Биология сабағындағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
1. Биологияны оқыту әдісі.
2. Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.
3. Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті.
Биологияны оқыту әдістемесі – мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.
Методика – оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика – оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу –тәжірибе алаңы керек.
Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.
Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы – зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде «.....білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек» деген.
Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.
Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.
Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.
Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.
Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.
Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.
Оқытудың әдістерін жасап береді.
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.
Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.
2. Биология пәні бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының міндеттері. Тәрбие беру элементтерінің жүйесі. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдары.
Адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбие, биоэтика.
Биология пәнін оқытудағы тәрбие түрлері.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.
Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.
Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.
Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:
1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;
2. Патриотттық тәрбие;
3. Еңбек және экологиялық тәрбие;
4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;
5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.
Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.
Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.
Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.
Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.
Патриоттық тәрбие. Окушыларға патриоттық тәрбие беруде сабақта және сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдардың отандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған жерінің табиғатын корғауда қосатын үлесі т.б. үлкен мәні бар.
Патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, ҮІ-ҮІІ сыныптың жас натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады: мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибе учаскесінде және тірі табиғат мүйісінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия жасау кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін терең оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу. Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға болды:
· Туған өлкенің табиғатын қорғау: корғауға жататын зерзаттарды айкындау ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитектурасының ескерткіштерімен танысу;
· Құстарды, балықтарды, аңдарды және пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшашарлар даярлау және кысқы уакытта құстарды қосымша жемдеу, браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру, құстардың пайдасы және оларды корғау және т.б. туралы бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу, "Жасыл ел" бағдарламасымен жұмыс істеу.
· Туған - өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды, балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу; мектеп орналасқан аймақта әлі таралмаған халық шаруашылығына ерекше маңызы бар сүректі, бұта және шөптесін өсімдіктерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп орналаскан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен парктер, скверлер, гүлзарлар жасап кою.
· Туған өлкенің табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың әр маусымында - күзде, қыста, көктемде, және жазда жүргізіледі; туған өлке табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену; мектептің өлкетану музейін кұру.
Еңбек және экологиялык. тәрбие. Биологиялык білім берудің маңызды мәселелерінің бірі - оқушыларды өмірге, мамандық тандауға және еңбек етуге баулиды.
Өндірісті тек материалдық жағынан, ал еңбекті физикалық заттармен операция жасау жиынтығы ретінде түсінік беру соңғы кезде осы мәселенің шешімінің методологиялык негізі болып есептелген. Осыған орай рухани өндіріс ескерілмей, ал кәсіптік бағдарлануы жалпы мамандықтармен танысумен шектелген. Бұл жағдай оқушылардың интеллектуалды потенциалының төмендеуіне, де себепкер болды.
Биологияны оқыту барысында оқушы барлық өндіріс ортасының (материалды, рухани) технологияларымен танысып, өзінің күшін эмпирикалық, теориялык және конструктивті мәселелерді шешуде байкау қажет. Сонда ғана оқушы өзінің таңдаған болашак мамандығына психологиялық жағынан дайын болады. Бұл өте маңызды шарт болып есептеледі.
Еңбек тәрбиесін беру - адамның бүкіл өмірін қамтитын біртұтас жүйе болуы тиіс.
Экологиялык тәрбие берудің басты мақсаты - адамның табиғатпен бірлестігінде және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануға емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына ыкпал етуіне негізделген адамның жаңа ой, көзқарасының қалыптасуы, әр бір адамның өнегелік қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адамзаттың әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуымен, оның көптүрлілігі мен байлығына байланысты болашағына негізделген.
Экологиялық тәрбие беру ерте жастан басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерде бала қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі және пайдалығын түсінетін болады.
Экологиялық тәрбие беруде орта мектептің мүмкіншіліктері ерекше. Өйткені, мектеп табалдырығынан аттап бастағаннан окушы жүйелі білім алуымен қатар тәрбиеленіп, оның әлемге деген көзқарасы дамиды. Мектепті бітіріп, кәмелетке жеткен кезде оқушының әлемге деген көзқарасы біршама қалыптасады.
Оқушының экологиялык мәдениетін калыптастыруда сабақтан тыс және сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының аса зор ықпалы бар. Бұл жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға тәуелді:
· оқушыларды тәрбиелеудегі қойылған максатты айкын жете түсіну;
· экологиялық тәрбие беру процессінің құрылымының компоненттерін анықтау тұрғысында: мақсатын, міндетін, принциптерін, мазмұнын, әдістерін пайдалану жағдайлары, нәтижелерді анықтау әдістері;
· дәстүрлі және активті формалар мен әдістерді, теориялық және практикалық жұмыстарды тиімді үйлестіріп қолдану;
· экологиялык тәрбие беру процессіне ата-аналарды белсендіре қатыстыру;
· оқушылардын, практикалық жұмыстарын нығайту;
· оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және жергілікті және халықаралық экологиялық ұйымдар жұмысына тарту.
Мектептегі экологиялық тәрбие берудің соңғы мақсаты -білім негізінде оқушылардың өнегелік касиетін нығайту. Ол қасиеттерге: адамның табиғат жайында, ондағы өзара күрделі байланыстарды, адамзатпен табиғат арасындағы қарым-қатынастары жайында білімі, табиғатка және оны корғау мәселелеріне ықыласы; өнегелі сезімдер (сүйіспеншілік, аяныш, т.б.) және эстетикалық (масаттану, тандану, сүйсіну, т.б.) коршаған ортада адамның өзін әдепті ұстауы жатады.
Мұндай жұмыстың табысты болуы мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Биология мұғалімнің экологиялык тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде барлық мүмкіндіктері бар. Тәрбие жұмысын жүргізу мектептің барлық мұғалімдерінің міндеті. Басқа пән мұғалімдерінің бұл істі жүзеге асыруға базалық білімі жетісе бермейді. Сондыктан, кез келген мектепте экологиялық тәрбие беру жұмысы биолог-мүғалімге арттырылады: мектепшілік, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру (танымдылық, практикалык, танымдылық-көңіл көтеретін, қайырымдылық, т.б.) және басқа пән мұғалімдеріне кеңес беріп, жәрдем көрсету. Биологиялык білім берудің мәселелерінің бірі - гигиеналық және жыныстық тәрбие беру.
Оқушылардың биология сабағында алған білімдері өздерінің өмірін бағалап, гигиеналык талаптардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік туғызады. Гигиеналық тәрбиенің денсаулык сактауға пайдалығын түсіну адамның өзінің денсаулығына қатынасы өзгеріп, өмірін гигиеналык тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға әкеледі.
Гигиеналык дағдының қалыптасуы адамның өзін-өзі тәрбиелеумен тікелей байланысты.
"Тәнтану" және басқа да биологиялык курстарды оқыту барысында оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің негізгі мәселелері: тамақтану, ұйқы, еңбек, демалыс, дене, киім, аяқ киім, т.б. гигиенасымен ғылыми тұрғыдан таныстыру және дағдыландыру болып есептеледі.
Гигиеналық және әдептілік тәрбие берудің киын бір саласы - жыныстық тәрбие.
Жыныстык тәрбие - бұл жыныстык дамудың физиологиялык және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты гигиеналык және әдептілік дағдының қалыптасуы.
Биологияны окыту барысында окушылардың жыныстық мәселелерге дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуына биологиялық білімдер және ұл мен қыз арасындағы карым-қатынастың әдепті-этикалық нормада болуы жәрдемдеседі. "Тәнтану" курсын оқығанда оқушылар адамның ұрықтарының мәнімен, баланың жас организмінің жетілу ерекшеліктерімен және дене шынықтыру мен спорттың маңызымен танысады.
Өсімдіктану және зоология курстарын окығанда окушылар биологиялық түрді сақтауды қамтамасыз ететін, организмдерінің көбеюінің жалпы биологиялық маңызымен танысады.
Оқушылардың биология сабақтарында алған білімдері әдептілік-гигиеналык тәрбие алуына жеткіліксіз. Сондыктан, биолог-мұғалім басқа пән мұғалімдері және медицина кызметкерлерімен бірігіп сыныптан тыс жыныстық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.
Жыныстық тәрбие беру процессінде оқушыларға дұрыс өмір сүру принциптері, жыныс гигиенасы, жыныстык қатынастан жұғатын соз ауруларының себептері мен зардабы, СПИД жайлы білім беріп, жыныстық катынастардың моральды-әдептілік негіздерін талқылау қажет.
Жыныстык тәрбие беру әдептілік тәрбиенің қиын саласы болып есептеледі, сондықтан да бұл мәселені жан-жакты қарастыру керек.
Дене тәрбиесі әр бір мектепте, оқыту жүйесіне байланысты, дене шынықтыру сабақтарында, күнделікті жаттығу кезінде, спорттық үйірмелер мен секциялардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарында, спорт мектептерінде жүргізіледі.
Дегенмен, дене тәрбиесінің міндеті тек оқушыларды жаттықтыруда емес. Оған коғамдық, еңбектік және тұрмыстык жеке гигиенасы және күнделікті еңбек тәртібімен байланысты қарастырылады. Осы айтылған мәселелердің барлығы адам организмімен танысқанда ғылыми негізделуі керек.
Эстетика - көркемдік, әсемдік зандылыктарын, жағдайларын және элементтерін зерттейтін ғылым.
Эстетикалық тәрбиелеу эмоцияның, көркемдікті ұнату, әсемдік сезімнің дамуына бағытталған.
Мейірімділік (этика) сезімді және әсемдік (эстетика) сезімді тәрбиелеу тығыз байланысқан процесс.
Табиғат әдептілік нормаларға тәуелсіз болғанымен, оның объектілерін зерттеу және қорытындылау оқушының әдептілік тәжірибесін арттырып, дамытады.
Алғашында әдептілік адамның адамға катынасындағы адамгершілік сезімімен аныкталады. Бірақ адам табиғаттың тек бір бөлігі ретінде ‑ бірінші орынға өзінің табиғатка қатынасын қою керек.
3. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері. Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау.
1. Ботаника пәнінің құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемелері.
2. Тәнтану пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.
3. Жалпы биология пәнінінің мазмұны мен құрылымы және түсіндіру әдістері.
Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесін қарастырмас бұрын, оқу процессіне анықтама берелік.
Оқу процессінің және оқулықтың мазмұны дегеніміз - адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білім саласындағы байлықтарынан сараптап отырып, жас ұрпақтарды оқыту.
Оқытудың мақсатын анықтау (не үшін оқыту? – деген сұраққа жауап) – бұл оқулық пәнінің дидактика мен әдістемесінің негізгі бір проблемасы болып келеді. Оның шешілуі биология пәнінің құрылысы, мазмұны, оқыту әдісі және жалпы бағытына байланысты.
Биология пәнінің мұғалімі жалпы биология және әр курс бойынша оқыту мақсатын білуі қажет.
Биологияны оқыту мақсаты ‑ қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.
Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.
Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор ‑ мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді.
Ботаника «Өсімдіктану» пәнінің құрылымына келер болсақ, ботаника жақсы дамыған ғылымдардың бірі. Ботаника өзінің мазмұны және құрылымы жағынан да өте күрделі, ғылыми маңызды. Көптеген ғылыми зерттеулердің арқасында нақтылы материалдардың жинақталуына байланысты ботаника ғылымынан бірнеше жеке салалар дами бастады. Қазіргі ботаника ғылымының 20‑ға жақын негізгі бағыттары мен тараулары бөлініп жеке бір салаларына айналды (альгология, микробиология).
Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар және мүктер қазіргі ботаниканың жеке бір саласы болып табылады. Балдырларға келетін болсақ ол топырақ жасалу процессіне қатысумен қатар су экосистемасының динамикалық тепе‑теңдігін сақтауға қатысады. Ал осы топтағы өсімдіктердің практикалық маңызын, қызық факторларын оқушыларға айтуға болады. Мысалы, жасанды тоғандарда балдырлар балық үшін ең бір азық қоры болып есептеледі. Балдырларды пайдалана отырып сулардың, тоғандардың әртүрлі ластануын табиғи жолмен тазартуға қолданылатыны да үлкен маңызды іс. Көптеген балдырлар биоиндикаторлар. Олар арқылы топырақтың, сулардың ыластануын анықтауға болады. Ғылыми жаңалықтар бойынша балдырлар ластанған суқоймаларынан ауыр металдарды сіңіріп, фиторемедиацияға қатысады.
4. Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен әдістемесі.
1.Теориялық және эмпирикалық ұғымдар
2.Ұғымдарды дамыту теориясы
3.Ұғымдарды дамыту әдістемесі.
Ұғым – білімнің жинақталған түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы.
Жекеленген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып алу, оларды қорту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның жай түсініктен айырмашылығы шамалы. Бұл деректі жазып алатын білім, ол тек құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін ашпайды. Таным тарихында бұл білімдері мен практика бірте-бірте теориалық ұғым (білім) құралатын қор болды.
Мектептегі биологиялық білім беруде әдетте барлық білім эмпирикалық ұғым қатарына шығарылады. Ұғымдарды дамыту әдіснамасы принциптері:
Табиғи нысандардың немесе олардың көріністерін қабылдаудан→олар жөніндегі түсінікке дейін, түсініктен→ұғымға дейін қарапайым ұғымдардан→күрделі бірнеше элементтерден тұратын : арнай ұғымдардан→ жалпы биологиялық ұғымдарға дейін. Таным теориясында ұғымдар абстрактлық ойлау сатысында шындықты бейнелеудің формаларының бірі.
Құбылыстарды сипаттайтын эмпирикалық білімге қарағанда, теориялық білім ғылымды түсіндіріп, мәнін ашады және ғылыми дүниетанымға, әлем бейнесіне және практикалық проблемаларды тиімді шешуге негіз болады.
Эмпирикалық танымнан теориялық танымның айырмашылығы,ол біртұтастықтан шығады да оның құрылымын түсінуге, элементтерінің байланысын,олардың қызметі мен дамуын түсінеуге себеп болады.Теориялық білімді қалыптастыру жолы-абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу (шыңына шығу).Абстраклық-айқын емес, анық көрінбейтін, бірақ әйткенімен де таным нысанын толық анықтайтын, оның жетілмеген ұрықтық формасы,бөлшегі .
Танымның негізгі кезеңі –сезім (түйсік),қабылдау және елестету.
Сезім –ол шындық дүниені бейнелейтін түйсіну формасы ,ол барлық таным үрдесінің алғашқы баспалдағы.Олардың негізінде нысанның тұтас кейіпін беретін ,оның сыртқы ерекшіліктерінің жиынтығын көрсететін (яғни жалпы алғанда зат)қабылдау болады.Қабылдау ол ұғыну сезімі үрдісінің бастауы . Қабылдау негізінде елестету пайда болады .Елестету –заттармен құбылыстарды адам санасында тікелей қабылдау барысында еске түсіру (жаңарту).Осыдан ұғым пайда болады деуге болады.
Ұғымның күрделілік дәрежесі заттар мен құбылыстардың толық көрінуімен анықталады. Ұғым күрделі болған сайын ,оның мазмұнында көптеген заңдар болады. Осы жағдайдың оқушыларды оқытуда маңызы зор, өйткені ұғым неғұрлым күрделі болған сайын (яғни, оның көлемі толығырақ), соғұрлым оқыту үрдісінде оны ашу жолы ұзақ болуы тиіс. Бұл – эволюциялық, эклогиялық, цитологиялық және т.с.с. көптеген биологиялық ұғымдарға тән.
«Күрделірек ұғым» деген сөз ол ұғымда көп белгілер, көп ақпараттар бар деген сөз. Сонымен қатар ұғым мазмұнының күрделілігі тек ондағы белгілерді көрсететін элементтер құрамымен ғана емес, олардың сапалық әртүрлілігімен, мінез- қылығымен және байланыстармен де анықталады. Осы ерекшелік әсіресе жалпыбиологиялық ұғымдарға тән. Сондықтан мектептегі білім беру үрдісіне тән ерекше бір жағы ол- ұғым мазмұнының құрылымы болып табылады.
Биологиялық теориялық ұғымдар. Биология пән ретінде логикалық ретпен дамитын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып есептеледі. Теориялық ұғымдарды қалыптастастыру кезеңдері мынадай: алғашқы тұтастық абстракцияның құрылуы («жасушаның») – оның байланыстарын үзбей бақылау—оларды абстрактылық анықтамаларда көрсету – анықтамалар синтезі.
Сондықтан оның дамуы теориялардың алмасуы барысында жүзеге асады, өйткені оның оның мәнін теория ашады. Мысалы, ген ұғымы әуелі абстракция ( тұқым қуалау бірлігі) сияқты қалыптасады, онан соң хромосомалық теория деңгейінде нақтыланып содан әрі генлік деңгейге дейін дамиды.
Теориялық білімді түсінуге ықпал ететін не екенін де ескерген орынды. Ол ақпараттың нақты логикалық құрылымы, абстракциялар мен ұғымдардың пайда болуы үрдістістерінің ойша айтылуы және абстракциялардың әлем бейнесімен және эмпирикалық материалдармен ара қатынастарын белгілейтін бейнелер (нобайлар). Әрбір ұғым бірте-бірте дамытылады , күрделенеді. Мысалы, «жапырақ» ұғымы тақырып бойынша бірінші сабақта әлі қарапайым , алғашқы, тек бір ғана білім элементі бар ұғым . Оқушылар жапырақтың жасыл тақтасы мен сағағы барын , яғни , сыртқы формасы жайлы ғана қарапайым ұғым алады.
Осы тақырыпты оқу соңына қарай «жапырақ» ұғымы күрделеніп оқушылар олардың суды буландыруын, әртүрлі өсімдіктер жапырақтарының бейімделу белгілерін (түк басу жапырақ тақтасының кішіреюі, инеге айналу т.б.) біледі. «Жапырақ» деген күрделі ұғым морфология , анатомия, физиология және жапырақ экологиясы сияқты ұғымдарды жинақтап қорытады.
Ұғымдарды дамыту теориясы.
Ұғымдарды дамыту дегеніміз – шын мәнінде білімді бірте – бірте толықтыру мәселесі береді , олай болса оқытудың қандай да бір кезеңінде оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді. Биологиялық ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге қарай немесе нақтыдан талданып қорытылғанға абстрактылыққа қарай жүруі мүмкін.
Жалпы биологиялық заңдылықтар жөніндегі ұғымдар: ағзалардың жасушалық құрылысы, мүшелердің формасымен функциясымен байланысы, ағзалардағы зат және энергия айналымы, өзін-өзі реттеуі , өзін-өзі тудыруы, көбею, органикалық дүниенің дамуы т.б.
Оқыту міндеттері –ұғымдарды жоспарлы тудыру мен оны дамыту болып есептеледі. Ұғымдардың көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама мазмұнына,тақырыптардың логикалық тізбектестігіне байланысты сияқты. Дегенмен осы өткен жылдарда анықталғандай осы ұғымның дамытылып жылжуында біраз ақтаңдақтар бар. Мысалы ,балалар 6-шы сынып курсы соңында өсімдіктер мен жануарлаға тән ерекше белгілерді олардың қызметін байланыстыра алмайды. Оқушылар біліміндегі осындай олқылықтар мен білімді меңгерудің әлсіздігі олардың білімінің қабылдау деңгейінде немесе алғашқы қарапайым түсінік деңгейінде қалуынан болады . Бір сабақта немесе бір тақырыпта қалыптастырылған ұғым басқа ұғымдармен байланыстырып әрі қарай дамытылмайды . Ал «әрбір оқу пәнін оқыту дегеніміз білім жүйесінің үздіксіз үрдісі » екенін есте ұстаған орынды (К.Ушинский). Ұғымдарды дамыту үшін ұстаз шеберлік танытып,көп күш жұмсап үнемі мқсатты бағытталған түрде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы шығармашылқпен еңбек ету керек.
Биологияны оқыту әдістемесінде ұғымдарды қалыптастыру мен дамытуға бұрыннан бері зор көңіл аударылады. Н.М. Верзилиннің жетекшілігімен «Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы» жасалды (1956). Бұл еңбек биологияны оқыту әдістемесіне маңызды оқиға болды. Теория мектеп курстарында және жалпы алғанда биология пәнінде оқу материалын таңдауды анықтауда және орналастыруда ғылыми қор (база) жасады, оқыту әдістері мен тәрбиені қайта қарауға әсер етті. Ұғымдарды дамыеу теориясы арнайы зерттеулер аясында, оның ішінде биологиялық ұғымдардың арнайы топтарын (табиғаттанушылық, , экологиялық, эволюциялық физиологиялық, систематикалық, генетикалық т.б.) дамудың тиімді әдістемесін жасауда, оқушылардың өз беттерімен ойлай алуын дамытуда, орта мектепте биологияны оқыту әдістерін дамытуда біраз бағыттарды белгіледі.
Мұғалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне араласуы, қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық басты ұғымдарды ажыратып, олардың тақырыптан тақырыпқа , курстан курсқа қарай жылжуын бақылап отырған дұрыс.
Жасуша жөніндегі тақырыптарда оқушылар жапырақтың қарапайым құрылысымен танысып, жекелеген ұлалар жөнінде мағлұматтар алады. «Жемістер» және «Тұқым» тақырыптарында олардың түрлерімен, құрылыстармен танысып қарапайым түсініктер алады. «Тамыр» тақырыбында құрылысы мен суды сору қызметі жөнінде мағлұмат алады, «Жапырақ» тақырыбында оның ішкі және сыртқы құрылысы жөнінде түсініктер бар. Осы сыныпта берілетін зат алмасу «Фотосинтез», «Жапырақтың суды буландыруды» және «Өсімдіктердің тыныс алуы» деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу ұғымы жөнінде мағлұмат береді, бұл тіршілік әрекеттерімен және тіршілік жағдайларымен байланысты болғандықтан ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Осы жердегі ұстаздың міндеті ұғымдардарды дамытуда жалпы өсімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және олардың байланысының қандай жағдайларын түсіндіру.
Ұғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау логикасы: қорытындылауды талап ететін мәселелерді қою: анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру: ескі білімді жаңамен байланыстыратын қайталау жүйесі, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру.
Биологиялық ұғым тек сол уақытта дұрыс қабылданады, егер оқылатын құбылыс не зат жөнінде анық түсінік болса, яғни тікелей қабылдау, бақылау, көру болса. Биологияны оқытуда оған тән ерекшелік- оқылатын затты қарау және зерттеу.
Ұғымдардың алғашқы пайда болуына аса маңызды болатын- тірі нысандарды көру. Ұғымдарды одан әрі дамытуда тірі нысандардан басқа, әртүрлі жасанды көрнекіліктер: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, кинолар жақсы көмек болады.
5. Дәстүрлі емес сабақтар. Дидактакалық талаптарға сай орындалатын дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.
1. Қазіргі сабақ қандай болуы керек?
2. Дәстүрлі емес сабақтар түрлері.
Дидактикалық талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген оқушының таным белсенділігінің, қызығушылығының, тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі- сабақтардың бірсарындылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы бірізділік пайда болады, ол-бірте-бірте балалардың сабаққа деген қызығушылығын жояды. Ендеше, қазіргі сабақ қандай болуы керек?- десек, ол- тек қана шығармашыл болуы керек.
Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника дамуы деңгейіндегі «жеңіл» мен «қиын» ұғымдарды ғана меңгеруге болады. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан- жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет .б.) сондықтан, олар көп нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде хабарлар, деректер шығаруға қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған мәселе жөнінде жоғары көрсеткіш көрсете алады.
Қазіргі кезеңдегі түпкілікті өзгеріп отырған экологиялық жағдайларға байланысты, биологиалық білім берудің басты мақсаты мен міндеттерінің бірі оқушыларда биологиалық ойлауды, қарапайым болса да ғылыми болжамдар құру мен оны тексеруге дәлелдер іздеуді және жоспарлай білуді дамыту.
Мектептегі оқытуда соңғы кездегі ғылыми-әдістемелік басылымдар беттерінде көптеп беріліп жүрген сабақ түрлері заман талабының көріністері. Толық мәнді жаңаша білім беру –бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті- бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу .
Дидактика классигі И.Г.Песталлоций еңбектерінде тәрбиелеу өзінің индивидуалдық ерекшеліктерін сезіне отырып, өзін-өзі тудырушы балаға көмек көрсету деген пікір-түсінік айқын байқалған.
Мұғалімнің оқушымен бірлесіп шығармашылық еңбек етуі ғалым В.И.Андреевтің пікірінше мынадай ережелер сақтау негізінде іске асады:
Педагог мүмкіндігінше, өзінің ұстаздық шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін үнемі дамытып, отыруы қажет .
Замана талабына сай билогиядан оқу –тәрбие үрдісін жетілдіруде негізгі нысана етіп мына принциптерді ұстаған дұрыс: білім беруді оқушыларда ақпараттар қорын толтырумен шектемей бала белсенділігі дамуының тәсілі, ретінде қарастыру. Себебі белсенділікті дамыту шығармашылық жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет. Зертеушілік әдіс , эвристикалық әдіс және басқа белсенді оқыту жолдары өз қызметтерін толық орындау үшін қалай ұйымдастырылу, қандай сабақтар жүйесі керектігін биология пәні ұстаздары мен әдістемешілер анықталуы қажет .
Ұстаздар тәжірбиелерінде өткізіліп жүрген, осы талаптарды орындай алатын дәстүрлі емес сабақтар түрлерін: іскерлік ойындар, танымдық ойындар, конфереция сабақ, пресс- конференция, саяхат сабақ, интеграциялық сабақ ертегі, аукцион, жарыс сабақтары, КВН, спектакль, сот виктарина, және брейнсторминг сабақтары деп топтауға болады .
Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз- сабақ құрылымын оқу –тәрбие үрдісінің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субьектілік үлесін жоғарлататын формасы .
Осындай сабақтар кезінде оқушы субьект ретінде болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып, ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде таным қызығушылығының механизмі әржақты күрделі, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады, өйткені ойлау үрдісі күрделі тізбектен құралып, жорамалдау, қажетті әдісті таңдау, білім – біліктің түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің саралануынан ең қажеттісі таңдап алынады. Бұл жағдайда оқушының барлық іс- әрекеті өзі үшін аса маңызды болып, шығармашылығы зор қуаныш әкеледі, «ашқан жаңалығына» таңдау, өзбетімен қиындықты жеңгеніне, басқаға көмектескеніне, тапқырлығына, білім игеруде алға жылжығандығына рахаттанады, эмоциялы қуаттанады.
Мысалы: Баяндама – сабақтың бір көрінісі. Бұл бұрын да қолданылып жүрген әдіс, бірақ баяндамашының оқытылатын жануар кейіпінде болуы жаңалық , өйткені әңгіме кейіпкерден айтылады. Осы кезде тыңдаушылар көңілі бірден ауып, берілген жануар ерекшеліктерін, мекен ету ортасын анық, тереңірек түсінуге жол ашады. Кейде оқушы киімі де жануардың түр- түсін, ерекшеліктерін айқындайды. Монолог пәнінің ғылымилылығы тұрғысынан дұрыс құрылуы тиіс, ол үшін баяндамашы жан – жақты дайындалып, ақпараттар іздеуде белсенділік тануы керек.
Сүліктің монологы. Мен – сүлікпін! Неге сіздердің бет әлпеттеріңіз өзгеріп кетті? Қайдағы бір балық, құс емес, медициналық сүлікпін. Латынша өте әдемі: Гирудо медициналис. Әрине, мен паразитпін, олай болмағанда ше, тіршілік ету керек? Бірақ мен пайдалымын. Адам баласы маған көп қарыздар, сондықтан маған ескерткіш қоятын шығар. Ит пен бақаға да қойды ғой, сол сияқты «Ризашылығын білдірген адамзаттан» - деп жазып қояр. Бірнеше ғасырлар бойы қан қысымы көтерілгенде, тромбалар пайда болуынан кім құтқарды? Әрине мен!
Әдетте жылына екі рет тамақтанамын, себебі қолайлы жемтік кездезтіру оңай емес. Кейде ұзақ мерзімге ашығуға тура келеді
Екі жылға дейін аузыңа бір тамшы кан тамбайды. Есесіне кездескенде бір дегенде 50 г.-ға дейін қан іше аламын, бұл денемнің небары 10-15 см үлкендігіне қарамастан ішетін тамағым.Қан менің қарнымда арнаулы бактериялардың көмегімен сол күйінде ұзақ мерзімге сақталады. Менің сөлімнің құрамындағы ((Гирудин)) деген затты қанды ұйтпайтын қасиетіне байланысты адамның тромбоз ауруын емдеуге пайдаланы. Ол қанды ұйытпай, қан тамырларын бітеліп қалудан сақтайды.
Біздерді дәріханаларда, сақтайды, 3-4 ай тамақсыз аш қойғаннан сон ауруларға салады. Қазір біздер су қоймаларында аз кездесеміз, арнаулы зертханаларда өсіреді. Бұл- біз қажетпіз деген сөз, ендеше, біздерді қорғау керек, біз әлі қажетпіз.
Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы – сабақтағы атқарылатын жұмыс түрлерінің сан алуандығы.К. Д. Ушинский бала қажымай-талмай жұмыс істеу үшін оның қызығушылығын жоймай, шаршатпай, бір сарынды немесе бір жақты емес әртүрлі іс-әрекет қажет екендігін айтқан. Егер сабақтарда жұмыстың алуан түрлілігін қамтамасыз етілсе балалар білім игеруде жетістікке жетеді.
Оқытудың ойын формасы –соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың ішіндегі бір қолайлысы. Себебі оқушы ғана емес, жалпы адам үшін ойын –белсенділікпен ,өзін көрсетуге ,сөйте отырып үйренуге әсер етеді. Ойын –өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ғалымдар тірі табиғаттағы жұмбақтың бірі –ойын екенін оның құбылыстары мен үрдістер әлі адамзатпен толық зерттеліп ашылмаған, сөйтіп дәл анықтамасы берілмеген қортындыға келген.
Ойын өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып ,басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады.
Ойын әрекеті сабақтарда игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаларға сыншыл қарап, орынды да тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Тағы басты бір әлеуметтік –психологиялық талап - шынайы қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Практика көрсеткендей барлық оқушыға, топқа, сыныпқа бірдей жарамды жан- жақты ойын түрі болмайды. Сондықтан ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық, ізденгіштік талап етеді. Оқу ойындарының түрлерінің сан алуандылығы оларды сабақтың әр кезеңдерінде, әр түрлі тақырыптарда жүргізуге болатындығын көрсетеді.
6. Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастыру. Биология сабақтарының түрлері.
1. Биологияны окыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама.
2. Биология сабактарында оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастару түрлері.
3. Биология және экология сабактары.
4. Зертханалык және танымжорык сабактар.
Окыту - оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны менгеру және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру максатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы карым-қатынас үрдісі. Окыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.
Окушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі - дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, окушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны окыту әдістемесінде көп түрлі формалар калыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы - сабақ тұрады.
Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерінің қажеттілігі негізделген уақытка дейін сыныптағы сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың формасы, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді.
Оқу жұмысын ұйымдастыру тарихына көз жіберсек әртүрлі бағытта жасалынған оқу жүйелерін атап өтуге болады. Мысалы, жеке топтар (орта ғасырдағы мектептерде), өзара оқыту (Англиядағы белланкастер жүйесі), оқушының дарындылық қабілеттілігіне байланысты саралап оқыту (мангейм жүйесі), бригадалы оқыту жүйесі ( Кеңес мектебінде 20 жылдары), америкалық "Трампа жоспары" бойынша уакыттың 40% үлкен топтарда (100-150 астам өткізсе, 20% - топтарда (10-15 оқушы) және 40% уақытын өз бетімен оқуға дайындалуға жұмсаған.
Қазіргі кезде біздің елімізде де көп таралып жүрген оқыту формасы ‑ сыныптағы өткізілетін сабақ. Бұл ХҮІІ ғасырдан басталып келеді. Оның алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И. Штрум болса, әрі қарай теориялық негізге салып қалыптастырып жасаған және іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған Я.А. Коменский. Сыныпта өткізілетін сабақты ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:
- сыныптағы оқушылардың құрамы тұракты, жас ерекшеліктері бірдей, бір деңгейлі дайындықтары бар;
- әрбір сынып өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен істейді;
- оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өз‑ара байланыста жүретін сабақтардың оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын үрдіс;
- сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы.
Оқушылардың танымдылык қызығушылығын арттыру ‑ әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді; сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізгі деп есептеледі. Қазіргі кезде мектепте бұдан басқа да көмекші формалары қолданылып келеді, мысалы, сыныптан тыс, сабактан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, консультация, косымша сабақ, факультативтер, экскурсия, мектеп участкесіндегі жұмыстар, шеберханадағы жұмыстар, табиғат бұрышындағы жұмыстар т.б..
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ - оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1. Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педагогикалық
практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
4. Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу анықтау арқылы оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.
5. Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.
6. Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін орындауға дағдыландыру.
7. Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап,
бакылап отырып дұрыс баскару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсат ‑ білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.
Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, төрбиелеу жөне дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондыктан сабақта негізгі биологиялык және экологиялык білім жүйесі мен біліктілікті игеру қажет. Шамаман біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен – биологияның бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабақтары «ашык аспан астында» - мектеп жанындағы оку-тәрбие алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін.
Әрбір сабақ окушылардың білім, білік игеруі, дүниетанымдары мен ойларынын дамуын, тұлғалық сапалары мен сезімдерінің тәрбиеленуі, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі және қоршаған шындықка деген қатынас калыптастыратын тұтас әрі күрделі жүйе болып табылады.
Басты мәселе сабақтың міндеттерін анык кұрып оның сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу-таным міндеттерін ескере отырып мазмұн мен әдістерді дұрыс таңдау, окушылардың таным белсенділігін камтамасыз ету. Әрбір сабак әртүрлі тәрбиелік міндеттерді шешу мүмкіндігі тұрғысынан ойланылады. Сабактың сапасына қойылатын басты талап - оқушылардың осы пәндерге кызығушылығын дамытуға үлес косу, шығармашылық белсенділігін дамыту. Сабактың пәрменділігі оның барлык элементтерінің анықтығы мен үйлесімділігіне байланысты. Сабақка оқу материалының мазмұнын таңдап алу кезінде окушыларға берілетін оқу жүктемесін реттеу кажет, жетекші ой‑пікірлерді бөліп соның негізінде оқушылар кабылдайтын ұғымдардың ашылу көлемімен тереңдігін аныктау және негізгі мазмұнды нактылауға пайдаланылатын косымша материал ескерілуі керек.
Биология сабактарының құрылымы мен типтері. Биолог-әдістемешілер сабақты бірнеше кезеңде бөліп көрсетеді:
- жаңа білімді оқып игеру;
- оларды бекіту мен тексеру;
- үй тапсырмасын ұйымдастыру.
Сабак типтері. Теориялык жағдайлар мен дидактикалык принциптер және практикасы тұрғысынан келсек биологиядан сабақтың мынадай түрін бөліп қарауға болады:
- жаңа материалды оқып үйрену;
- білімді бекіту сабағы;
‑талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану;
- аралас немесе құрастырылған.
1. Жана материалды окып үйрену сабағы - барлық дидактикалық кызметтерді сәйкестендірген сабақ, онда сабакка кіріспе; білім мен біліктілікті ескеру; бұрын оқылғанды қайталау; білімді бекіту жүргізіледі. Қайсыбір кызметінің басым болуына байланысты сабақтың осы бір типіне әртүрлі сабақ түрлері жатады: лекция, зертханалық жұмыс.
2. Білімді бекіту сабағы. Осы сабақтағы дидактикалык мақсат – игерілген білімді екінші рет бекіту және оларды колдана алу біліктілігіне төселдіру.
Осы типке мынадай сабақ түрлері жатады: зертханалық сабак, танымжорық, пікірлесу, консультация.
3. Талдап корыту және білімді жүйелеу мен оны колдану сабағы. Бұл сабактағы дидактикалык мақсат - тұжырымдап жүйелеу аркылы білімді біртұтас жүйеге айналдыру. Мынадай түрдегі сабақтар осы типке жатады: семинар, конференция, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б.
4.Аралас немесе құрастырылган сабак. Айтып өткен үш типтің ерекшеліктерінің барлығы аралас немесе құрастырылган сабақта кездеседі. Осы сабақтың типі қазір көпшілік мектептерде тек биология сабақтарында ғана емес баска да пәндерді окытуда кен таралған.
Тақырыптык жоспар. Такырыптық жоспар алдын ала құратын ауқымды жоспар ол бағдарламаға, типтік оку жоспарына сәйкес кұрылады. Жоспарда сабақтардың тақырыптары аныкталып, олар белгілі логикалык ретпен бөлініп, олардын жобамен өту мерзімі (дата) көрсетіледі. Әрбір сабақта үй жұмысы белгіленеді. Көпшілік жағдайда такырыптық жоспар сызбанұскада жасалады.
7. Биология мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру. Сабақ талдау үлгілері.
Биология мұғалімінің тұлғасы.
Ұстаздық құпия.
Алғашқы биология сабағын өткізу.
Өзінің сабағын талдау.
Қазіргі балалардың көп нәрсені өте ерте біліп, кейде әдейі (мұғалімнің мәселеге байланысты не білетінін байқағысы келіп) сабақтан тыс мәселелер сұрайды. Бұл кездесіп жүрген шындық. Акпарат ағынының молдығы, стрестен ерте есею, күдіктіліктің дамуы - бұлардын барлығы уакыт талабы. Балалар өздерінше өмір сүргілері келеді, көпшілік біздіңше коғамның эталонын ойлап қабылдамайды. Ал ұстаз, тәрбиеші міндетті түрде өзін-өзі ұстай білуі керек, өйткені ол - педагог. Кәсіби шыдамдылык, басқаша ойлайтындарды түсіне алу кәсіби борышына адалдық болып есептеледі. Ең тамаша мектеп, тамаша безендірілген биология кабинеті, жетілдірілген окулыктар мен оқу құралдары-ешкайсысы және еш уақытта ұстаз түлғасына шақ келмейді, оны еш айырбастай алмайсын. Биолог-ұстаздың түлғасы, онын эрудициясы, өз ісіне берілгендігі және талантты оқушылар санасына өшпес белгі калдырады, көбінесе олардын кабілеттері мен ықыластарына тәуелсіз, жеткіншектердің өмірлік жолы аныктайды.
Казіргі, жаңа окушыға жаңа, білгір, эрудицийсы жоғары, жаңашыл ұстаз керек. Ұстаздың ең етене кәсіптік белгісі - педагогтық әдеп. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтык әдебінде жатады. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп - мұғалімнін оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері -мұғалімнің жалпы мәдениетінің кұрамдас бөлігі; үшінші біреулері - пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Осы айтылғандардын бәрінде де педагогтық әдептің азды - көпті белгілері бар.
Ұстаз алдында оку материалын жоспарлау, сағат көлемін, қажет болса оқылатын такырыптар, тараулар ретін өзгерту, оқытудың формалары мен сабакты өткізудің әртүрлі әдістерін колдану сиякты үлкен шығармашылык әлемі жатыр.
Оқушылардыц тірі табиғатқа деген танымдык кызығушылығын арттыру көпшілік жағдайда алғашкы, биологияға кіріспе сабағының (5-6 сыныптарда) сәтті өтуімен байланысты болады. Осы сабаққа дайындалу алдындағы сынып ерекшеліктері мен оқу кабинетінің материалдық базасына байланысты сабақ мазмұнын, оны беру әдістерін тандап алуда ұстаздан шығармашылык талғамды талап етеді.
Алтыншы сынып оқушыларын тірі ағзалар әлемімен таныстыруда педагогикалык тұрғыдан екі немесе үш кіріспе сабақтарын өткізу тиімді (алғашкы сабақтар міндетгі түрде биология кабинетінде өтуге тиіс).
Алғашқы сабақта «Биология нені оқытады» деген такырыпта окушыларды тірі табиғат жөніндегі биология ғылымымен, оның зерттеу нысаны, тірі ағзалардың көп түрлілігі, маңызы мен оларды қорғау мәселелерімен таныстыру кажет.
Сабакты «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерінде оқылған табиғат жөніндегі білімдерін калпына келтіру, естеріне түсіруден, дүниетану, жараталыстану мен биология арасында логикалык көпір жасау аркылы бастаған орынды. Ол үшін оқушыларға талқылауға мынадай сұрактар ұсынылады; дүниетану нені оқытады? Екінші сабақты өткізуде биология кабинетінде «табиғатты бакылау, танымжорык» атты бұрыш ұйымдастырылуы тиіс, онда күздегі табиғат, жан-жануар, өсімдіктер жөнінде деректер (суреттер, нақпішіндер, гербарийлер т.б. ) болуы тиіс. Үшінші сабақ «Окулықпен танысу, онымен жұмыс жасау» такырыбында өте тамаша болары сөзсіз, сабакты табиғатта өзін-өзі ұстау ережелеріне үздік мазмұндамаға бәйге жариялап, соны жазғызып бастауға болады.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақтың жемісін теориялық білімнің нәтижесінен көруге болады.
Биология сабактарына койылатын жалпы дидактикалык, талаптарға тоқталайық: ұстаздын өзінің биологиялык білімін жоспарлы түрде үздіксіз көтеруі, сабақты талдай отырып оқушыларыңыз қалай жауап бергенін есіңізге түсіріңіз?
Окушылардың жауаптарының мазмұны койылған сұрактарға сәйкес болды ма?. Жауаптар қаншалыкты биологиялык сауатты болды?. Бір сөзді жауаптар болды ма?. Оқушылардың монологтык сөздері дағдысын калыптастыруда кандай жұмыстар жүргіздіңіз?.Алғашқы сабакта нақ балаларды ауызша жауапка койылатын талаптармен таныстырыңыз; сөздің сауаттылығын қадағалаңыз, қателерін ашуланбай түзетіп, сөздерінің аз болса да дамуын қадағалап отырыңыз.
Әрбір өткізілген сабактан кейін ұстаз өзіне сұрак коюы тиіс; бүгін менін жұмысымда қандай кезеңдер дұрыс болды? Қайсысы дұрыс шықпады?. Себебі неде?. Келесі жолы нені өзгерту, калай істеу керек? Сабақты өзіндік талдауды мына тұрғыда жүргізуге болады:
1- Биологиядан жетілдірілген бағдарламаның талаптарын орындау.
Белгіленген сабақ жоспары жүзеге асырылды ма?. Сабак мазмұны қаншалыкты дәрежеде бағдарлама талаптарына сәйкес болды, ауытқулар болды ма?. Егер болса, ол қажеттіліктен бе, әлде кездейсок па?.
Сабақты талдауды, салыстырудың, негіздеудің, корытынды жасаудың логикалық біліктілігін калыптастыруға; тәжірибелер кою, бақылау жүргізу микроскоппен жұмыс, гербарийлермен жұмыс жүргізудің арнайы біліктілік пен дағдысын қалыптастыруға; мәтінмен жұмыс істеудің және оқулықтың мәтіннен тыс кұрам бөліктерімен жұмыс істеудің жалпы біліктілігін калыптастыруға кажетгі көңіл аударылды ма?.
2. Негізгі білім беру, тәрбиелеу және дамытушы міндеттердің шешілуі.
Сабақтың міндеттері дұрыс анықталған ба?. Соны ойланыңыз. Оларды алдынғы өткен және соңғы сабақтардың міндеттерімен байланыстыру болды ма?. Сабақ негізгі максаттарына жетті ме?.
3. Таңдап алынған сабақ құрылымын және әдістерін негіздеу.
Егер бұл үйреншікті кұрастырылған сабақ болса, онда сұраудың, жаңа материалды түсіндірудің, бекітудің, корытындылаудың, үйге тапсырма берудің ретін негіздеңіз. Сабактың максаты, типі және кезеңдері арасындағы өзара байланысты анықтаңыз.
Сізге жоспарланған сабақ құрылымын сактау мүмкін болды ма? Егер болмаса, ол не себепті?. Өткен сабақты қайталау кезінде курстың жетекші идеяларын калыптастыруды жалғастыру жүрді ме, немесе кайталауды ұйымдастыру тек еске түсіру деңгейінде болды ма?.
Жаңа материалды игеру барысында ұғымдарды қалыптастырудың кезеңдерінің негізгі ережелерін қалай қолдандыңыз?. Сабақта пән аралык байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі болды ма?. Сіз оны калай жүргіздіңіз?.
Оқылған материалды бекіту мен негіздеу кандай деңгейде ұйымдастырылды?.
Үй тапсырмасының көлемі мен сипаты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды ма?. Үй тапсырмасы окылған такырыптың негізгі мәселелерін бекітуге бағытталды ма?. Сабақтың әрбір кезеңінде кандай әдістер мен тәсілдер қолданылды?. Тандап алынған әдістердің сабактың әрбір кезеңінің міндеттерін шешуге және сабақтың максатына жетуіне себі тиді ме?. Оқушылардың оқу жұмысын күшейтуге, проблемалык жағдайлар туғызуға, шығармашылыққа және оқылған тақырыпка қызығушылығын арттыруға қандай әдістер мен тәсілдер колдандыңыз?.
Қандай әдістерді қолдану сізге сабақтың міндеттерін неғүрлым толык шешуге мүмкіндік берді.
4. Оқушылардың сабақтағы әрекетін талдау.
Сабақта оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің қандай түрлері (жекелеген, топтық, ұжымдық) қолданылды және неге?. Неше оқушы сабақта баға алды?. Сабак міндеттерін жоспарлауда және шешуде сыныптың ерекшеленуі, оқушылардың даму денгейлері қалай ескерілді?. Төмен үлгерімдегі балаларға жекелеген қатынас қалай жүргізілді?. Оқушылар тек енжарлы түрде қатысқан сабақтың кезеңдері болды ма?. Сабақта жұмыс уақытының бос өтуі (уакыт жоғалту) болды ма?. Ол неге?. Келесі сабакта осы кемшілікті жою үшін не істеу керек?. Оның себептерін анықтаңыз.
Өткізілген әрбір сабақ қаншалықты дәрежеде оқу-тәрбие үрдістеріне койылатын талаптарға сай өткен-өтпегенін білу өте маңызды. Осы және баска да сұрактарға бір мезгілде әрі бастапқы кезен, әрі ұстаздық шығармашылыктың шыңы болып есептелетін өзіндік сабак талдау осылай жүргізіледі.
8. Оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Оқушылар жауаптарына қойылатын талаптар. Білімді бақылау түрлері мен тексеру әдістері.
1. Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру.
2.Білімді бақылау түрлері мен әдістері.
3.Оқулықпен жұмыс істеу – оқушының өз білімін бакылауын қалыптастырады.
4.Ауызша жауап түрінде тексеру және жауапты жазбаша түрде тексеру.
Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру (И.Лернер, М.Н.Скаткин). Әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы өзінін білім деңгейін өз бетінше игереді, әрине әрбір оқушының ойлау кабілеттілігі артады. Бұл топка бірнеше әдістер кіретіндігін айту керек:
- бейнелеу арқылы түсіндіру (ақпаратты-рецептивті);
- репродуктивтік;
- проблемалы мазмұндау;
- жартылай ізденіс (эвристикалық);
- зерттеу.
Егер,танымдылык іс-әрекет, тек қана мұғалімнің көмегімен іске асырылса, оқушылар дайын материалдарды ұғып, есте сактап, оны қатесіз айтып берумен ғана шектелген жағдайда, олардың ойлау белсенділік деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Егер оқушының ойлау қабілет деңгейі өте карқынды болса, ол танымдылык іс-әрекетінде шығармашылық енбектің нәтижесінде, өз бетінше ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табыска жететіндігін байқауға болады.
Сондыктанда, әдістер осындай топтастыру арқылы өз қолдауын тауып, кең таралып жүр. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.
- Акпаратты-рецептивті (қабылдау) әдістін. басты мәні, олар мынандай белгілерімен сипатталады:
· Окушыға білімді "дайын" күйінде ұсынады.
· Оқушы дұрыс түсіну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процессін ұйымдастырады.
· Окушы білімді қабылдап және оны есте сактайды.
Білімді кабылдауда барлық ақпарат көздерін (сөз, көрнектілігі т.б.), мазмұндау логикасының индукциялық және дедукциялык жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады.
- Репродуктивті әдіспен оқытудың басты белгілері:
· Білімді окушыға "дайын" күйінде беру.
· Мүғалім оны түсіндірумен қатар, оны әңгімелей береді.
· Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, есінде
ұстайды.
· Басты критериясы оқушының берген дұрыс жауабы болып танылады немесе дұрыс есіне түсіру білімінің тұрақтылығының ең басты куәсі, оны бірнеше рет кайталаудың нәтижесінде болады.
Репродуктивті әдісті мынандай жағдайларда қолдану өте тиімді:
-оқу материалының мазмұны бірыңғай ақпаратта болса;
практикалық және еңбек тану іс-әрекетін қолдануын сипаттауда;
- егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану процессіне қиындық жағдайлар туатын болса;
- жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының тіректік білімі әлі аздау болған жағдайларда.
Бұл әдістің тағы да бір колданылатын кездерінің бірі -проблемалык маңызды мәселелерді өз бетімен шешу барысында оқушылар әлі дағдыланбаған жағдайларда.
Репродуктивті әдістің тағы да бір ерекше пайдалы әсерлерінін бірі оқу материалын жедел игеруді, практикалык, еңбекке деген шеберлігі мен іскерлігін қалыптастыруды камтамасыз етумен бірге, оқу процесіндегі білімділігін, шеберлігін, іскерлігін басқаруды, кейбір кателік жақтарын айкындауына мүмкіндік береді. Сондықтанда, жоғарыдағы айтылған көптеген пайдалы жактарын баска әдістермен байланыстыра отырып, күнделікті оқу процессіне қолдана білген жөн.
Оқушыларға тарау бойынша кезеңдік бақылау жүргізу, олардың білімін бақылаумен бағаланады. Бақылау бойынша мұғалім әр түрлі тәсілдерді пайдаланады. Біріншіден оқушының білімін арттыру жолдарын қарастырайық, ол үшін талқылау сабағы соңғы кезде көптеген әдістердің ішінде сабак беру практикасында біртіндеп еніп келе жатқан әдістердің бірі болып есептеледі. Бұл әдістің нәтижесі проблемаларды шешуде басқа әдістер айтарлықтай нәтиже бермеген кездерде, пайдаланылады.
Талқылау әдісінін көмегімен оқушылардың біліміне көптеген жаңалықтарды енгізуге болады, оқушы өз пікірін дәлелдей отырып, оны тиянақтауға үйренеді. Бұның ең басты қызметінің бірі оқушының кызығушылығын арттыруға үлкен көмегін тигізеді. Сондыктан да, осындай талқылау сабақтарын өткізу үшін оқушылар алдын-ала тиянақты дайындала отырып, бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып, талкылауға арналған тақырыптар жайлы жан-жақты ақпараттарды жинақтайды. Әрине бұндай сабақтар, окытушының тікелей басқаруымен іске. асырылады.
Талкылау сабақтары көбінесе жоғары кластарда өткізілгені жөн. Жеке тұлға таластан, талкылаудан шындыкка жүруге үйренеді.
Оқулықпен жұмыс істеу, арнаулы әдебиет, оқулықтармен жұмыс істей білудің де өз әдістемелік сырлары мен құпиялары бар. Осы әдістің ең басты артықшылығы - оқушы өзінің еркімен оқу акпараттарын бірнеше рет оқып, өңдеп отыруға мүмкіндігі бар.
Оқулыкпен өз бетімен жұмыс істеу үшін ең алдымен оның құрылымымен танысу керек, жүгірте оқып отырып, жеке тауарларға, белгілі сұрактардың жауабын іздестіре отырып, материалдарды байкап карап шыкқан дұрыс. Содан кейін кейбір жеке бөліктерінен рефератты түрде жазып алып, есептерін, мысалдарын, жаттығуларын, тестік бақылауларына жауап іздестіре отырып, материалдарды еске сақтауға тырысу керек.
Осы әдістің ең тиімді жақтарының бірі еркін оқып отырып, сол оқығанын түсіну. Материалдардың ішінен ең басты бөлігін бөліп көрсете білу, окығанын кысқаша жазып алу, өз бетінше логикалық, кұрылымдық схемаларды сызып көрсете білу немесе тіректік схема, осы сұрақтар бойынша косымша әдебиеттерді пайдалана білу.
Кітаппен жұмыс істеудің қазіргі кезде пайдаланып жүрген екі түрі бар: ұстаздардың басқаруымен сабақ кезіндегі жұмыс және үйде өз бетімен істелетін жұмыс. Кітаппен, әдебиеттермен жұмыс істеу әдістері окушылардың өзін-өзі білімін бакылауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жерде айта кету керек окушының оку материалын бірнеше окып отырып түсінбесе оны оқулықпен жұмыс істеді деп айтуға болмайды.
Практикалық әдіс. Оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара байланысып жатқан сөйлеу, көрнектілік және практикалық әдістердің қолданылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің-де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабак өткізу ұстаз жағынан өте тиянакты дайындықты, оның ұйымдастырушылық қабілеттілігін талап етеді.
Өткізілген сабактың нәтижесі де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады.
Практикалық сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы қөруге болады:
1.Оқытушы түсінік береді. Бұл кезең жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойлануы.
2. Көрсету. Бұл кезең нұсқау беру.
3. Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде екі-үш оқушы берілген жұмысты орындайды, ал қалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жіберілген кателіктеріне ескертулер жасайды.
4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әрбір оқушы берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқытушының назары жұмысты нашар орындаушыға көп бағытталады.
5. Тексеру. Бұл кезенде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған баға беріледі. Сапасына, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, онын дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған корытындысына тиісті бағасын береді. Танымдылық ойындар әдісі – нақты жағдайдың көрінісін жасай отырып, арнайы ситуациялар жасау арқылы оның сол жағдайдан шығу жолдарын табуға арналады. Іскерлік ойындар оқушының танымдылық қызығушылығын арттырады. Осындай әдістерді оқушы ойындар аркылы іске асырады, осы ойын кезінде ол өзінің белсенділік қызметін көрсетуге тырысады. Соңғы кездері мектеп қабырғасында да, жоғары оқу орындарында да осы әдіс жиі қолданып, өзінің ретті орнын, бағасын алып отыр.
Биология пәнін оқыту және оку процессін жетілдірудің ең басты шарты оқушылардың білімін тексеру болып табылады. Сондыктан, жүйелі түрде білімін тексерудің нәтижесінде оқушылардың жауапкершілігін арттыруда тәрбиелеумен, оқу материалын игерудің нақтылығын жоғарылату мен қатар оку процессін басқарудың мүмкіндігін кеңейтеді. Сондықтан да, егер әрбір ұстаз биологияны оқыту барысында шәкірттерінің білімін тексеруде әртүрлі формалары мен әдістерін қолдана отырып, жасау керек. Бұндай әдіс бір жағынан окушылардың білімінің жалпы деңгейін аныктау, екінші жағынан ұстаздарға кандай шеберлікпен оқу процессін жүретіндігін де аныктауға болады.
Енді оқушылардың білімін бағалау әдістерінде формаларына жеке-жеке тоқтап, баға берейік:
- Ауызша жауап түрінде тексеру арқылы оқушының ақпаратты байқаумен қатар, сөйлеу мәдениеттілігінің қалыптасуы, сөйлемді құрастыру сауаттылығы, материалды логикалық бір жүйеде түсіндіріп білуге болады.
- Жауапты жазбаша түрде тексергенде оқушы қатысқан
сұрақка еркін, кең түрде, жан-жақты қамтып, кейде өзінің
шығармашылық шеберлігін де келтіре отырып, жауап беруі мүмкін. Соңғы жылдары биологияны окытуда және жастардың білімін тексеруде дәстүрлі әдістен бөлек тестік жүйе аркылы бақылау жиі қолданып келеді.
Тестік жүйемен тексерудің көптеген артықшылықтары бар. Ол біріншіден уақытты үнемдеу, екіншіден сұрақтардың санының көп болуының аркасында биология пәнінің барлық бөлімдерінің толық қамтуға мүмкіндік береді; үшіншіден берілетін жауаптар нақтылы, кысқа.
Осы әдіспен білімді тексерудің күнделікті, тематикалық және қорытынды бақылау кезінде қолдануға болады. Әрине, шәкірттердің білімін тексеруде бір ғана әдіспен шектеліп қана қоймай, олардың әртүрлерін пайдаланғанда ғана, оларды жалықтырудан сақтайды.
Тестік жүйемен тексерудегі ең басты табыс – оның сипаты мен мазмұнына, әртүрлілігіне және тест құрушының шеберлігіне байланысты. Сондықтан да, тестік сұрақтар алуан түрлі болу керек: дұрыс жауабын таңдап аныктау; ұсынылған элементтерден жауабын кұрастыру; практикалық шеберлігін игеру денгейін анықтауға арналған тесттер; әртүрлі болжамдардың дұрыстығын таңдай білу; берілген схемалардағы байланыстарды дұрыс орналасуын аныктау; берілген таблицаларға, суреттерге дидактикалык карточкаларға бақылау жүргізе отырып, анық жауаптарын табу болып табылады.
9. Биология пәні бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар. Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру.
1. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері.
2. Сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушыларға білім және тәрбие беруде басты міндет атқаратын оқу процессінің формаларының бірі сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар болып саналады.
Сабактан тыс жұмыстар биология кабинетінде, тірі табиғат аясында, оқу-тәжірибе алаңында орындалады.
Жұмыс тәжірибе, өсімдіктердің коллекцияларын, гербарийлерді бақылау аркылы жүргізіледі.
Әрбір оқушы жылына бір, екі жұмысты сабақтан тыс жағдайда орындау керек. Осы орындалған жұмысты ұстаз бағалап, отырады.
Сыныптан тыс жұргізілетін жұмыстардың тапсырмалары өткен сабақтың такырыптарына жақын, тіпті сәйкес келеді. Үй жұмысы сияқты сыныптан тыс жұмыстарды оқушыларға алдын ала бірнеше мерзім ішінде орындауға беріледі (бір аптаға, айға немесе бірнеше тәулікке). Мысалы, ботаника пәнінен берілетін тапсырма суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жұмысына екі ай уакыт, оттегінің бөлінуіне арналған тәжірибеге 3 күн, тамырдың қысымын зерттеуге екі күн.
Сыныптан тыс жұмыстар да оқушылармен еркін түрде, өз калаулары бойынша жұргізілетін сабақтың формасынын. бір түрі болып есептеледі. Мұғалімнің баскаруымен оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруға, үлкен әсерін тигізеді. Сондықтанда сыныптан тыс жұмыстардың білімдік маңызымен катар окушыларға тәрбиелік те рөлі бар (еңбекке, мәдениетке, табиғатқа деген көзқарасының дамуына және қалыптасуына, ұйымшылдыкқа жеке шығармашылығының жоғарылауына т.б.).
Биология пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі: топтасып жүргізілетін жұмыс, жеке түрде жұргізілетін жұмыстар.
Топтасып өткізілетін жұмыстарға мыналар жатады: жас натуралистер үйірмесіндегі жүргізілетін жұмыс, биология кабинетінде "ассистенттік" жұмыс атқарып, оны жабдыктауға, безендіруге қатысу.
Оның ішіндегі жас натуралистер үйірмесінің алдына койылатын мақсаты - биологияны қызығып оқитын талапкерлердің білімін тереңдету, олардың шеберлігін және іскерлігін арттыра отырып, табиғаттың даму зандылығына деген материалистік көзқарастарын дамыту.
Үйірме жұмысы бір жүйелі түрде өзінің жоспарланған бағдарламасы бойынша өзеркімен қызығып қатысушы оқушылардың белгілі бір тобымен жүргізіледі. Әрбір сыныпта биология пәнінің салаларынан арнаулы мынандай үйірмелерді ұйымдастыруға болады. 6 сыныптарға жас ботаниктер үйірмесі, 7 сыныпта - жас зоологтер үйірмесі, 8-9 сыныптарда жас физиологтар, 10-11 сыныптарда жас биологтар үйірмесін ұйымдастыруға болады. Үйірмелердің былай бөлінуі біріншіден окушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден олардың білім деңгейіне де байланысты. Әрине, бұл үйірмелер бір-бірімен алшақ, қатынас жоқ деуге болмайды. Керісінше олардың арасында байланыстар өте тығыз бір-бірін толықтырып отырады. Әрбір оқушы өзінің қызығуына қарай қалаған үйірмелеріне қатысуына болады. Мысалы, жоғарғы класс оқушылары ботаника немесе зоология үйірмесіне қатысуына болады.
Жалпы биологиялық сыныптан тыс жұмысқа юнаттар үйірмесіне аз ғана оқушыларды ұйымға тарта отырып, окытушы окушылар мен жалпы жұмыс өткізеді. Мысалы, кинофильмдер көрсету аркылы лекция және демонстрациялық сабақтар өткізу, табиғатта немесе басқа өндіріс орындарына, көрмеге саяхаттар жасау, ғылыми кештер және конференциялар өткізу. Оқушылардың өнер-шеберлік көрмесін ұйымдастыру, әртүрлі тематикалык кештер ұйымдастыру "Алтын күз", "Бақ аптасы", "Кұстар күні", газеттер мен альбомдардың көрмесін ұйымдастыру, т.б.
Жекелеп жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жататындар: тірі табиғат бұрышында істелетін жұмыс, оқу-тәжірибе участогінде істелетін жұмыс, табиғатта істелетін жұмыс және сыныптан тыс әдебиеттерді оқу.
Барлық уақытта әрбір сыныпта биологияға деген ынтасы, қызығушылығы бар жеке тұлғалар болады. Осындай жастардың талабын, дарынын бағалап отырып, оның білімін тереңдете отырып, дамыту үшін жеке тапсырмалар беру аркылы сол тапсырма бойынша орындалуын мұғалім қадағалап, бақылап, бағалап отырады.
Осындай түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар аркылы дарынды жастарға өзінің болашак кәсіптік маманды дұрыс тандауына үлкен көмегін тигізуге болады.
Әдебиеттер
1. Мырзабаев А.Б., Биологияны оқыту әдістемесі, Қарағанды, 2006.
2. С.Г.Мамонтов, В.Б. Захаров, Н.И.Сонин, Ә.Қ.Қисымова «Биология. Жалпы заңдылықтар». Оқулық, А.2006.
3.Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Алматы, 2002.
4. Н.И.Сонин, Ә. Қ. Қисымова «Биология. Тірі организм». Оқулық, А. 2006.
5. В.Б. Захаров, С.Г.Мамонтов, Н.И.Сонин, Ә.Қ.Қисымова « Жалпы биология.
6.Өстемиров К. Оқыту құралдарын пайдалану негіздері. Алматы, 2002.
7. Н.И.Сонин, М.Р.Сапин, Ә.Қ.Қисымова «Биология.Адам». Оқулық, А.2004
8.Юсупов Б.Ю. Мұғалімге тән педагогикалық қасиеттер. Алматы. 1999ж.