Биогеография пәнінен



Дата07.01.2022
өлшемі21,32 Kb.
#17020
Байланысты:
биогеография


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Биогеография пәнінен

Байғараев Мұхит С1511-10ж тобы

Межелік бақылау билеті 4

1.Қоңыржай қылқанды ормандарға сипаттама

2.Голантарктика патшалықтары сипаттама

3.Гавайлық облысына сипаттама

4.Микронезия аралдарына сипаттама



  1. Қоңыржай белдеудің орманды дала белдемдері тек солтүстік жарты шарда ғана бар. Еуразияда Карпаттан Алтайға дейін үздіксіз созылып жатады. Орта Дунай жазығында, шығыста Орта Сібірдің оңтүстігінде, Амур-Сахалин аймағында және Қытайдың солтүстігінде жеке аралдар түрінде ғана кездеседі. Солтүстік Америкадағы Ұлы жазықта меридиан бағытымен созыла орналасқан (жауын-шашынның шығыстан батысқа қарай өзгеруіне байланысты). Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы –2 – 200С-қа дейін. Жазы жылы, шілденің орташа температурасы 18 – 250С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 400 – 1000 мм. Негізінен,Орманды дала белдемдерінде орманның сұр топырағы мен қара топырақтың түрлері (сілтісіз, күлгінденген, шалғындық) тараған. Климаты континенттік, ішкі аудандардың топырағы сор, сортаң. Табиғи өсімдік жамылғысында шағын орман массивтері мен шалғынды дала алқаптары кезектесіп келеді. Ормандары қылқанды, жалпақ жапырақты және ұсақ жапырақты ағаш түрлерінен тұрады. Еуропалық Орманды дала белдемдерінде орман негізін емен мен жөке құрайды, оларға батысында граб пен шетен қосылады. Батыс Сібірде – қайың мен көктерек, Орта Сібірде – қайың, қарағай, балқарағай, Солтүстік Америкада – қайың, көктерек, батысында емен өседі. Белдемнің орманнан басқа жерлерінде шалғынды және әр түрлі шөпті-астық тұқымдас дала өсімдігі өседі. Фаунасы орман мен дала өкілдерінің қосындысынан тұрады. Орман өкілдерінен – бұлан, тиін, орқоян, елік, сусар; далалық жануарлардан – қосаяқ, саршұнақ, суыр мекендейді. Белдемнің климат-топырақ жағдайлары бидай, сұлы, жүгеріден және технологиялық дақылдардан мол өнім алуға мүмкіндік береді.

2.Құрлықтың флоралық жіктелуіндегі Голарктикалық патшалық ең ірісі және құрлықтың жартысынан астамын алып жатқан патшалық. Голарктикалық патшалықтың флоралық құрамы шамамен 40 эндемикалық тұқымдастан тұрады. Голарктикалық аумақта магнолиялы, лавр, сарғалдақ, шамшат, қайың, жаңғақ , қалампыр, қарақұмық, шай, шаршы гүлді өсімдіктер, бұршақ, шатыргүл, қоңыраубас, қияқ, дәнді өсімдіктер және басқа да тұқымдастар кеңінен таралған.Қылқанжапырақтылардан қарағай және кипарис кеңінен таралған.Голарктикалық патшалық үлкен 3 патшалыққа бөлінеді

1.Бореальды патшалықша Облыстары:Циркумбореальды(Еуропа-Сібір-Канада), Шығыс Азия(Жапония-Қытай), Атлантикалық Солтүстік Америкалық ,Қатпарлы таулы Үстірт

2.Ежелгі Жерортатеңіздік патшалықша Облыстары: Макронезия, Жерортатеңіздік,Сахара-Арабия,Иран-Тұран

3.Мадреан патшалықшасы Облыстары: Мадреан (Сонор)Облысы

3.Гавай аралдары (ағылш. Hawaiian Islands, гавайша: mokupuni o Hawai‘i) — жиырма төрт аралдар мен атоллдардан тұратын архипелаг, Тынық мұхитының солтүстік жағында (19° және 29° солтүстік ендіктер арасында). Архипелаг солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған, жанартаулық жаратылысы бар; өз атын ең ірі — Гавайи аралынан алған. Архипелагтың басым бөлігін 1959 жылдан бері АҚШтың елуінші штаты құрайды.

Аралдардың орташа координаттары — 21° 30’ с.е. және 158° б.Орхидея Әлемдегі ең әдемі және бағалы гүл. Бұл гүлдің әлем бойынша 25 000 түрі бар. Гүлдің ең көп тарқалқан ортасы Гавай аралдары. 



4.Микронезия (көне грекше: μικρός «микро-» және νῆσος «аралдар») — Океаниядағы шағын аралдар тобының жалпылама атауы. ГилбертМарианаМаршалл және де басқа (барлығы 1500-ға жуық арал) аралдардан тұрады. Микронезиядағы құрғақ жердің жалпы аумағы өте кішкентай, сондай-ақ халық саны да үлкен емес. Бірақ теңіз экономикалық аймақтары өте зор. Микронезия жалпы аумағы 2,6 мың км²-ді құрайтын шамамен 1500-ге жуық арал кіреді. Микронезиядағы ең үлкен жеке орналасқан арал — Гуам аралы (541,3 км²) болып табылады. Микронезия Федерациялық Штаттары — 4 штаттан тұрады (ПонпеиКусаиеЧуукЯп), бір аттас аралдарда және маңдағы аралдар топтарында орналасқан: Кусаие және Понпеи, және Яп және Чуук (Трук) аралдар топтары. Халқы — 107, 9 мың адам (2008). Астанасы — Понпеи (халқы 7 мың адам) аралында орналасқан Паликир қаласы. Ресми тілі — ағылшын. Мейрамдар: 3 қараша — Тәуелсіздік күні. Экспортирует копраны, бұрышты, балықты, кокос майын, халық өнеркәсіп бұйымдарын экспорттайды. АҚШ-пен еркін қауымдастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет