Білім және ғылым министірлігі №19 орта мектеп «Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы»



бет1/5
Дата14.10.2023
өлшемі297,77 Kb.
#114720
  1   2   3   4   5



БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
19 орта мектеп


«Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы»
/ардагер ұстаздармен кездесу/


Дайындаған: 9 «Ғ» сынып жетекшісі:Алимхожаева А.С

Түймебаев ауылы, 2023 жыл
«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»
/ардагер ұстаздармен кездесу/
(фонда ақырын әуен орындалып тұрады)
Әмір:
- Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Сіздердің назарларыңызға «Қызықtimes» бағдарламасының нышанымен дайындалған іс-шарамызды ұсынамыз! Қош келдіңіздер! Менің әріптестерім: әр түрлі ойындар ғылымының докторы Роллан мен әуенмен сүйемелдеуші Шыңғыс пен Жасұлан

  • Шоуымызды не істейміз? (көрермендерден сұрайды, көңілді)

  • Бастаймыз! (көрермендер жауабы)


Жасұлан:

  • Тамаша, онда тағы да қайырлы күн! Ал, Әмір бүгін қандай жаңалық?


Әмір:

  • Бүгін керемет күн болып тұр. Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар мерекесі тоғысқан күні. Шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мереке біздің аяулы ұстаздарымыздың, ұлағатты мұғалімдеріміздің , ардақты оқытушыларымыздың күні!


Жасұлан:

  • Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі екен. Олай болса бүгінгі мереке ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!


Әмір:

  • Сен қалай ойлайсың, Мағжан? Менің ойымша, кез-келген адам мұғалім, ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамның бойында бола бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет