Биллинговые системы

бет1/3
Дата09.10.2022
өлшемі1,41 Mb.
#41991
түріИнструкция
  1   2   3

Тақырыбы:Ақпар түсінігі және оның қазіргі қоғамдағы рөлі Орындаған:Манап Ақжол Тексерген: Сембаева М.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Ақпарат

Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.Ақпарат алу біздің қоршаған дүниенің құбылыстары мен обьектілерінің қасиеттері,құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысу жөніндегі нақты мәліметтер алу.

Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет