Биология тапсырмалары 7 сынып Жеміс деп айтуға болмайды



бет2/3
Дата04.04.2023
өлшемі42,4 Kb.
#78916
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Биология тапсырмалары 7 сынып

14.Симбиоз мысалы:
а/ақ қоян және сұр қоян, б/мысық және бит, в/бұршақ өсімдігі және түйнек бактериясы, г/біте және қанқызы
15.Қан жүректен ағады:
а/венамен, б/артериямен, в/капиллярмен, г/капилляр және венамен.
16.Қосжынысты гүлдер
1.шие, 2.алма, 3.тал, 4.қара өрік, 5.қияр
а/ 1,2,3, б/ 1,2,4, в/ 2,3,4, г/ 2,3,5, д/2,4,5
17.Жануарлардың зәр шығару мүшесі:
1.лептестік, 2.мальпигий түтігі, 3.жасмықша, 4.жасыл без, 5.сүзгілі түтік, 6.метанефридия
а/1,2,3, б/ 1,2,6, в/ 2,3,4, г/2,3,5, д/ 2,4,6
18.Жасушасында хлоропласты бар:
1. кактус сабағы, 2.картоп түйнегі, 3.қайың жапырағы, 4.қызыл бұрыш жапырағы, 5.піскен жеміс, 6.крокодил терісі
а/1,3,4, б/ 1,4,5, в/ 2,3,6, г/ 3,4,5, д/ 3,5,6
19.Төмендегі организмдерден органикалық заттарды тұтынушыларды анықта
1.балықоты, 2.ақ қоян, 3.зең, 4.қыранот, 5.біте, 6. Түлкі
а/1,2,4, б/1,3,6, в/1,4,5, г/2,3,6, д/2,5,6
20.Улы саңырауқұлаққа жатады:
1.томарқұлақ, 2.боз арамқұлақ, 3.шатыр, 4.ағашқұлақ, 5.шыбынжұт
а/ 1,4, б/ 2,3,5, в/2,4,5, г/ 2,5, д/3,5
21. Зоология ғылымы... зерттейді:

а) жануарларды б) өлі табиғатты в) жапырақтарды г) ауаны
д) өсімдіктерді
22. Дизентерия ауруын тарататын -

А) шыбын, тарақан б) адам в) ит, мысық г) үй құстары д) құмырсқа

23. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік:

А) эвглена б) лямблия в) кірпікшелі кебісше г) арцелла д) амеба

24. Тірі табиғатта жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы:

А) Ф. Энгельс б) К. Линней в) Рулье г) Ж. Б. Ламарк д) Ч. Дарвин

25. Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым:

А) К. А. Тимирязев б) С. Г. Навашин в) Антони Ван Левенгук

г) Әкелі - балалы Янсендер д) Роберт Гук

26. Адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын

зақымдайтын біржасушалы қарапайым жәндік:

А) амеба б) эвглена в) арцелла г) лейшмания д) дизентерия амебасы

27. Жасыл эвгленаның көбеюі: А) көлденең екіге бөліну арқылы

б) бүршіктену арқылы в) жыныссыз ұзыннан бөліну арқылы г) жынысты жолмен д) циста түзу арқылы

28. Талшықтылар класына жататын жәндіктер:

А) полиптер б) тұщы су гидрасы в) кірпікшелі кебісше г) кәдімгі амеба

д) жасыл эвглена
29. Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі:

А) лейшманиоз б) гоммоз в) қышыма ауруы г) безгек ауруы д) дизентерия

30. Қарапайымдар үшін цистаның маңызы:

А) қолайсыз жағдайдан сақтайды б) даму үшін в) жылжу қызметін атқарады г) өсу үшін д) көбею үшін

31.
Безгек ауруының қоздырушысы (таратушы):
А) лейшмания б) көбелек в) маса г) лямблия д) трипанасома
32. Өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік:
А) амеба б) жасыл эвглена в) арцелла г) лейшмания д) кірпікшелі кебісше
33. Амебаның тыныс алуы:
А) суда еріген оттегімен б) көмірқышқыл газымен в) азотпен г) судағы көмірқышқыл газымен д) ауадағы оттегімен
34. Хинин, акрихин дәрілерінің емдік қасиеті:
А) сүзекті құрту б) безгек масаларын құрту в) обаны жою г) құтырманы жою д) қантышқақты құрту
35. Біржасушалы қарапайым жәндік:
А) жасыл эвглена б) актиния в) маржан г) шұбалшаң д) гидра
36. Вольвокс шоғырының пішіні:
А) үтір б) оралма в) шар г) спираль д) таяқша
37. Шөгінділерінен мұнайдың қоры түзілетін жәндіктер:
А) бақалшақты біржасушалылар б) кірпікшелер в) талшық г) лейшмания д) безгек паразиті
38. Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі:
А) регенерация б) қоректі аулау в) жауынан қорғану г) асқорту, сөл шығару д) тыныс алу
39. Гидраның жазылатын жіпшесі орналасқан жері:
А) аралық жасушада б) жүйке жасушада в) тері - бұлшықетті жасушада

г) асқорту жасушада д) атпа жасушада
40. Медузаның қорегін ұстауы:
А) ас қорыту жасушаларымен б) қатты қозғалуымен
в) бұлшық ет талшықтарымен г) аралық клеткаларымен д) қармалауыштарындығы атқыш жасушаларымен
41. Гүлге ұқсас ішекқуыстылар:
А) медуза б) эвглена в) кәдімгі амеба г) кебісше д) актиния
42. Ішекқуыстыларға тән - қасиет:
А) екі жақты симметриялылығы б) пішін тұрақсыздығы в) сәулелі симметриялылығы г) көзшесінің болуы д) қарынның болуы
43. Гидраның жынысты жолмен көбеюі:
А) жазда б) жаңбырлы жылы күндері в) ыстық күндері г) көктемнің жылы күндері д) қолайсыз жағдай туғанда
44. Ішекқуыстылардың дернәсілі:
А) қуыршақ б) жұлдызқұрт в) бүрлеме г) планула д) имаго
45. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі:
А) гаметалар б) уылдырық в) зигота г) гермофродитті д) бүршіктену
46. Сцифос сөзінің мағынасы:
А) жалпақ б) қоңырау в) табақша г) қолшатыр д) таяқша
47. Терең суларда қозғалып жүретін көпжасушалы жәндік:
А) медуза б) қызыл маржан в) амеба г) кебісше д) актинин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет