Биология және биотехнология факультеті



бет1/4
Дата25.09.2023
өлшемі25,03 Kb.
#110160
  1   2   3   4

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы

«Бекітемін»


Кафедра меңгерушісі
б.ғ.д.,профессор
_________ Кустубаева А.М.


Биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы «6B05102» - Биология мамандығының 4 курс студенті Шаманова А.К. оқу жылына арналған жоспарға сәйкес 27.03.2023 ж. - 22.04.2023 ж. аралығында өткен диплом алдындағы практиканың жұмыс жоспары.





Күні,айы,жылы

Істелген жұмыстың маңызы.

1

27.03.2023ж. -01.04.2023ж.

Зерттеу жұмыстарын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің КеАҚ «Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығы»-нда жүргіздік. Орталықтың ғылыми бағыттары мен қызметкерлерінің ғылыми бағыттағы жұмыстарымен танысу, өндірістік тәжірибенің жоспарын және күнделігін құрастыру, өздігінен ізденіс жұмыстарын орындауға үйрету.



2

03.04.2023ж.-08.04.2023ж.

Әдеби шолу бойынша әдеби деректермен жұмыс жасауды үйрену, интернет бойынша қажетті тақырыптағы ғылыми мақалалар мен жариялымдарды іздестіруді үйрену, кітапханада қажетті авторлардың тізімі бойынша компьютерлік ізденістермен жұмыс жасауға дағдылану, ғылыми журналдар мен конференция, конгресс және басқа да материалдарымен жұмыс жасауға үйрету.



3

10.04.2023ж.-15.04.2023ж.

Өзінің болашақта жасайтын ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесімен, құрал – жабдықтарымен теориялық және практикалық жүзінде танысу. Зерттелетін обьект пен тәсілдер жайында мәліметтер жинау.



4

17.04.2023ж.-22.04.2023ж.

Ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу, жұмыстың орындалуы мен тіркелуі жөнінде, сақтық пен гигиеналық іс - шараларынан ақпарат алу. Өткізілген диплом алдындағы тәжірибесінің күнделігін, есебін дайындау. Кафедра мәжілісінде есеп беру.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасы «6B05102» - Биология мамандығының 4 курс студенті


Шаманова Асемге
Мінездеме

Шаманова Асем 27 наурыз – 22 сәуір аралығында диплом алдындағы тәжірибеден өтті.


Практика өту барысында Шаманова Асем мекемелердің қызметі мен ұйымдық құрылымдарымен танысып, білім деңгейін тереңдетті. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Асем практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады.
Диплом алдындағы тәжірибе шеңберінде өзінің жауапкершілігімен, ынталылығымен көзге түсіп, жаңа білім, дағдылар алуға құлшынысымен ерекшеленді. Тәжірибеден өту кезеңінде өзін қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, өзінің жұмысқа деген қызығушылығын танытты.
Диплом алдындағы практика кезінде Шаманова Асем тұрақты түрде практикаға келіп жүрді. Практика уақытында Шаманова Асем жүктелген міндеттерді өте жоғары деңгейде орындап, әрбір іске жауапкершілікпен қарады. Нәтижесінде өзінің тапқырлығымен, білімге деген құлшынысымен, жан-жақтылығымен танылып, жоғарғы білім көрсеткішін көрсетті. Студент, Шаманова Асемнің диплом алдындағы практикасын өте жақсы деп бағалаймын.


Ғылыми жетекшісі: Жаманбаева Г.Т.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасы «6В05102»-Биология мамандығының 4 курс студенті


Шаманова Асемнің 27.03.2023-22.04.2023 аралығында өткен диплом алдындағы практикасының


ЕСЕБІ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет