«Эссе жазу әдістемесі»
Мақсаты:
Эссе жазудың тиімді жолдарын практикада көрсету арқылы, ұстаздардың оқу және жазу сауаттылықтарын арттыруға ықпал ету, әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар жұмысының бағыттары:
1. Теориялық бөлім: Эссе, оның түрлері
2. Практикалық бөлім: Эссе жазудың тиімді жолдары
3. Кері байланыс
Шығармашылық дегеніміз— өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтің) болуы.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте күрделі үрдіс.
1. Теориялық бөлім: Эссе, оның түрлері
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін және ой толғанысын бейнелейді.
Л.П. Крысин "Толковый словарь иноязычных слов" • «Жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк»
"Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясы" •«Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма»
Достарыңызбен бөлісу: |