Білім философиясы



Дата16.11.2022
өлшемі20,43 Kb.
#50495
Байланысты:
Білім Және Ғылым Философиясы


Білім философиясы
Білім философиясы — білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау. Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады:
1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде;
2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде;
3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.
Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар.
1)Біз нені оқып үйренуіміз керек?
2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді?
3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады.
Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады:
1)білім берудің технологияларының өзгеруі;
2)білімнің көлемінің өсуі;
3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау – оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру – бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады. Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі – постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің «Білім археологиясы» атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады. М.Фуконың пікірінше, білім берудің құрылымы инвертизацияланған (дағдылы тәртіптің орын алмастырылуы). Ол білімді қабылдау және оны меңгеру арасында сәйкестік жоқ деп санады. Бұл екеуін үйлестіретін әдістемелер дайындау қажеттігін айтады. Фуконың ойынша шәкірттік кеңістік екіге бөлінеді: 1)оқытылатын білім шеңберінің жабықтығы; 2)ашық сала (өзінен-өзі айқын шындық). Ұстаз бен шәкірттің диологы мәселесіне де Фуконың қосары болды. Постмодернизмнің өкілі ретінде ол сөйлеушінің мәдениет кеңістігіндегі орнын анықтайды. Сөйлеуші – бұл текстті ұғынушы, оны талдау барысында өз үлесін қосушы. Текст постмодернисттердің түсінігінде – бұл әлем. М.Фуко өзінің дискурсивті практика атты теориясын білім мен өкіметтің бірлігі түсінігімен ұштастырды. (Дискурс – правила речевого объяснения реальности). Постмодерн кезеңінде тілдік ойын маңызды орынға шығады. Ж.Ф.Лиотар наррациялық білімді ғылыми біліммен, классикалық біліммен салыстырады. Наррация – дәстүрлі, қарапайым, ғылыми емес білім. Лиотардың пікірінше, білім «кең ағартушылық» түрде болуы мүмкін, немесе денотивті пікірлердің жиынтығы ретіндегі мәдениет болуы мүмкін. Оның пікірінше білім – бұл ғылым да емес, таным да емес. Білім - кумулятивтік сипатқа ие феномен. (Лиотардың еңбегі «Постмодерннің күйі»). Білім — бұл рухани өсудің маңызды саласы. Ол қоғамның рухани өркендеуінің көрінісі ғана емес, сондай-ақ, экономикалық базасын да құрайды. Ол сол рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа шып-шырғасын шығармай жеткізе отырып, сақтаудың және трансформациялаудың басты құралы болып саналады.

Ғылым философиясы


Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет