ететіні белгілі. Кез-келген затты жасауда не құбылысты бейне-леуде оқушы- ның қиялы мен оны көз алдына елестетуі басты ор-ын алады.
Шығармашылық үрдісінің заңдылықтары ғұлама адам- дардың жетістіктерге қол жеткізуіне, іскер, шебер адамдардың сапалы өнімдерді шығаруына, үлкен жаңалықтарды табуына ық- палын тигізеді. Ғылым мен техникадағы жаңалықтардың ашы- луы адамның шығармашылық қиялының нәтижесі. Әр қилы құрал-саймандардың да адамның әр алуан іс-әрекеттерінің нәти- жесінде жасалғаны белгілі. Мысалы: Тырма-қолдың бес сауса- ғының бірігіп әрекет етуінен шықққан құрал. Ожау - екі қолды қосып су ішудің жемісі деуге болады.
Адам қиялсыз өмір сүре алмайды. Ол адамды өмірдің әр қырында (еңбек, әдебиет, бейнелеу, музыка, техника) жаңа бе- лестерге ынталандырып отырады. Бастауыш сынып оқушыла- рының еңбекке баулу сабағында түрлі бұйымдарды қолдан жа- сау кезінде шығармашылық қиял әр қырынан көрініп отырады. Олардың шығармашылық қиялын дамыту сезімдерін оятады.
Оқушылардың көркем еңбек іс-әрекетін тәрбиелеудегі бүгінгі мектептердің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның шы- ғармашылық мүмкіндіктерін ашып, оның жан-жақты дамуына жағдай жасау болып табылады. Білім беру мазмұны жеке тұл- ғаны толығымен дамыту – десе, оның басты көрсеткіштері – бастауыш мектеп оқушыларының талғамының қалыптасуына баса назар аудару керек. Егер осы кезден бастап әсемдікке, сұлу- лыққа, жақсылыққа жаны құмар бала айнала қоршаған ортасына да қарым-қатынасы өзгеріп, ті әсемдікті бойына сіңіріп, рухани адамгершілік сезімі дамитын болады. Сондықтан да бастауыш мектеп жағдайында көркем еңбек арқылы оқушылардың шы- ғармашылығын қалыптастырудың жолдарын іздестіру қажеттігі туындайды.
Жоғарыда аталған ғалымдар шығармашылықты тұрғы- дан сипаттай келе, адамның іс- әрекеті арқылы туатын жаңа қо- ғамдық мәні бар материалдық және рухани құндылықтардың өнімділікте көрінуі тиіс. Өйткені, көбінесе балалар жас ерекше- ліктеріне байланысты шығармашылық әрекетке өздігінен құн-
34
дылығы бар жаңа өнімді тудыра алмайды. Ал екіншіден, шығар- машылық әрекеттің құндылығы тек жалпы объективті және қо- ғамдық болуға тиіс, - деп есептейміз.
Сонымен, педагогикалық және әдістемелік ғылыми ең- бектерге сүйене отырып, біз: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеті дегеніміз – алған білімін өздігінен толықтырып, кеңейтетін, жоғары деңгейде ойлайтын, өзіндік идеясын жүзеге асыруда пікірі мен тұжырымын дәлелдей бі- летін, саналы түрде рефлексивті әрекетке түсе алатын, өзі үшін жаңа болып табылатын нәтижеге жете білу, деп түйіндейміз.
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының оқу іс- әрекетінде шығармашылық тапсырмалар, проблемалық мәсе- лелер арқылы олардың шығармашылық ойлауын дамытуға бола- тын факторларды анықтай алдық. Шығармашылықтың ең жо- ғары даму мүмкіндіктері – бастауыш мектеп жасы екендігі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |