Биология тапсырмалары 7 сынып Жеміс деп айтуға болмайды



бет1/3
Дата04.04.2023
өлшемі42,4 Kb.
#78916
түріСабақ
  1   2   3



Биология тапсырмалары
7 сынып
1.Жеміс деп айтуға болмайды:
А)бұршаққап, Б)картоп түйнегі, В)жидек, Г)бұршаққын.
2.Гүл – бұл:
А)түріөзгерген өркен, Б)ашық күлте, В)гүлсерік, Г)сабақ бөлімі
3.Емен жапырағы жасушасы бір- бірінен бөлінеді:
А)центриолымен, Б)целлюлозадан түзілген қабықшасымен, В)пластидтерімен, Г)плазмалық менбранасымен
4.Бактерияға жатады:
А)зең және ашытқы, Б)туберкулез және тырысқақ қоздырғышы, В)тұмау және ЖИТС қоздырғышы, Г)холера және хламидомонада.
5.Өсімдіктердің гүлдері мен жемістерінің түсі байланысты:
а/пластидтерге, б/жасуша орталығына, в/хромосомаға, г/эндоплазмалық торға.
6.Қойдың жыныс емес жасушасында 54 хромосома бар, ал жыныс жасушасындағы ядрода :
а/27 хромосома, б/54 хромосома, в/81 хромосома, г/108 хромосома.
7.Мейоз болады:
а/туберкуллез тудырушы бактерияда, б/өзен шаянында, в/ЖИТС вирусында, г/сүтқышқылы бактериясында.
8 Дәнекер ұлпасына жатпайды:
а/май ұлпасы, б/қан, в/сүйек, г/бұлшықет.
9.Жануарлардың қай тобында тек бунақденелілер берілген.
а/есекқұрт,шегіртке, инелік, б/зауза қоңызы, дафния,орамжапырақ ақ көбелегі, в/ит кенесі,маса, бөгелек, г/колорад қоңызы,құмырсқа, бөгелек.
10.Тынысалу жүреді, бірақ фотосинтез жүрмейді:
а/сәлбен өркенінде, б/қызыл сары гүл жапырағында, в/ақ саңырауқұлақта, г/аскөк сабағында
11.Зауза қоңызының тыныс алу жүйесі:
а/өкпе, б/желбезек, в/демтүтік, г/ішек
12.Омыртқалы жануарлар организміне көмір қышқыл газы түседі.
а/қанайналым жүйесінен тыныс алу жүйесіне, б/жүйке жүйесінен тынысалу жүйесіне, в/тынысалу жүйесінен зәр шығару жүйесіне, г/қанайналым жүйесінен зәр шығару жүйесіне.
13.Гидраның жүйке жүйесі тұрады:
а/денесінде шашыранды жүйке жасушасынан, б/жұп бас жүйке түйінінен, в/құрсақ жүйке тізбегінен, г/дамымаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет