«Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер», бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет1/2
Дата15.03.2023
өлшемі171,95 Kb.
#74538
  1   2
Байланысты:
«Биоалуант рлілік. Жойылып бара жат ан жануарлар мен сімдіктер»


«Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер», бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Оқу мақсаты

8.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына бағаберу;
8.4.4.1 Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану;
8.5.2.1 Жазба жұмыстарында себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтайды;

  • кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына бағабереді;

  • тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолданады;

  • жазба жұмыстарында себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

15-20 минут

  1. Мәтінді мұқият оқып, шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.


...Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш — итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.
Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Көксерек құйрығын артқы екі аяғының арасына тығып алып, аш белі бүгіліп, іші қайта-қайта солқ-солқ етіп ұлып тұр еді. Бір мезгілде дәл жанынан өзінің дауысындай дауыс естілді. Ол да дәл осы сияқты ұлиды...
Қасен қолына келгелі Аққасқа барлығы үш қасқыр алды. Бұның екеуін бір күнде күздігүні жер қарада алған. Үшіншісін қар түскеннен кейін ауыл үстінен алып еді.
Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене жүні ақ сарылау келгенде, мандайы шаңқиған ақ маңғыл қасқа болатын.
Ес жиған соң жұрт көк шолақтың құлағына қарап отырып, бұрынғы кеткен Көксерек атты күшікті таныды. Құрмашты ойлап, кейбіреулердің көздерінен жас та шықты. Ауылға әкелгенде, Құрмаштың әжесі боздап келіп:
— Қуарған-ай, ненді алып ем?!.. Не жазып едім?.. Баурына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?!.. — деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті.
Шығарманың композициялық құрылымы:


Басталуы




Дамуы




Шешімі





[3]

2.Шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетіне баға беріңіз.


Құрмаштың бөлтірікті асырап алғаны дұрыс па?

Пікір

Себебі....







[2]

3-тапсырма. «Адамзаттың табиғатқа кері әсер тигізуін қалай азайтуға болады?» тақырыбы бойынша өз пікірлеріңді білдіріп, эссе жазыңдар. Мәселені шешудің 2 жолын ұсыну шарт. Эссе жазу барысында себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.


Менің ойымша, ...................
Себебі ...........................
Оған келесідей дәлел келтіремін........................
Тұжырымдай келе, .........................................

[5]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет